Бағдарламасын (Syllabus) бекіту парағы Нысан пму ұСН


Тақырып 5 Әлемдік нарықта баға белгілеу ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет9/27
Дата10.01.2023
өлшемі395.99 Kb.
#468299
түріБағдарламасы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   27
Тақырып 5 Әлемдік нарықта баға белгілеу ерекшеліктері
Жоспар
1) Әлемдік нарықта баға белгілеу негіздері
2) Әлемдік бағаны анықтаудың әдістері
3) Биржалық котировкалар. Аукциондардың бағалары
1) Әлемдік бағалар – бұл халықаралық нарықта берілген тауар бойынша
неғұрлым атаулы мәмілелерді айқындайтын бағалар. Еркін саудалық – саяси
режимде және еркін айналатын валютада неғұрлым үнемі өтетін мәмілелер
атаулы болып саналады. Әдістемелік қателіктерден аулақ болу үшін және
әлемдік бағалар туралы ақпарат әртүрлі болмау үшін ол қол жетімді болу керек.
Тауардың әлемдік бағасы – бұл әлемдік тауар нарығында қалыптасқан
конъюнктурада нақты жеткізу және жалпы қабылданған төлем шарты кезінде
берілген тауарды өткізу бойынша орташаөлшенген баға деңгейі. Әлемдік баға
келесі негізгі белгілермен сипатталады:
- көпшілік тауар нарықтары үшін әдеттегі шарттар негізінде ірі
экспорттық және импорттық келісімдерді жүзеге асыру бойынша бағалар;
- маңызды нарықтарда және тұрақты (уақытылы) келісмдерде
қолданылатын бағалар;
- төлемдер еркін айналатын валютада жүргізілетін келісімдердегі бағалар.
Осылайша, әлемдік баға жеткілікті түрде атаулы боуы керек, атаулықтың
негізгі белгісі ретінде – сәйкес тауардың әлемдік экспортта алатын проценттік
үлесі. Іс жүзінде әлемдік баға ретінде негізгі жабдықтаушылардың және
тауарды сатып алушылардың экспорттық және импорттық бағалары
қолданылады. Шикізаттық тауарлар сияқты массалық тауарлар үшін әлемдік
баға ретінде халықаралық сауданың негізгі орталықтарының (биржа, аукцион
және т.б.) бағаларын жатқызуға болады. 
Сатушылар және сатып алушылар үшін атаулы және қол жетімді
бағалардың болуы - сыртқы нарықта коммерциялық қызметтің қажетті
алғышарты болып табылады. Әлемдік бағалар бойынша ақпарттық мәліметтер
жиынтығы бағаның келесі түрлерін құрайды (жарияланатын немесе сұрай
бойынша алынатын): анықтамалық, биржалық, аукциондық, саудаласу
бағалары, каталогтар, есептік бағалар, ұсыныс бағалары, прейскуранттар
бағасы, нақты келісімдер бағасы. Нарықта шикізаттық тауарлардың көп бөлігі
анықтамалық, биржалық және аукциондық бағалармен қамтылған, бағалық
ақпаратпен қамтамасыз ету тұрғысынан жалпы дайын өнім, машина және
жабдықтар нарығына қарағанда орынды болады. 
Әлемдік бағалар - халықаралық саудада нақты тауарлар жағдайын
жеткілікті түрде толық сипаттайтын ірі экспорттық және импорттық
операциялар жүргізу бойынша бағалар. Іс жүзінде әлемдік бағалар келесідей
анықталады: бір тауар бойынша ( әдетте шикізаттық) – экспортаушы немесе
импорттаушы елдердің баға деңгейімен; басқасы бойынша – аукцион, биржа
бағаларымен; дайын бұйымдар бойынша – әдетте берілген өнім түрін өндіруге
мамандандырылған әлемде алдыңғы қатарлы өндірушілердің бағасымен. Егер
келесі шарттар орындалатын болса, әлемдік баға болып саналады: 1) берілген


тауар бойынша алдыңғы қатарлы нарықтарда жасалатын ірі экспорттық немесе
импорттық келісімдер бағасы; 2) тұрақты сипат алатын келісімдер; 3) төемдерді
еркін айналатын валютада қарастыратын келісімдер.
Әлемдік тауарлық нарықтардың негізгі бағалары белгілі тауар түрінің
тұтыну, өткізу және өндіру орташа әлемдік шартын көрсетеді. Бұл мемлекеттік
кәсіпорындар мен шетелдік серіктестер арасындағы ынтымақтастық
жобаларының нұсқаларын анықтайды. Тауарлар түрі бойынша әлемдік болып
табылады: бидайға – Канаданың экспорттық бағалары; мұнайға – ОПЕК елдер –
мүшелерінің экспорттық бағалары; пиломатериалдар – Швецияның экспорттық
бағалары; каучук – Сингапурлық биржаның бағалары; түсті металдар –
Лондонның түсті металдар биржасының бағалары; шай - Лондон, Коломбо,
Калькуттадағы аукционның бағалары.
Шикізаттық тауарлар бойынша әлемдік бағаны анықтау ешқандай
қиындық туғызбайды (шикізатты негізгі жабдықтаушы елдер бойынша
анықталады), алайда дайын өнімге байланысты бағаны таңдау ұқсас өнімді
өндіретін ондаған фирмалардың бағасын пайдалануға тура келеді, ал шикізат
бойынша тек 1-3 көрсеткіштер алынуы мүмкін.
2)Сыртқы сауда бағалары мемлекетпен жүргізілетін сыртқы сауда және
кеден саясаты шеңберінде қалыптасады, сондықтан сыртқы саудалық баға
белгілеу ресей тәжірибиесі негізінде қарастырылған.
Сыртқы сауда саясаттың негізгі міндеттері:
- сыртқы нарықта отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз
ету;
- отандық өндірушілерді бағалау;
Сыртқы сауда саясаттың жүзеге асыру құралдарына жатады:
- кедендік баждың дифференциалау;
- демпингтік бағаларды қолдану;
- халыққа және отандық өндірушілерге залалын тигізетін өнімдерді
енгізуге тура тосқауыл қоюды ендіру;
- экспорттаушыларға мемлекеттік субсидиялар.
Кедендік баждар дифференциялау және кедендік құнды анықтау тәртібін
бекіту ең негізгі экономикалық тұтқа болып табылады. Осы сұрақты дұрыс
түсіну үшін бірнеше түсініктеме беру қажет. Кедендік баждар – ел шекарасын
кесіп өтетін тауарлардан кедендік мемекемелер арқылы алынатын федеративтік
салықтар. Тауар қозғалысының бағытына байланысты кедендік баждар
келесідей ажыратылады: импорттық, экспорттық және транзиттік (соңғысы
барлық елдерде дерлік рәсімделмейді). Есептеу формасына байланысты
келесілерін ажыратады: пайызбен есептелетін адвалорлық кедендік баждар,
абсолюттік көріністе бекітілген мөлшермелер спецификалық;
құрамдастырылған – алғашұы екі түрінің құрамасы. Кеден кедендік баждардан
үстінен тауарлар қоймалау және сақталуы үшін, санитарлық жиын ретніде
кедендік жиындар алынады.
Кедендік тариф – кедендік баждардың белгілі ережелері бойынша
жүйлендірілген арнайы түрде рәсімделген құжат. Импорттық кедендік баждар


түрлері экспорттық баждарға қарағанда әлдеқайда көп, себебі экспорт кезінде
мемлекеттік субсидиялар мен квоталар қолданылады. Сыртқы нарықта өнімнің
бәсекеге қабілеттілігін жоғарлату үшін экспорт кезінде баждар алынып
тасталады. Импорттық кедендік баждар отандық өндірушілерді қорғауға
бағытталған (жоғарлатылған баждар) , сонымен қатар отандық өндіріс
масшатабы жеткіліксіз (төмендетілген баждар), әлеуметтік маңызы бар өнімдер,
материалдар, шикізат, ілгері технологиялардың енуін ынталандыру. 
Кедендік құн - сыртқы сауда келісімінің қатысушысы білдіретін және
кедендік баждар мен басқа салықтар, жиындар үшін база болып табылатын
шекараны кесіп өтетін тауардың бағасы. Шеттен әкелінетін тауарлар келісімінің
бағасы бойынша әдіс басқа келісімдер үстімдірек пайдаланылады. Негіз ретінде
келісімнің келісімшарттық бағасы алынады. Тауарды елдің кедендік
шекрасының пунктіне (мекен, жер, орын) дейін жеткізу бойынша шығындар,
комиссиялық сый ақылар, лицензиялық төлемдер және т.б. қосыша есепке
алынады. Отандық тәжірибиеде экспорт кезінде кедендік құн сәйкес
қабылданған тәртіп шарты FOB, FCA бойынша қалыптасады – Қазақстан
Республикасының кедендік шекарасы, импорт кезінде шарты CIF, CIP бойынша
– Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы. Сыртқы сауда
келісімшарттарының базистік шарттары іртүрлі болуы мүмкін, бірақ кедендік
құнды есептеген кездекелісімшарттық бағалар аталған стандарттық шарттарға
сай келеді. Бұл сыртқы сауда келісімін жасаушыларға салық төлеу кезінде
біршама бірдей қауырттылықты (напряженность – алаңдаушылық,
қобалжаушылық) қамтамсыз етеді. Егер берілген тауардың келісімшарттық
бағасы көпшілік түрде жасалатын келісімдердің бағаларынан айтарлықтай
аутқу байқалса, онда берілген әдіске сәйкес кедендік құнның есептелуі кедендік
органдармен алынбауы мүмкін. Бұндай жағдай келісім жасаушылардың бір -
біріне тәуелді болған жағдайда, сауатсыз есептер кезінде орын алады. 
Бұл жағдайда басқа әдістер қолданылады: бірдей тауарлармен жасалған
келісімер бағасы бойынша әдіс (шыққан жері, физикалық құрамы,
тұтынушылық сипаттамалар бойынша); біртекті тауарлармен жасалған
келісімдер бағасы бойынша әдіс (шыққан жері, тағайындалуы бірдей, алайда
физикалық құрамы бойынша әртүрлі); шегеру және қосудың есептік әдістері
(олардың толық баяндамасы ұсынылған әдебиеттер тізімінде берілген).
Экспортталатын тауарға баға құру тәртібі
Сыртқы нарықта өнімнің бәсекеге қабілеттілігін жоғарлату үшін барлық
елдердің үкіметі экспорттаушыларға субсидия береді, экспорттық баждарды
төмендетеді және алып тастайды, экспорттаушыларға салық салудың жеңілдікті
шарттар жасайды. Осының бәрі экспортталатын тауалардың ұсынысы үшін
неғұрлым төмен бағаның негізі болып табылады.
Ерекше көңіл бөлетін жайт, отандық тәжірибиеде экспорттаушыларға
жеңілдікті салық салу сұрағы. Бұл салық салу сұрағы ғана емес, сонымен қатар
бағалық. Қазіргі жүзеге асатын тәртіпке сәйкес отандық экспорттаушылар
экспортталатын өнім шеңберінде бюджетке қосылған құн салығын және акцзді
(акцизделетін тауарлар бойынша) төлеуден босатылады.
Жеңілдікті алу сұрағы негізінде, экспорт фактысын дәлеледейтін сұрақ. 


Экспорттаушылар жеңілдікті алу үшін Салық органдарына келесі
құжаттарды тапсыру керек:
1) тауардың экспортын дәлелдейтін келісімшарт (немесе келісімшарттың
көшірмесі);
2) жүктік кедендік декларация (немесе оның көшірмесі);
3) шекаралас белгілері бар кедендік мелекеттердің – ТМД қатысушылары
және ТМД қатысушыларынан тыс мемлекеттерде орналасқан елдердің кедендік
органдарының көліктік немесе тауар жетектеуші құжаттардың көшірмесі;
4) ресейлік банктегі ресей салық төлеушінің шотына шет елдің тұлғасына
өткізген өнімінен нақты түскен табысты дәлелдейтін төлемдік құжат немесе
банк құжаты;
Ресейлік экспорттаушы аталған құжаттарды өткізбес бұрын салық
органдарына қажет салық сомасын аудару керек. Салық органдарына аталған
құжаттар өткізілген соң, алдында төлеген салық сомасы экспорттаушыға
қайтарылады немесе болашақ есеп айырысу шотына жазылады. 
Айтылғандардан осындай маңызды қорытынды жасалады: ішкі өткізуге
арналған тауарлардың бағасына қарағанда, экспортталатын тауарлардың
бағасына ішкі жанама салықтар есепке алынбайды.
Экспорт кезінде бағаның құрылуы жөнінде арнайы белгіленген тәртіп
жоқ, алайда оның шектері туралы айту дұрыс болар.
Экспорт кезінде бағаның төменгі шегі – бұл өндіріске кеткен шығындар
және өндірушілердің нормативтік пайдасы, сонымен қатар келісімшартта
айтылған, белгіленген жерге дейінгі жеткізуге кеткен шығындар және оның
кедендік рәсімделуіне кеткен алымдар.
Жоғарыда айтылғандай, экспорттық кедендік баж дерлік барлық
тауарлардан алынбайды, алынса да тек экспорттаушы бағасының төменгі
шегіне енетін міндетті төлем ретінде енеді. Экспорт кезінде бағаның жоғарға
шегі – экспорттаушының келісімшарттық бағасы.
Импортталатын тауар ішкі нарыққа келіп түседі, сондықтан міндетті
түрде оның бағасы ұқсас отандық тауар бағасымен сәйкестендіріледі. Әдетте
сыртқы нарық және ұлттық нарық жағдайында қалыптасатын көрсеткіштердің
айырмасы импорттық кедендік бажбен жабылады. Импортты ынталандыру
мақсатында ( ұлттық нарықта неғұрлым жетіспеушілктеге тауарлар) баж
мөлшермесі төмендетілуі немесе алынып тастауы мүмкін. Сонымен қатар
жеңілдікті шаралар қолайлы саясат жасасатын нашар дамыған елдедің
тауарларының импорты кезінде қолданылады. Ішкі жанама салықтар ( қосылған
құн салығы және акцизделетін тауарларға акциз) баға құрылымына енеді.
Импорт кезінде бағаның жоғарғы шегі – ішкі нарықта оның конъюнктурасына
сәйкес импортталатын өнімнің өткізу бағасы болып табылады.
3)Валюта бағамын белгілеу, яғни валюталарды айырбастау пропорциясын
(қатынасын) анықтауды валюталық котировка (баға белгілеу) деп атайды.
Валюта нарығынды валюта бағасын белгілеудің 2 әдісі бар: тікелей және
жанама. Тікелей котировка деп – шетел валютасының бағамын ұлттық
валютамен көрсетуді айтады. Бұл әдіс көптеген мемлекеттерде қолданылады.


Жанама котировка деп – ұлттық валютаның бағамын шетел валютасының
белгілі бір санының көрсетуін айтамыз. Жанама котировка әдісін Ұлыбритания,
ал 1987 ж. бастап АҚШ қолдануда. Банк аралық валюта нарығының
операцияларында ұлттық валюталарды АҚШ долларына қарап бағалау көп
кездеседі, себебі, доллардың халықаралық төлем және резервтік құрал ретіндегі
ролі. Банктер сауда-өнеркәсіп клиенттеріне валюта бағамын белгілегенде кросс-
курсті негізге алады. Кросс-курс дегеніміз – ол екі валюта бағамының үшінші
валютаға қатысты арақатынасы. Банктер сатушы және сатып алушы бағамын
белгілейді. 
Сатушы бағамы – ол банктің валютаны белгілеген бағаммен сатуға
дайындығы. Сатып алушы бағамы дегеніміз – банктің валютаны сол бағамен
сатып алуға дайын болуы. Тікелей котировка бойынша стаып алушы бағамынан
стаушы бағамы жэоғары болады. Олардың арасындағы айырмашылық банктің
пайдасын құрайды. Сонымен қатар, ресми, банк аралық, биржалық валюта
котировкалары болады. Ресми валюталық котировканы орталық банк жүргізеді.
Ол есеп жүргізу мақсатында, кедендік төлемдерде, төлем балансын
құрастырғанда қолданылады. Өнеркәсібі дамыған елдерде валюталық
операциялардың негізгі бөлігі биржадан тыс банк аралық влюта нарығында
өтетіндіктен, бұл елдердің ішкі нарығы қолданылатын негізгі бағамы – банк
аралық баға. Банк аралық котировканы ірі коммерциялық банктер белгілейді.
Биржалық котировка валютаны сатып алу- сату үшін биржаға түскен арыздарды
салыстыру негізінде құрастырылды.
Сатып алу-сату шарты бойынша бiр тарап (сатушы) мүлiктi (тауарды)
екiншi тараптың (сатып алушының) меншiгiне, шаруашылық жүргiзуiне немесе
жедел басқаруына беруге мiндеттенедi, ал сатып алушы бұл мүлiктi (тауарды)
қабылдауға және ол үшiн белгiлi бiр ақша сомасын (бағасын) төлеуге
мiндеттенедi. 
Бағалы қағаздар мен валюталық құндылықтарды сатып алу-сатуға, егер
заң актiлерiнде оларды сатып алу-сатудың арнаулы ережелерi белгiленбесе, осы
параграфта көзделген ережелер қолданылады. Ислам банкiнiң банк қызметiн
жүзеге асыруы кезiнде оның тауарларды сатып алу-сату ерекшелiктерi
Қазақстан Республикасының банк қызметiн реттейтiн заңнамалық актiлерiнде
белгiленедi. 
Заң актiлерiнде көзделген жағдайларда тауарлардың жекелеген түрлерiн
сатып алу-сату ерекшелiктерi заң актiлерiнде және өзге де нормативтiк
құқықтық актiлерде белгiленедi. Егер бұл құқықтардың мазмұнынан немесе
сипатынан өзгеше туындамаса, мүлiктiк құқықтарды сатуға
қолданылады. Сатып алу-сату шарттарының жекелеген түрлерiне (бөлшек
саудамен сатып алу-сату, тауарлар жеткiзiлiмi, энергиямен жабдықтау,
контрактация, кәсiпорынды сату), егер осы Кодекстiң ережелерiнде бұл
түрлердiң шарттары туралы өзгеше көзделмесе, осы параграфта көзделген
ережелер қолданылады. Сот шешiмдерiн орындау үшiн белгiленген тәртiппен
мүлiктi сату кезiнде сот орындаушысы сатушы ретiнде шығады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет