Бағдарламасын (Syllabus) бекіту парағы Нысан пму ұСН


Тақырып 7 Сауда делдалдары, биржалар, аукциондар және



Pdf көрінісі
бет11/27
Дата10.01.2023
өлшемі395.99 Kb.
#468299
түріБағдарламасы
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   27
Тақырып 7 Сауда делдалдары, биржалар, аукциондар және
халықаралық сауда
Жоспар
1) Сауда делдардары
2) Делдардар арасындағы әртүрлі мәмілелер және есептік келісімдер
3) Халықаралық сауда. Ашық және жабық саудалар
1) Бұл операцияларды сауда делдалдары өз атынан және өз есебінен
жүзеге асырады. Мұнда сауда делдалы келісімдегі тауарды экспорттаушының
да, оны соңғы сатып алушының да жағы міндетін атқарады, құнын төлегеннен
кейін ол тауарды меншіктенушіге айналады.Қайта сату операцияларының екі
түрі бар:
1. Сауда делдалы экспорттаушыға қатысты алғанда тауарды сатып алу-
сату келісімі негізінде оны сатып алушы ретінде міндет атқаратын операциялар.
Делдал тауарды меншіктенушіге айналады, оны өз білгенімен қай нарықта да,
қандай да бағамен сатуына болады. Мұндай делдал мен экспорттаушы
арасындағы қатынас сатып алу-сату келісімі бойынша жақтар өз міндеттерін
орындағаннан кейін тоқтатылады.
2. Келісім бойынша сатушы деп аталатын, сауда делдалына экспорттаушы
құқық беретін операциялар. Ондай операцияларға сатуға құқық беру туралы
келісім негізінде тауарды белгілі жерде, келіскен уақыт ішінде сатады.
Келісімде тауарды белгілі жерде сатуға жақтардың өзара қатынасын реттейтін
тек жалпы шартты көрсетеді. Мұны орындау үшін екі жақтың сатып алу-
сатудың жеке контрактілерін жасайды. Онда жеткізетін тауардың саны, сапасы,
бағасы, жеткізу шарты, төлем амалы, есептеу түрі, төлем мерзімі, сапа
кепілдемесі, жарнама беру тәртібі белгіленеді. Келісім бойынша сатушыны әр
елде әр түрлі атайды: дистрибьютер, өз есебінен сауад жасаушы, концессионер
тағы басқалар.
Келісім бойынша делдалдық сауданың бағыттары мыналар:
- белгілі жерде экспорттаушыдан соңғы тұтынушыға тауар жүргізеді;
- сатылған тауарларға техникалық жағынан қызмет көрсетеді;
- қосымша бөлшектермен қамтамасыз етеді;
- экспорттаушымен жасалған келісім-шартты сақтайды;
- өз атынан және өз есебінен шетел контрагенттерінің тапсырыстарын
өндірушілерде орналастырады;
- қойма жұмыстарын ұйымдастырады, тұтынушыға жеткізеді;
- тауар үлгілерін көрмеге шығарады, жарнама жасайды.


Бұл операцияларды комитент деп аталатын басқа жақтың тапсыруы
бойынша комиссионер деп аталатын бірінші жақ өз атынан, бірақ комитент
есебінен жасайды. Комитент және комиссионер арасындағы өзара қатынасты
комиссия келісімімен реттейді. Осыған сәйкес:
- комиссионер комитенттің тауарын сатып алмайды, тек тауарды комитент
есебінен сатып алу-сату мәмілесіне келеді. Соңғы тұтынушының иелігіне
бергенше тауар комитент меншігінде қалады;
- тауарды комиссионерлер арқылы сату көбінде комитент тауарларын
комиссионерлер иелігіне беруге байланысты, сөйтіп тауар оның меншігі болып
қалады;
- комиссионер елегіндегі сату үшін оған комитенттен жіберілген тауар
комитенттің меншігі болып есептеледі. Комитент үшін комиссионер сатып
алған тауар да осымен бірдей. Мұндай тауар кездейсоқ бүліну, жоғалу
тәуекелдігі, екі жақтардың басқа келісімі болмаған жағдайда комитентте
сақталады. Бірақ, комиссионер оған жүктелген тауардың сақталуын
қанағаттандыруға байланысты барлық шараларды қолдануға міндетті. Оның
кінәсынан болып тауар жоғалған, бүлінген жағдайда оған жауап береді; 
- комиссионер сатып алушымен сатып алу-сату келісімін өз атынан
жасайды, жеткізілген тауар төлемін одан өзі алады. Ол тек комитенттің
бақылауымен делдал болады. Сатып алушы үшін ол сатушы болып есептеледі.
Комиссия келісімінде комитенттің тауарын комиссионер сататын бағаны
анықтайтын тәртіп белгіленеді. Ол баға әдетте, тауардың әрбір бөлігіне қатысты
анықталады, онда ең аз мөлшердегі немесе ең жоғары мөлшердегі баға
белгіленуі мүмкін. Комиссионерге соңғы сатылу бағасын анықтайтын құқық
беріледі.
Келісімде баға жоғарлауы тауардың бәсекелік қабілеті төмендеудің
сылтауы болмайтындығы туралы келіседі.
- Комиссионер өзінің делдалдығы үшін комитенттен төлемақы алады, ол
келісімде көрсетіледі. Ондай төлемақы келісім сомасынан процентпен есептелуі
(10 пайыз) мүмкін немесе комитент көрсеткен баға және комиссионердің
өткізген бағасы арасындағы айырмамен анықталады. Шетел сатып
алушыларының комиссиялық тапсырмасы индент деп аталатын түрде болады.
Индент дегеніміз – бір елдің импорттаушысы басқа елдің комиссионеріне
тауардың белгілі бөлігін сатып алуға берілетін бір реткі комиссиялық тапсырма.
Бұл тапсырысты комиссионер өз елінің өндірушісіне береді. Ол екі түрде
болады.
Жабық индент дегеніміз – тауардың берілген бөлігін қандай өндірушіден
сатып алуға болатынын индент нақ белгілесе, тапсырылған тауар туралы
мәліметтер нақты болғанды атаймыз. Өндірушіні таңдау құқы комиссионерге
берілетін немесе тапсырыс берілген тауар туралы мәліметтер нақты болса оны
ашық индент деп атаймыз. Комиссиялық операцияның бір түрі консигнация
операциясы. Оларды консигнатор деп аталатын бір жақ өз атынан, консигнант
есебінен қоймадағы тауарды сатуға берілген тапсырмалар арқылы жүргізеді.
Консигнация келісімі дегеніміз – бір жағы (консигнатор) басқа жағының
(консигнант) тапсырысы бойынша белгілі уақыт ішінде келісім төлемақысы


үшін консигнатор еліндегі қоймаға жеткізілген тауарларды өз атынан
консигнант есебінен сататын келісім.
Өткізетін елде орналасқан қоймадан тауар сату жаңа нарықтар игеруді
біршама жеңілдетеді. Өйткені шетел сатып алушылары өздеріне қажетті тауар,
заттарды тек катологтар, прейскуранттар, ерекшелік көрсеткіштермен ғана
емес, тауарды көру, құрал-жабдықтарды жұмыста іске қосып байқау арқылы
тікелей көріп танысуды талап етеді. Саудадағы агенттік операцияларды біржақ
бұған тәуелсіз агент деп аталатын басқа жаққа тапсырма беру, оның атынан
ескертілген жерде тауар сату немесе сатып алуға байланысты заңды іс жүргізу
арқылы жасайды. Агент, агенттік келісім бойынша анықталған өкілеттілігі
шегінде қызмет жүргізуге міндетті. Агент тек сатып алу-сату мәмілесін жасауға
демеу болады, өзі оған контрактының жағы ретінде қатыспайды, өз есебінен
тауар сатып алмайды. Ол агенттік келісім бойынша жүктелген жауапкершілік
шеңберінде өкілі ретінде ғана қатысады. Басқаша айтқанда агенттік келісім
тауар сатуға құқық бермейді.
Агенттік операцияларды құқық жағынан реттеу әр елде әр түрлі болады.
Агенттік операциялар ды агенттік келісім деп аталтын көп жылдық келісім
негізінде жүргізеді. Агенттің тәуелсіздігі оның еңбек қатынасында еместігі, өз
қызметін белгілі төлемақы үшін өз бетімен жүргізуіне байланысты. Әр түрлі
елдерде агенттерді анықтауда принциптік айырмашылығы жоқ, бірақ атаулары
әртүрлі: мысалы Англияда агент немесе принципиал деп атайды, ал Франция
және Австрияда сауда өкілі немесе кәсіпкер деп атайды.
Брокерлік операцияларды делдал-брокер арқылы сатушы мен сатып
алушы арасында байланыс жасау арқылы жүзеге асырады. Брокер әр уақытта
заңды түрде нақты қызмет жасайтын делдал ретінде міндет атқарады. Олардың
мынадай ерекшеліктерін атап кетуге болады:
- брокердің қандай нақты қызметпен айналысатыны кімнің атынан іс
жүргізетініне байланыссыз болады;
- брокер еш уақытта келісімнің жағы болмайды, ол өз делдалдылығымен
жасалған келісім бойынша өзіне міндет алатын жақтардың назарында болуды
мақсат етеді. Оның агенттен айырмашылығы ол өкіл болмайды, жақтардың
ешқайсысымен келісімдік шартқа отырмайды, жеке тапсырмалар негізінде
қызмет жасайды;
- брокерде әрбір жеке келісім жасауға төтенше ерік беріледі, ол осы
еріктің қатал шеңберінде қызмет атқаруға міндетті. Мысалы, тауардың саны,
сапасы, бағасы туралы өз клиенттерінің көрсетулерін брокер орындауға тиісті; 
- клиенттің талабы бойынша брокер оның атынан жүргізген барлық
операциялар туралы оған есеп беруге міндетті;
- брокерге оның делдалдылығымен жасалған контрактының орындалуын
бақылау, жарнама жасау, басқа да қызмет жайында тапсырма берілуге болады.
Әдетте, брокерлер белгілі тауар түрлерін сатып алу-сату бойынша
делдалдық операциялар жасауға мамандандырылады. Бұл дәстүр бойынша
биржалық және аукциондық тауарлар болады.


2) Сатып алу-сату сыртқы саудалық мәмілесі дегеніміз – сыртқы сауда
операцияларына қатысушылардың құқықтары мен міндеттерін анықтайтын,
сауда айырбасын жасайтын кешенді іс-әрекеттер көрсетілген, екі жақ өзара
келіскен негізгі коммерциялық құжат болып табылады. Контракт шарты
бойынша сатушы тауарды сатып алушының меншігіне өткізуге, ал сатып алушы
оны алып құнын төлеуге міндетті. Сосын, тауарды меншіктену құқығы
сатушыдан сатып алушыға өтуі сатып алу-сату контрактысының өзгермейтін
шарты болып саналады.
Контракт іс-әрекетінің механизмі оның құрылымына, екі жақтың өзара
міндеттерінің көлеміне, төлем шарттарына, жеткізудің базалық шарттарына,
контракт позицияларын бұзғандығы үшін санкцияларға негізделеді. Сондықтан
сыртқы сауда мәмілелерінің құрылымдық элементтерінің жиынтығын, олардың
контрактыда келісілген заңдылық нормаларға сәйкес өзара әрекеттерін сыртқы
сауда контрактысының механизмі деп атаймыз.
Контрактының мынадай түрлері қарастырылады:
- белгілі мерзімде, яғни қатал түрде белгіленген мерзімде тауарды жеткізу
көзделеді. Ондай мерзімді бұзған жағдайда сатып алушы контрактыны жоюға
құқылы;
- ұзақ мерзімді контрактыны 3-5 және одан көп жылға жасайды;
- арнайы контрактыны жобалар жасауға, монтаж жұмыстарына,
техникалық қызмет көрсетуге, өндірістік процесті іске қосып тексеруге және
т.б. жұмыстарға жасайды;
- шектеулі контрактілер негізгі шарттарды ғана қамтиды, оларды ары
қарай жүзеге асыру кезеңдерінде контрагенттер кеңесші фирмалармен, жарнама
агенттіктермен, делдалдармен, транспорттық қызмет бойынша көптеген
қосымша шарттар жасайды. Контрагенттер сол сияқты сыртқы экономикалық
қызметті реттейтін кедендік және басқа да ұйымдармен қажетті операциялар
жасайды.
Сатып алу-сату сыртқы сауда контрактысы мынадай бөлімдерден тұрады:
1. кіріспе бөлімі немесе преамбула
2. контрактының зерзаты
3. тауар жеткізу мерзімі мен уақыты
4. жеткізудің базалық шарты
5. тауар саны
6. тауар сапасы
7. контрактының бағасы, жеңілдіктері
8. төлем шарттары
9. тауарды буып түю, маркілеу
10. айып санкциялары, айыппұл
11. сақтандыру
12. форс мажор
Сауда саттық сатып алу-сату контрактілері міндетті түрде жазбаша түрде
орындалуы тиіс, бірақ халықаралық тәжірибеде телефон арқылы, аукциондарда,
биржаларда өткізген келіссөздер арқылы ауызша түрінде де мәмілелерге келеді.
Кейін ауызша келісулер соңынан екі жақта қол қойған жазбаша түрде бекітіледі.


Контрактының кіріспе бөлімінде нөмірі, жасалған жері, айы мен күні,
мәміле жасаушы жақтардың анықтамасы көрсетіледі. Олардың заңды түрдегі
аттарын, құқықтық жағдайын, орналасқан елін, қаласын өз елінің сауда
тіркеуіндегі ресми құжат бойынша көрсетеді. Бұл деген екі жақтың бір-біріне
қатынасын, яғни сатушы және сатып алушы, жеткізуші және тапсырушыны
білдіреді. Контрактының зерзатында (предмет) тауардың аты, саны, түрлері
сипатталды. Келісімді дұрыс түсіну, оны табысты жүзеге асыру көп жағдайда
контракт зерзатының аталуына байланысты. Тауардың аты, оның мөлшері екі
жаққа да жақсы таныс атаулар, өлшемдер жүйесімен берілуі керек. Олардың
ішінде метрлік өлшем жүйесі заңды түрде болады. Әр түрлі тауарлар
жеткізілетін жағдайда олардың сорттары, үлгілері, маркілері көрсетіледі. Тауар
түрлері көп болған жағдайда олардың толық тізім контрактіге қосымша ретінде
беріледі.
Екі жақ келісіп, контрактіде белгіленген, базистік шарттарда көрсетілген
жерге тауарды жеткізуге тиісті уақытты жеткізу мерзімі деп түсіну қажет.
Жеткізу шарттарында мынадай тәртіптер белгіленеді:
- жеткізу мерзімін шектейтін уақытты белгілейді ;
- жеткізуді қай мерзім ішінде жүзеге асыратын уақытты анықтайды (ай,
тоқсан, жыл);
- тауарларды көп мөлшерде жеткізетін жағдайда ай сайын. Тоқсан сайын
біркелкі бөлек-бөлегімен жеткізетінін көрсетеді;
- тез арада жеткізу, бұл 14 күнге дейінгі уақытта жеткізу деп түсіну керек.
Жеткізудің базистік шарттары бойынша контрактыда белгіленген бағамен
көрсетілген географиялық нүктеге жүк жеткізудегі сатушының міндеттері
анықталады. Тауарды транспорт құралдарына тиеу немесе оны транспорттық
ұйымға өткізу міндетін осылай орындайды. Тауар жеткізудің базалық шарттары
сатушы мен сатып алушының мынадай міндеттерін анықтайды:
- сатушының және сатып алушының елдері, транзиттік елдер
территориясында теңіз және әуе жолдарында тауар тасымалдауды кімдердің
есебінен қанағаттандыратыны;
- тауарды буып түюдегі сатушылардың міндеттері;
- тауар кездейсоқта бүліну немесе жоғалту тәуекелділіктері сатушыдан
сатып алушыға ауысатын орны және уақыты, тағы басқаларды анықтайтын
болады.
Жалпы контрактыны әріптестердің біреуі орындамаған жағдайда басқа
жағы тауар алудан бас тартуға болатын, мәмілені бұзуға апаратын, келтірілген
зиянды төлеуді талап ететін контрактының баптарын елеулі шарттар деп
есептейді. Әдетте, оларға тауардың сапасын, зерзатын, бағасын, контрактыны
орындау мерзімін анықтауды жатқызады. Елеусіз шарттарда тауар алудан бас
тартуға, мәмілені бұзуға, екінші жақтың құқығы болмайды, тек қана алған
міндетті орындауды, зиянды төлеуді талап етуге болады. Контракт бойынша
жеткізілетін тауардың санын анықтағанда өлшем бірліктерін, сандарды
айқындау тәртібін белгілейді, өлшемдер мен салмақ жүйесіндегі
айырмашылықтарды есепке алады. Жалпы тауарлар мөлшері, әдетте, метрлік


өлшемдерде, дана, қос, жинақтармен (комплект) көрсетіледі. Тауардың өлшем
бірліктері әр түрлі болады:
- тонна (көмір, металлдар)
- тонна, баррель (мұнай өнімдері үшін)
- метр, куб.метр (орман ағаштары)
- дана (тауар, машиналар)
- қап, бөтелке (кейбір ыдыстағы өнімдер)
Негізі контрактілерде жеткізілетін тауарлардың сан мөлшеріне
ыдыстардың және буып түюілген заттардың салмағы қамтылуы жайында
ескертулер беріледі. Әрбір контрактыда тауар сапасы туралы бап міндетті
болады. Ол мынадай ерекшеліктермен көрсетіледі:
- белгіленген мерзім ішінде тауардың кепілдемелік сапасы жарамсыз деп
көрсе, сатып алушы сатушыға қарсылық талап қоюға құқығы бар;
- мұндай талаптың нәтижесінде тауар сапасын жақсартуға және шығынды
азайтуға мүмкіндік береді;
- тауар сапасын тексеру үшін сатып алушылардың мамандары
сатушыларға келіп тура қабылдайды немесе олардың тексеруші фирамаларын
кірістіреді, тауар сапасын сұрыптау әдісімен жүргізеді.
Контрактыда тауар сапасын анықтайтын амалдарды таңдау тауарлар
сипатында, халықаралық айналымдарда олармен сауда жасау ерекшеліктеріне
байланысты. Олар мыналар: стандарт бойы бойынша, техникалық шарттары,
тауар сапасын алдын ала көру, сапа сертификаты.
3) СЭҚ реттеуде мемлекетпен жүргізілетін сыртқы экономикалық саясат
сипаты көп жағдайда салалық министрліктердің, мекемелердің,
кәсіпорындардың, бірлестіктердің, корпорациялардың СЭҚ стратегиясын
анықтайды. СЭҚ арқылы қазіргі жағдайда ел экономикасын құрылымдық
тұрғыдан өзгертуге, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, басқа да салаларды жедел
көтеруге, ұлттық валюта курсын тұрақты ұстауға қажетті қаржы келтіруге
мүмкіндік береді.
СЭҚ-тің мынадай түрлерінмен ерекшелінеді:
- сыртқы сауда қызметі;
- өндірістік кооперация;
- халықаралық инвестициялық ынтымақтастық;
- валюталық және қаржы-несиелік операциялар.
1. Сыртқы сауда қызметін тауарлармен, қызметпен, қызмет
көрсетулермен, ақпаратпен, интеллектуалдық қызметпен халықаралық айырбас
жасау саласындағы кәсіпкерлік деп түсінуге болады.
2. Кәсіпорын, фирмалардың СЭҚ шеңберіндегі өндірістік кооперация –
халықаралық әріптестер арасындағы ынтымақтастықтың бір түрі. Өндірістік
кооперация шеңберінде іс-қимыл бірлігін мынадай жолдармен шешуге болады:
- экспорттық және импортты алмастыратын өнімдерді бірлесіп жоспарлау;
- ғылыми жасалымдарды болжамдау, бірлесіп жүргізу, қажетті
ақппараттар, аспаптар, материалдар, ғылыми-техникалық ақпараттарды
бірлесіп қамтамасыз ету;


- кадралар дайындау жұмысын ұйымдастыру.
3. Халықаралық инвестициялық ынтымақтастық - әріптестер
халықаралық деңгейде өзара іс-қимыл жасау нысандарының бірі қаржылық,
материалдық-техникалық жағынан күш біріктіру негізінде жүзеге асырылады.
4. Валюталық және қаржы-несиелік операцияларды кәсіпорындар мен
фирмалардың СЭҚ түрі ретінде мына бағыттарды алып қарауға болады:
- бұл нақты есеп айырысу арқылы жеткізілген өнімнің төлемін қайтаруға
байланысты және валюталық курс айырмашылығынан зиян болдырмау
мақсатымен;
- мұндай операцияларды қаржы-банктік саладағы СЭҚ-тің дербес түрі
ретінде алып қарастырылады, яғни мұндай операциялар халықаралық есеп
айырысу жүйесінде ішкі валюталық нарыққа және сыртқы саудалық төлемге
қызмет етеді.
СЭҚ дегеніміз елдер арасында материалдық, қаржылық және
интеллектуалдық ресурстарды қолданудағы әртүрлі бағыттарын айтамыз.
Сондықтан СЭҚ мемлекеттің араласуы дәстүрге айналған және мемлекеттің
реттеу қажеттілігі қажет. СЭҚ реттеуді мемлекеттік сыртқы экономикалық
саясатпен анықтайды.
СЭҚ-тің объектісіне мыналар жатады:
- халықаралық саудадағы тауарлар мен қызмет көрсетулер;
- әр түрлі фирмалардағы капиталдардың халықаралық қозғалысы;
- өндірістік, кәсіпкерлік, ғылыми-техникалық тағы басқа байланыстар;
- интеллектуалдық меншікті айырбастау;
- қаржы-несиелік ресурстарды халықаралық деңгейде пайдалану.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет