5. Дәріс сабақтарының мазмұны
Тақырып 1 Экономикалық факторлардың рөлін көтеру - әлемдік
экономиканың дамуының бағыттары
Жоспар
1) Мемлекеттің
сыртқы экономикалық қызметі
2) Экономиканың тиімділігін арттыруда сыртқы экономикалық
байланыстардың рөлі
3) ҚР-ың сыртқы экономикалық байланысын дамыту стратегиясы
1) Соңғы уақытта әлемдік шаруашылықта күрделі өзгерістер байқалады.
Олардың ішінде ең маңыздысы – ұлттық шаруашылықтың жақындасуы мен
өзара тығыз байланысуы негізінде мемлекетаралық экономикалық
бірлестіктердің құрылуы. Елдің мұндай жақындасуы мен бірлесуін
экономикалық интеграция деп атайды. Еркін экономикалық зона (ЕЭЗ) - кейбір
аймақтағы аудандарға экономикалық-әлеуметтік ғылыми техникалық дамуын
және сыртқы экономикалық байланыстар ұйымдастыруды өздері шешуге
берілген еркіндік. Осы мәселелерді қолайлы, жайлы жағдайлармен қамтамасыз
ету үшін арнайы кеден және сауда тәртібі, тауарлар, еңбек ресурстары, капитал
мен
пайданың ауысуы, салық жеңілдіктері, инвестицияны қолдау шаралары
қолданылады. ЕЭЗ-ның негізгі мақсаттары: осы аймақты дамыту; әлемдік
тәжірибе алу; сыртқы экономикалық байланыстарды дамыту; экономикалық,
ғылыми-техникалық жаңалықтар енгізу.
Мақсаттың нақты түріне байланысты ЕЭЗ-ның әртүрлі түрлері болуы
мүмкін:
- еркін кедендік зона;
еркін сауда зонасы; өндіріс экспорты зонасы;
ғылыми-техникалық зона (технопарк, технополис т.б.);
- ашық аудандар мен қалалар.
Ғаламдық проблемалар дегеніміз - жер шарындағы көкейкесті мәселелер
ауқымын қамту болып табылады. Оған жататындар: дүниежүзілік өзара
соғысты болдырмау, қоршаған ортаны қорғау, дамушы елдердің экономикалық
артта қалуын жою, энергетикалық, ішкі заттық, азық-түлік және демографиялық
проблемалар; дүниежүзілік мұхит байлығы мен бейбіт жағдайда космосты
игеру, ауруларды жою және т.б.
Ғаламдық проблемалардың ерекшелігі - оның барлығы адам тағдырына
қатысты және оны шешуді тоқтату өркениеттілікті күйретумен бірдей немесе
жердегі өндіріс қызметі мен өмір жағдайын төмендету болып табылмақ.
Өркениеттіліктің болу негізі әртүрлі процестердің әсеріне ұшырап
отырады :
- милитаризация мен
қару-жарақтану;
- қоршаған ортаның төзімсіз ластануы;
- қауіпті аурулардың тарауы мен өсуі: СПИД, рак, нашақорлық т.б.;
- дамушы елдердегі демографиялық процестердің асқыну салдарынан
тақыр кедейлену, жұмыссыздық, сауатсыздықтың пайда болуы;
- ұлттық мәдениеттің жойылуы;
- дүниежүзілік мұхитты бақылаусыз қанау.
Протекционизм
Фритредерство
Мағынасы
:
Шетел өнімдерін ішкі
нарыққа кіргізуді ұлттық
өндірісті қорғау үшін шектеу.
Ешбір кедергілерсіз мемлекеттер
арасында
тауарлар
мен
қызметтердің еркін жүруі.
Артықшы-
лықтары
Төлем
балансын теңдес-
тіреді, демпингтен қорғай-ды.
Жаңа салаларды қорғайды,
өндіріс көлемінің өсуін
ынталандырады.
Бәсекені ынталандырады, моно-
полияны шектейді, өндіріс тиім-
ділігі өседі, бағалар төмендейді.
Тауарларды таңдау мүмкіндігі
өседі, мемлекет арасында
жақындасу, бірігу процесі өседі.
Кемшілік-
тері
Өндіріс тиімділігі төмен-
дейді, баға өседі, тауарды
таңдау мүмкіндігі
болмайды,
экспорт мүмкіншілігі азаяды.
Ұлттық экономиканы шетелдің
теріс әсерінен қорғау мүмкіндігі
болмайды (демпинг, сапасыз
тауарлар және т.б.).
2) Сыртқы экономикалық қызмет – сыртқы экономиканың байланыстарды
реттеу тәртібін анықтау және елдің халықаралық еңбек бөлінісіне қатысуын
оңтайландыру бойынша мемлекет пен оның органдарының нысаналы түрде
бағытталған іс-әрекеті.
Сыртқы экономиканың негізін құраушыларға жататындар:
- сыртқы сауда саясаты: құрамына экспорттық және импорттық саясат
кіреді;
- шетел инвесторларын тарту және шетелдегі ұлттық капитал салымдарын
реттеу саласындағы саясат;
- валюталық саясат.
Сонымен бірге, сытқы экономикалық саясат жекелеген мемлекеттермен,
аймақтармен сыртқы экономикалық операцияларды жүргізудің географиялық
теңестірілуі міндеттерін де шешеді, бұл іс елдің экономикалық қауіпсіздігін
қамтамасыз етумен байланысқан.
Сыртқы экономикалық саясат – сыртқы
экономикалық қасиетті де
реттейді, оның айрықша белгілеріне мыналар жатады:
- тауарлар мен қызметтердің халықаралық сауда саттығы;
- материалдық, ақша, еңбек және интеллектуалдық ресурстардың
халықаралық қозғалысы.
Сыртқыэкономиканың құраушыларының бірі болып сыртқы сауда саясаты
табылады.
Ал сыртқы сауда саласындағы саясатты жүзеге асыру құралдарына:
- кедендік тарифтер, шеттен әкелу және шетке шығаруды
реттеудің бейтарифтік шаралары;
Достарыңызбен бөлісу: