басқаны жеткізіп беру мақсатымен, ал тауарлық несие -дайын тұтыну
тауарларын жеткізіп беру шартымен беріледі. Дамытуға ресми кӛмек
мемлекетке ӛкімет аралық деңгей де кӛрсетіледі. Мұнда техникалық кӛмек
дегенде -әр түрлі салаларда қызмет кӛрсету: оқыту, кеңес беру, жұмысты
ұйымдастыру мен оқыту барысында қолданатын жабдық кіреді.
Инвестициялар республика экономикасына шетел капиталының ағымы
ретінде түсіндіріледі. Олардың 2 нысаны бар:
1. Тікелей;
2. Портфельдік;
Олардың
біріншісі, кәсіпкердің ӛзіне тәуекел ала отырып, республика
экономикасына шетел капиталын салуы, ал екіншісі, фиктивті капиталға
акциялар мен басқа да құнды қағаздарға қаржы -каражат салу. Алушы ел үшін
тікелей инвестициялардың басқа нысандармен салыстырғанда бірталай
артықшылары бар.
Біріншіден, олардың кейбір нысандары алатын жаққа
ескірген технологиялар мен техника әкелу мүмкіндігіне жол бермейді;
екіншіден, олар елдің сыртқы қарызын құру және ӛсірумен байланысты емес;
үшіншеден, олар ең бастысы, тауарлар мен қызмет кӛрсетулер ӛндіруге ӛндірісті
үйымдастыру мен басқарудың, маркетингтің, ноу -хаудың алдыңғы қатарлы
эдістеріне бағытталынады.
Соңында олар республика экономикасының әлемдік интеграциясына,
халықаралық экономикалық қатынастардың
дамуына тікелей ықпал ын
кӛрсетеді. Барлық сфералар мен салаларда қолданатын тікелей
инвестициялардың ең таралған нысаны бірлескен кәсіпорындар болып
табылады. Қабылдаушы жақтық табысы ӛнімнің ӛз үлесінен, роялтиден және
шетел серіктесінің табысына салығынан құралады. Тікелей шетел
инвестициясының нысанын ӛнім бӛлінісі атқарады. Бұл нысан экспорттық
салалар мен ӛзгерістерде кеңінен қолданылуы мүмкін, ішкі нарыққа жүмыс
істейтін салалар мен ӛндірістерде біршама шектелген, бұл теңгенің толық
айырбастылығының жоқтығымен байланысты.
Республикада шетел кәсіпорындарын
кұру сияқты тікелей
инвестициялардың басқа да нысандары бар. Ең алдымен, жекешелендіруге
қатысу арқылы әрекеттегі кәсіпорындарды сатып алу немесе жаңаларын салу.
Сондай -ақ, шетел инвестицияларының нысаны кепілденген ақшалай сыйлық
үшін жұмыстың жекелеген түрлерін мұнай кен орындарын геологиялық барлау
шетел мердігерлері жүзеге асыратын, техникалық қызмет кӛрсетулер туралы
келісім, басқару келісім шарттары бола алады. Бұрын айтылғандай, тікелей
инвестицияларды тарту үшін тартымды жағдайлар
жасау бойынша жедел
шаралар республикада кабылдануда, бұл олардың кӛбеюі үшін шынайы
мүмкіндіктер береді.
Қазақстан Республикасының Президенті тұжырымдауынша халқының
жанбасына шаққандағы тікелей шетел инвестицияларын тарту деңгейі бойынша
Орталық және Шығыс Еуропа елдерінің, сондай -ақ ТМД -ның алғашқы
бестігіне сенімді түрде кіреді.
Шетел инвестицияларын тартудың басқа нысандары шетел
компанияларына республика кәсіпорындарының
акцияларын сату; шетел
мемлекеттері жеке компаниялар беретін инвестициялык қарыздар мен несиелер
бола алады. Ең бірінші кезекте, шетел инвестицияларының иегізгі бағ ыттары
капитал сыйымдылығы жоғары салалар мен ӛзгерістер, ең бастысы мемлекеттік
сектор арқылы экспортқа бейімделген ірі кәсіпорындар болып табылады.
Республика экономикасына шетелдік капитал салымдарының негізгі
бағыттарының бірі шағын мен орта кәсіпкерлік сферасы болып табылады.
Мұнда салалар инвестициялар басымдылы қты объектілерге ӛндірістер мен
аймақтарға бағытталынуы тиіс. Бұл басымдықтар республикада ресми түрде
белгіленген.
ҚР-ның қазіргі заңдылығына сәйкес инвестициялық қызмет келесі
кӛздерден қаржыландырылады:
-Меншікті қаржылық ресурстар және ішкі шаруашылық резервтер;
-Тартылған қаржы құралдары;
-Бюджеттен тыс қорлардың құралдары;
-Республикалық бюджет құралдары;
-Шетелдік инвесторлар құралдары;
-Белгіленген тәртіпте кәсіпорындардың
орталықтанған ақшалай
құралдары;
-Жеке және заңды тұлғалардың кӛмек түріндегі ақшалай құралдары.
Меншікті қаржылық ресурстар бұл күрделі салымдарды қаржыландыруға
бағытталған құрылтайшылардың алғашқы жарналары және жинақтары.
Құрылтайшылардың алғашқы жарналары негізгі қорларды сатып алуға
жұмсалады. Кейін бұл мақсатқа кәсіпорындардың шаруашылық қызметінің
нәтижесінде пайда болған жинақтар жұмсалады. Кәсіпорындарда
инвестицияларды қаржыландырудың негізгі кӛзі амортизациялық аударымдар.
Қарыздық құралдар банктік және басқа да қаржылық институттардың несиелер
есебінен құралады. Несие - қайтарымдылық негізінде ақша қозғалысымен
байланысты несие беруші және несие алушы арасындағы экономикалық
қатынастарды білдіреді.Қазіргі кезде инвесторлар несиені тез ӛтелетін және
жоғары тиімділік әкелетін кәсіпкерлік қызметтің сфераларына салуға
тырысады.
Жеке және заңды тұлғалардың күрделі салымдарын банктік несиелендіру
объектілеріне шығындар келесі түрде болады:
1) ӛндірістік және ӛндірістік емес мақсаттағы объектілердің құрылысы,
кенейту, техникалық
жағынан қайта қаруландыру, реконструкциялау,
модернизациялау;
2) қозғалатын және қозғалмайтын мүлікті сатып алу;
3) ғимараттар және қондырғылар сатып алу;
4) ғылыми техникалық ӛнімді шығару, интеллектуалды құндылықтарды
құру, біріккен кәсіпорындар құру;
5)табиғатты қорғау шараларын жүзеге асыру.
Тартылған құралдар ағымдағы инвестициялық қызметке үлестік түрде
қатысу, құнды қағаздар эмиссиясы, енбек ұжымының пайлық жарналары және
т.б.