Бағдарламасы туралы түсіндірме жазба



бет7/14
Дата25.02.2016
өлшемі2.06 Mb.
#22175
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14

Спорт


Орал қаласында барлығы 319 спорт құрылысы, оның ішінде 1500 орынға арналған трибунасы бар Авангард, Юность, «Ақжайық» ФК 3 стадионы, 2 спорт сарайы, 2 спорт кешені, 3- жүзу бассейні (6 ш.а., Зенит МҮ, Энергия), 95 спорт залы, 1 ат-спорттық манеж, 6 шаңғы базасы, 2 есу базасы, 39 ату тирі, 1 садақ ату орны жұмыс жасайды.

Қалада 11 балалар-жасөспірім спорт мектептері, 1 облыстық жоғарғы спорт шеберлігінің мектебі, 1 олимпиада резервіне дайындау орталығы, 5750 адам қатысатын 1 облыстық спорта дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернаты, 3 кәсіби клуб (болейбол бойынша «Жайық» СК, доппен хоккей және гандбол бойынша «Ақжайық» СК, «Ақжайық» футбол клубы) жұмыс атқарады.

2.07.09 жылғы №1678 әкімдік Қаулысы бойынша көпшілік спортты дамытуға байланысты жұмысты күшейту үшін «Намыс спорт клубы» МККК ашылды. Оның міндетіне тұрғылықты жер бойынша спорттық-көпшілік шараларды ұйымдастыру мен өткізу жатады. «Намыстың» балансында 10 спорттық алаң, оның ішінде 5-і 2006 жылы салынып, 2009 жылы клуб балансына берілді.

2010 жылы Гагарин к-сі, 97, Достық-Дружба даңғ, 232, Құрмаңғазы к-сі, 150, Ихсанов к-сі, 87, Еуразия даңғ, 54 мекен жайлары бойынша тағы да 5 балалар ойын алаңы қолданысқа берілді. Әрбір аталған нысанда спорт инвентарын сақтауға және жалға беруге арналған орындардың барлығы жөнделді.

2010 жылы қалалық бюджеттен жасанды жабуы бар 2 спорт құрылысын салуға 22649 мың теңге бөлінді. Жобалық-сметалық құжатқа сәйкес жалпы құны 3408950 мың.тг тұратын Деркөл ауылдық округінде дене шынықтыру-оңалту кешенінің құрылысы басталды. Бұл кезекте көп функционалды спорт залы, жаттығу залы, күрес залы, әкімшілік-тұрмыстық кешен, инженерлік желі бар.

Жыл сайын салауатты өмір салтын насихаттау бойынша 40,0 мың адамды қамтитын 1600-ден астам спорттық-көпшілік шаралар өткізіледі. Орал қаласындағы 42 спорт түрлері бойынша 3-4 жастық категорияда чемпионаттар, біріншіліктер, кубоктар, турнирлер өтіп тұрады, осыған орай жыл сайын 12 мыңнан астам адамды қамтитын 120 шаралар өткізіледі. Орал қаласындағы 45 мектепте 150 дене шынықтыру мұғалімі 2500-нан астам баланы қамтып, түрлі спорт түрлерімен айналысады. 2009 жылы барлық аула клубтарында спорт бойынша әдіскердің бірлігі енгізілген. Бұл 1000 жасөспірімді қамтып, тұрғылықты жер бойынша дене шынықтыру жұмысын жүргізуге көмектеседі.

2009-2010 жылдары спортшылар мен Орал қаласының спорт командалары бірнеше мәрте облыстық, республикалық, халықаралық жарыстардың жүлдегерлері мен жеңімпаздары болды. Соның ішінде БҚО мектеп оқушылары арасындағы Спартакиададан 1-орын, 2009 жылы Мемлекеттік қызметкерлер арасындағы Спартакиададан 1-орын, Қазақстан Республикасының Президенті сыйлықтары ойнатылатын 4-ші ұлттық спорт ойындарының облыстық филиалында 1-орын (14 спорт түрлерінен 11 1-орын), 2010 жылы Мемлекеттік қызметкерлер арасындағы Спартакиададан 3-орынды иеленді.

Қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі келесі спорт түрлері бойынша біріншіліктің ашылуын жасады: Астана күніне арналған 1994 жылы туылған Алматы, Тараз, Астана, Қарағанды, Орал қалалары спортшыларының арасында водный пол ашық турнирі; Ақтөбе, Атырау, Тараз, Қарағанды және Ақсай қалалары командаларының қатысуымен Кеңес Одағының батыры М.Мәметованы еске алуға арналған каратэ турнирі; 1993 жылы туылған Қызылжар, Орынбор, Қазан, Саратов, Новокуйбышевка, Уфа Оралдың екі командысының қатысуымен, волейбол бойынша әкім сыйлықтарына ойнатылатын екінші халықаралық турнирі; П.Атоян сыйлықтарына ойнатылатын футбол турнирі; Алматы, Талдықорған, Орал командаларының қатысуымен Кеңес Одағының батыры М.Мәметованы еске алуға арналған садақтан ату турнирі.



2.2.3 Қаланың инфрақұрылымдық кешенінің анализі



Ақпараттық коммуникация

Байланыс. Қазақстандағы ең көп кеңінен тараған коммуникация телефон байланысы болып қала береді. Соңғы мәліметтер бойынша халықтың байланыс қызметімен қамтамасыз етілуі адам басына шаққанда 0,19 құрайды, бұл жалпы алғанда төменгі көрсеткіш болып табылады. Облыс және республика мағынасындағы қалаларды қарасақ, көрсеткіш аз да емес, көп те емес – пропорционалды деңгейде қала береді.

Қаланың телекоммуникацилық желісінің негізін «Қазақтелеком» АҚ-ның, сонымен қатар басқа да жеке операторлар желісі құрайды.

Орал қаласында телефон жүйесі жалпы мониторлық көлемі 56813 нөмірлі түрлі кешендеудегі 24 телефон станцияларымен және жалпы мониторлық сыйымдылығы 34480 нөмірлі түрлі кешендеудегі 39 мультисерверлік абоненттік қол жетімділікпен жүргізіледі. Барлығы мониторлық көлем соммасын 91 293 нөмір құрайды. Іске қосылған нөмір сыйымдылығы – 85091. Яғни халықтың әрбір 1000 адамына 270 нөмірден келеді. Қалада 10000 абонентке арналған сымсыз автоматты сандық телефон станциясы бар.

80Н жүйесіндегі оптика-талшықтық сызық бойынша қаланың сандық шеңберлік байланысы қызмет етеді.

Қала аралық байланыс қызметі -27,6%-ға, халықаралық байланыс қызметі - 57,0%-ға, 10 мың адамға шаққандағы ғаламторға шығу 2,8 есеге өсті. Барлық байланыс түрлері бойынша кәсіпорындардың көрсеткен байланыс қызметінен түскен табыс 2009 жылы 2238,5 млн. теңгені құрады. бұл 2005 жылмен салыстырғанда 1,7 есеге көп.

Ақпараттық технологиялар


Техникалық жабдықтау. Мемлекеттік қызметті басқару және көрсету үрдістерін автоматизациялау және информатизациялауды қамтамасыз ету саласында жергілікті мемлекеттік басқару органдарының жағдайы төмендегідей: 2005-2010 жылдарда облыстық басқарудың бірыңғай ақпараттық-коммуникациялық жүйесін құру және дамытудың аймақтық Бағдарламасын іске асыру шеңберінде басқару органдарын компьютерлік техникалармен, серверлік құралдармен жабдықтау жүргізілді.

Жақын арадағы міндет әкімдіктің құрылымдық бөлімдерін біріктіретін локальді желі құру болып табылады.



Байланыс каналдары. 2005-2010 жылдарда облыстық басқарудың бірыңғай ақпараттық-коммуникациялық жүйесін құру және дамытудың аймақтық Бағдарламасын іске асыру шеңберінде «Қазақтелеком» АҚ-ның қатысуымен БҚО ММ мәліметтерін жіберудің Корпоративтік жүйесі құру жұмысы жүргізілді және жүргізуді жалғастыруда. БҚО ММ МЖКЖ IP VPN базасында құрылған, қатысушылардың қосылу жылдамдығы 512Кбит/сек. Қалалық басқармаларының локальді желісі «звезда» топологиясы бойынша құрылған, өткізу мүмкіндігі 100 Мбит/с-тен аз емес.

Қаладағы орын алған ақпараттық жүйелер. Қазіргі уақытта электронды құжат алмасу жүйесі, сайлаушылардың тізімін құру, әлеуметтік-экономикалық дамудың мәлімет базасы, қала салу кадастры сияқты ақпараттық жүйелері бар.

Көрсетілген жүйелерден басқа қалада қала әкімдігінің ресми интернет-ресурсы жұмыс жасайды. Интернет-ресурс арқылы ақпараттық және интерактивтік қызметтер көрсетіледі.



Е-үкімет базалық компоненттерін қолдану. Батыс Қазақстан облысы жергілікті атқарушы органдарының деңгейінде жүргізілетін е-үкімет базалық компонентеріне мыналар жатады:

  1. ҚР электрондық құжат алмасуының бірыңғай жүйесі.

  2. «Адрестік тіркеу» мемлекеттік ақпараттық жүйесі.

  3. Қоғамдық қол жетімділік пунктері: 6 ақпараттық киоск, 2 компьютер.

«Адрестік тіркеу ақпараттық жүйесі» жобасы шеңберінде 2009 жылы ономастика және архитектура мен қала салу бойынша өкілетті органдарға АТ АЖ бағдарламалық қамтамасыз етуді енгізу жұмыстары жүргізілді. Жылжымайтын мүлік нысандары бойынша адрестік инвентаризация жүргізілді. АТ АЖ мәлімет базаларына 100% мекен-жай енгізілді.

