Бағдарламасы Түсіндірме жазба



бет160/188
Дата30.05.2023
өлшемі0.84 Mb.
#474520
түріБағдарламасы
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   188
үлгілік ОҚУ бағдарламасы 2022 қосымша

14-параграф. I-жартыжылдық

Бала, оның отбасы, үйі:


1) баланың өзі және оның жағдайы туралы түсініктерін кеңейту;
2) баланың туыстық қатынастарын түсінуіне ықпал ету;
3) өз тегін, атын және жасын атай білуді қалыптастыру;
4) отбасы бейнеленген фотосуреттерді қарау, отбасы мүшелерін атау, олардың іс-әрекеттері мен өзара қарым-қатынастарын қалыптастыру.
Заттық әлем:
1) балалардың заттық әлеммен өзара әрекеттесу дағдыларын әртүрлі тәсілдермен қалыптастыру;
2) қоршаған орта объектілерін ажырату және атау біліктерін жетілдіру;
3) қоршаған заттардың мақсаты, құрылымы, материалы арасындағы байланыс туралы түсінік қалыптастыру.
Ересектердің еңбегі:
1) күзгі кезеңдегі ересектердің еңбегі және оның маңызы туралы түсінік қалыптастыру;
2) балабақша жұмысшылары мен қызметкерлерінің еңбегі туралы түсінік қалыптастыру;
3) еңбек нәтижелеріне құрметпен қарауға тәрбиелеу жатады.
Менің Отаным – Қазақстан:
1) өз Отаны ретінде Қазақстан Республикасы туралы түсінік қалыптастыру;
2) мемлекеттік мерекелер туралы түсінік қалыптастыру (Тұңғыш Президент күні, Тәуелсіздік күні);
3) Қазақстан Республикасының астанасы туралы түсініктерді кеңейту;
4) мемлекеттік рәміздер (Ту) туралы білімді қалыптастыру, балаларды мемлекеттік рәміздермен (Елтаңба, Гимн) таныстыру, өз елінің рәміздеріне құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Күтілетін нәтижелер:
өзі туралы және өзінің жағдайы туралы айтады;
фотосуретте жақын туыстарын таниды және атайды;
жақын маңдағы заттарды ажыратады және атайды, оларды әртүрлі тәсілдермен зерделейді;
күзгі кезеңдегі ересектердің еңбегі туралы, балабақша жұмысшылары мен қызметкерлерінің еңбегі туралы түсінікке ие, ересектердің еңбек нәтижесіне құрметпен қарайды;
өз Отаны ретінде Қазақстан Республикасы, астана, мемлекеттік мерекелер туралы түсініктері бар;
мемлекеттік рәміздерді (Ту, Елтаңба, Гимн) біледі, өз елінің рәміздеріне құрметпен қарайды.

15-параграф. II-жартыжылдық


118. Қоршаған ортамен танысу.


Бала, оның отбасы, үйі:
1) ата-аналардың кәсіби қызметі туралы білімдерін қалыптастыру;
2) туыстық қатынастар туралы білімдерін кеңейту: атасы, әжесі, ағасы, әпкесі, көкесі, тәтесі;
3) отбасының үлкен және кіші мүшелеріне құрметпен және қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу;
4) отбасылық қатынастар мен отбасы мүшелерінің міндеттерін көрсететін іс-әрекеттерді ойнату.
Заттық әлем:
1) айналадағы заттар, олардың қасиеттері мен мақсаты туралы түсініктерді кеңейту;
2) материалды ескере отырып, заттар мен объектілерді іріктеу, топтастыру, тану біліктерін қалыптастыру;
3) ойыншықтарға, кітаптарға, ыдыстарға ұқыпты қарауға тәрбиелеу.
Ересектердің еңбегі:
1) көктемгі кезеңде ересектердің еңбегі және оның маңызы туралы түсінік қалыптастыру;
2) әртүрлі кәсіптегі адамдар, еңбек нәтижелерінің мазмұны, сипаты мен маңызы туралы түсінік қалыптастыру;
3) еңбек құралдары мен әртүрлі кәсіп құралдары, олардың мақсаты туралы түсінік қалыптастыру;
4) балабақша жұмысшылары мен қызметкерлерінің еңбегі туралы түсініктерін кеңейту, ересектердің еңбегіне құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Менің Отаным – Қазақстан:
1) өз Отаны ретінде Қазақстан Республикасы туралы түсініктерді кеңейту;
2) мемлекеттік және ұлттық мерекелер туралы түсініктерді кеңейту (Наурыз, Бірлік күні);
3) Қазақстанда тұратын әртүрлі ұлт өкілдері туралы түсінік қалыптастыру;
4) қазақтардың дәстүрлі тұрғын үйі, ұлттық стильде орындалған тұрмыстық заттар мен киім-кешек туралы білімдерін кеңейту;
5) қазақ халқының салт-дәстүрлері туралы түсінік қалыптастыру.
Қазақстан Республикасының әскері:
1) Қазақстан әскері туралы, Отан қорғаушылар туралы және оның маңыздылығы туралы, әскердегі қызметі туралы бейне, фотосуреттер, картиналарды пайдалана отырып түсінік қалыптастыру;
2) Ұлы Отан соғысының ардагерлері туралы түсінік қалыптастыру;
3) Отан қорғаушыларға, Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Көлік:
1) қозғалыс ортасын (жер, ауа, су бойынша) ескере отырып, көлік құралдарын тану және атау дағдыларын қалыптастыру;
2) кейбір көлік құралдары туралы түсінік қалыптастыру және оларды басқаратын адамдардың мамандықтарымен таныстыру;
3) көлікте жұмыс істейтін адамдарға құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Жол қозғалысы ережелері:
1) бағдаршам сигналдарына сәйкес көшеден өту дағдыларын қалыптастыру;
2) жаяу жүргіншілерге арналған ережелер туралы, «жаяу жүргіншілер өткелі» жол белгісі туралы білімдерін кеңейту.
Күтілетін нәтижелер:
ата-анасының жұмыс орны туралы біледі, отбасылық қарым-қатынастарды және отбасындағы ересектердің еңбегін бейнелейтін әрекеттерді ойнайды;
материалды ескере отырып, заттарды топтастырады;
ойыншықтарға, кітаптарға, ыдыстарға ұқыпты қарау қажеттілігін түсінеді;
көктемгі кезеңдегі ересектердің еңбегі туралы, әртүрлі кәсіптегі адамдар туралы, еңбек құралдары және құралдар мен олардың мақсаты туралы түсінікке ие, ересектердің еңбегіне құрметпен қарайды;
өзінің Отаны ретінде Қазақстан Республикасы туралы біледі, мемлекеттік мерекелер туралы түсініктері бар;
қазақтардың дәстүрлі тұрғын үйін (киіз үй), кейбір тұрмыстық заттар мен киімдерді біледі және атайды;
Қазақстан әскері туралы, Отан қорғаушылар туралы түсінікке ие, Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне құрметпен қарайды;
көлік құралдарын жүріп-тұру ортасын, оларды басқаратын адамдардың кәсібін ескере отырып таниды және атайды, оларға құрмет көрсетеді;
бағдаршам сигналдарын біледі және түсінеді, көшеде және жаяу жүргіншілер өткелінде жүріс-тұрыстың кейбір ережелері туралы түсініктері бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   188




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет