Бағдарламасын (Syllabus) бекіту парағы Нысан пму ұСН


Тақырып 8 Халықаралық есеп айырысу және валюталарды



Pdf көрінісі
бет12/27
Дата10.01.2023
өлшемі395.99 Kb.
#468299
түріБағдарламасы
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   27
Тақырып 8 Халықаралық есеп айырысу және валюталарды
тәуекелдердең сақтандыру
Жоспар
1) Халықаралық есеп айырысу
2) Халықаралық саудадағы валюта
3) Сақтандыру және оның түрлері
1) Халықаралық валюталық қатынастар – ұлттық шаруашылықтары
қызметтерінің нәтижесінен өзара қызмет ететін және әлемдік шаруашылықтағы
валюталардың қызмет етуі барысында қалыптасатын қоғамдық қатынастар
жиынтығы. Валюталық қатынастардың жекелеген элементгері ерте Грецияда
және Ертедегі Римде вексель түрінде пайда болған. Келесі даму кезеңіне
Лиондағы және Батыс Еуропа елдерінің басқа да сауда орталықтарында орта
ғасырлық вексель жәрмеңкелері жатады. Мұнда аудармалы вексель (тратта)
бойынша есеп айырысулар жүргізілген. Феодализм қарсаңында және өңдірістің
капиталистік тәсілінің құрылуымен байланысты банктер арқылы халықаралық
есеп айырысулар жүйелері дами түсті.
Халықаралық валюталық қатынастар халықаралық экономикалық
қатынастарды жалғастырады. Валюталық қатынастардың жағдайы ұлттық және
әлемдік экономиканың дамуына, саяси тұрақтылыққа, елдер арасындағы


күштердің шекті қатынасына тәуелді болып келеді. Сыртқы экономикалық
байланыстарда, оның ішнде валюталык байланыстарда саясат пен экономика,
дипломатия мен коммерция, өнеркәсіптік өндіріс пен сауда бір-бірімен өзара
бітісе байланысуы валюталық қатынастардың ұлттық және әлемдік
шаруашылықтағы орнының ерекшелігін көрсетеді.
Капиталдың шеңбер айналысы үдерісінде ұлттық нарықтан әлемдік
нарыкка қосылуы нәтижесінде ұлттық ақшалардың ішіндегі ақшалай
капиталының бір белігі шетел валютасына айналады немесе керісінше. Ол
көріністі халықаралық есеп айырысуларда, валюталық, несиелік және
қаржылық операциялардың барысында байқауға болады.
Шаруашылықтың интернационализациялануы жағдайында ұдайы
өндірістің сыртқы факторларға: әлемдік өндіріс динамикасы, шетелдік ғылым
мен техника деңгейіне, халықаралық сауданын, дамуына, шетел капиталына
ағымына арта түседі. Сондықтан да, бұл валюталық қатынастар мен ұдайы
өндірістің арасында тікелей және кері байланыстың болатынын көрсетеді.
Халықаралық валюталық қатынастар тұрақсыздығы мен валюталық
дағдарыс ұдайы әндіріс үдерісіне кері әсерін тигізеді. Шаруашылық
байланыстардың интернационализациялануы негізінде халықаралық валюталық
қатынастар біртіндеп бір формаларға ие болады.
Валюталық жүйе – ұлттық заңдылықтармен немесе мемлекет аралық
келісімшарттармен бекітілетін валюталық, қатынастарды ұйымдастыру және
реттеу нысаны.
Валюталық жүйелер үш түрге бөлінеді:

Ұлттық валюталық жүйе;

Дүниежүзілік валюталық жүйе;

Аймақтық немесе мемлекетаралық валюталық жүйе.
Тарихта, ұлттық валюталық жүйе ең бірінші қалыптаскан.
Ұлттық валюталық жүйе – халықаралық төлем айналымын жүзеге
асыратын, ұдайы өндіріс үдерісіне қажетті валюталық ресурсты құрайтын және
оны пайдалануға көмектесетін экономикалық қатынастар жиынтығын білдіреді.
Ұлттық валюталық жүйе – елдің ақша жүйесінің бір бөлігі. Оның
ерекшеліктері елдің құрамдас экономикасының және сыртқы экономикалық
байланыстардың даму дәрежесі мен жағдайына байланысты анықталады.
Ұлттық валюталық жүйе дүниежүзілік валюталық жүйемен тығыз байланысты.
Дүниежүзілік валюталық жүйе XIX ғасырдың ортасына таман құрылған.
Дүниежузілік валюталық жүйе – бұл халықаралық несие-қаржы
институттары мен валюталық құралдардың қызмет етуін қамтамасыз ететін
халықаралық келісімшарттар мен мемлекетаралық құқықтық нормалар кешенін
қамтыды. Дүниежүзілік валюталық жүйелердің қызмет ету сипаты мен
тұрақтылығы дүниежүзілік шаруашылықтың құрылымдылық кағидаларының
сәйкес келуі дәрежесіне және алдыңғы қатарлы елдердің мүдделеріне
байланысты болып келеді.
Ұлттық және дүниежүзілік валюталык жүйелер арасындағы байланыс пен
айырмашылықтары олардың негізгі элементтерінен көрінеді.


1-кесте – Ұлттық және Дүниежүзілік валюталық жүйенің элементтері
Ұлттық валюталық жүйе
Дүниежүзілік валюталық жүйе
Ұлттық валюта
Резервтік валюталар
Ұлттық валютаның алмастырылу
шарты
Валюталардың өзара алмастырылу
шарты
Ұлттық валюта паритеті
Валюталық паритеттерінің ортақ
режимі
Ұлттық валюта бағамының режимі
Валюталық бағамдар режимінің
регламентациясы
Валюталық шектеудің, валюталық
бақылаудың болуы немесе болмауы
Валюталық шектеуді мемлекетаралық
реттеу
Елдің халыкаралық валюталық
өтімділігін ұлттық реттеу
Халыкаралық валюталық өтімділікті
мемлекетаралық реттеу
Халыкаралық несиелік айналыс
құралдарын
пайдалануды
регламенттеу
Халыкаралық несиелік айналыс
құралдарды
пайдаланудың
ережелерінің біртұтастығы
Елдің
халықаралық
есеп
айырысуларын регламенттеу
Халыкаралық есеп айырысудың
негізгі
нысандарының біртұтастығы
Ұлттық валюталық нарық пен
алтын нарығының режимі
Дүниежүзілік валюталық нарықтар
мен алтын нарықтарының режимі
Елдің валюталық қатынастарын
басқаратын және реттейтін ұлттық
ұйымдары
Мемлекетаралық валюталық реттеуді
жүзеге асыратын халықаралық
ұйымдар
Аумақтық валюталық жүйе өнеркәсібі дамыған елдердегі әлемдік
валюталық жүйе төңірегінде құрылады. Мысалы, Еуропалық валюталық жүйе
(ЕВЖ) – бұл Еуропалық қоғамдастыққа мүше елдердің валюта аумағында
ұйымдастырылу – экономикалық нысанындағы қатынастарды білдіреді.
Мұндағы, валюталық паритет – валюталық бағамның негізі болып табылатын
заңды тәртіпте белгіленетін екі валюта арасындагы шекті қатынасы. ХВҚ
жарғысы бойынша валюталық паритет СДР негізінде (арнайы қарыз алу
құқығы) белгіленеді. Егер де, ұлттық валюталық жүйе, ұлттық валютаға, яғни
елдің ақша бірлігіне негізделсе, ал дүниежүзілік валюталық жүйе – бір немесе
бірнеше резервтік валюталарға немесе халықаралық есептеу бірліктеріне
негізделеді.
Резервтік валюта – бұл басқа елдер үшін валюталық паритет пен
валюталық багшды анықтауда негіз ретінде қызмет ететін және валюталар
бағамын реттеу мақсатында валюталық интервенция жүргізуде пайдаланылатын
халықаралық төлем және резерв құралы қызметін атқаратын, әлемнің алдыңғы
қатарлы елдерінің еркін ауыстырылатын ұлттық валюталары.
Валюта
– бұл біріншіден, сол елдің ақша бірлігі; екіншіден, шетел
мешекеттерінің ақша белгілері; үшіншіден, халықаралық есептесу бірліктері


және төлем құралы (СДР, еуро.). Валюталық бағам – бір елдің ақша бірлігінің
екінші бір елдің ақша бірлігіне қатысты бейнеленетін бағасы.
Валюталық бағамның қажеттігі:
1) тауарлар мен қызметтермен сауда-саттықта, капиталдар мен несиелер
қозғалысы барысында өзара валюталарды айырбастайды. Импортер ұлттық
валютасын шетелден тауар алғаны үшін шетел валютасына ауыстырады.
2) дүниежүзілік және ұлттық нарықтағы бағаларды, сол сияқты әр елдің
құндык көрсеткіштерін салыстыруға;
3) фирмалардың және банктердің шетел валютасындағы шоттарын
үздіксіз қайта бағалап отыруға;
Валюталық бағамға әсер ететін факторлар ықпал етеді:

Инфляция қарқыны. Инфляция қаншалықты жоғары болса ол елдің
валютасының бағамы төмен болады. Ақшаның инфляциялық құнсыздануы, ол
ел валютасының төлем қабілеттігін және басқа елдің валютасына қатысты
бағамын төмендетеді.

Төлем балансының жағдайы. Егер де төлем балансынының жағдайы
активті болса, онда шетелдік борышқорлар жақтан ұлттық валютаға сүраныс
өсіп, үлттық валютаның курсын жоғарылатуға мүмкіндік береді, ал пассивтік
болса, борышкорлар оларды өздерінің сыртқы міндеттемелерін етеу үшін шетел
валютасына сатып, ұлттық валюта бағамын темендетеді.

Әр елдегі пайыз мөлшерлемесіндегі айырма. Бұл фактордың валюталық
бағамға әсері екі жағдаймен болады:

Елдегі пайыз мөлшерлемесіндегі өзгерістер, капиталдың халықаралық
қозғалысына, ең алдымен қысқа мерзімді қозғалысына әсер етеді. Шын
мәнісінде пайыз мөлшерлемесінің өсуі, шетел капиталының ішке ағылуын
ынталандырып, ал оның төмендеуі ұлттық капиталдың шетелге шығуына жол
береді;

пайыз мөлшерлемесі валюталық нарықтағы операцияларға және
ссуданың капиталдар нарығына әсер етеді, яғни, шетелден арзан несие алып,
оны ішкі нарықка орналастырады.

Валюталық нарықтар қызметі мен алып-сатарлық валюталық
операциялар. Егер қандайда бір валюта бағамы түсетін болса, оны банктер тез
арада тұрақты валютаға сатуға тырысады.

Белгілі бір валютаның Еуронарықта және халықаралық есеп айырысуда
пайдалану дәрежесі. Мысалға: Еуробанктер 60–70 % операцияларын АҚШ
долларында жасағандықтан, оған деген сұраныс пен ұсыныс ауқымы
анықталады.

Халықаралық төлемдердің жеделдетілуі немесе кешіктірілуі де
валюталар бағамына әсер етеді.

Валютаға деген ұлттық және халықаралық нарықтағы сенімділік
дәрежесі.

Валюталық саясат. Нарықтың және мемлекеттік реттеудің шекті
қатынасы оның динамикасына әсер етеді.


2) Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, нарықтық экономика жағдайында
халықаралық валюталық қатынастарды реттеу екі түрде жүзеге асырылады:

нарықтық реттеу;

мемлекет тарапынан реттеу;
Валюталық нарықта валюталарға деген сұраныс және ұсыныс, сондай-ақ
олардың бағамдық шекті қатынастары қалыптасады. Нарықтық реттеу құн
заңына бағынады. Мұндай зандардың валюталық нарықтағы бәсекелестік
жағдайында жұмыс жасауы, валюталар айырбасының қатысты баламалылығын,
тауарлар, көрсетілетін қызметтер, капиталдар, несиелер қозғалысына
байланысты әлемдік шаруашылықтың қажетгілігіне валюталардың
халықаралық ағымының сәйкес келуін қамтамасыз етеді.
Баға тетігі және нарықтағы валюталық бағам динамикасының белгілері
арқылы экономикалық агенггер валюталарды сатып алушылардың сұранысы
мен оларды ұсыну мүмкіндіктері туралы біле алады. Сонымен бірге, нарық,
валюталық операциялардың жағдайы туралы ақпараттар көздері болып
табылады. Бірақта, мемлекет ертеден бері валюталық қатынастарға араласып
келген, бастапқысында ол, жанама түрде, кейіннен оның әлемдік
шаруашылықтағы маңыздылығын ескере отырып, тікелей араласа бастады. 30
жылдардағы XX ғасыр алтын стандарты алынып тасталуына байланысты
валюталық бағамды реттегіш ретінде алтын тетігі қызметін тоқтатты. Бағамдық
шекті қатынастардың аяқ асты ауытқу мен валюталық дағдарыстар ұлттық және
әлемдік экономикаға теріс әсер ете отырып, ауыр әлеуметтік-экономикалық
зардапқа ұшыратты.
Нарықтық және мемлекеттік валюталық реттеу бірін-бірі толықтырады.
Біріншісі, бәсекеге негізделген, яғни дамуды ынталандыра түссе, ал екіншісі,
валюталық қатынастарды нарыктық реттеудегі теріс салдарларды жоюға
бағытталған. Екі реттегіш арасындағы шекара нақты жағдайлардағы тиімділік
және шегуге байланысты анықталады. Сондықтан да, олар арасындағы шекті
қатынас жиі ауысып отырады. Дағдарыс, соғыс және тағы басқа қиын
жағдайларда қатаң мемлекетгік валюталық реттеудің маңыздылығы артады.
Сондай-ақ валюталық-экономикалық жағдайдың жақсаруы барысында
валюталық операциялар ырықтандырылып, бұл аумақта нарықтық бәсеке орын
алады. Бірақта мемлекет, бұл жағдайда да, валюталык қатынастарды қалыпқа
келтіру және қадағалау мақсатында валюталық бақылау жасайды.
Нарық экономикасын реттеу жүйесінде валюталық саясат маңызды орын
алады. Валюталық саясат – бұл елдің ағымдық және стратегиялық
мақсаттарына сәйкес, халықаралық валюталық және басқа экономикалық
қатынастар аумағында жузеге асырылатын шаралар жиынтығы. Валюталық
саясат экономикалық саясаттың ең басты мақсаттары: тұрақты экономикалық
өсуді қамтамасыз етуге, жұмыссыздық пен инфляцияның өсуін тоқтатуға, төлем
балансындағы тепе-тендікті ұстап отыруға бағытталады. Валюталық саясаттың
басты бағыттары мен нысандары елдердің валюталық-экономикалық
жағдайына, әлемдік шаруашылықтың эволюцияларына, әлемдік аренадағы
күштердің орналасуына байланысты анықталады.


Заңды түрде валюталық саясат валюталық заңдылықтар, яғни, елдегі және
одан тысқары жерлердегі валюталық бағалылармен байланысты
операциялардың жасалу тәртібін реттейтін құқықтың нормалар жиынтығымен,
сондай-ақ екі жақты көп жақты-валюталық проблемалар бойынша мемлекеттер
арасында жасалатын келісім-шарттарға сүйенеді. Валюталық саясатты іске
асырудың басты бір құралы – валюталық реттеу болып табылады.
Тікелей валюталық реттеу – занды актілер және атқарушы өкіметтің
әрекет ету жолымен іске асса, ал, жанама валюталық реттеу – нарықтың
экономикалық агенттерінің мінез-құлқына экономикалық, оның валюталық
және несиелік әдістерді пайдалану арқылы әсер етеді.
Мемлекетаралық валюталық реттеу ұйымы – Халықаралық Валюталық
қор (ХВҚ) болып табылады.
Валюталық саясат өзінің мақсаттарына және нысандарына байланысты
екіге бөлінеді:
1) құрылымдық валюталық саясат;
2) ағымдық валюталық саясат.
Құрылымдық валюталык саясат –дүниежүзілік валюталық жүйедегі
құрылымдық өзгерістерді жузеге асыруға бағытталатың ұзақ мерзімді шаралар
жиынтыгы. 
Ол валюталық саясат реформа нысанында іске асырылады. Құрылымдық
валюталық саясат ағымдық валюталық саясатқа әсер етеді. Ағымдық
валюталық саясат – валюталық бағамды, валюталық операцияларды, валюталық
нарық пен алтын нарығының қызметтерін күнделікті оперативті түрдереттеуге
бағытталған қысқа мерзімді шаралар.
Валюталық саясаттың келесідей нысандары колданылады:
1) Дисконттық валюталық саясат;
2) Девиздік валюталық саясат.
Сонымен қатар, девиздік саясаттың мынадай жүзеге асырылу нысандары
болады:

валюталық интервенция;

валюталық резервтерді диверсификациялау;

валюталық шектеу;

валюталардың алмастырылу дәрежесін реттеу;

валюталық бағам режииі;

девальвация;

ревальвация;
Дисконттық (есепке алу) саясаты – бір жағынан, валюталық бағам мен
төлем балансын реттеуге, екіншіден, ішкі несиелер динамикасын, ақша
массасын, бағаны, жиынтық сұранысты реттеуге бағытталатын орталық банктің
есепке алу мөлшерін өзгертуі. Мысалға: пассивтік төлем балансы кезінде
капиталдың еркін орын ауыстыруы жағдайында есепке алу мөлшерінің
кетерілуі, ең төменгі пайыз мөлшерлемесі бар елдерден, капиталдың келуін
ынталандырып, төлем балансының жағдайын жақсартады және валюталық
бағамды артгыра түседі. Ал, егер орталық банк есепке алу ресми мөлшерін


төмендететін болса, отандық және шетелдік капитал сыртқа ағылып, төлем
балансынын, активтік қалдығы азаяды және валютаның бағамы төмендейді.
Қазіргі жағдайда дисконттық саясаттың тиімділігі төмендеген. Себебі,
егерде төлем балансын жақсарту мақсатында есепке алу мөлшерін арттыратын
болса, оның экономика үшін теріс әсері болады. Ал оның төмендеуі, төлем
балансына кері әсер етіп, яғни капиталдың сыртка ағылуына жол береді.
Девиздік саясат – мемлекеттік ұйымдардьің немесе орталық банктің
шетел валюталық сату және сатып алу жолымен ұлттық валюта бағамына әсер
ету әдісі. Ұлттық валюталық бағамын көтеру мақсатында орталық банк шетел
валютасын сатады, ал бағамын түсіру үшін, шетел валютасын ұлттық валютаға
айырбастау арқылы сатып алады. Девиздік саясат көбіне валюталық
интервенция нысанында жүзеге асырылады. Валюталық интервенция XIX
ғасырдан бастап қолданыла бастаған. Алтын монометализмі алынып
тасталғаннан кейін валюталық интервенция кеңінен қанат жайды.
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін, жаңа құбылыс ретінде
мемлекетаралық валюталық реттеу ұйымдары – ХВҚ, сондай-ақ аймақтық –
Еуропалық валютальіқ институт қ9рылды (1994 жылы)
Валюталық резервтерді диверсифкациялау – бұл халықаралық есеп
айырысуларды қамтамасыз ету, валюталық интервенция жургізу және
валюталық шығындардан сақтау мақсатында әр турлі валюталарды қосу
жолымен валюталық резервтердің қурылымынреттеуге бағытталған мешекеттің
және банктердің саясаты. Бұл саясат қарапайым түрде түрақсыз валюталарды
сату және халықаралық есеп айырысулар үшін қажетті тұрақты валюталарды
сатып алу жолымен жүзеге асырылады.
Валюталық паритет және валюталық бағам режимі Ұлттық және
мемлекетаралық реттеу объектісі болып табылады. Девальвация мен
ревальвация – валюталық саясаттың дәстүрлі әдістеріне жатады.
Девальвация – ұлттық валютаның бағамын, шетел валюталарына
қатынасын төмендету.
Ревальвация – ұлттық валюта бағамын, шетел валюталарына қатынасы
бойынша жоғарылату.
Валюталық саясаттың келесі бір формасы ретінде валюталық шектеу
үздіксіз пайдаланылады.
Валюталық шектеу – резиденттер мен бейрезиденттердің, валюталар және
басқа валюталық құндылықтармен жасалатын операцияларынзаңды түрде
немесе әкімшілік турде тыйым салуы немесе шектеуі.
Валюталық шектеу, валюталық бақылаудың құрамдас бөлігі болып
табылады.
Валюталық шектеу валюталық заңдылықтармен бекітіледі.
Валюталықшектеудің мақсаттары келесідей:

телем балансын теңестіру;

валюталық бағамды қолдау;

ағымдағы және стратегиялық міндеттерді шешу үшін мемлекеттің
қолында валюталық бағалылықтардың шоғырлануы.
Валюталық шектеу келесідей қағидаларға сүйенеді:



Валюталық операцияларды орталық және өкілетгі (девиздік) банктерде
орталықтандырылуы;

Валюталық операция жасау ушін рұқсат қағазының (лицензия) берілуі;

Валюталық шоттарды толық немесе жартылай жабу;
Валюталардың қайтарымдылығын шектеу;
3) Сыртқы нарыққа өткізуге жарамды тауарлар болуы қажетті, бірақ ол
экспорттың тиімділігін жоғарылатуға жеткіліксіз. Ол үшін сыртқы сауда
қызметінің арнайы ұйымы қажет. Ондай ұйым сатылған өнімнің бірлігіне
шаққанда ең аз шығын, уақыт, қаржы жұмсап, шығаратын тауарды ең жоғары
мөлшерге жеткізуге тиісті. Сондықтан өткізудің жарасымды ұйымын таңдау,
оның құрылымын анықтау маңызды стратегиялық мақсат екені анық. Мұндай
таңдау критерийлері әр түрлі. Олардың қатарына мына параметрлерді атауға
болады:
1. Фирмалардың мөлшері
2. олардың өндірістік мамандандыру ерекшеліктері
3. ұйымдастыру құрылымының принциптік нұсқасы
4. бекітілген басқару нысаны
5. жұмыс жүргізудегі сыртқы жағдайладың көрсеткіштері
6. экспорттық қызметің даму деңгейі
Соңғы екі параметр шетел нарығындағы өткізу операцияларын, олардың
ауқымын, ерекшеліктерін, географиялық, өнімдік диверсификациясын
сипаттайды.
Фирманың экспорттық қызметінің даму деңгейін, сыртқы сауда
ұйымының нақты мақсатын, міндеттерін, құрылымын анықтайды. Тікелей
экспорттық қызмет атқаратын фирмалар мынадай мақсат қояды:
- тұтынушылармен тікелей байланыс жасау негізінде өз өнімдерін ірі
ауқымды көлемде және тұрақты өткізу;
- делдалдардан тәуелсіз болу, оларды кірістіру шығынын азайту;
- өз беделін нығайту, ол үшін жарнаманы күшейту, теңдесі жоқ сенімді
сервис ұйымдастыру.
Мұндай фирмалардың күш қуаты, мақсаты, міндеттері, әдетте,
техникалық жағынан күрделі, ғылымды қажет ететін жоғары технологиялы
өнімдер өндірісіне шоғырланады. Бұл өндірістер өте жоғары білікті қызмет
көрсетуді талап етеді.
Аталған фирмаларға өзінің ССА қажет. Ондай аппарат тауар өткізу, сатып
алу процесін басқару, ұйымдастыру міндеттерін біріктірген органдар мен
қызметтер жүйесі болуы керек. Мақсаттары мен міндеттеріне және
экспорттаушының мүмкіндіктеріне сәйкес ССА фирманың ішкі құрылым бөлігі
немесе оның дербес қызмет атқаратын бөлімі ретінде құрылады.
Экспорттық бөлімді ұйымдастырудың қарапайым түрі ыңғайлы. Оларға
шағын тауармен сырт нарығына кейде ғана шығатын компаниялар сәйкес
келеді. Оларды бірге құрылған экспорт бөлімі түрінде түсінуге болады. Олар
ұйымдастырылуы жағынан фирманың сату бөліміне бүтіндей тәуелді,


құрамында 2-3 қызметкер ғана жұмыс істейді. Мұндай бөлімнің міндеттері мен
қызмет ерекшеліктері мыналар:
- экспорттық келісімдер дайындайды, оның орындалуын бақылайды;
- кедендік, сақтандыру, несиелік сияқты құжаттар дайындайды;
- тауар экспортына қажетті құжаттық – техникалық жәрдем жасаумен
шектеледі.
Тауарды нақты өткізу операцияларын фирманың халықаралық сауда
делдалдары жүзеге асырады. Арнайы экспорт бөлімдері экспортқа байланысты
барлық операцияларды дербес жүзеге асырады. Ондай тұрақты экспорттық
операцияларға өту үшін: жоспарлы-талдау; жарнама-ақпараттық, несие - есеп
айырысу; транспорт-коммуникациялық міндеттерін орындауды қанағаттандыру
қажет. Бұл міндеттерді сыртқы сауда аппаратының мамандандырылған
органдарында ұйымдастырады.
Арнайы экспорт бөлімдері өзінің және сауда делдалдарының тауар
өткізетін арналарын белсенді пайдаланады. Олар нарық, тапсырыстар,
транспорт, жарнама, өткізу салаларын зерттеу сияқты көмекші міндет,
қызметтерін күшейте түседі. Ондай зертеулер белгілі тауарлық немесе
аймақтық нарықтарға бағытталады. Мұндай тауар өткізу стратегиясын
фирманың жоғары басқармасы атқарады


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет