Оңтүстік-шығыснемесе шағатай топшасы: өзбек, ұйғыр, салар, қарлұқ;
Оңтүстік-батыс немесеоғыз топшасы: түрік, әзербайжан, түрікмен, гагауз.
Бұрынғы түркітану ғылымында түркі тілдерініңекі классификациясы қолданылып келген: В.А.Богородицкийдің географиялық принципке негізделген классификациясы (1934) және Н.А.Баскаковтыңтілдер дамуы мен қалыптасуы кезеңдеріне негізделген классификациясы (1969).
Жоғарыда аталғандардан бөлек, бірнеше аралас түркі тілдері де бар:
қырым татарларының тілі (сондай-ақ, оның үрім атты этнолекті - мұны цалкүрім тілімен шатастырмау керек);
өзбек (бүкіл қарлұқ тіл қауымдастығы, ол батыс және шығыс түркі ареалдарының арасын байланыстырушы дәнекер есебінде танылады);
алтай (таулы-алтай, ойрат);
чұлым;
шоржәне бүкіл хакас тобы (солтүстік алтай жәнеқырғыз-қыпшақ тілдерін қоса алғанда);
салар – Қытайға ығысып кеткен (қоныс аударған) селжүктер (оғыз тобы), олардың тіліне қыпшақтар мен шығыс түркілері үлкен ықпал еткен.
Түркі тілдері Орталық және Кіші Азияда, Сібірде, Еділ бойында, Солтүстік Кавказда және ішінара Азияның бірқатар басқа да аймақтарында (Қытайда, Монғолияда) және Еуропада (Қырымда, Молдавияда, Балқан түбегінде, Балтық жағалауында) таралған.
Түркі тілдерінің өзіне тән ерекшеліктерін былайша анықтауға болады
1. Фонетикалық жүйесі бойынша:
а) түркі тілдерінде сөздің бірінші буынында кездесетін дауыстылар мен сөздің келесі буындарында кездесетін дауыстылар екі түрлі жүйе құрайды.
Бірінші буында ашық-қысаң, жуан-жіңішке, еріндік-езулік болып жұптасатын 8 дауысты дыбыс жұмсалады.
Кей тілдерде бұл 8 дауысты саны 16-ға дейін көбейеді. Бұл – дауыстылардың шұғыл/әдеттегідей және созылыңқы болып дыбысталуына байланысты туындайтын ерекшелік.
Мысалы, қырғыз тілінде тоо – тау, т.б.
Екінші және одан кейінгі буындарда көбіне жуан-жіңішке, ашық-қысаң, еріндік-езулік болып бөлінетін 6 дауысты дыбыс жұмсалады.
Сонымен, 1-буын вокализмі мен 2-буын (одан кейінгі буындар да) вокализмі сандық жағынан да, сапалық жағынан да бірдей емес, әртүрлі болып отырады;
ә) біршама жүйелі болып отыратын сингармонизм заңдылығы. Бұл заңдылық кейбір (мыс., ұйғыр тілі) тілдерде умлаутпен күрделеніп отырады;
б) сөз басында (кейбір ауытқуларды есепке алмағанда) 7 дауыссыз фонема айтылады, оның 4 шұғыл дауыссыз (б, т, қ, ч), 1 мұрын жолды (м), 2 ызың (проточные) (с, й) дауыссыз.
Сөз ортасы мен соңында 17 дауыссыз айтылады:
7 – шұғыл (взрывные) – п, б, д, к, қ, г, ч,
4 – мұрын жолды – м, р, н, ң,
4 – ызың (проточные) (з, ш, с, й),
2 – діріл (плавные) – л, р.
Сөз соңындағы шұғылдар екі вариантты, ғ, г ұяң дауыссыздары сөз ішінде тұрақты болып келеді.
Сөздің абсолют басында 1 ғана дауыссыз айтылады (дауыссыздардың қабаттасуы тән емес).
Түркі тілдерінің байырғы консонантизмі басқа жүйелі тілдермен (герман, семит т.б.) салыстырғанда, сапа, түр жағынан өзгешеленумен бірге, көп көріністі емес, бірыңғай болып келеді.
Түркі тілдерінің тұрақты белгілерінің бірі – интонациялық екпіннің сөздің соңғы буынына түсетіндігі.
Достарыңызбен бөлісу: |