3-СОӨЖ тақырыбы:
1. Түркі тілдерінің фонетикалық құрылымын зерттеудегі әдіс-тәсілдер
2. Түркі тілдерінің дауысты дыбыстар құрамындағы ұқсастықтар
Тапсырмалар: презентациялық көрнекіліктерді дайындау.
Есеп беру түрі: интерактивті тақтада немесе компьютерлік жабдықтар арқылы тапсырмаларды қорғау.
СӨЖ тапсырмалары:Қазақ, қырғыз, қарапалпақ, өзбек, ұйғыр, түрікмен тілдеріндегі дауысты дыбыстар (өзгешелік, ұқсастық).
Есеп беру түрі: ауызша сұрақтарға жауап беру. Жекелей бақылау тапсырмаларын орындау.
Әдебиеттер (негізгі, қосымша):
1. Томанов М. Түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы. Алматы, 1992
2. Серебренников Б.А., Гаджиева Н.З. Сравнительно-историческая грамматика тюркских языков. М., 1986
3. Нұрмаханова Ә. Түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы. Алматы, 1971
4. Қайдаров Ә., М.Оразов. Түркология кіріспе. Алматы., 1985
5. Сыздықова Р. Қазақ әдеби тілінің тарихы.Алматы., 1994
6. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. Алматы, 1999
Төртінші апта
№4 дәрістің тақырыбы:Түркі тілдерінің салыстырмалы фонетикасы
Қарастырылатын мәселелер:
1) Фонетикалық жүйе бойынша салыстырмалы зерттеудің нысаны, мақсаты, әдісі.
2) Түркі тілдеріндегі дауысты дыбыстар жүйесі жайлы мәселе
3) Дауысты дыбыстардың қалыптасуы
Терминдер мен анықтамалар.
Сингармонизм – бір сөздегі буындарындағы дауысты, дауыссыз дыбыстардың бірыңғай үндесіп, бір әуезбен айтылуы.
Дәріс тезистері.
Түркі тілдерінің дауысты дыбыстар жүйесі
Әзірбайжан, башқұрт, қарақалпақ т.б. түркі тілдерінің дауысты дыбыстар жүйесі. Түркі тілдерінің дауысты дыбыстарының жасалу орнына, дыбысталуына, еріннің қатысына қарай бөлінуі.
Түркі тілдерінде бір буынды сөздер құрамындағы дыуысты мен көп буынды сөздердің 1-ші және келесі буындардағы дауыстыларды бір бірінен ажыратып қарау керек. Өйткені, бір буынды түбір құрамындағы дауысты әрі тұрақты, әрі сапалық жағынан басқа сөз құрамындағы дыбысқа бағынышты емес. Көп буынды сөз құрамындағы дауыстыларда мұндай қасиет жоқ: олар көбіне айнымалы болып келеді және сингорманизм, ұйғыр умлауты тәрізді құбылыстар оларға қатты ықпал жасады. Оның үстіне фонемалар өзгерістер әсер етпейтін жағдай тек бір буынды түбір құрамында ғана болады.
В.В.Радлов төлеуіт тілінің вокализмін еске алып, түркі ата тілінде 8 дауысты а, о, ө, у, і, а, у, ф (бұлар қазіргі қарашай- балқар, қырғыз, құмық, әзербайжан тілінің ерекшелігін ескеріп, олардың санын 9- ға жеткізеді.(э) Кейінгі зерттеулер көбіне Радлов ұсынған осы жүйеге сүйенеді.Кейін Б.Я.Владимерцов пен Н.М.Поппе моңғол вокализмнің ерекше сүйеніп, түркі негіз тілінің, түркі негіз тілінің ( сондай-ақ түркі- моңғол негіз тілінің) вокализм жүйесіне қосымша мұндай фонемалар тән деп көрсетеді:\а\ чуваш тіліндегі аплауттағы \у, якутта а\, а немесе а\ түркі а, чуваш, якут і\, е\е мен салыстырғанда біршама жабық, чуваш і\,іа чуваш у, басқа дауыссыздың өзгеуіне байланысты.
Дауыстылар сан жағынан қазіргі түркі тілдерінде бірдей емес. Екінші сөзбен айтқанда, бір тілдегі дауысты дыбыстар екінші бір түркі, тіліндегі дауыстылармен сан жағынан сәйкес келмейді. Мұндай әр қилылық, бір жағынан , сол түркі тілінің негізін салғанру, тайпа тілдерімен ұштасып жатса, екінші жағынан, олардың әрқайсының тарихи дамуының да жемісі.
Түркі тілдерінің негізгі топтарында дауысты дыбыстардың бөлінісі мына тәрізді болып келеді: әзербайжан тілінде- 9, башқұрт- 11, қарақалпақ- 8, қырғыз- 8, татар- 11, түркі-8, түркімен-9, өзбек- 6, ұйғыр-8, чуваш-9, алтай- 8, ноғай-11, тува- 8, шор- 8,т.б. Қазақ тіліндегі дауыстылардың саны әр түрлі көрсетіліп отыр. Бірсыпыра оқулықтар мен зерттеулерде 9 дауысты фонема бар деушілер дифенгоид дауыстылар немесе аса қысаң дауыстылар дейтін топты көрсетеді де, оған бу, ки\ киім \ тәрізді сөздер құрамындағы дыбыстар тіркестерін жатқызады. Дұрысында бұлар жалаң дауысты дыбыстар емес, қысаң дауыстылар мен дауыссыздардың қосындысы, тіркесі. Олай болса, қазақ тілінде 9 дауысты дыбыс бар дейтін көзқарас шындыққа сай.
№4 практикалық сабақтың тақырыбы: Түркі тілдерінің салыстырмалы фонетикасы
Тапсырмалар:
1) Фонетикалық жүйе бойынша салыстырмалы зерттеудің нысаны, мақсаты, әдісі.
2) Түркі тілдеріндегі дауысты дыбыстар жүйесі жайлы мәселе
3) Дауысты дыбыстардың қалыптасуы
Достарыңызбен бөлісу: |