Қазақстан республикасында «электронды үкіметті» құрудың мемлекеттік бағдарламасын орындау кезінде қоғамдық қол жетімділік бөлімшелерінің желісі орнатылды. Бұл халықтың көп қабатын ақпараттық-коммуникациялық технологияларын қолдануға баулыды. Қоғамдық қол жетімділік бөлімшелерінің желісін құру бірінші кезекте «халыққа қызмет көрсету орталығын», қала және Деркөл ауылының әкімдігін, «кітапханаларды, ҚІІБ-ын, ҚазГазТрансАймақ кәсіпорнын, Орал қаласының салық инспекциясын қамтыды.

Бұдан басқа, 2007-2008 жылдары «2007-2009 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында ақпараттық теңсіздікті төмендету» Мемлекеттік бағдарламасы іске асырылды. Бағдарлама шеңберінде компьтерлік кластар, халықтың түрлі таптарын – мемлекеттік қызметкерлерді; балалар үйінің, мектеп-интернаттарының, жасөспірім үйлерінің тәрбиеленушілері мен қызметкерлерін; бюжеттік және бюджеттік емес салалары ұйымдарының қызметкерлерін, жұмыссыз халық пен азаматтардың басқа да категорияларын тегін оқыту үрдісі жүргізілді. Барлығы 25 мың адам оқытылып, 11 млн.11 мың теңге игерілді.
Инфроқұрылымдық кешен

Бекітілген шараларға сәйкес қала кәсіпорындары энергия үнемдеуге байланысты жұмыстар жүргізуде.

«Жайықжылуэнерго» АҚ мен «Батыс Қазақстан ЭБК» АҚ негізгі энергия беру кәсіпорындары болып табылады.

Энергия үнемдеу технологияларын жүзеге асыру арқылы шамамен жылына 40 млн. куб.м. газ бен 400 млн. теңге шамасында қаражат үнемделеді. Сонымен қатар енгізілген ГТҚ 200 млн. кВт/сағ электр энергиясын өндіреді. Бұл осы мөлшердегі электр энергиясын Ресейден импорттауды қысқаруға мүмкіндік береді.

Қазіргі кезде Орал қаласын электрмен және электр желілерін пайдаланумен қамтамасыз ететін негізгі комапания – «Батыс Қазақстан Электр желілерін бөлу компаниясы» АҚ. Оның құрамында қалалық филиал және 12 әкімшілік аудандар көлемінде орналасқан аймақтық электр желілерімен қамтамасыз етуге арналған 16 қызмет орындары бар.

Қала және облыстың электрмен қамтамасыз ету нысандарына қызмет ету мен өндірудің негізгі көзі Орал ЖЭО «Жайықжылуэнерго» АҚ болып табылады.

Орал ЖЭО-мен белгіленген қуаты 58,52 МВт-ты құрайды. 2008 жылға электрэнергиясын өндіру 342460 МВт/сағ шамасын, жылдың тұтыну кезінде - 380369,6 мВт/сағ құрады. Электрэнергиясы жартылай Балаков АЭС, Кинели (Саратов облысы), «Саратовэнерго» және ҚР Атырау облысынан сатып алынып, инпортталынып отырады.

Қала шаруашылығы субъектілері бойынша электроэнергияны бөлу келесідей көрсеткіштерді құрайды: өнеркәсіп – 51,6%, халық – 40, 8%, комуналды-тұрмыстық және әкімшілік нысандар – 7,6%.

«БҚ ЭБК» АҚ қалалық филиалының балансында мыналар бар:

- 1200 км 04,-10 кВ ауа желісі, оның 847 км-і 100 % істен шыққан,

- 506 км 0,4 -10кВ кабельдік желінің 346 км-і,

-35-11010\10кВ-тық 13 дана трансформаторлық подстанция, оның ішінде 4 данасы 100% істен шыққан,

- 10/0,4кВ-ты 451 дана трансформаторлық подстанция, оның ішінде 136 данасы 100% істен шыққан. Қалалық филиалдың тапсырысы бойынша барлығы 3834 млн. теңгеге модернизациялау жүргізу қажет.



Қаланың энергияны тұтынуында 10%-дық қуаты жеткіліксіз, осы жеткіліксіздік Ресейден импортталады. Орал қаласында 35 кВ және одан жоғары 18 подстанция, қала территориясымен өтетін 35 кВ және одан жоғары 19 электр жіберу тізбегі бар.

Қала тұтынушылар арасында электр энергиясын бөлу 10кВ БҚ-нан (бөлу құрылғысы) 10кВ ББ (бөлу бөлімшелері) және ТП10/0,4 тұтынушылық трансформаторлық подстанциясынан кабельді және әуе желілері арқылы жүзеге асырылады.

Қала территориясында барлығы 23 дана 10кВ ББ, 1065 10/0,4кВ ТП, 2,5 мың км 10кВ ӘЖ және 274 км 10кВ КЛ бар.

Қала бойынша жағдайдың даму тендендециясы сол, соңғы жылдарда өнідірістік сала мен халық санының өсуімен бірге электроэнергияны өндіру мен бөлу артып келеді. Бұл «Батыс Қазақстан ЭБК» АҚ қалалық филиялының желісі мен құрылғыларына қосымша жүктеме әкеледі.

Жоғарыда аталған желілер мен құрылғылар 1960-1980 жылдары салынды. Қазір ол реконструкцияны немесе жаңамен ауыстыруды талап етеді. Электроэнергетиканың әлсіз жағы - 80 %-ды құрайтын құралдардың ескіруі. Бұл жиі электр көздерін айыруына әкеледі. Есептеу анализі 110/10 кВ және 35/10 белгіленген қуат өсіп келе жатқан жүктемені толықтай жаба алмайды.

Мүмкіндіктер мен артықшылықтар туралы: табиғи газды жеткізушілері мен газ бөлі желісінің бар болуы ГТЭС құру арқылы генераторлық қуатты көбейтуге және қазіргі жүйелерді модернизациялау арқылы қаланың электрмен қамтамасыз етілуінің тұрақты дамуын жасауға мүмкіндік береді.

Жылымен қамту. Қазіргі кезде тұрғын үй секторларын, өндірісті, әлеуметтік және коммуналды нысандарды жылумен қамту Орал ЖЭО-мен және орталықтандырылмаған өндірістік және коммуналды жылу беру жерлерімен жүргізіледі. Сонымен қатар жеке тұрғын үй құрылыстары жылудың автономды жүйесін қолданады.

Электр сақтау технологиясын енгізудің моделдік жобасы шеңберінде 2006 жылдың қазан айында Орал ЖЭО «Жайықжылуэнерго» АҚ-ның алаңында ТОХОКУ жапон компаниясымен бірге 48 тонна/сағ бу шығару котел-утилизаторы бар қуаты 28,5 МВт газотурбиналық құрылғы қолданысқа енді. Жылу желілерін күрделі жөндеу мен реконструкциялау төмендегі жағдайларға мүмкіндік берді:

- 6,2 мың Гкал/жыл көлеміндегі жылу энергиясын жоғалтуды қысқартуға;

- жанармайдың шығындық үлесін қысқартуға;

- су қайнату котелдарының ПІК көтеруге;

- атмосфераға лайтасытын заттарды тастау төлемін азайтуға;

- элетр энергия өндірісін көбейтуге;

Орал ЖЭО-мен белгіленген қуат - 603,0 Гкал/сағ немесе су бойынша - 701,29 МВт, бу бойынша 375 т/сағ, электрэнергия бойынша 58,52 Мвт-ты құрайды. Өндірістік және коммуналды жылу беру орындарының белгіленген қуаты - 320 Гкал/сағ немесе 521,6 МВт құрайды.

30 жылдан астам уақыт бұрын қондырылған Орал ЖЭО-ның құрылғылары ескірді, жаңа және жетілдірілген үлгідегіге асыртыруды талап етеді. Орталықтандырылған жылумен қамту желілері болып саналатын жылу желілері қазіргі уақытта бұл жүйедегі сенімді буын. Магистральді жылу желілері ауыр жағдайда.

Экологиялық таза жағармайға, яғни табиғи газга қол жетімділік, қалаға жойылған құрылысты жылумен қамту мәселесін шешуге көмектесті.

Сонымен қатар жаңа кәсіпорындар, шағын бизнес нысандары, қайтадан тұрызылған тұрғын үйлер, өз ісіне қайта оралған кәсіпорындар жоғарғы технологиялық және көп энергияны қажет етпейтін автономды жылумен қамту жүйесіне ауысты.

Осыған орай Орал қаласынын жылумен қамтудың орталықтандырылмаған жүйесі белсенді жүруде және бұл тенденция таяу жылдарға дейін сақталмақ. Жылумен жабдықтаудың салаланған және өзара қорға алынған желісі бар ОЖЭО-ның орталықтандырылған жылумен қамту жүйесі қала орталығындағы көпқабатты тұрғын үй қорларын жылумен қамтамасыз ету үшін жақын болашаққа дейін сақталады.

«Жайықжылуэнерго» АҚ тапсырысы бойынша орталықтандырылған жылумен қамту жүйесінің жұмысын қолдау үшін 2011-2015 жылдар аралығында 7,8 млрд.теңгеге ЖЭО мен жылу желісін қайта жасақтау қажет.

Альтернативті энергетика. Энергияны сақтау мақсатында «Омега құрал жасау зауыты» мен «Микрография ҒЗИ» РМК бірлесіп, қайта қалпына келетін энергия көздерін – желдік құрылғыны енгізу жобасын іске асырып жатыр. Қазіргі кезде қуаты 1,5 кВт тәжірибелі үлгілер қондырылды.

Сондай-ақ «Гидроприбор» ҒЗИ Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық унивеситетімен бірге жоғары БІК-мен ерекшеленетін вертикальді қалағы бар желдік құрылғыға зерттеу жүргізіп жатыр.

Тұтынушылардың тапсырысы бойынша кәпіорын 3-10 млн. теңге тұратын, қуаты 2-ден 5 кВт/сағ-қа дейінгі желдік-күн құрылғысын Қазақстан нарығына шығаруға дайын.

Тұрғын үй секторы. 2009 жылдың 1 қаңтарда Қазақстан Республикасының статистика агенттілігі мәлеметтеріне сәйкес қала бойынша тұрғын үй қоры 4569,6 мың шаршы метрді құрайды, оның ішінде 4409,9 мың шаршы метр немесе 45,4% жеке меншік иелігінде.

Орал қаласында 90656 үй шаруашылығы, 19861 үй (1091 көп қабатты үйлер), оның ішінде 15412 жеке және 4449 көп пәтерлі үйлер бар. Тұрғын үй қорларын басқарумен 803 көп пәтерлі тұрғын үйлерге (54474 пәтер) қызмет көрсететін 105 ғимарат (пәтер) меншігі кооперативтері айналысады. ПМК-нің жалпы санының 24-і 10-нан астам үйлерге қызмет көрсететін ірі коопетативтер, 15-і 3-9 үйге қызмет көрсететін орташа коопетативтер және 66-ы 1-2 үйге қызмет көрсететін шағын коопетативтер. ПМК-не кірмейтін үйлер саны – 288 (негізінен 2-3 қабатты үйлер). Шығынның көптігінен ПМК бұл үйлерге қызмет көрсетуден бас тартып отыр, мұндай үйлерде кооператив құру тұрғындардың өздеріне тиімсіз, себебі ол үлкен қаражат шығынын талап етеді. Инженерлік инфрақұрылымының қанағаттанарлықсыз жағдайы коммуналды қызмет көрсету сапасын арттыруға мүмкіндік бермейді.

Пайдаланылатын тұрғын үй қорларын тиімді басқару, тұрғын үй-коммуналдық саласында қызмет көрсетудің сапасын арттыру үшін жағдайлар жасаумен байланысты жүйелі өзгерістерді енгізу мақсатында қалада нақты жұмыс жүргізіледі.

Орал қаласын сумен қамтамасыз ету және онда су жүргізуді Орал қалалық тұрғын үй-коммуналдық және жол шаруашылық басқармасы, «Орал Су Арнасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны қамтамасыз етеді. Кәсіпорын мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын болып саналады. Ол сумен қамтамасыз ету және ағын суларды жүргізу қызметтерін көрсететін мекеме ретінде монополистер кәсіпорнының тізіміне енген.

Қала халқы мен өндірістік кәсіпорындарды сумен қамтамасыз ету екі қойнаумен жүзеге асырылады: Жайық өзені ашық жерүсті су қақпасы және жерасты су қақпасы – Орал жерасты су көзінің скважиналары.

Қаладағы су құбырлары желісінің жалпы ұзындығы 352 км құрайды, тұрбалар диаметрі 100-ден 1000 мм-ге дейін, тұрба материалы – болат, шойын, темір-бетон, пластик.

Су құбырлары желісінің техникалық жағдайы – қанағаттанарлық деңгейде, дегенмен 30%-дан астам су құбырлар желісінің амортизациялау мерзімі аяқталды (30 жылдан астам).

2010 жылдың 1 қаңтарына қаланың тұрғын үй қорының 70,5 пайызы орталықтандырылған сумен қамтылған.

Канализациялық желілер, әсіресе тұғын үйлердің, қала кварталдарының абаттанған бөліктері мен өндірістік кәсіпорындарының көп бөлігі толық қамтылмаған. 50 мың м3/тәулік өндірісіне есептелген канализациялық тазалау құрылысы Орал-Саратов жолынан 4,5 км жерде орналасқан. «Орал Су Арнасы» есептік мәліметтеріне сүйенсек, 2008 жылы арна суын механикалық тазару құрылысымен, соның ішінде биологиялық таза жолмен жіберу 26,6 мың. м3/тәулікті құрады.

Механикалық тазарту құрылысы пайдалануға 1987 жылы енгізілді, жасанды биологиялық тазарту құрылысы 1996 жылдан пайдаланылды. БҚО әкімінің өкімімен 1997 жылдан бастап жасанды биологиялық жолмен тазалау құрылысы консервациялауға қойылды. 69,7% орталықтандырылған су жүргізумен қамтамасыз етілген.

111 км су құбыры желісі мен 55 км канализацияны жөндеу үшін 4,5 млрд. теңге қажет.

Орал қаласын газбен қамту табиғи газбен іске асады. Орал қаласынан солтүстіктеу орналасқан «Оренбург- Новопсковск» магистральдық газ құбыры газды қосу нүктесі болып табылады.

01.01. 2009 жылға қаланың табиғи газбен тұтынуы 378,0 млн.м3/жыл көрсеткішін құрады, соның ішінде: - халық - 92,5 млн.м3/жыл; - коммуналды-тұрмыстық кәсіпорындар -37,1 млн.м3/жыл; - өндірістік кәсіпорындар - 284,4 млн.м3/жыл.

«ҚазТрансГазАймақ» АҚ-мен ұсынылған газбен қамтамасыз ету жүйесінің толық сипаттамасы төмендегі кестеде көрсетілген.

18-кесте



Орал қаласының газбен қамтамасыз ету жүйесі


Көрсеткіштер атаулары

Өлшем бірлігі

01.01. 2009 жылға арналған саны

Газ жүргізілген пәтер саны

Пәтер

80318

Тұтынуға кеткен газ шығыны

млн. м3/жыл




Табиғи газ, барлығы, соның ішінде:




377,993

а) халық

-/-




б) коммуналды тұрмыстық кәсіпорындар

-/-

92.503

в) ЖЭО және өндірістік кәсіпорындар

-/-

37,050

Халықты қамту деңгейі

%

248.440

Табиғи газбен




91,2

Газ құбырларының ұзындығы:

км

874,68

- жоғарғы қысым




125,237

- орташа қысым




99,119

- төменгі қысым




650,324

Газды пайдалану базасы

дана

2

ГРС саны

дана

2

ГРС қуаты

мың. мЗ/сағ

100 000 (әрбірі)

ГРП саны

дана

18

ШРП саны

дана

457

Қайнар көздері: Батыс Қазақстан облыстық статистика департаменті, Интернет ресурсы: www.stat.kz
2002 жылы халықтың, өнеркәсіптің және энергетиканың табиғи газды тұтынуы 326,0 мың.м3/жыл құраса, 2008 жылы 378,0 мың.м3/жылды құрайды. Осыған орай, өнеркәсіптік өндірістің төмендеуі, халықтың санының жоспардан аз өсуі және локальды жылу беру орындарының азаюына байланысты табиғи газды тұтынудың өсуі болжамға қарағанда төмендеді (2005 жылы жоба бойынша тұтыну көлемі 396,0 мың.м3/жыл болып қарастырылды).

Тұрғын үй қорын орталықтандырылған газбен қамтамасыз ету деңгейі 97,8%-ды құрайды.

Табиғи газбен барлық тұрғын үй серторлары газдандырылған, Орал ЖЭО мен сақталып қалынған ірі өнеркәсіп және коммунальды жылу беру орындары, тұрғын үй және қоғамдық ғимараттардың автономды көздері, шағын бизнес нысандары мен әлеуметтік салалар сияқты барлық жылудың ірі көздерінде газ жүргізілген.

Лифтілік шаруашылық. Қазіргі таңда Орал қаласында 345 бірлік лифт бар, оның 279-ы 2000 жылдан бұрын қондырылған.

Лифттің техникалық қызметімен екі ұйым айналысады. Олар – жалпы нарықтағы лифт қызметін көрсету үлесі 50%-дан төмен, ал тұрғын үй секторларындағы үлесі - 20% құрайтын «Орал лифт» ЖШС және жалпы нарық пен тұрғын үй секторларындағы үлесі - 50%-дан астам көрсеткішті құрайтын «Горлифт» МКК.

Лифттің жалпы санының 232-і қалалқ тұрғын үй секторларындағы лифттер. Оның ішінде 179-ы қаланың коммуналды меншігіне тиесілі және «Горлифт» балансына кіреді. Бұл лифттер нормативтік қызмет көрсету мерзімін өтеді (25 жылдан астам) және модернизацияны немесе жаңамен ауыстыруды талап етеді.

«Горлифт» МКК-мен қызмет көрсететін лифттер өз нормативтік мерзімін өтеген өткен 100 жылдықтың қондырғылары. Жұмыс істейтін лифттер – 230, иесіз қалғандары – 48 бірлікті құрайд.

2010 жылға қарай 61 лифт ескірген, нормативтік мерзімін өтеген, оның ішінде 44-і коммуналдық меншікке, 17-і жеке меншікке тиесі лифттер. 2015 жылға қарай ескірген және модернизациялауды қажет ететін лифт саны 97 бірлікке жетеді.

2002-2010 жылдар аралығында «Горлифт» МКК 179 лифтке 221 млн.теңге құрайтын күрделі жөндеу және модернизациялау жұмысын жүргізді, 120 лифтке 9,2 млн. теңге құрайтын жүру ақысының электронды карта жүйесін енгізді.



Көлік. Қала жолының ұзындығы – 525 км, оның ішінде 200 км-де немесе 38%-ында қатты жамылғы төселген.

Көлік және байланыс саласының тұрақты дамуы аймақтың халық санының өсуімен, қаланың инфрақұлымының дамуымен, жолаушы және жүк тасымалдау көлемінің өсуімен, телекоммуникациялық техникалардың дамуымен, сондай-ақ қалыптасу жағдайының жасқару қажеттілігемен байланысты.

Көлік қозғалысымен және көлікке қол жетімділікпен қамтамасыз ету қаладағы халықтың өмір сүру сапасының маңызды көрсеткіші болып табылады.

Қалалардың интенсивті дамуы көше-жол желілерінің жүктемесінің толығуына, жылдамдықтың азаюына және жүк пен жолаушыны жеткізудің жиілігіне әкелді.

Халықтың көп дәрежеде көліктерді иеленуі соңғы бес жылда көлік ағынының көбеюіне әкелді. Нәтижесінде көлік тығындарының қалыптасуы қарапайым құбылысқа айналды. Тіркелген жеңіл автокөліктер саны 2005 жылғы 26,4 мың бірліктен 2009 жылы 71,9 мың бірлікке жетті. Көше желісінде қоғамдық автокөліктердің ағынынан гөрі жеңіл автокөліктер ағыны жиіледі.

Өнеркәсіп аудандарын автокөліктермен қамтамасыз ету мәселесі қала орталығы бағытына тасымалдауды қамтасыз ету мәселесіне және орталық іскерлік ауданындағы тұрақ мәселесіне жол берді.

Жоғарғы дәрежедегі автомобилизациялаумен қатар көлік қызметін көресту салалары белсенді дамып келеді. Қаланың маршруттық желісіне 7 кәсіпорындармен қызмет көрсетілетін 35 қалалық және 14 саяжайлық автобус маршруттары кіреді. Қалалық жолаушы тасымалдаудың негізгі көлемін автобустық тасымалдаулар құрайды. Күн сайын желіге 320 бірлік автобус пен 176 шағын автобустар шығады.

15-сурет


Меншік формасы бойынша Орал қаласының маршруттарындағы автобустар



Қайнар көздері: Батыс Қазақстан облыстық статистика департаменті, Интернет ресурсы: www.stat.kz
Қаланың көптеген маршруттарында 12 орындық шағын автобустар саны өсіп келеді. Қызмет көрсетілген адамдар саны жылдан жылға өсуде, 2008 жылмен салыстырғанда, 2009 жылы жолаушыларды тасымалдау көлемінің көрсеткіші 104,1 %-ды құрады.

16-сурет


Жолаушыларжы автобуспен тасымалдау, млн. адам




Қайнар көздері: Батыс Қазақстан облыстық статистика департаменті, Интернет ресурсы: www.stat.kz

Соңғы бес жылда таксомоторлы көлік тиімді көлік түрі болып табылады.

«Эра», «Авто» кооперативтері, «Амрита», «Уралавто», «Молшер», Пластикавтотранс», «Uniserv», «Avto-Trast-Contract», «Казавтотранс-Запад», АТП «Трансагентство», «Автокомбинат», «Казросимпорттранс», «ТП Урал-КамАЗ», «Дат-Көлік», «Темрат» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері, сонымен қатар «Казавтотранс» АҚ Орал қалалық филиалы жүк тасымалдаумен айналысады. 2009 жылы жүк тасымалдаумен 175385,0 мың тонна жүкті тасымалдаған (2005 жылға қарағанда 51,4 %-ға көп) 10234 арнайы жүк көлігі айналысты.

Рисунок 17



Жүк көліктерінің және жүк тасымалының саны


2005 ж. 2006 ж. 2007 ж. 2008 ж. 2009 ж.


Қайнар көздері: Батыс Қазақстан облыстық статистика департаменті, Интернет ресурсы: www.stat.kz
Қаланы көлікпен қамтамасыз етуде төмендегідей мәселелер туындайды:

- Қала жолдарындағы қозғалыс қауіпсіздігін төмендететін және экологияға кері ықпалын тигізіп жатқан автокөліктердің көптігі;

- қозғалысты жеделдететін жол инфрақұрылымы нысандарының жеткіліксіздігі (развязкалар, эстакадалар, тоннель және т.б.), магистаральды жол желісі дамуының шектеулі мүмкіндігі (аймақтың жинақылығы жолды кеңітуге мүмкіндік бермейді);

- альтернативті түрде жеткіліксіз дәрежедегі автокөліктің ауқымды дамуы, ең алдымен экологиялық таза электрокөліктің жоқтығы.

- қала жолының жалпы ұзындығының 38%-ы немесе 200 км. асфаль-бетон жамылғысымен жабылған, 325,1 км. жол топырақты жамылғымен жабылған.

Жолдың геометриялық параметрлері, оның жамылғысының техникалық жағдайы қалыптасқан көлік ағынының жиілігі мен құрамын қанағаттандыра алмайды. Қала магистральды көшелердің, жергілікті көше-жол желісі дамуының, сақтауға арналған көлік орындарының және жеңіл автокөліктердің тұрағының, көше-жол желісінің даму саласындағы жоспарлау, қаржыландыру, басқару жүйесінің жеткіліксіздігі сияқты мәселелерге тап болды.



Қаланы санитарлық тазалау. Қаладағы жоспарлы тазарту 70% халықты құраған. Жер ресурстарының қалдықтармен ластануы. Орал қаласында қоқыстарды жинау коммуналды қызметтердің контейнерлерімен жүзеге асырылады, қалдықтар Орал-Саратов трассасынан 18 км қашықтықта «Фрунзенский» жерінде орналасқан ТТҚ полигонында сақталынады.

Үй мен мекемелер қоқыстары, малды жемдеуде пайдалануға келмейтін, Мемлекеттік санитарлық инспекциясының шешімімен құрытуға белгіленген қоғамдық тамақтану кәсіпорындарының қатты қалдықтары жетілдірілген қоқыс тастайтын жерге шығарылады.

Коммуналдық шаруашылық жұмысының оң қорытындылары барлық жүйенің жұмыстары бір қалыпты. Қаланың кәсіпорындары мен әлеуметтік мекемелер қызметтері бойынша қалалық инфрақұрылым олардың жұмысы мен дамуына кедергі бола алған жоқ. Қаланың коммуналды ұйымдары ғаланың барлық инженерлік желілеріне мониторинг жасайды және жұмыстың кезеңдік жоспарын жасап, жөндеу мен дамуға кететін шығындарды есептейді.
2.2.4 Қаланың территориалдық (аймақтық) дамуының анализі

Қазіргі кезде қаланың территориясы, қала сыртындағы елді-мекендерді қосқанда 720 шаршы шақырым шамасындағы жер көлемін алып жатыр. 1.05.2010 жылғы көрсеткішке байланысты халық саны – 251,7 мың адам. Жасыл алқаптың жалпы ауданы - 6,0 мың гектар. Қала Орал, Шаған, Деркөл өзердері мен көптеген көлдер мен су қоймалары арасындағы орманды-дала аймағында орналасқан (жылдық орташа ылғалдылық – 69 %). Орал орталық азия аймағы мен Қазақстанның ең батыс қаласы болып табылады. БҚО солтүстік-батысында Орынбор, Самара, Саратов, Волгоград және Астархань облыстарымен, оңтүстік-шығысында Атырау және Ақтөбе облыстарымен шектесіп жатыр. Аталған облыстар Қазақстан мен Ресейдің экономикалық тұрғыда дамыған аймақтарының бірі болып табылады. Орал қаласы аймақтық еуро-азиялық дәліздің ыңғайлы түйіні болып табылады.

Қаланың аймақтық ахуалы мен дамуын талдау оның жоспарланған құрылымының, функционалдық аймақтануы мен ерекшеліктерінің сипаттамасын болжайды

Оралдың жоспарланған құрылымы бір-бірімен Орал және Шаған өзендермен, сонымен қатар Алматы-Мәскеу темір жол магистралымен іргелесетін бірнеше аудандардан тұрады. Барлық аудандар құрамында өнеркәсіптік және коммуналды-қойма территориясы бар кешенді аудандар болып табылады. Дегенмен, қалада өндірістік территорияға, өнеркәсіптік кәсіпорындарға бөлінген аймақ жоқ. Мұның себебі 1964 жылдан бері қаланың бас жоспарының жоқтығы.

Орал қаласының жоспарлы аудандары:

1. Орталық

2. Солтүстік

3. Солтүстік-Шығыс

4. Шығыс

5.Ауылдар: Зашаған, Деркөл, Желаево, Круглозерное. Қала территориясына жұмыс, сауда, әлеуметтік-мәдени және медициналық қызмет көрсету сияқты барлы факторлар бойынша Мисурино және Подстепное ауылдарын жатқызуға болады, бірақ ресми түрде Орал қаласы территориясынан тыс жүктелген (Зеленов және Теректі аудандарына).



Орталық аудан – қаланың ең ескі бөлігі, Орал және Шаған өзендерінің қосылған жерінен темір жол бойы территориясын алып жатыр. Ескі, тарихи және жеке құрылыстары бар тікбұрышты құрылымға ие. Негізгі көше – Достық-дружба даңғылы, оның бойында архитектуралық ескерткіштері бар Ескалиев, Молдагалиев, Карев, Некрасов, Нурпейісова, Пугачев көшелері орналасқан. Бұл абаттандырылған және көгалдандырылған қала бөлігі, дей тұрғанмен мұнда негізгі апаттық жағдайдағы ескі үйлер де көп кездеседі. Евразия, Әбілхқайырхан, Құрманғазы, Маметова, Мухит, Айтиев сияқты жалпы қалалық магистралдар орталық ауданды қаланың басқа бөліктерімен және қала сырты территориясымен байланыстырады.

Солтүстік аудан темір жолдан солтүстігірек «Омега» зауыты, «Полипласт», «Нефтебаза», Әбілқайырхан аудандары, территориясында орналасқан. Бір қабатты жеке үйлер орналасқан аз абаттандырылған және көгалдандырылған аудан. Әлеуметтік инфрақұрылымы толық дамымаған, жоғары криминогендік жағдайға тән.

Солтүстік-шығыс ауданы – 80 жылдардың 2-ші жартысында бес және тоғыз қабатты үйлер салынған жаңа құрылыс аймағы. Шығысырақ негізінен құрылыс-моттажды және жол-құрылыс ұйымдары бар өнеркәсіп аймағы орналасқан. Әбілқайырхан мен Момышұлы көшелері бойында Бас жоспармен жоспарланбаған жеке тұрғын үй құрылысы жүргізілуде. Бұл айданда құрылысқа арналған резервтік территория бар.

Шығыс ауданы Чкалов көшесі мен Жайық өзені арасындағы ескі ет комбинаты базасында орналасқан, ол С.Датов жалпы қалалық магистралімен қиылысады. Ауданның өсі тоғыз, он екі қабаттық үйлер салынған Гагарин көшесі болып табылады. Мұнда «БҚМК» зауыты, кеме жөндеу және асфальтбетон зауыттары, ЖЭО, қоймалар мен құрылыс кәсіпорындары орналасқан. Бұл қаланың абаттандырылмаған және жинақтыланбаған ауданы болып есептеледі.

Зашаған қаладан Шаған өзені арқылы бөлініп, бұрынға Коминтерн ауылы мен кірпіш зауыты ауданында орналасқан. Қазір территориясы - 6163 га, халқының саны - 33380 адам. Бұл қаланың көшіп-қону мен табиғи өсу есебімен ілгері басып келе жатқан аудан. Аудан территориясына АШИ (қазіргі БҚАТУ) және медколледж қалашығы, 13 шағын аудан, Меловые горки и Прудхоз ауылдары кіреді. Әлеуметтік инфрақұрылымы – 4 бала бақша, 4 мектеп, балалар ауылы, санаториялық мектеп-интернаты, 2 алғашқы дәрігерлік-санитарлық көмек орталықтары және 1 медпункт. Ауданда 4199 үй бар, оның 2946 –і газбен (2009 жылдың аяғында) қамтылған. Негізгі мәселелер электр, су жүргізу, жол төсеу инфрақұрылымдарымен байланысты. Балалардың дүниеге көптеп келуі (жыл сайын 500-ден астам) жаңа бала бақша мен мектептерді салуды талап етеді.

Деркөл қаланың солтүстік-батыс бөлігінде орналасқан, сонымен қатар қаладан Шаған өзені арқылы бөлініп жатыр. Жалпы территория – 23814 га-ды, халқының саны – 10 мыңнан астам адамнан құралған тоғыз елді мекеннен тұрады. Оның өсуі көшіп-қону және дүниеге келу факторларымен байланысты. Бұл ауданда ауылдық көшіп келушілер тұрақтайтын ескі саяжай массивтері бар. Әлеуметтік инфрақұрылымында – 2 мектеп, 1СДА және 3 фельшерлік бөлімше, «Ивушка» балалар санаторийі және «Жас Дәурен» кешені, тубсанаторий, кардиологиялық орталық бар. Мұндағы мәселе электр, су жүргізу, жол төсеу, жұмыспен қамтылу, аббаттандыру инфрақұрылымдарымен байланысты.

Желаево – жалпы территориясы 88 га және халқының саны 2096 адамды құрайтын шағын мекен қаланың солтүстік бөлігінде орналасқан. Оның өсуі көшіп-қону және дүниеге келу факторларымен байланысты. Территорияда ЖТҚ-на арналған жерлері бар. 2 мектеп қызмет атқарады, 95 % үй газбен қамтылған, су және телефон жүргізілген. ШОБ саласында 23 субъект жұмыс жасайды. Мәселелер – жұмыспен қамту, балалар және клуб мекемелері, пошта бөлімшесі, мал сою бөлімшесу.

Круглозерное – екі елді мекені бар (Круглозерное и Серебряково) селолық ауылдық округ. Территориясы -18446 га-ды, халық саны – 5054 адам, оның 2530-і еңбекке қабілетті. 18 шаруа қожалығы, 10682 га егіс алқабы, 1080 га шабылдық, 641 га өріс алаңы, 1321 ірі қара мал, 525 қой, 240 шошқа, 450-ден астам құсы бар. Үйлердің 93 %-ы газбен қамтылған. 2 мектеп, 2 бала бақша, 2 дәрігерлік амбулатория мен 1 СДА қызмет етеді. Шағын бизнес 22 сауда нысандарымен, «Хасанов» ЖК кондитерлік цехімен, «Валиев» ЖК шұжық цехімен сипатталады.

Қалада қала шаруашылығының, өндірістік, инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылым нысандарының қала территориясында орналасуы туралы электронды картаны құруға байланысты жұмыстар аяқталды.

2040 жылға дейінгі қаланың құрылыстық дамуының концепциясына сәйкес Орал қаласының функционалдық және территориалдық дамуы әуе көлігі магистралі бойынан басталады. Дамудың негізгі бағыттары - Бөрлі әкімшілік ауданының орталығы Ақсай қаласы жағындағы шығыс, Орал-Ақтөбе автомагистралі бойындағы оңтүстік-шғыс, Орал-Атырау автомагистралі бойындағы оңтүстік және Соль-Илецк-Озинки теміржол желілері бойындағы батыс дәліздері.

Темір жол бойындағы Орал-Ақсай даму дәлзінде Ақсуат, Жаңа өмір, Тоқпай елді мекендері дамуғы бет алады,

Оңтүстік даму дәлізі Орал-Атырау көлік магитсралі және Жайық өзені негізінде қалыптасады.

Жобада Орал қаласының серіктері ретінде қалаға жақын орналасқан Белес, Махамбет, Достық, Володарское, Ақсуат, Жаңа өмір, Круглоозерное ауылдарын дамыту мәселелерін шешу ұсынылды.

Қаланың өзіндік территориалды дамуында солтүстік-шығыс бағытындағы құрылысқа арналған учаскелер кесімін, сонымен қатар Зашаған ауданының солтүстік территориясында көп қабатты ғимараттың орналасуы қарастырылады.

Орал қаласының құрылыстық дамуының жаңа Бас жоспарының негізгі принциптік бағыттарына мыналар жатады:

Орал қаласының құрылыстық жүйесінің тұрақты даму принциптерін, оның экологиялық жағдайын сақтау, қауіпсіз өмір сүру ортасын қалыптастыру;

Абаттандыру

Аулалар, алаңдар. 2007жылдан бастап қалада аула территорияларын абаттандыруға байланысты жұмыстар жүргізілуде. 336 ауланың 283 ауласында абаттандыру жұмыстары жүргізілді, соның ішінде пәтер іші жолдарында жөндеу жүргізілді, 163 аула жарықпен қамтамасыз етілді, 195 аулады жарық шамдары қондырылды, 137 аулада контейнерлік алаңдар орнатылды. Қазіргі уақытта 98 аула территорияларын абаттандыру қажет.

Соңғы екі жылда қала халқы мен қонақтарының мәдени-көпшілік демалуы үшін жайлы жағдай жасау жұмыстары жүргізілді. 3 абаттандарылған саябақ пен алаңдар және Киров ат. паркті жаңаландыру бұл жұмыстың қортындысы болады. Қалада 8 бұрқақ орнатылды.

Көгалдандыру (көгал, гүлзар, тал отырғызу), шағын архитектуралық формалар орнату, жарықтандыру, адам жүретін жолдардағы бұтақтарды тегістеуғ бұрқақ құрылысы мен барлқ саябақтарда өсімдіктерді автоматты суаруды орнату сияқты жұмыстарды жасай отырып, қаланың тағы да 26 саябағын абаттандыру көзделік отыр.

Жолдар. Орал қаласында барлығы ұзындығы 525 км 560 көше бар, оның ішінде ұзындығы 200 км 149 көшеде асфальт төселген және ұзындығы 325 км 213 көшеде гравий-щебень, топырақ төселген.

Дегенмен қала жолының 41%-ы қанағаттанарлықсыз жағдайда және қайта өңдеу мен күрделі және орташа жөндеуді қажет етеді. Соңғы үш жылда жалпы соммасы 936,3 млн.теңгені құрған қаланың 19 көшесіне күрделі және орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Жобалық құны 1620 000 теңгелік 21 көшеге күрделі және орташа жөндеу жасау жұмысының жобалық-сметалық құжаты дайындалды. Күрделі және орташа жөндеуді қажет ететін қала мен ауылдық округтердің 70 көшесі қамтылмай қалды, алдын ала есеп бойынша оларды жөндеу үшін 4,5 млрд. теңге қажет.

Соңғы екі жылда Гринько, Брусиловский, Аяз би, Бөкен би және Московский көшелері бойына жол салу бойынша жалпы соммасы 566 млн.теңге құраған жұмыстар жүргізілді. Жобалық құны 330,2 млн. теңгелік Яблоневая, Евразиская, Қызылжар көшелері бойындағы жолдарды қайта өңдеуге байланысты жобалық-сметалық құжат дайындалды.

Сонымен қатар Арман, Көктем, Кеңдала, Сарытау, Болашақ шағын аудандарында жол салу және қаланың солтүстік-шығыс бөліктерінде шағын құрылыстар салу мәселелері тұр.

Бірінші кезекте ауылдық округтер мен қала көшелеріндегі автобус жүретін жолдардағы топырақты жерлерді қайта жөндеу және жол салу керек. Бұл шамамен 30 көше, оған алдын ала есеппен 3,5 млрд. теңге керек.



Көгалдандыру. Көглдандыру спецификасы мен мазмұны жағынан құрылыс болып табылады. Ол қаланың жоспарлануымен, құрылысымен, архитектурасымен, экологиямен, санитариясымен, тұрғылықты жер эстетикасымен, халықтың жұмысымен және демалысымен сабақтасады. Көгалдандыру орман шаруашылығы принциптерімен және өзара байланысты үш нәрсемен негізделеді:

Ұстау, баптау, зиянкестілер мен өсімдік ауруларынан сақтау және қорғау,

Үздіксіз және кеңейтілген орманды қайта қалыптастыруды қамтамасыз ету,

Гүл өсіру мен көшет отырғызу.

Қалалық жасыл өсімдіктер инвентаризациясы 10 жылда 1 рет жүргізіледі.

2000 жылғы инвентаризация мәліметтері бойынша 51777 түп терек, 18360 түп бұта, 26877 тірі қоршау, 129068 м2 көгал, 5349 м2 гүлзар, 3,7 га орман өсімдігінің табиғи тегі белгіленді.

Ішкі қалалық көгалдандырудан басқа қала сыртындағы рекреациялық орман өсімдіктері де есепке алынды (Қала жанындағы жасыл сақина). Жасыл сақинаның негізгі бөлігі орман шаруашылығы ісін жүргізу, қорғау үшін орманды және аңдар әлемін қорғау бойынша Орал мемлекеттік мекемесіне жүктелген Мемлекеттік орман қорларына жатады. Жер балансы бойынша ол 4877 га-ды құрайды. Негізінен бұларға Хан және жоталы тоғайлар жатады. Сонымен қатар мемлекеттік орман қорына жатпайтын бақша шаруашылығы серіктестіктері 997 га-ны құрайды. Жасыл сақина қаланың шеткі құрылыстарынан бастап 10 км радиустегі орман өсімдектерінің барлық түрлері. Жасыл сақинаның жалпы ауданы – 6522 га.

Қаланың орман өсімдіктері 60-80 жыл болған, өсуі тоқталған, құрғақ, діні шіріген, тамыр жүйесі өлген ағаштарға толы. Мұндай ағаштар орта жастағы ағаштарды бүлдіруі мүмкін, олар діннің зиянкесті құралының көзі болып табылады. Барлық қарт ағаштар апат күйінде. Олардың бұталы жапырақтары қабырғаға, ғимараттар төбесіне сүйенген, ЭЖС-на, газ тұрбаларына, телефон сымдарына бойлап өскен. Апат күйіндегі ағаштарды санитарлы кесу қажет. Себебі соңғы он жылда болған ағаштардың өздігенен құлауы төтенше жағдайларды туғызады. Қала жағдайындағы ағаштарды кесу техникалық тұрғыдан қиын. Ол ауыр кранды, телескоптық көтеруді, кейбір жағдайда сәйкес мамандарды шақырып, коммуникацияны айыруды талап талап етеді.



Көгалдар. Қала бойынша көгалдандыру саны тұрақты, бірақ сапалары төмендеуде, әсіресе олар төмендегідей екі себепке байланысты:

  • жүйелі түрде су құймау, шілде айында өсімдік күйіп, сарғая бастайды;

  • жыл сайын дәндерді екпеу, арам шөптер үлесі өсті.

Су құйма салдары дәнді өсімдіктердің өлуіне әкеледі. Көгал алаңдарында қопсытқаннан кейін тегіс өспейтін арам шөптер қалады, ал қопсытпаған жағдайда олар шайырға айналады.

Ағымдағы жылы Орал қаласы бойынша қураған және апат күйіндегі ағаштардың 934 данасын кесу, 1057 дана ағаштарды санитарлы кесу, 321227,4 метр квадрат ауданындағы тірі қорғандарды қырқу, 8151 дана ағаштарды «шар» формасында декоративті қырқу, 9551 м2 алаңда гүлзар отырғызу, 190 гүл құмыраларын қондыру, 1038,5 м2 алаңындағы рулондық көгалды түзеу, 4276,6 м2 көгалдарын егу жұмыстары жүргізілді.

Ағаштар, оның ішінде 67 дана терек, 66 дана долана, 137 дана татар үйінгісі, 900пм тірі қорғандары отырғызылды, 15972 м2 ауданда 137000 кг биогумус алынып, енгізуге берілді. Ағаштар мен басқа да жасыл өсімдіктердің өсуіне байланысты саябақтар, алаңдар және жасыл аймақтар реконструкцияны талап етеді.

Қаланың немесе оның кейбір аудандарының микроклиматы жақсарту үшін шағын саябақтар құру және орын алған рекреоциялық территорияларды қайта өңдеу халықтың демалу мүмкіндіктерін кеңейтеді.



Қала көшелерін жарықпен қамтамасыз ету. Жол жүру қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Орал қаласының 560 көшесінің 131 немес 37,5% көшесі көше жарығымен қамтамасыз етілген. Сонымен қатар 48 жалпы білім беретін мектептердің территориясы мен 354 аула жарықпен қамтамасыз етілген. Қала көше жарығының жалпы ұзындығы 284,2 км. немесе 9028 жарық нүктелерін құрайды. Қала көшелерінің жарықпен қамтамасыздығын 62%-ға жеткізу үшін 110,3 км ұзындықтағы 121 көшені жарықтандырып, 3221 жарық нүктелерін орнату керек.

Ауылдық округтерде 202 көше бар, оның 79 көшесі (39%) жарықтандарылыған, ол 24,5 км ұзындықты және 665 жарық нүктелерін құрайды. Қосымша 15 көшеде жарық жүргізу жоспарлануда, бұл ретте ауылдық округтердің көшелерін жарықпен қамтамасыз ету 46,5%-ға (94 көше) жетеді.

Жарықтандырылған көшелердің толық автоматтандырылуы электр энергиясына, апат қызметтеріне кететін шығынды үнеудеуге көмектеседі.

Қазіргі кезде қалада АСУНО-РО2 8 жиынтығы бар. Тағы да қосмша 15 жиынтықты орнату қажет. Энергия үнемдеу жарығын енгізу мақсатында қалада 1041 шырақ пен 7825 ламланы диодтық шырақ пен лампаларға ауыстыру жоспарланып отыр.

Желілерді қолдану кезінде қауіпсіздіктің жоғары дәрежесін, үнемдеудің тиімділігін қамтамасыз ету, электр энергиясының сапасын арттыру үшін жоғары тиімді өзі жүргізетін изоляциялық сымды енгізу қажет. Қазіргі кезде қалада осы үлгідегі 93 км көше жарығы бар. Ұзындығы 40,5 км ескі АС-35 сымын ӨЗИС-мен ауыстыру қажет.

Көше жарығының сенімді энергожүйесін қамтамасыз ету үшін қала типіндегі жинақтық трансформаторлық подстанцияларын орнату қажет (ҚЖТП). Қазіргі кезде қалада 19 ҚЖТП бар. Қосымша 3 ҚЖТП-ын орнату қажет. Жарық желілері құралдарын электр желілеріндегі жоғары жиіліктен сақтау үшін кернеу стабилизаторлары қажет. Қалада 2 кернеу стабилизаторлары орнатылған. Қосымша таға 4 стабилизаторды орнату қажет. «Электр энергетикасы туралы» Заңға сәйкес электр энергиясын тұтынушы – заңды түлға дифференциялдық, аймақтық тариф бойынша тұтынылған электр энергиясы үшін төлем төлеуге міндетті.

Қалада 47 бағдаршамдық нысандар бар, оның 35-і лампалық, 35-қазіргі заманғы жарық диодтық. Лампалық бағдаршамдар өз ресурстарын өтеген, УК-2 контролерлері сияты ескі түйіндерінің салдарынан одан әрі қайта қалыпқа келтіруге жарамайды. Жарық диодтық бағдаршамның тиімділігі ұзақ сақталуы, энергияны үнемдеуі, қозғалыс қауіпсіздігі, лаж дабылды болдыртпауы болып табылады. Қосымша 13 жаңа бағдаршам нысандарын орнату және 12 бағдаршам нысандарын жөндеу жоспарланып отыр.

Жаяу жүргіншілерге бағдаршам дабының уақыт ұзақтылығымен хабардар ету үшін уақыттың кері есебін жүргізетін табломен жабдықтау керек айту. Бағдаршамның уақыт айту дабылын қолдану жаяу жүргіншілердің жолдан өту кезінде қауіпсіздігін анағұрлым арта түседі. Қазіргі кезде Орал қаласында уақыттың кері есебін жүргізетін жаңа табло Достық даңғылы мен Ж.Молдағалиев көшесінің қиылысында орналастырылған. Уақыттың кері есебін жүргізетін 203 таблоны орнату жоспарланып отыр.

Жол жүру қауіпсіздігін сапалы ұйымдастыру үшін 76 бағдаршам арколарын орнату ұсынылып отыр.


2.2.5 Орал қаласының мемлекеттік жергілікті басқару мен өзін-өзі басқару жүйесінің анализі

Орал қаласы территориясындағы жергілікті мемлекеттік басқару жергілікті атқарушы органдар – қалалық және Зашаған, Деркөл, Желаево, Круглоозерное ауылдық округтерінің әкімдігімен; жергілікті өкілеттік органдар – қалалық маслихатпен жүзеге асырылады.

Орал қалалық маслихатының 4-ші жиынының құрамына 2007 жылдың 18 тамызында сайланған 20 депутаты кіреді. Өкілеттілік мерзімі 2011 жылы аяқталады.

Өз өкілеттілігін жүзеге асыру мақсатында Орал қалалық маслихатының 4-ші жиынының 12.09.2007 жылғы 1-ші сессиясында төмендегідей бағыттар бойынша тұрақты комиссиялар құрылды:



  • Экономика, бюджет және қаржы.

  • Индустриалды даму, инфрақұрылым және тұрғын үй-коммуналдық мәселелері бойынша.

  • әлеуметтік мәселелер және жастар ісі бойынша.

  • Нормативтік-құқықтық мәселелер және бұқарамен байланыс бойынша.

  • Ревизиялық комиссия.

  • Жергілікті өзін-өзі басқару бойынша уақытша депутаттық комиссия.

2007 жылдың қыркүйегі мен 2010 жылдың қарашасына дейінгі аралықта маслихат 600 шамасында шешім қаблдады. Бұл экономикалық, тұрғын үй-коммуналдық, әлеуметтік, мәдени-оқыту және басқа да қала өміріне қатысты мәселелердің уақытында шешілгендігін куәландырады. Қалалықтар үшін қоғамдық маңызы бар және стратегиялық қамтамасыз ететін маңызды шешімдер қатарына мыналарды жатқызуға болады: «Нұрбанктің» Орал ЖЭО-ын рейдерлік жаулап алу шағында оны коммуналдық меншік нысаны ретінде сақтап қалу, бала бақша желісін қайта қалпына келтіру ісі мен жаңа құрылыс салу позициясы; билік пен бизнес арасындағы ынтымақтастықты дамытуға, аула территорияларын абаттандыруға, жастар саясатына, жергілікті өзін-өзі басқаруға байланысты қалалық бағдарламаларды депутаттар инициативасы бойынша құру және оны сәтті жүзеге асыру. Парламент, облыстық және қалалық депутаттардық өзара ықпалдасытығынқамтамасыз ету мақсатында «Біздің үй» бірлестігі құрылды және әлі де қызмет етуде. Үлкен дауысқа ие болу және сайлаушылармен кері байланысты орнату үшін жалпы қалалық «Пульс» газетіне қосымша ретінде «Маслихат хабаршысы» жарық көріп отырады.

Қала әкімдігі – қалалық маслихатпен келісіліп, облыс әкімімен тағайындалатын қала әкімі басшылық ететін коллегиалдық жергілікті атқарушы орган; территория дамуының мүддесі мен қажеттілігінен туындайтын жалпы мемлекеттік саясатты жүргізуді қамтамасыз етеді. өз құзіреті шеңберінде әкімдік 2020 жылға дейінгі ҚР-ның даму стратегиялық жоспарын, мемлекеттік және аймақтық бағдарламаларды жүзеге асыру шараларына байланысты жұмыстар атқарады.

Әкімдіктің қызметінің қол жеткізген позитивті қорытындылар әлеуметтік-экономикалық тұрақтандыруды және азғантай өсуді қамтамасыз етті, дегенмен қаланың экономика шынайы секторының потенциалы дамуға бағыт алған жоқ. Қалалық экономиканы басқаруда бюджеттік қаражаттар мен қаржылық құралдардың шектеулі мөлшері дамуды баяулататын фактор болып табылады. Облыстық және республикалық бюджеттерден түсетін трансферттер тек қала бюджетінің жартысын құраса, қалалық билік даму бюджетін жоспарлай алмайды.

Қалалық экономиканы басқаруда әкімшілік әдіс басым болып тұрады, қалалық комуналдық шаруашылық пен бизнес арасында бәсекелестік орта жігерлендірілмейді, мемлекеттік-жеке серіктестіктің тиімді механизмдері ойластырылмаған. Басқарудың мемлекеттік-әкімшілік және мемлекеттік нарықтық әдістерінің оптимальді үйлесімдігі, қалалық басқарудың қызмет органдарының экономикалық функцияларын күшейту қажет.

Бютжет процестерін басқару бюджеттік әкімшіліктер қызметінің тиімділігінің мониторингтік жүйесін күшейтуді талап етеді.

Қазіргі таңда барлық жергілікті атқарушы органдар елдің негізгі құжаттары: Стратегиялық жоспар – 2020 және мемлекеттік бағдарламалардың мақсаттарымен байланысты нақты көрсеткіштер мен индикаторларға жету үшін тікелей жауапкершілікке ие. Әкімнің 23.08.2010 жылғы шешімімен жергілікті атқару органдарының стратегиялық жоспарларын бақылау ережелері бекітілді.

Әкім қызметінің ақпараттық-аналитикалық, ұйымдастырушылық-құқықтың қамтамасыз етілуі әкім апаратымен жүзеге асырылады. Әкім апаратындағы 28 мемлекеттік қызметкерлердің (39%-ы әйелдер) барлығы жоғары білімді, соның ішінде үшеуі ҚР Президенті жанындағы МҚА-нан магистр академиялық дәрежесін алған. Қызметкерледің орташа жасы – 39 жас, мемлекеттік қызметтегі орташа өтілі – 8 жыл 10 ай.

Қалалық деңгейде 14 бөлім қызмет атқарады. Олар: жер қатынастары; ауыл шаруашылық; мәдениет және тілдерді дамыту; экономика және бюджеттік жоспарлау; ветеринария; құрылыс; кәсіпкерлік; архитектура және қала салу; ішкі саясат; білім беру; жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар; тұрғын үй-коммуналдық, жолаушы көлігі және автокөлік жолдары; дене шынықтыру және спорт, қаржы; төрт ауылдық округ әкімдіктері. Әкім апаратындағы, құрылымдық бөлімдер мен ауылдық округтердегі мемлекеттік қызметкерлердің жалпы саны – 216 адам.

Қала дамуындағы маңызды және басты, сондай-ақ ведомство аралық міндеттерді шешу үшін әкімдіктерде арнайы комиссия мен кеңестер жұмыс жасайды:



  • Мемлекеттік бағдарлама бойынша тұғын үйді жүзеге асыру

  • Бюджет бойынша

  • Кәсіпкерлік мәселелері бойынша эксперттік кеңес

  • Жер бойынша

  • Тұрғын үйлерді жекешелендіру бойынша

  • Қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша

  • Коммуналды меншіктік нысандарды есептеу бойынша

  • Діни бірлестіктермен байланыс бойынша

  • ҮЕҰ-мен ынтымақтастық пен өзара әрекеттестік бойынша

  • Жастар істері бойынша; отбасы істері және гендерлік саясат бойынша

  • Құқық бұзушылық бойынша

  • Ономастика бойынша

  • Мектепке дейінгі тәрбие ісі бойынша; мүгедектер істері бойынша

  • ТЖ ескертулері бойынша; эвакуациялық комиссия

  • Құрылыс нысандарын пайдалануға қабылдау бойыншы

Жалпы алғанда, жергілікті атқару органы қаланың даму байланысты туған мәселерге мән береді.

Қаланың территориалдық әлеуметтік-экономикалық жүйесін әкімшілік басқару стилі оперативті-ағымдық басқаруға негізделген. Ұзақ мерзімді стратегиялық жоспарлау және басқару жйесі мен құралдарын енгізуге байланысты жұмыстар міндетті түрде жөнді ұйымдастырылмаған.

Мемлекеттік басқарудың орын алған моделдері мен сызбалары ЖӨӨБ органдарының қызмет ететін және басқа да органдарының жұмыстарының қалай ұйымдастырылатынын, соның ішінде 21.01.2001 ж. «ҚР-ның жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару» Заңының 27 бабы 1т. 19б-шесін жүзеге асыру нормасын қарастырмаған. Қызметтің түрлі бағттары бойынша өзін-өзі басқару құрылымын қалыптастыруға байланысты заңмен жазылған инициативтік жағдайлар қалалық әкімдік және маслихат таратынан әлі де қолданылмаған.

Ішкі саясат

Азаматтық қоғам, ұлтаралық және конфессияаралық қатынастар. Қоғамның консилидациясы азаматтық қоғам институттарымен ықпал етуге себептеседі. Қалада саяси партиялардың 9 филиалы, 14 ұлттық-мәдени орталық, 29 діни ұйым, 70-тен астам қоғамдық ұйымдар белсенді жұмыс істеуде.

Үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастықтың негізгі формасы мемлекеттік әлеуметтік маңызды жобалардың келесі бағыттарын жүзеге асыру: тұрақты мекен-жайы жоқ азаматтарға; мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен балаларға; туберкулез, диабет ауруымен ауыратын отбасыларына қолдау көрсету; патриоттық құндылық пен тәрбиені қалыптастыру; отбасы мен қоғамда әйелдің ролін арттыру; тендерлік мәселелерді шешу; азаматтар мен ұйымдардың заңи құқықтары мен мүдделерін қорғау; қоғамдық келісімдерді күшейту; ұлттық дәстүрлерді, тіл, мәдениет пен тарихты сақтау; қоғамдық ұйымдар жобасының сапалығын арттыру.

Ұлтаралық қатынастарды үйлестіру мақсатында ішкі саяси тұрақтылықты, толеранттықты күшейтуде әртүрлі іс шаралар, фестивальдар, конференциялар, конкурстар, семинарлар мен дөңгелек үстелдер өткізілуде.

Сондай-ақ діни экстремизмді алдын алу мақсатында кесте бойынша жоғары, орта және кәсіптік білім беру орындарында ақпараттық-түсіндірме жұмыстар жүргізілді. Жыл ішінде 10 мың адам қамтылды.

Бүгінгі күні іс-шараларды өткізуді жоспарлауда басты назар үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуде азаматтық институттармен жұмыс жүргізілуде: ішкі саясат саласында жағдайларды зерттеу; экстремизм көріністерінің кез-келген түрінің орын алуына жол бермеу: азаматтық қоғамды қалыптастыру, облыс тұрғындарының әлеуметтік белсенділігін арттыру.

Жастар саясаты

Мақсат – Орал қаласындағы мемлекеттік жастар саясаты тиімділігін аттыру.

Орал қаласында 14-29 жас аралықтарындағы жастар 71,6 мың адамды немесе қала халқының 29,1 %-ын құрайды.

Қалада жастардың әлеуметтену істерінде белсенді рөл атқаратын 36 жастар қоғамдық бірлестіктері тіркелді. Мемлекеттің жастар қоғамдық бірлестігімен ықпалдасуын қала әкімі жанындағы жастар ісі жөніндегі кеңесі жүзеге асырады. 2009-2010 жылға арналған мемлекеттік жастар бағдарламасын іске асыру шеңберінде жастардың әлеуметтік маңызды инициативаларын жүзеге асыруға байланысты қажетті жағдайлар жасалды, жастар арасындағы қазақстандық патриотизм деңгейі көтерілді.

Жазғы демалыс кезінде студенттік жастар мен оқушыларды уақытша жұмыспен қамту мақсатында студенттік құрылыс және Жасыл ел жастар еңбегінің отряды жұмысы ұйымдастырылды.

Қазіргі кезде Орал қаласында күндізгі оқу бөлімі бойынша оқып жатқан студенттер үшін қоғамдық көлік ақысына жеңілдік енгізілді.

Жастар мәселелерін шешуге оларды қоғамдық өмірге бағыттауға байланысты жобаларды өмірде жүзеге асыру мақсатында жастардың әлеуметтік маңызды жобалар конкурсы екі жыл бойы өткізіліп жатыр.

Әлеуметтік маңызды жобаларды жүзеге асыру мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс негізінде жүргізіледі. Әлеуметтік тапсырыс негізінде Орал қаласы жергілікті өзін-өзі басқару және қала жастарын дамыту семинар-тренингін өткізудегі бірден-бір бағыт Орал муниципалды мамандар мектебін құру жұмысы жүргізілді.

Жобаны іске асыру жастар қоғамдық бірлестіктерінің нығаюына, әлеуметтік міндеттерді шешуде жастарды тартуға ықпал жасады.

Ақпараттық саясат

2010 жылдың 1 қаңтарында қалада 46 БАҚ тіркелген, оның 42-і (95.8%) баспасөз БАҚ. Тақырыптық бағыттары бойынша 7 баспасөз БАҚ қоғамдық-саяси тақырыптарды жандандырады, 13-і халықты ақпараттық-жарнамамен қамтамасыз етеді, 6-ы ғылыми-әдістемелік басылымдар, 4-і ойын-сауық, 5-і танымдық, 2-і жастар баслымы, 1-кәсіпкерлік дамуды қоғзайды, 1-діни, 1-экологиялық бағытта. Мемлекеттік тілде 17 басылым шығады.

Мерзімді баспасөз басылымдары мен телевизиялық өнімдер деңгейі өсіп, сапасы артып келеді. Оның дәлелі – қаладағы БАҚ саны мен тираждарының өсуі.

Интернет сервисі бар БАҚ-ның саны өсіп келеді. Өткен жылмен салыстырғанда түрлі жанрлар мен бағыттардағы электронды БАҚ-ның меншік иелерінің шығарған бағдарламаларының саны біршама өсті.

Әлеуметтік оптимизмді қалыптастыру шеңберінде мемлекеттік ақпараттық саясатты жетілдіру үшін қазақстандықтарға қалалық БАҚ-ның ақпараттық қолдау сапасын арттыру және кеңейту керек.

Әлемнің бәсекелестікке қабілетті 50 мемлекеттер қатарына кіруге байланысты мемлекеттік саясатты жүргізетін мемлекет дамуының стратегиясында ақпарат саласында заңнаманы сақтауды қамтамасыз ету және БАҚ-ның құқықтық мәдениетін арттыру қарастырылады.

Ақпараттық кеңістікте бәсекелестікке қабілеттілікті арттыру үшін мемлекеттік электрондық БАҚ-н одан әрі дамыту (өзіндік деректі және көркем фильмдерін, әлеуметтік роликтерді, балалар мен ойын-сауық бағдарламасын жасау), мемлекеттік БАҚ-ның ұйымдары мен мамандарын нығайтуға байланысты шаралар қолдану (мамандардың біліктілігін арттыру, БАҚ-мен мақсатты шаралар өткізу, соның ішінде журналистердің кәсібилілігін арттыру мектептерін, танымал журналистердің қатысуымен семинар-тренингтер мен мастер-кластар ұйымдастыру), мемлекеттік БАҚ-ның жан жақты танымал болуын қамтамасыз ету (масс-медиа жұмыстарының әлемдік стандартарға сәйкес болуы, БАҚ-ның сапасының деңгейі, интернет ресурстары мен масс-медиа web-сайттарының болуы есебінде матералдық-техникалық базаны күшейту), БАҚ-ының келісті дамуына ықпал ету (мемлекеттік ақпараттық тапсырыстарды орындау үшін техникалық бағыттар бойынша тәуелсіз БАҚ-ын тарту).

Бюджеттік саясат

Соңғы бес жылда қала бюджетін орындау қорытындысы, оның ішінде табыстың түсімі тұрақты оң динамикамен сипатталады.

2005 жылмен жылмен салыстырғанда 2009 жылы бюджет табысы 1,8 есеге, ал шығын 1,9 есеге өсті.

18-сурет

Орал қаласы бюджетінің табысты бөлігі, млн. теңге

Жоғары тұрған бюджеттердің трансферттері 2005 жылмен салыстырғанда, 2,3 есеге өсті, соның ішінде мақсатты ағымдық трансферттер – 2,1 есеге, дамуға кеткен трансферттер – 2,4 есе артты.

19-сурет


Қалалық бюджеттің құрылымы


С

оңығы бес былда қалалық бюджеттің жеке табысы (салықтық, салықтық емес және негізгі капиталды сатудан түскен табыс) 2,6 есе, яғни 2005 жылғы 3,3 млрд.теңгеден 2009 жылы 8,5 млрд.теңгеге өсті.



Бюджеттің табыстық бөлігінің оң динамикасы қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына және территориалдық деңгейде әлеуметтік маңызды мәселелерді шешуге көмектесті.

19-кесте



Қалалық бюджетке жеке табыстардың түсуі

млн. теңге



Көрсеткіш

2005

2006

2007

2008

2009

Салықтық түсімдер

2906,1

3289,6

3877,5

5950,5

6710

Салықтық емес түсімдер

107,2

101

136,7

201,4

417,6

Қаражат операцияларынан түскен табыс

271,5

2371

2609

2952,2

1420,6

Соның ішінде ипотекалық несие алу шеңберінде азаматтарға пәтер сатудан түскені

9,9

2227,1

2234,7

2695,7

1188,4

өткен жылмен салыстырғандағы қала бюджетінің таза табысының өсу % -ы




106

125,7

145,5

115,6

Қайнар көздері: Батыс Қазақстан облыстық статистика департаменті, Интернет ресурсы: www.stat.kz
Орташа мерзімдегі өткізілген шығын саясаты қаланың әлеуметтік-экономикалық саясатының тиімді бағыттарын іске асыруға, әрбір мемлекеттік органдардың стратегиялық бағдарламасының сапасын арттыру арқылы соңғы қортындыға бағытталған бюджет шығынының тиімділігін арттыруға, тиімсіз бюджеттік шығындарды қысқартуға бағытталған.

20-кесте


Қалалық бюджеттің шығын бөлігін орындау

млн. теңге



Көрсеткіш

2005

2006

2007

2008

2009

Қалалық бюджеттің шығыны

9463,6

11851,7

13540,9

15596,5

18566,3

өткен жылға қарағандағы өсу %-ы




125,2

114,3

115,2

119

Қайнар көздері: Батыс Қазақстан облыстық статистика департаменті, Интернет ресурсы: www.stat.kz
Әлеуметтік-мәдени бағыттылық шығындары барлық қала бюджетінің үштен бірін құрайды. 2009 жылы білім беру, әлеуметтік сала, мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістікке 32,2% шығындалды (2008 жылы -42,3%, 2007 жылы – 30,4 %, 2006 жылы – 26,1 %, 2005 жылы – 27,4 % ).

Тұрғын үй комуналды шаруашылық шығыны 3,4 есеге өсті, яғни жалпы шығын көлемінде 22,4 %-ды құрады, сондай-ақ борышты өтеу шығыны да өсті (шығын көлеміндегі үлес 2008 жылы – 11,8%, 2009 жылы –2 %-ды құрады).


20-сурет

Қала бюджеті шығынының өзгеру динамикасы



Бюджет аралық қатынас.

2005 жылы қолданысқа енген Бюджеттік Кодекс бюджеттік және бюджет аралық қатынасты болжап, бюджеттік жүйенің тұтастығын қамтамасыз етеді.

Бюджет аралық қатынас облыстық және қалалық бюджет арасындағы ресми трансферттермен және бюджеттік несиелермен, сонымен қатар ҚР БК-нің шығысымен үш жылдық мерзімге белгіленетін салық түсімін бөлу нормативтерімен реттеледі.

Реттелетін салықтар бойынша шыққан норматив қазіргі уақытта 2008 – 2010 жылдардағы үш жылдық кезеңмен былайша белгіленеді: 2008 жыл – 53%, 2009 жыл – 56,5%, 2010 жыл – 59,9%.

Есеп беру кезеңінде 2005-2007 жылдардағы ипотекалық несиелендіру шеңберіндегі тұрғын құрылысын және 2008-2010 жылдардағы 100 мектеп және 100 аурухана қызметкерлеріне арналған тұрғын құрылысын салу және иелену мемлекеттік бағдарламаларын жүзеге асыруға республикалық бюджеттен бөлінген трансферттер мен несиелерді өсіру тенденциясы айқын көрінді.

Бес жыл ішінде жоғары тұрған бюджеттерген бөлінген қаражаттың жалпы соммасы – 36,7 млрд.теңгені, оның ішінде бөлінген трансферттердің соммасы – 29,4 млрд. теңгені, бағытталған займ соммасы – 7,3 млрд.теңгені құрады (оның ішінде 2005-2007 жылғы мемлекеттік бағдарлама бойынша 6,7 млрд.теңге, 2008-2009 жылы – 0,7 млрд.теңге).

21-кесте

Орал қаласы бюджетінің табыс бөлігіне республикалық және жергілікті бюджеттен нақты түскен трансферттер, млн. теңге


Көрсеткіш

2005 ж.

2006 ж.

2007 ж.

2008 ж.

2009 ж.

Трансферттер түсімі

3731,3

4989,2

5064,2

7161,2

8482,4

Бюджет шығынындағы трансферттердің %-дық үлесі,

39,4

42,0

37,4

45,9

45,7

Кестеде берілген мәлеметтерден 2005 жылы қаражатты жоспарлау мен шығындау бойынша жергілікті бюджеттің орталықтандырылған шешім қабылдауына қаржылай тәуелділігінің күшеюі байқалып отыр. Бұл қаражаттар экономика модернезациясының жаңа мазмұнға көшуіне, халықтың өмір сапасының арттырылуына әсер етпейді. Бюджеттік жоспарлаудың аймақтық деңгейін жетілдіру қорытындыға бағытталған бюджеттік жоспарлаудың жаңа принциптеріне көшудегі өзекті мәселе болып табылады.

Трансфертердің негізінен мақсаттық сипатта екенін ескерсек, қалалық әкімдік пен маслихат билігінің деңгейі қысқа-орташа мерзімдегі жоспарлаумен шектеледі. Анықталған заңдық құзірет тұрғысынан аласақ, қалалық билік өкілеттілігіне шектеу қойылып отыр.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет