Бағдарламасын (Syllabus) бекіту парағы Нысан пму ұСН


Тақырып 3 Қазақстан Республикасында сыртқы экономикалық



Pdf көрінісі
бет7/27
Дата10.01.2023
өлшемі395.99 Kb.
#468299
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   27
Тақырып 3 Қазақстан Республикасында сыртқы экономикалық
қызметті ұйымдастыру
Жоспар
1) Сыртқы экономикалық қызметтің мемлекеттік басқару құрылымы
2) Сыртқы экономикалық қызметті дамытуда мемлекеттік басқару
органдары және олардың рөлі
3) Нарық экономикасы бар елдерде сыртқы экономикалық қызметті
ұйымдастыру
1) Сыртқы экономикалық қызметті реттеу келесі міндеттерді шешуге
көмектеседі:
1 импорт арқылы елде жетіспейтін тауарлар мен қызмет көрсетулерді алу;
2 сыртқы рыноктарды экспортталатын тауарлар мен қызмет түрлерін сату 
үшін пайдалану;
3 әлемдік интеграциялық экономикалық үдерістерге катысу;
4 ғылыми-техникалық және ынтымақтастықты дамыту;
5 әлемдік озық тәжірибені үйрену;
6 шетелдік кредиттер, инвестицияларды пайдалану;
7 елдің төлем балансын ұстап тұру.
Қазақстан Республикасында 1995 жылы қабылданған «Сыртқы сауда
қызметін мемлекеттік реттеу туралы» Заң мемлекеттің бұл саладағы реттеуші
міндеттерін анықтап берді:
- сыртқы сауда байланыстарының концепциясы, яғни тұжырымдамасы
мен стратегиясын қалыптастыруда елдің сыртқы сауда саясаты принциптеріне
сәйкес құру;
- мемлекеттің оның субъектілерінің экономикалық егемендігі мен 
мүдделерін қорғау, экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
- сыртқы сауда қызметін құрайтын үдерістер жиынтығын реттеу;


- экспортталатын және импортталатын тауарларды сертификациялау,
қауіпсіздік және зиянсыздық критерийлерін орнықтыру;
- қару-жарақты, қауіпті материалдар мен заттарды, қымбат бағалы
металдар мен тастарды әкелу мен әкетудің тәртібін анықтау;
- елдің төлем балансын талдап жасау;
- шетелдік мемлекеттерге мемлекеттік кредиттер беру және экономикалық
көмек көрсету;
- шетелдік кредиттерді тарту;
- мемлекеттің сыртқы қарызын басқару;
- Сыртқы экономикалық келісімдер жасау.
Сыртқы сауданы мемлекеттік реттеу міндеттерінің молдығына қарамастан
Сыртқы экономикалық байланыстарды мемлекеттік реттеу аталмыш міндеттер
шеңберінің шектерінен де ұзап кетеді. Ондағы басым рөлді экономикалық
интеграция, Сыртқы экономикалық ынтымақтастық, біріккен бағдарламаларды
іске асыру, халықаралық экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыздандыру
үдерістері атқарады.
Сыртқы экономикалық қызметті мемлекеттік реттеуге экономикалық
үдерістердің жаһандануы терең әсер етеді. Оның салдарынан елдің Сыртқы
экономикалық факторлары ішкіэкономикалық факторларға айнала бастайды.
Сыртқы экономикалық қызметті мемлекеттік реттеудің қыруар міндеттері
мемлекеттік басқару органдарынан өздеріне тиісті функцияларын өз
дәрежесінде атқаруды талап етеді. Сыртқы экономикалық қызметті реттеу
Сыртқы экономикалық саясатты басқаратын, Сыртқы экономикалық қызмет
туралы стратегиялық шешімдер қабылдайтын, басқа елдердің жоғары
мемлекеттік билік оргаңдарымен экономикалық қатынастар мәселесі бойынша
ынтымақтастық орнататын заң шығарушы және атқарушы билік органдарының
құзырындағы қызмет болып табылады. Елдің заң шығарушы органдары
Сыртқы экономикалық қызметті реттейтін заңдарды қабылдайды,
толықтырады, өзгертеді, құқықтық нормаларды бекітеді.
Қазақстанның Сыртқы экономикалық қызметін реттеумен Индустрия
және сауда министрлігі, республикалық кеден комитеті, Қаржы министрлігі,
Ұлттық Банк, Сыртқы істер министрлігі шұғылданады. Жергілікті өзін-өзі
басқару қатынастарының дами түсуі, аймақтардың құқықтары мен өкілеттігінің
кеңеюі негізінде Сыртқы экономикалық қызметті мемлекеттік реттеудің
көптеген мәселелері республикалық деңгейден аймақтық деңгейге өтіп,
құрамында Сыртқы экономикалық департаменттері, басқармалары бар
аймақтық әкімшілік құзырына беріледі.
2) Сыртқы сауда қызметін жүргізу барысында көп мөлшердегі көмекші
операциялар жүргізіледі. Олар:
- сатушыдан сатып алушыға дейін тауардың қозғалысын қамтамасыз ету;
- сыртқы саудалық әр түрлі қызмет көрсетулерді транспорттық,
сақтандыру, банктік секілді қызметтерді орындайды;
- төлем есеп айырысу операцияларын орындайды;
- кедендік бақылаудан өту рәсімділіктерін орындайды;


- сыртқы сауда, валюта-қаржылық нарықтардың коньюктурасы туралы
коммерциялық ақппарттарды зерттейді.
Экспортқа бағытталған кәсіпорындардың СЭҚ-тегі барлық негізгі
элементтерін 3 топқа бөліп қарастыруға болады:
1. өндірістік-шаруашылық.
2. ұйымдастыру-экономикалық
3. ағымдағы коммерциялық.
Бірінші сыртқы экономикалық міндеттердің өндіріс-шаруашылық
элементтері құрамына мыналар кіреді:
- экспорттық өнім бойынша ізденіс, зерттеу жүргізу;
- экспорттық өнімнің бәсекелік қабілетін бағалау;
- экспорттық өндіріске қажетті техникалық-экономикалық параметрлерді
және қойылатын талаптарды қамтамасыз ету;
- ішкі өндірістік ресурстарды жобалау;
- материалдық ресурстар көздерін анықтау;
- экспорттық өнімді өндіру
Жалпы сыртқы экономикалық байланыста кәсіпорындар белгілі мақсатқа
жету үшін осы кешенді зерттеулерді жүргізу арқылы жақсы нәтижеге қол
жеткізуді көздейді. Айталық, ішкі өндірістік ресурстардың өзгермелі
динамикасын жобалайды; экспорттаушы кәсіпорындардың қызметінің сыртқы
ахуалын зерттейді; жалпы транспорттық, сақтау, қаржылық және басқалай
қызметтердің нарықтағы өзгерісін; тауардың бәсекелік қабілетін бағалайды.
Мұндай талдаулар тауардың бәсекелік қабілетін көтеру, шығындарға баға беру
мақсатында шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді. Шетелдік тауар
нарықтары, потенциалды сатып алушылар, бәсекелестер туралы ақпараттар
жинақтау, талдау жасаудың негізі болады.
Екіншісі сыртқы экономикалық міндеттердің ұйымдастыру-экономикалық
элементтерінің құрамына мыналар кіреді:
- сыртқы нарықтарды маркетингалық тұрғыдан зерттеу;
- экспорттық нарықтың конъюктурасына талдау жасау;
- шетелдік әріптестер іздеу;
- шетелдік әріптестердің нарықтарындағы жұмыс жағдайын зерттеу;
- сыртқы нарықтағы жұмыстың нысандары мен әдіс-амалын таңдау;
- сыртқы нарыққа шығуды қамтамасыз ету;
- сыртқы сауда жарнамаларын ұйымдастыру;
- сыртқы сауда операцияларын жоспарлау;
- делдалдарды қызметке кірістіру.
Бұл іс-қимылдың мақсаты – мемлекеттен белгіленген тәртіп шеңберінде
экспорттық өнімді шетелдік әріптестерге сатып өткізуді көздейді. Бұл процесс
ел ішінде арнайы белгіленген тәртіптерден өтуден бастап, сыртық саудалық
мәміле бойынша тауарды тікелей сатып өткізгенге дейін жалғасатын белгілі
сатыларды қамтиды. Оған мыналар жатады:
- сыртқы сауда қызметті мемлекетпен реттеуде механизмдермен
танысады: нормативтік-техникалық құжаттарды, заңдылық актілерді
пайдаланады;


- өкілеттілік берілген банкіге валюталық есеп айырысатын құжат есеп
шот ашады;
- жалпы саудаға қатысты құжаттарды тексеретін және тіркейтін
мемлекеттік органдардың жүйесімен танысады;
- сыртық нарықтың коньюктурасына маркетингілік баға береді, бәсекелік
көрсеткіштерді дайындайды;
- контрактының жобасын жасайды, оның коммерциялық, валюта-
қаржылық шарттары жөнінде келісімге келеді.
Үшіншісі сыртқы экономикалық міндеттердің ағымдағы коммерциялық
элементтерінің құрамына мыналар кіреді:
- мәмілелердің түрін таңдау (тауар, жұмыстар, қызмет көрсету);
- мәмілелердің типін таңдау (сату-сатып алу, арендалық, өтемдік);
- сыртқы сауда операцияларын дайындау (әріптестермен байланыс жасау,
экспорттық бағаның есебін жасау, келіссөздер жүргізу, контрактының жобасын
жасау, мәмілелердің шартты жағдайы туралы келісімге келу);
- контрактының шарты жағдайларын анықтау (жеткізудің базалық шартты
жағдайлары, жеткізу жолдары, тасымалдау түрлері, есеп айырысу шарттары,
төлем амалдары, баға өзгерісін реттеу малдары, баға валюталары, валюталық
қорғану туралы ескертулер, банктік кепілдемелер).
Бұл көрсетілген барлық операциялардың нәтижесінде контрактыға қол
қойылады, оны жүзеге асыру жұмысы басталады. Сосын, СЭҚ-тің үшінші
топтағы міндеттер бойынша кәсіпорындардың сыртық саудалық мәмілелер мен
оған қосымша барлық көмекші құжаттарды дайындау, сонан соң оларды
орындау қызметіне кіріседі.
Жалпы сыртқы экономикалық қызметке қатысушы субъектілерді мына
түрде жіктеуге болады:
1. СЭҚ-тің бейіні (профилі) бойынша.
2. Сыртқы сауда операцияларының сипаттары бойынша.
3. ұйымдастыру-құқықтық нысандары бойынша.
СЭҚ-тің бейіні бойынша қатысушыларды мына топтарға бөліп
қарастыруға болады:
1. Өндірушілер-экспорттаушылар (делдалсыз). Олар: өндірістік
бірлестіктер, консорциумдар, транспорттық компаниялар, бірлескен
кәсіпорындар және өндірістік кооперативтер (шекаралық сауда аймақтарында).
2. Делдалдық ұйымдар. Оларға: ҚР- сы СЭҚ-ті басқару, реттеуге
байланысты қызмет атқаратын министрліктердің сыртқы экономикалық
ұйымдары; салалық сыртқы экономикалық ұйымдар; аралас қоғамдастықтар
және сауда үйлері.
3. Демеуші ұйымдар – сыртқы экономикалық ынтымақтастық
ассоциациясы, халықаралық үкіметтік емес ұйымдар, министрліктердің
маманданған сыртқы экономикалық ұйымдары, ҚР-сы сауда өнеркәсіп
палатасы, өкілеттілік берліген банктер.
Сыртқы сауда операцияларының сипаттары бойынша СЭҚ-ке
қатысушыларды мына топтарға бөлуге болады:
1. экспорттаушылар


2. импорттаушылар
3. мамандандырылған делдалдар (кедендік брокерлер, комиссионерлер,
агенттер).
Ұйымдастыру – құқықтық нысандары бойынша СЭҚ-ке қатысушыларды
мына топтарға бөлуге болады:
1.Коммерциялық ұйымдар. Оларға шаруашылық серіктестіктері
(жауапкершіліг шектеулі қоғамдастықтар, акционерлік қоғамдар); өндірістік
кооперативтер; мемлекеттік біртұтас кәсіпорындар (толық шаруашылық
жүргізуге құқылы кәсіпорындар, қазыналық кәсіпорындар).
2. Коммерциялық емес ұйымдар (қоғамдық ұйымдар, тұтыну
кооперативтері, бірлестіктер (ассоциациялар, одақтар).
СЭҚ-тің субъектілері ішінде сыртқы нарықта делдалсыз қызмет
атқаратын өнеркәсіп кешендерін ерекше атауға болады. Оларға экспорттық
өнімдер шығаратын, әртүрлі қызмет көрсететін өндірістік кәсіпорындар,
бірлестіктер, кооперативтер, консорциумдар жатады.
3) Сыртқы экономикалық саясат – бұл сыртқы экономикалық
байланыстарды реттеу тәртібін анықтау мен елдің халықаралық еңбек
бөлінісіне қатысуын оңтайландыру бойынша мемлекет пен оның органдарының
нысаналы түрде бағытталған іс-әрекеттері.
Сыртқы экономикалық саясаттың негізгі құраушыларына мыналар кіреді:
- сыртқы сауда саясаты (экспорт және импорт саясаты);
- шетел инвестицияларын тарту және шетелдегі ұшлттық капитал
салымдарын ретеу саласындағы саясат;
- валюталық саясат.
Сондай-ақ, сыртқы экономикалық саясат жекелеген мемлекеттеремен,
аймақтармен, сыртқы экономикалық операцияларды жүргізудің географиялық
теңестірілуі міндеттерін де шешеді, бұл іс елдің экономикалық қауіпсіздігін
қамтамасыз етумен байланысты.
Сыртқы экономикалық саясат – сыртқы экономикалық қызметті реттейді,
оның белгілері келесідей:
- тауарлар мен қызметтердің халықаралық сауда саттығы;
- матреиалдық, ақшалай, еңбек және интелелектуалдық ресурстардың
халықаралық қозғалысы.
Сыртқы экономикалық саясатты құру үшін оның негізгі қағидаларын
нақты түрде анықтап алу керек. Сыртқы экономикалық саясаттағы негізгі орын
– сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың іс-әрекеттерін
экономикалық-құқықтық ретеуге берілген, оның себебі бұл реттеу жалпы
ұлттық мүдделерге жауап беруі тиіс. СЭС келесідей қағидаларын атаймыз:
1. мемлекеттік қайта өзгерту қағидасы. Бұл қызмет салалар мен
аймақтардың даму саясатын қалыптастырады. Осы саясатқа сәйкес елдің
сыртқы экономикалық саясаты қалыптасады;
2. ұлттық фирмаларының сыртқы экономикалық саясатының, бір реттік
сыртқы экономикалық байланыстардан сыртқы нарықтарын кеңейту


мақсатында, жалпы шаруашылық қызметтің тұрақты бөлігі ретіндегі, сыртқы
экономикалық саясатқа бағытталуы нәтижесіндегі өзгерісі;
3. үкімет тармақтары, ведомстволары мен субъектілері арасында сыртқы
экономикалық саясатты да жүзеге асыру қызметтерін айқын түрде блу;
4. сыртқы экономикалық саясат – кез-келген мемлекеттің сыртқы
саясатының құрамдас бөлігі.
Сондықтан, сыртқы экономикалық саясат сыртқы экономикалық
қызметтің бүкіл жиынтығын, яғни тауарлар мен қызметтердің материалдық,
еңбек, ақшалай және интеллектуалдық ресурстардың халықаралық қозғалысын
реттейді.
Сыртқы сауда саласындағы саясатты жүзеге асыру құралдарына мыналар
жатады:
- кедендік тарифтер;
- шеттен әкелу мен шетке шығаруды реттеудің бейтарифтік шаралары;
- саудалық эмбарго;
- кедендік одақтар;
- еркін сауда аймағы.
Ал валюталық қатынастар саласына: валюталарды сатып алу-сату
операциялары, коммерциялық және басқа мақсаттардағы валюталық
операцияларға шектеулік белгілеу жатады. Төлемдік қатынастар мен несиелік
саясат сферасында займдар экспорттық несиелер және экспорттық несиелерді
сақтандыру бойынша есептеу мөлшерлемелері мен проценттерінің жеңгейлері
реттеледі.
Сондықтан, қазіргі кезде сыртқы экономикалық саясат құралдары
мемлекетке өзінің сыртқы экономикалық байланыстарының құрылымы мен
бағыттарының қалыптасуына, басқа елдердің сыртқы саясаты мен
экономикасына белсенді түрде ықпал етуге мүмкіндік береді.
Кез-келген мемлекеттің қызмет етуі ұлттық және мемлекеттік мүдде
категорияларына сүйенеді. ҚР-ның халықаралық қатынастар жүйесінде толық
жарамды субъект ретінде қызмет жасауы, жаңа экономикалық кеңістік
шеңберінде өзінің ұлттық мүдделерін айқын анықтауын талап етеді. ҚР-ның
мүдделері, ең алдымен мынадай саяси және экономикалық факторлармен
байланысты: соғыс объектілерінің және ядролық қару-жарқтың бар болуы,
космостық база, ішкі саяси жағдайдың белгілі мөлшерде тұрақсыз болу қаупі,
халық санының арту қарқынының биіктігі, аймақтың әлеуметтік –
экономикалық дамуын арттыру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет