Балалардың күлкісі - көркі, сәні әлемнің»
Ханша:
Қандай ғажайып әлем! (таң қалып қарайды)
Біз қандай елге келдік, ақылшы періштем?
Періште: Бұл «Балауса» балдырғандар елі.
Бұл елде өте әдемі, ақылды, білімпаз, өнерпаз балалар тұрады.
(осы сәтте бір топ бала шығады)
1-бала:
Балалар бақшасында бүгін той!
Балаларды қорғау күні біліп қой
Алақай-ау, алақай
Той тойлайық, балақай
Қызарғанша алақан
Кел, соғайық балақай.
2-бала:
Бейбітшілік әніміз
Өнерліміз бәріміз
Қазақстан даласында
Жарасады сәніміз
Балабақша аясында
Жадырайды жанымыз
3-бала:
Бізбен бірге бар әлем
Қуанады балаша
Қуанышқа бөленген
Өмір қандай тамаша
4-бала:
Гүлмен келсін келер күн
Бала-бағы бар елдің
Балалардың күлкісі
Көркі, сәні әлемнің.
(Бір топ бишілер: «ча-ча-ча»биімен ортаға шығады)
Ханша:
Ой, қандай керемет балалар, қандай өнерлі балалар, қандай әдемі балалар.
Періште:
Көрдің бе, сүйікті ханша, менің сізге жаңа ғана айтқаным шындыққа айналғандай. Мен сізге уәде беріп едім ғой, егер сіз тек әділдік пен адалдық жолында жүрсеңіз мен сіздің тілегіңіздің бәрін орындаймын деп.
Міне мен өз уәдемде тұрдым.
(Осы кезде Шайтан келеді)
Шайтан:
О-О, мен сендерді іздеп бар әлемді шарладым ғой. Неге маған айтпай кетіп қалдыңдар, а? Неге, айтшы, Ханша, мен де сенің досың едім ғой.
Періште:
Сен Ханшаны азғырма.Ол тек әділдік пен адалдықты сүйеді.Сенімен дос болғысы келмейді, сен тек жаманшылыққа бастайсың.
Шайтан:
Иә, саған! Мен де Ханшаның досымын. Өткенде өзеннен алтын балық ұстап, алғанда Ханша оны аяп қайтадан өзенге жібере салғысы келді. Ал,мен болсам Ханшаны үгіттеп 3 тілегіңді орындат дедім.
1-ші тілегің «Мен әлемдегі ең әдемі ханша болсам»деп айт дедім.Ол тілегі орындалды.
2-тілегің «Мен әлемдегі ең бай Ханша болсам»деп айт дедім. Ол тілегі де орындалды.
3-ші тілекті айтқалы жатқанда сен келіп киліктің Періште білесің бе, есіңе түсті ме?
Періште:
Иә, мен кешігіп қалдым. Әйтпесе 3 тілегің де әділдікпен адалдық тек ғана жақсылыққа арнатар едім.Тек соңғы тілекте ғана «Мен әлемдегі өте адал, мейрімді, өнерлі, білімпаз балалардың өмірін көріп өзім де солардан өнеге алғым келеді» деген тілек еді. Міне, сол тілек орындалып біз Ханша екеуміз «Балауса» балдырғандар еліне келіп тұрмыз.
Ханша:
Сендерге не болған,қойыңдар енді. Маған сөз беретін түрлерің жоқ ғой. Маған Періштенің ақылы ұнады. Өйткені мен осы жасқа келгенше мынадай ғажайып елде болған емеспін. Сондықтан, Шайтан сен бұл ғажайыпты бізбен бірге тамашала! Ойыңды сосын айтарсың.
Шайтан:
Құп! Мәртебелі Ханшам Құзырыңа құлдық.
Жүргізуші: Бүгін бізде мереке, қуанышта балалар, хош келдіңдер, хош келдіңдер ата-ана, қонақтар!
Құрметті «Балауса» балабақшамыздың көркі де, сәні де болған бүлдіршіндеріміз! Бүгінгі төл мерекелеріңіз құтты болсын! Болашақтарыңыз жарқын, аспандарың ашық, елімізді өркендетер келешектің кемеңгері болыңдар демекпін.
Бүгінгі 1-маусым Балалар күніне арналған «Балалардың күлкісі - көркі, сәні әлемнің» атты мерекелік ертеңгілігімізді ашып беру үшін және мерекелік лебізін білдіру үшін сөзді балабақша меңгерушісі мен балабақша ата-ана комитетінің төрайымына береміз.
Жүргізуші:
Бүгінгі ертеңгілігімізге «Ертегі әлемінің қонақтары да келіпті, хош келдіңіздер! Төрден орын алыңыздар. Құрметті Ханша менімен бірге бүлдіршіндер өнерін жүргізуге басшылық жасауға қалайсыз? Келісесіз бе?
Ханша:
Жарайды, келісемін мен де соны қалап тұр едім.
Жүргізуші:
Өте тамаша келіңіз, менің қасыма. Біздің балаларға қандай тартуыңыз бар? Мүмкін ән айтып, не би билеп берерсіз.
Ханша:
Әрине, мен де құр қол келген жоқпын. Періштем менің әуенімді қосшы.
(«Бала тілегі» әнін орындайды).
Жүргізуші:
Өте тамаша, рахмет өнеріңе. Кезекті біздің балаларға берейік.
Өнер десе өрілген
Биіктерден көрінген
Бишілерді шақырсақ
«Қара жорға» биімен
«Мектеп алды даярлық» тобы бишілерінің биі.
Жүргізуші:
Айдында жүзген аққудай
Айжан қыздың биін-ай
Әуеніне ілесіп,
Биіне қол соғайық.
Зейнелбай Айжанның орындауында «Аққу» биі
Ханша:
Келесі кезекте Жұмабек Бақытжамалдың орындауында «Айгөйлек» әні
Жүргізуші:
«Орыс биімен» бишілер тобын шақырамыз.
Ханша:
«Достық» әнімен Бітімбай Қарақатты шақырамыз.
Жүргізуші:
Енді ортаға «Катюша» биімен бишілерді шақырамыз.
Ханша:
Біздің елге қайтатын уақытымыз болды. Бізге рұқсат бересіңдер ме балалар? Менің достарым қайда?
(Періште мен Шайтан келеді)
Жүргізуші:
Жарайды, келіп бізбен бірге мерекені тойлағандарың үшін рахмет! Жолдарыңыз болсын!
Ханша:
Сіздің балаларыңыздан көп өнеге алдық. Мен енді тек бойыма жақсы қасиеттерді жинауға уәде беремін, осындай ғажайып әлеммен таныстырған Періште досыма көп рахмет.
Періште:
Достар, қош болыңдар? кездескенше күн арайлы болсын!
Шайтан:
Менде енді жақсы дос болуға уәде етемін, кешіріңдер мені.
(Қоштасып үшеуі шығып кетеді)
Жүргізуші:
Қане, балалар, жақсы әнімізбен достарымызды шығарып салайық.
«Әрқашан күн сөнбесін» әні
"Қош бол, балабақша!"
ертеңгілік
Зал мерекеге сай безендірілген.
Мерекені «Есіл ағады» өлеңімен ересек тобы жұп биімен ашады.
1-ші жүргізуші:
- Қадірлі ата-аналар, қонақтар, бүгін біз бірнеше жыл мәпелеп, күтіп тәрбиелеген бүлдіршіндерімізді ұямыздан ұшырып, мектепке шығарып салғалы отырмыз.
Өтті қызық көп күндер,
Жеті жасқа жеттіңдер
Барасыңдар мектепке
Бір белестен өттіңдер.
2-ші жүргізуші:
Өсті ақыл ойларың,
Өсті, міне, бойларың.
Қуанышқа ортақпыз,
Құтты болсын тойларың!
Құрметті ата-аналар! Осы бүгінгі мерекемізді қазақ халқының «Мектеп − кеме, білім − теңіз» мақалымен байланыстырып өткізгелі отырмыз.
Біздің теңізшілерімізді, жас түлектерді
және теңізшілеріміздің арасында екі сұлу қыздарымызды қарсы алыңыздар.
Балалар «Морячка» биін билейді.
1-жүргізуші: - Құттықтау сөз Білім бөлімінің бастығы Қадырова Гүлнәр Ерғалиқызына беріледі.
2-жүргізуші: - Ендігі сөз кезегін біздің теңізшілерімізге береміз.
Тақпақтар.
Данияр А: Қуантамыз, сыйлаймыз
Бақшамызды қимаймыз.
Биіл күзде мектепке
Біріншіге барамыз.
Темірлан Ж: Халқым бізге сенеді,
Ұрпақ оған қуаныш.
Ұстаз жақсы көреді,
Балаларды тіл алғыш.
Алихан Ж: Мектепке енді барамыз,
Үлгілі оқушы боламыз.
Жақсы оқып сабақты,
Кілең бестік аламыз.
Нұржаусын А: Балалабақша есігін
Сәби болып ашқанбыз
Балапандай мәпелеп,
Өсірді бізді бақшамыз.
Ерназар М: Жеті жасқа толамыз
Әдепті бала боламыз.
Қуантып ата-ананы,
Мектепке кетіп барамыз.
Бексұлтан А: Болсын кіші бойымыз,
Биікке ұшып ойымыз.
Өсіп оймен санамыз,
Өмірге жол саламыз.
Абылайхан З: Баулап баптап өсірдіңіз
Балалық етсек кешірдіңіз.
Ұмытпаймыз сөзіңізді,
Ұмытпаймыз өзіңізді.
Эльдана Ж: Бұл алғашқы қадамым,
Таудай менің талабым.
Білім нәрін алуға,
Мен мектепке барамын.
Дильнас А: Мектепке ертең барамыз,
Оқимыз, сауық құрамыз.
Қашық емес арамыз,
Бақшаға келіп тұрамыз.
1-жүргізуші: - Балалар, сендер балабақшаға келгенде кішкентай болдыңдар, ал енді мектепке барасыңдар. Сондықтан, сәби кезімізді еске алып, кіші тобын қарсы алайық.
«Зеңгір төккен» ән.
2-жүргізуші: Мың бұрылып билеген,
Қыздарды кім сүймеген.
Күміс көмей қыздарға,
Кімдер басын имеген – демекші Дильнасты «Қамажай» биімен қарсы алайық.
«Қамажай» биі.
1-жүргізуші: - Балалар, балабақшаға келгенде сендерді кім қарсы алады? Дұрыс, тәрбиеші. Ендеше балалардың орындауында «Тәрбиеші» әні.
«Тәрбиеші» әні.
1-жүргізуші: - Дильнас өз биімен бізді қуантса, алдарыңызға Эльдана тәрбиешісі Әсел апайымен «Өзбек» биін ұсынады. Қарсы алыңыздар.
«Өзбек» биі.
2-жүргізуші: - Алдарыңызда ересек тобы «Алақай» биімен.
«Алақай» биі.
Осы кезде Леопольд болып киінген бала, велосипед теуіп залға кіреді. Қолында қармағы бар.
Леопольд: - Сәлеметсіңдер ме, балалар! Анау екі бұзық тышқандарды көрдіңдер ме? Ендеше тиіш жер тапқан екенмін. Мынау өзенде балық аулауға бола ма?
1-жүргізуші: - Болады, бірақ бұл жай өзен емес, бұл сиқырлы өзен. Сиқырлығы неде екенін балық аулағаннан кейін білеміз.
(Даярлық тобының балалары балық аулап, ішіндегі тапсырмаларды орындайды).
1-тапсырма: Апта күндерін атап беру.
2-тапсырма: Геометриялық пішіндерді еске алу және қоршаған ортада қандай заттар пішіндерге ұқсас.
3-тапсырма: Қандай қарама-қарсы мәндес сөздерді білесіңдер?
4-тапсырма: Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін еске аламыз.
5-тапсырма: Сөйлем құрастыру (хабарлы, лепті, сұраулы).
6-тапсырма: Сөздерді буынға бөлу (оқушы, мұғалім, балапан, кітап).
7-тапсырма: Мына сөздерге сөйлемдер құрастыру (гүл, бала, оқушы, мектеп).
8-тапсырма: Есептер шығару.
9-тапсырма: Оқу құралдарын айтамыз.
Леопольд балаларға өз ризашылығын білдіріп, кетеді.
2-жүргізуші: - Қыз әкеге жақын дейді өмірде, деген сөзді тек айтпаған екен. Алдарыңызда Айғаным, Меруерт тәрбиеші Шәмшия апайымен «Әкетай» әнімен қарсы алыңыздар.
«Әкетай» әні.
1-жүргізуші: - Алдарыңызда Фархат «Брэйк» биімен.
Қошеметпен қарсы алайық.
«Брэйк» биі.
2-жүргізуші: Мың бұрылып билеген,
Қыздарды кім сүймеген.
Тойымызға сән беріп,
Билейді Аделя шығыс биін.
«Шығыс» биі.
1-жүргізуші: - Балалар, көктем мезгілі келгенін қайдан білесіңдер? Табиғатта, қоршаған ортада қандай өзгерістер болады? (Жылғалардан су ағады, құстар ұшып келеді, ағаштар бүршік жарады).
«Көктем келді» әні.
2-жүргізуші: - Ең кішкентай қызымыз Рабиғаның орындауында «Бала тілегі» әнін қабыл алыңыздар.
«Бала тілегі» әні.
1-жүргізуші: - Көктемнің белгісі қай құс? Дұрыс, қарлығаштар.
Ендеше, қыздардың орындауында «Қарлығаштар» биін қарсы алыңыздар.
«Қарлығаштар» биі.
2-жүргізуші: - Даярлық тобының орындауында «Мектебімде үйретеді» әні.
«Мектебімде үйретеді» әні.
Ерназар: Жақсылыққа құмармыз
Жақсы адам болып шығармыз.
Таза сәби жүректен,
Қызметкерлерге мың алғыс!
1-жүргізуші: - Сөз кезегін Мектеп-бақша директоры Жувасова Ботагөз Зарлыққызына беріледі.
Айналайын гүлдерім,
Ақ шуақты күндерім
Ерекше қызық тілдерің
Естен кетпес үндерің.
Белсенді қатысқан ата-аналарға алғыс хат ұсынды және балаларға «Балабақша өмірі» деген альбомдар ұсынды.
2-жүргізуші: Сүйкімді балғын болашақ
Сендердікі болашақ.
Озат болып оқыңдар,
Ойға білім тоқыңдар.
Бүлдіршіндерімізге сәт-сапар тілей отырып, осымен мектеп алды даярлық тобының «Қош бол, балабақша!» атты ертеңгілігін аяқтаймыз.
( Сандықтау ауданы Білім бөлімінің «Мектеп-бақша» мемлекеттік мекемесі. Авторлар: Жанұзақова Ә.Б, Есенбаева Ш.Т)
Жаңа жылға арналған мерекелік ертеңгілік
Әсем безендірілген залға балалар қол ұстасып кіреді.
Балалар:
Жаңа жыл, жаңа жыл.
Жаңа жылда-жаңа жыр.
Жасыл шырша жанында
Жадырап бар бала жүр.
Тамаша, тамаша!
Шыршамыз тұр жараса.
Басында әсем жұлдызы
Көз тоймайды қараса.
Жасыл желек жамылған,
Асыл моншақ тағылған,
Miнe, сұлу шыршамыз.
Көптен күтіп, сағынған,
Кел, балалар, келіңдер,
Тамашаны көріңдер.
Тәрбиешіге 6әpi қосылып:
Қала нұр, дала нұр
Құтты болсын Жаңа жыл!
«Жаңа жыл» әні орындалады.
Тәрбиеші:
Келіңдер жас ұландар,
Ертегімді тыңдандар.
Ертегімде сан қилы
Қызық- Қызық сырлар бар.
Жаңа жылдың кешінде
Аңдар келіп 6ip шешімге
Достаспақшы ниетпен
Жиналыпты келісімге.
Соныменен, балалар
Жаңа жылға арналған
Ертегіні көріңдер
Шын бағасын беріңдер.
(Мерекелік музыка ойналады.)
Шыршаның артынан қоян ceкірiп шығады да:
Ау, жарандар, ал қараңдар
Жауып тұр қар себелеп.
Көкке толды, жерге қонды
Сансыз аппақ көбелек.
Тым алыстан, Марстан
Келіп Аяз Атамыз
Жылды тойлап,
Билеп-ойнап,
Көп қызыққа батамыз!
Ceкipiп билеп жүрген қоянның алдынан аю шығады. Қоян сасқалақтап қалады.
Қоян:
Амансыз ба, аю паң!
Аю:
Жаңа жылдың алдында
Тойды еске алдым да
Ұйқымды ашып, сергідім
Ұйықтамаймын мен бүгін!
Жылды қарсы алайық
Би билеп, ән салайық.
Қоян:
Жаңа жылдың тойында
«Жан салайық» ойынға!
Eкeyi қол ұстасып, билейді. Сол кезде қуана қутындап тулкі келеді.
Түлкі:
Қоянжанға бір сәлем!
Аю паңға мың сәлем!
Аю, қоян: Аман ба, түлкі, кел мұнда!
Түлкі:
Достарым, жыл келеді
Сыйлығын ол береді
Жұмбақ шешкіш түлкінің
Өнерін жұрт көреді
Тауып өз сыңарымды
Тайсалмай, биге түcіп,
Тарқатам құмарымды.
Аю, қоян: Рахмет, түлкіжан
Жүрген жерің күлкілі ән!
Аю, қоян, түлкі 6ipre билей, жөнеледі. Осы кезде орталарына кipпi келеді.
Kipпi:
Сәлем, достар, аман ба?
Нұр берді шырша алаңға
Жылға шашу шашайық,
Тойлап, көңіл ашайық.
Қоян Келші биге басайық!
Бәрі билеп жатқанда, тиін келеді.
Тиін:
Тра-ля-ляй! Тра-ля-ляй!
Өнершіл аңдар-ай
Өңкей паңдар тыңдаңдар,
Жаңа жылға әнім бар
Қол ұстасып, биге басып,
Жыл әніне салыңдар
Бәріңізге 6ip сәлем.
Барлығы:
Сәлем, тиін!
Жақсы-ақ биі!
Бәpi қосылып, билейді. Енді орталарына қасқыр қосылады.
Қасқыр:
Армысыңдар! Бармысыңдар, ағайын! Кәне құшақ ашайъқ, достық тойын жасайық!
Барлығы:
Жаңа жыл құтты болсын! Достығымыз мықты болсын!
«Полька» биі биленеді
Барлығы: Жаңа жылдарыңызбен!
Тәрбиеші: Жарайсындар, балалар! Балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын.
Соны шешесіңдер ме?
Балалар: Иә.
Жұмбақ:
Ақсақалды шал жылына
Бip-ақ рет келіп кетеді
Қызы мен ұлына
Сыйлық алып келеді
/Аяз Ата/
Тәрбиеші: Балалар, енді жаңа жылдьқ мерекемізге Аяз Атаны шақырайьқ. Ол орманда жүріп адасып кеткен болар.
Балалар: Аяз Ата! Аяз Ата! - деп айғайлап шақырады.
Аяз Атаның орнына мыстан кемпір ұшып кipeдi де, шыршаны 6ip айналып барып, қонақтардың алдына келіп тұра қалады.
Мыстан: Пай-пай! Мен қайда келдім өзі. Мына шыршаньң кереметін-ай! Уйге алып кетсем бе екен?/Осы кезде мыстан төменге еңкейіп, шыршаньң түбірімен жұлып алғысы келеді. /
Тәрбиеші: Мыстан кемпір! Мыстан оған мән бермейді де шыршаны жұлуын тоқтатпайды.
Біз «Жаңа жыл» мейрамын тойлап жатырмыз, тимеңіз біздің шыршамызға! /Мыстан сөзге мән бермей, былай дейді: Туу!/ Маңдайдағы терін сүртіп, тұрып. /Мына шыршаның тамырының терең отырғызылғанын-ай, жұлынбайды ғой. Сол кезде шыршадағы жылтыраған кілтті көріп қаладыда: Мынау қандай қызық кілт өзі, осы кілт бағанағы менің ұшып келе жатып көрген, сандықтың кілті болар. Сол сандықтан 6ip керемет дәмнің иici шығып еді, мүмкін ақша да бар шығар. Мен шыршаға тимей-ақ, осы кілтті алып барып сандықты ашайын, мүмкін тамағына тойып, ақшасына бip байып қалармын!
Мыстан Keмпip кeтiп қалады. Сол кезде қалтасынан бip таяқ түседі.
Тәрбиеші: Балалар, кәне тойды жалғастырайьқ, Аяз Ата кешікті ғой. Мүмкін адасып кеткен болар. Әнімізді шырқап, атамызды шақырайық!
«Шырша жыры» әні.
Eciктің сыртынан дауыстар естіліп, іле-шала залға Аяз Ата мен Ақшақар кіреді. Аяз Ата Ақшақарды қолынан тартып, жетелейді,ол кipгici келмейді.
Ақшақар: Ата жіберіңізші мені! Кірмеймін мұнда,үйге кетемін.
Аяз Ата: Айналайыным-ау, не болып қалған саған, ауырып қалған жоқсьң ба өзі?
Ақшақар: Жоқ, жоқ. Ауырып тұрған жоқпын. Ешқайда да барғым келмейді, үйге қайтамын.
Аяз Ата: Қызым-ау, не айтып тұрсың!
Қарашы, біз тойға келдік!
Кәне, балалармен амандасайьқ.
Аяулы аналарға, ардақты ұл-қыздарға
Бүлдіршін балаларға бip сәлем!
Қандай жарқын жүздерің,
Қандай әсем жырларың
Асаулармен алысқан,
Асау желмен жарысқан
Аталарың сендерге
Шаршап келді алыстан
/Балалармен амандасады/
Аяз Ата: Рахмет, рахмет балаларым! Кәнекей қызым! Қонақтардан, ұят болады, басынды көтер. /Ақшақар басын көтермей тұрады./
Аяз Ата: Қарашы, балалардьң киімi қандай әдемі. Шыршада әсем безендірілген екен. Бәрі де тым сұлуланып кетіпті.
Шырша шамын жағайық,
Жаңа жыл тойын ашайьқ.
/Сол кезде Ақшақар жылап тұрып/
Ақшақар: Мен шырша шамын жағатын, сиқырлы таяғымды жоғалтып алдым! Осы кезде Аяз Ата оны жұбатып тұрып: қазір мен-ақ өзімнің таяғыммен жағамын- дейді.
Ақшақар: Қойыңыз ата! Сіз бұл таяғьңызбен бүкіл шыршаны қатырып тастайсыз.
Тәрбиеші: Ақшақар, сиқырлы таяғьң қандай еді?
Ақшақар: Менің таяғым жылтырауық, пішіні жүрекке ұқсайды. Сіздер оны көрмедіңіздер ме?
Тәрбиеші: Жаңа мұнда Мыстан болған, ол ұшып бара жатып, қалтасынан жылтыраған бip затын түcipiп алды, сол емес пе екен? Кәне, аңдар, іздеп көріңдерші, сол затты мүмкін тауып берерсіңдер.
/сөйтіп жатқанда тиін сиқырлы таяқты тауып алады/
Аяз Ата: Жарайсың, балапаным! /бетінен сүйеді/
Тәрбиеші: Кәне, бізде шырша жағуға көмектесейік, әнімізді айтайьқ.
Балалар қайырмасын айтып жатқанда, Аяз Ата Ақшақарды қасына шақырып, шырша шамын жаққызады.
«Аяз Ата» әні.
«Кім көп қар түйіршігін жинайды?" ойыны ойналады.
Балалар:
1. Жылдың әнін бастайын,
Аяз Ата кеп қалды.
Майысады жас қайың,
Көтере алмай көп қарды.
2. Бақша іші мереке,
Ойын күлкі асқақ ән.
Жақсы әпкелер жаңа кеп,
Мерекені бастаған.
3. Жаңа жылды қарсы алдың,
Мініп алып күймеге.
Мен де бүгін ән салдым,
Араластым биге де.
4. Оралдың өлкеме,
Жаңа жыл армысың.
Оранды ақ көрпеге,
Асқартау, қарлы шың.
5. Ақ қырауға малынған
Сақалы да мұрты да.
Аяз ата сағынған,
Сәлем бepді жұртына.
6. Безендіріп шыршаны
Жыл қуантты баршаны.
Той-маскарад басталды,
Аяз оны басқарды.
7. Аппақ тонға оранып,
Базарлықты мол алып.
Келді алыс сапардан,
Аяз ата оралып.
8. Қалып едік сағынып,
Kүтіп қалдық жабылып.
Жолын қойдық жарық қып,
Шыршаларға шам іліп
9. Аяз Ата ойды қырды
Аралап жүр түгел шолып.
Қарсы алғалы жаңа жылды,
Ол да көптің бірі болып.
Қайда қызық болса думан,
Аяз Ата сонда болды.
Күндіз үйде ойнап бізбен,
Балалармен бірге болды.
«Кім тез пиманы киеді»- деген ойын ойналады.
Аяз Ата: Ой! Бәрекелді, жарайсыңдар, балалар! Аталарыңды бip қуантып, тастадыңдар.
Тәрбиеші: Аяз Ата! Сіз біздің балаларға сыйлықтар әкелдіңіз бе?
Аяз Ата: Әрине, барлық сыйлық мына сандықтың ішінде! Ақшақар сандықтың кілті қайда?(Ақшақар иығымен білмеймін дегендей шара жасайды.)
Тәрбиеші: Қандай кілтті сұрап тұрсыз? Бағанағы шыршадағы ілініп тұрған кілт пе?
Аяз Ата: Иә, сол кілт шығар.
Тәрбиеші: Аяз Ата, ол кілтті мыстан алып кетті. Ол тіпті шыршамызды ала кеткісі келген.
Аяз Ата: Қап, әттеген-ай! Кәне, біз Ақшақар екеуміз оны іздеп келейік.
(Осы кезде залға Мыстан кіреді.)
Мыстан: А-а,бәлем! Таптым, сандық мында тұр екен ғой (оны ашайын деп жатканда еріксіз бip күш оны артқа қарай итереді)
Аяз Ата: Мына ұрлықшы мұнда жүр ғой. Кәне кілтті маған бер, балалар сыйлықтарын күтіп қалды.
Мыстан: Ойбай- тағы, не дейді. Сыйлық өзіме де керек.
Аяз Ата: Ах, бәлем! Олай болса өзіңнен көр. Мен ceнi қатырып тастайын. Аяз-Кәне, таяғым, мына Мыстанды қатырып таста!
(Мыстан кемпір тұрған бойында қатып қалады.)
Мыстан: Әй, Аяз шал! Керегі жоқ, қалпыма келтір! Ой, не icтeceм екен.
Аяз Ата: Бересің ба сандықтың кілттін?
Мыстан: Жоқ, бермеймін.
Аяз Ата: А-а, онда осылай тұра бер. Мен кеттім.
Мыстан: Жоқ, Аяз-Ата! Кетпеші, беремін кілтіңді, тек балалар менің қояр тілегімді орындасын, жұмбақтарымды шешсін.
(Осы кезде мыстан қалпына келеді)
Балаларға жұмбақ жасырады.
Қыста ғана болады,
Ұстасаң қолың тоңады.
(Қар)
Терезеге қонады,
Әсем ою ояды.
(Қырау)
Тікен, тікен тік пістe.
Қысы жазы бip түсте
(Шырша)
Мыстан:Жарайсьңдар,балалар, жұмбақты жақсы шешеді екенсіңдер.
Аяз Ата: Жарайсыңдар, балаларым! Meнi бүгін бip қуантып, алыс жерден шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер. Барлықтарың да ақылды, білімде де өнерлі екенсіңдер.
Киген киімдерін қандай әдемі! Солай емес пе қызым? Біздің сыйлығымызға риза болыңдар. Ал енді біз жолға шығайьқ. Басқа да балалардың өнерін тамашалайық. Ал, балаларым, сендер өсе беріңдер, өркендей беріңдер. Аспандарың ашьқ болсын! Қош болыңдар! (қолдарын бұлғап шығып кетеді.) Балалар: Сау болыңыздар!
Тәрбиеші: Құрметті қонақтар, балалар! жаңа жылға арналған мерекеміз аяқталып қалды. Көріп тамашалағандарыңа рахмет. Жаңа жыл құтты болсын, отбастарыңызға тек бақыт пен қуаныш әкелсін!!!
Балабақшамен қоштасу
Ертеңгілік
Музыка ойнайды, екі бала кіреді.
Жаннұр: Балабақша бесігім,
Тағы бір той жасайық!
Ашып мектеп есігін,
Өзіңмен қоштасайық!
Талай қызық той өткіздік,
Бірақ орны бөлекше.
Бақшаменен қоштасатын,
Бүгінгі күн ерекше.
Дильназ: Ана тілін ардақтап,
Ана салтын біз көрдік.
Сурет салып, ән жаттап,
Оқып жазып үйрендік
Сүйген өз ұл, өз қызын
Бөбегім деп аянбай,
Балабақшам өз үйім.
Апай болды анамдай...
Жаннұр: Дильназ, балаларды шақырайық
Екеуі бірге: Балалар келіңдер.
(балалалр кіреді)
Хор: « Біз мектепке барамыз»
Диас: Аялап, баулып өсірген,
Қателік етсек кешірген.
Оқытып бізді үйреткен,
Көңілге құйған қуаныш.
Бұл кім?
Балалар: Тәрбиеші. ( Тәрбиешілер кіреді).
1-тәрбиеші: Көтеріп келіп қолымен
Жетектеп үйге қайтатын.
Сәби еді былдырлап,
Сағынышын айтатын.
Тілі таза бүгінде,
Жүгірмейді бүгінде
Жүгірмейді аптығып,
Жүректері тұр ма әлде
Қоштасатын шақты ұғып.
2- тәрбиеші: Бөбек еді ол рас,
Кіп- кішкентай кешегі.
Бүгін міне, азамат,
Болды бәрі деседі.
Әріп танып, сурет салып,
Жаттықтырды қолдарын.
Мектебіне шығарып сап
Тілейік ақ жолдарын.
Жаннұр: (Сандықшаны беріп) Мен сіздерді жақсы көремін, мына сыйқырлы шкатулканы сіздерге сыйлағалы тұрмын, сіздердің арман тілектеріңіз болса, осы шкатулкаға айтып орындатуға болады.
1- тәрбиеші: Шынымен қызық екен, не істейміз. Ашып көрейік. Шкатулка: Сендердің алғаш балабақшаға келген сәби шақтарыңды көз алдыма елестетіп, көргім келеді.
(сәбилер тақпақ айтып береді)
Жүргізуші: Сәбилік кездерің естеріңе түскен болар, ортаға вокал тобын шақырайық, ән «Тәрбиеші- мұғалім»
Жүргізуші: Енді, биге кезек берейік.
Би: «Қоштасу вальсі»
Таза пәк бала көңілмен қимас жандарға алғыс айтатын кезде таяп қалған секілді, ортаға балаларды шақырайық.
Ерасыл: Меңгеруші апай Рәзия,
Тасыған көңіліңіз дария.
Сіз дархансыз, мейірімді анасыз
Қастерлейтін, қамқоршымыз, данасыз
Ұшыратын жас қанатты қатайтып
Балаларға әрқашанда панасыз
Меңгерушіге мың рахмет!
Бейбарыс: Ұстаздардың ұстазы,
Тәрбиенің ұстасы.
Ырза сізге бәрі де,
Ұмытпаймыз сізді де.
Жибек Ғизатқызына мың алғыс!
Жүргізуші: Айналайын гүлдерім,
Ақ шуақты күндерім.
Ерекше қызық тілдерің,
Естен кетпес үндерің.
Ортаға вокал тобын шақырайық
«Біз мектепке барамыз» әні.
Әлішер: Арайлы атқан таңдай жылы жүзі,
Сүйсіндірген баршаны әрбір ісі.
Бала үшін еңбек еткен аянбай
Мың алғыс өзіңізге Ақжарқын Бәделқызы!
Индира: Есеп- қисап жүргізетін,
Бақшаға кіріс кіргізетін.
Апайымыз Арайға,
Біз айтамыз мың алғыс!
Дәлел: Витамин жеп қолынан,
Өскен сәби баламыз.
Дәрігер Айгүл, Айжан апайға,
Алғыс айтып барамыз!
Сандықша: Сендер қазақ, орыс тілінде ғана сөйлейсіңдер ме? Әлде басқа тілде де сөйлей аласыңдар ма, соны білгім келеді.
Жүргізуші: Ана тілің арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте - дегендей біздің балалар өз тілдерін құрметтей отырып ағылшын тілінде де ән сала алады.
Ән ағылшын тілінде.
Кезекті құттықтауға берейік.
Әділет: Суға түсіп шомылып,
Бойымызды жаздық біз.
Денемізді тік ұстап,
Сұлу болып өстік біз.
Жазира апай сізге айтамыз мың алғыс!
Нұрбол: Тамылжытып ән салдырып үйреткен,
Мың бұралта белімізді билеткен.
Сазгер апай Ирина Сергеевна сізге де алғыс айтамыз,
Мың қайтара сәби бала жүрекпен!
Камила: Балабақшам бесігім
Қайсын айта берейін
Қабыл алшы гүлімді
Айгүл Сайранқызы сізге сыйлап кетейін!
Жүргізуші: Би билеп, бойымызды сергітіп алайық,
«Көңілді балалар» биі
(Жалқаубек пен Дымбілмес кіреді)
Ойын: «Нешеге оқисың?»
Сандықша: Сендердің болашаққа деген арман- тілектеріңді білгім келеді.
Жүргізуші: Балалар арман- тілектерін ән арқылы жеткізгілері келеді.
Ән: « Қол созсын болашақ»
Жүргізуші: Алдыңдағы балалар,
Мектепке кетіп барады.
Тақпақ айтып тамсанып,
Қимай кетіп барады.
Диана: Ойыншық та, кесе де,
Шанышқы мен тәрелке.
Орындық, шкаф, төсек те,
Бәрі өзі келе ме?
Соның бәрін табатын,
Шаршамайтын күлетін.
Зыр жүгіріп жүретін,
Баян апайға мың алғыс!
Мейраш: Төсек орын тап- таза,
Аппақ жуған сүлгісі.
Гүлмира апай сізге де,
Балалардан мың алғыс!
Руслан: Тәтті тамақ пісіретін,
Айран сүтін ішкізетін.
Татьяна Владимировна, Зинаида Николаевна,
Әсел апай сіздерге де,
Айтамыз біздер мың алғыс!
Жүргізуші: Бүгін қызық, бүгін той,
Біздер үшін біліп қой.
Әнге салып, би билеп,
Жалғастырсын ойды ой.
Би: «Танго»
Ойын: «Оқу құралдарын жинау»
Сандықша: Қызықты әңгіме тыңдап, көңіл көтергім келеді.
Әлішер, Әділет: «Бала тілі бал»
Жүргізуші: Ортаға бишілерімізді шақырайық.
Би: «Нәзік».
Нұрсат: Үлкендердей тап- таза,
Жазамыз бормен тақтаға.
Үлгілі бала боламыз,
Жүретіндей мақтана.
Томирис: Еркетайын әр үйдің,
Бабын тауып сәбидің.
Балапандай өсірген,
Асыл Серікбайқызы, Раушан Тұмарханқызы.
Мәңгі өшпейді есімнен,
Тәрбиешілерге мың алғыс!
Жүргізуші: Балабақшам, қош енді,
Әркез аман бол деймін.
Әкем менен шешемді,
Енді ертіп келмеймін.
Хор: «Қош, балалар бақшасы»
1-тәрбиеші: Қимай сынған ойыншығын,
Деп жылайтын «тастамай».
Қиып сыйлап жап- жаңасын,
Бара жатыр жас бала.
Ұстамайды етектен де,
Өзі жүре алады.
Өйткені, ол азамат боп,
Білім іздеп барады.
2- тәрбиеші: Қош, балалар сәт сапар,
Үлгілі бәрің болыңдар.
Жақсы оқып әрқашан,
Тек бестік алыңдар.
(Ақжолмен жүріп, тілектерін айтып, шарды ұшыру).
Менің Отаным
Тәуелсіздік күні мерекесіне арналған
Мерекелік іс-шара слайдтар көрсетілімімен өтеді.
Музыка әуенімен өлең оқылады (балалар жалаушалармен кіреді)
1−СЛАЙД (Мемлекеттік рәміздер)
Кадр сыртында:
|
Елім менің, тәуелсіз жерім менің,
Күннен алған шуақты өмір дәмін.
Рухы ұлттың өсіпті өлместей боп,
Көк байрағын төбеме көтерген күн.
|
Орыс тілінде:
|
Путем тернистым мы прошли,
Наш край становится на равных,
С другими странами земли
Среди народов равноправных.
|
Ағылшын тілінде:
|
Flag of my country
Winds up very high
Happy Independence Day!
|
|
«Отан» әні
|
|
(Мемлекет жетістіктері)
|
1-бала
|
Көк туды асқақ көтерген,
Елді мақтан етемін.
Терезесі тең,
Сыйлас,
Алыс, жақын шетелмен.
|
2 - бала
|
Родина, если сильнее ты
Значит, сильней мы сами.
Значит, сбудутся наши мечты,
Наши надежды ребячьи.
|
3- бала
|
Kazakhstan is my Motherland
I like our big land!
|
3−СЛАЙД
|
(Дружба народов)
|
|
Музыка ойнайды, балалар әртүрлі ұлттық киімдермен шығады
|
«Достық» биі
|
|
Жүргізуші бала:
|
Орыс көрші батыста,
Көрші емес кемсінер.
Ортақ тіл тап, табыс та,
Ұлы халық қолы ұзын,
Білім, өнер соларда.
|
Ресей қонағы:
|
Живет на чудесной планете,
Веселый и умный народ.
Россия с горячим приветом,
К Вам, казахстанцы идет.
|
|
Исполняют русский танец
|
Жүргізуші бала:
|
Қытай көршім тағы бар,
Пәлсафалы шығыста.
Дос боламыз қашанда,
Екі ұлы елменен.
|
|
|
Қытай қонағы:
|
Китай всем известен великой стеной,
Стоят в нем дворцы красоты неземной.
Парит там дракон над Китаем,
Казахстан дружит с Китаем
|
|
Исполняют китайский танец
|
Жүргізуші бала:
|
Өзбек, Қырғыз, Түркімен,
Оңтүстікте көршілес,
Ортақ бізде дін, тіл, өң,
Бауыр бәрі елшілес.
|
Өзбек қонағы:
|
Я живу в Узбекистане,
Я люблю свой край родной.
Он хорош зимой и летом,
Но особенно весной.
|
|
Исполняет узбекский танец
|
Германия қонағы:
|
Пляску немецкую
Подарим мы вам.
С нами в круг вы становитесь,
От души повеселитесь.
|
Неміс биі
|
|
Англия қонағы:
|
We are modern and fashions
To belong to other nations
We are people from England
We live in the Great land!
|
Би
|
|
Украина қонағы:
|
Как красива, моя Украина
Дорогая отчизна моя!
Днепр - река моя глубока,
С белизной лебедей по краям.
|
Украин биі
|
|
Испания қонағы:
|
Испания, Испания!
Чудесная страна.
Сияет над Испанией
Испанская луна!
А в полдень солнце ясное, испанское горит.
И светит над Испанию, столицею Мадрид!
|
Испан биі
|
|
Қазақтың
ұлттық
киіміндегі
бала:
|
Бар көршіні сыйлаған,
Қазақта бар мықтылық,
Қақ ортасын жайлаған.
Жақсылықты үйреніп,
Жамандықтан жиреніп,
Көршілермен бірлесіп,
Келеміз тең күн кешіп!
|
Достық, бақытты балалық шақ туралы ән
|
|
Жүргізуші бала:
2-бала
|
Қазақ – қонақжай халық, қонақтарын құрметтеп төрден орын берген.
Құрметті қонақтар, Сіздерге жайлы ма?
|
Орыс тілді жүргізуші бала:
|
Вам отведены самые почетные места. Ведь мы живем в Казахстане. А у нас – гостю почет и уважение!
|
Жүргізуші бала:
| -
Балалар, қонақжайлылық, достық туралы мақал-мәтелдер айтайықшы.
|
Балалар:
| -
Қырықтың бірі – Қыдыр.
-
Гость в доме, хозяину радость.
-
A friend in need is a friend indeed
-
Жақсы келсе - құт болар,
Жаман келсе – жұт болар.
А человек с друзьями.
-
Көршісі көпті жау алдмайды,
Досы көпті дау алмайды.
|
1-жүргізуші бала:
|
Мы живем в третьем тысячелетии.
Уважая прошлое, вспоминая предков,
Историю края, цепь славных столетий
И беря пример из прошлого нередко.
Книгу истории страны своей открываем перед вами
|
2-жүргізуші бала:
|
Өткенді саралап,
Болашақты болжайын.
Мәртебесін көтеріп,
Тарихымды шолайын.
20 жыл Тәуелсіз еліме
Кітапты парақтап, қарайын.
|
|
|
4−СЛАЙД
5−СЛАЙД
|
(Тарих беттері)
«Алтын адам» хореографиялық композиция
|
|
|
Бала:
|
Сазсырнай, қобыз, домбыра,
Бабалардан қалған мұра.
Күмбірлеп, сызылып, күй ойнап,
Ғажайып күй енер, адамның бойына.
(күй орындалады)
|
6−СЛАЙД
|
(ұлттық нақыштар )
|
|
«Сырмақ» хореографиялық композициясы
|
Жүргізуші:
|
Біздің болашағымыз - бақытты балалар, білімді жастар.
|
Бала:
|
Біз ананың - гүліміз,
Біз ананың – күніміз,
Балапаны – нұрымыз.
|
7-СЛАЙД
|
(бақытты балалық шақ)
|
Кіші топтар балалары:
|
Ән «Ән шашу»
(күн, балапан, гүлдердің киіміндеге)
|
8-СЛАЙД
|
(Қазақстан космосы мен космонавтары туралы)
|
Бала:
|
Көргенде зеңгір көк биіктен,
Туған жер, сен неткен сүйікті ең!
Қараймыз әлемге біз бүгін
Асқардай еңселі иықпен
Байқоңыр – елімнің мақтаны,
Сырласар көктегі жұлдызбен.
|
Бала:
|
Байконур – это символ сверх мощи страны!
Байконур - это верные долгу сыны!
Байконур – дерзость космических вех!
Байконур – это мир, сохраненный для всех!
|
|
«Болашақтың космонавтары»
хореографиялық композиция
|
9-СЛАЙД
|
(Азиада тарихынан)
«Азиада» әнұраны тыңдалады
|
|
|
Жүргізуші:
|
Впервые Казахстан получил – право на проведение 7 зимных игр! Азиада – 2011 г. в которой участвовали 30 стран. Соревнования проведены по 11 зимним видам спорта. Встречайте будущих олимпийцев Казахстана!
Спортивно-хореографический этюд «Мы будущие олимпийцы
|
|
Песня «Балауса» ( даярлық тобы вокал )
|
10-СЛАЙД
|
( Қазақстан өнері)
|
Жүргізуші:
|
Қазіргі таңда еліміздің жастары өткен ғасырда өмір сүрген ұстаздарының жолын қуып, мәдениет деңгейін жылдан-жылға көтеруде. Түрлі оркестрлеріміз, балет труппалары, әртүрлі жанрдағы суретшілеріміз ҚР –ның мәртебесін, әлем халықтарының алдында беделін көтеруде.
|
|
«Классика» хореографиялық композиция
|
|
Ән «Неополитан әні»
|
11-СЛАЙД
|
(Елордамыздың жаңа архитектурасы)
|
Жүргізуші:
|
Міне, Тәуелсіз Қазақстанымыздың тарих кітабының ең басты бетіне де келіп жеттік. Бұл әлемге әйгілі – жаңа Астана, жаңа елорда, Сарыарқа маржаны
|
Бала:
|
Сарыарқа төсі,
Сән беріп Есілге.
Жас қала – Бас қала,
Астана өсуде
Елбасы тілегі
Елімнің жүрегі
Жасанған елорда
Туған жер тірегі.
|
Бала:
|
Astana is a nece
Astana is a fine
Astana is a bright
The future is very light
|
Бала:
|
Как прекрасна столица казахская!
Ее скверы, фонтаны, сады
Солнце светит особенно ласково
Дружным жителям Астаны!
|
|
Ән «Астана»
|
Жүргізуші:
|
Қазақ жері мен үшін – дархан дала,
Алматы мен Астанадай – әсем қала.
Алтын адам – Алматыда тұрған дара,
Бәйтерек қой – Астанада зәулім жолға!
Егемендік мен үшін – ата-ана,
Күлкүлері сыңғырлаған – бақша, бала.
|
|
Ұлттық киім киген ер және әйел адам шаңырақ алып шығады. Ұлттық киімдегі балалар шаңырақ ленталарын ұстап, шеңбер бойымен тұрады. Қалған қатысушылар жартылай шеңбер құрып, Отан туралы әнді орындайды.
(Авторлары: Костенко М.О., Грохольская О.И.)
|
Тақырыбы: «Шахматтар әлеміндегі Жаңа жыл!»
Астана қаласы № 37 балабақша
Ән- күй жетекшісі: Шэ И. С.
Өткізген тәрбиеші:Тажикенова Б. Б.
Балалар шымылдықтың сыртында колдарына қонырау ұстап отырады.
Дауыс:Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар!
Таңырқанып тұрмаңыздар.
Мерекелік кешімізге
Шақырамыз Шахматтар әлеміне!
Кіру шегіртке скрипкада ойнайды:
Шегіртке сөзі: О, жарандар, қараңдар
Естімеген естіңіздер,
Көрмегендер көріңіздер
Тыңдамағандар тыңдаңыздар
Қызықтаңдар, сайрандаңдар,
Келді, міне, сағындырып далама
Келді, міне, Жаңа жыл аппақ болып
Ән салып, жұмбақ болып, тақпақ болып
Кәне, кәне келіңіздер
Бір би салып беріңіздер!
Маскарадым басталды,
Би билеңдер, ән салып
Мейрамдаңдар, сайрандаңдар
Жаңа жылды қарсы алып
Сахнаның пердесі ашылады,балалар қонырау сыңғырымен билейді.
Шыршаның алдына жарты шеңберге болып тұрады.
Жүргізуші сөзі Шахмат ханшайымы:
Жаңа жыл еңселеніп еніп тұр,
Жаңа үмітпен, жақсылықпен келіп тұр!
Ойындағы бар мейірім, қуанышын
Балдырғандар, өздеріңе беріп тұр!
1-бала:
Қош келдіңіз бүгінгі Жаңа Жыл кешімізге
Жаңа табыс тілейік ісімізге
Келе жатқан Жаңа жыл құт әкелсін.
Мына отырған барша жан бәрімізге
2-бала:
Кел, Жаңа Жыл! Төрле – төрле жеріме,
Құт –береке боп келгейсің еліме!
Үміт артып армандарға аяулы,
Шаттығыңа бөлегейсің мені де.
3-бала:
Ей, Жаңа Жыл! Жаңа бақыт, ырысым,
Жақсылықтың жаршысы да нұрысың.
Адамдардың асқақтаған арманы,
Ақындардың таусылмайтын жырысың.
Қуанышпен келді той боп Жаңа Жыл
Құтты болсын, жаңа бақыт, достарым!
Жаңа жылдарыңыз құтты болсын
Балалар ән айтуға тұрады
Ән «Жаңа жыл» өлеңін жазған Е.Елубай, ән.жазған Қ.Шілдебаев
Балалар отырады.
Жүргізуші сөзі: Бүгін қандай керемет кун,балалар Аяз Атаны қарсы алуға дайынсыңдарма?
Балалар: Ия, дайынбыз!
Жүргізуші сөзі: Кәне менде сендермен
Тұрайыншы шеңберге
Көңілді әнді бастайық
Қуыршақ биді билеп тастайық!
«Қуыршақ» биі. Сиықырлы әуен ойналады,қуыршақтар қатып тұрады.
Жүргізуші сөзі: Не болды? Не істеміз? Аида cен мені естимсің?
Карабас-Барабастың даусы шығады: ХА-ХА-ХА! Карабас- Барабас кіреді.
Карабас-Барабас сөзі: Менсіз мереке тойлап жатырсындар! Менің қуыршақтарым!
Жүргізуші сөзі: Сәлемітсіз бе Карабас барабас!
Карабас- Барабас сөзі: Сәлем! Сәлем Шахмат ханшайымы! Маған кедергі жасама!
Жүргізуші сөзі: Бүгін біздің мереке! Балалар мерекеге дайындалды!Біздің балалар сізге тақпақтар айтып береді:
Карабас-Барабас сөзі: Білемін, білемін менің қуыршақтарым әрқашанда дайын.Қуыршақтарым дайындалындар!(Қуыршақтар отырады). Мына көрермендер дайынба?(қолымен көрсетеді).Алтын мани мани бар ма? Шығарыңдар!!!
Ата -ана сөзі: Иә, дайын! Міне көңілді биі!
«Көңілді би» ата-аналар билейді орында отырып.
Карабас-Барабас сөзі: Би жақсы, ал менің алтын монета қайда?
Жүргізуші сөзі: Қазір балалар алтын монета салынған қалта береді.
Ойын балармен ата-аналар: «Алтын монета жинау»
Карабас-Барабас сөзі: Иә!Иә!Жарайсыңдар!Қайда сендердін тақпақтарын?
1-бала: Даламызға, қаламызға
Жаңа жыл кіріп келеді.
Қартыңызға, балаңызға
Жалынды сәлем береді.
2-бала: Аспан жерге төгеді,
Ақ күмісін уыстап.
Жаңа жыл келеді,
Бізге қарай жылыстап.
3-бала: Жүзімізде күлкі ойнап,
Қанаттанды жанымыз.
Жаңа жылды біз тойлап,
Шаттанамыз бәріміз.
4-бала: Көрсін біздей балғынды,
Көңілденсін ол енді.
Шарықтайық ән-жырды,
Шарықтайық өлеңді.
Вокал тобы әні:«Ару жаңа жыл» өлеңін жазған И. Сапарбай, ән жазған А.Тоқсанбаев
Карабас-Барабас сөзі: О-О-О! Қандай керемет, мен қуаныштымын! Жарайды, мерекені жалғастыра беріңдер! Эй менің Арлекиноларым көрермендердің көңілін көтеріндер! (Карабас-Барабас қуанышты көңіл күймен кетеді).
Жүргізуші сөзі:
Ой, жараңдар, жараңдар!
Қызықтаңдар, қараңдар,
Келді бізге қонаққа
Көңілді Арлекинолар!
«Арлекино» биі.
Жүргізуші сөзі:
1-бала:Аппақ бүгін қыр далам,
Ақ дастархан жайғандай,
Халық біткен қарбалаң,
Қонақ күтіп жатқандай.
2-бала: Көңілде көп қуаныш,
Әр көңілде жақсылық.
Кетер жылға мың алғыс
Әкелген көп жақсылық.
Музыка ойнайды, мысық Базилио және түлкі Алиса кіреді.
Түлкі Алиса: Сен ақымаққа айтым ғой: Аяз атаны тауып, одан сыйлық алып.Оны сатып Бай боламыз!
Мысық Базилио: Алисажан біз ол сыйлықты өзімізге қалдырайық.
Түлкі Алиса: Ей, Базилио, ақымақ маған жаңа әдемі тон керек! (Жан -жағына қарап балаларды көреді.) Ой, сәлемітсіз бе менің ботақандарым! Аяз- ата сендерге сыйлық әкелдеме? (балалар дейді: Жоқ!)
Мысық Базилио: Ой, тұра келдік,бізгеде сыйлық бар шығар!(сыбырласып)
Жүргізуші сөзі: Сәлемітсіз бе мысық Базилио және түлкі Алиса! Не деп сыбырласып жатсыңдар?
Түлкі Алиса:Біз сіздерге мерекеге келдік.
Мысық Базилио: Әкелдік үлкен күшті сыйлық. (үлкен шахмат тақтасы)
Жүргізуші сөзі: Рахмет
Кел, достарым, тұрмайық,
Шахматар биін, билеп берейік.
«Шахматар» биі
Мысық Базилио: Менің қара шахматарым жеңеді!
Түлкі Алиса:Неге сенікі жеңеді! Менің Ақ шахматарым жеңеді!
Мысық Базилио мен түлкі Алиса сөзге таласады.
Жүргізуші сөзі: Тоқтаңдар,бүгін мереке, ойын ойнасақ қалай болады.
Ойын: «Сиқырлы шахматар»
Түлкі Алиса:Базилио сен ақмақсың, ақмақболып қаласын. Менің Ақ шахматарым жеңді!
Мысық Базилио: Алиса сен режемеші маған. Қайда менің сыйлығым?
Түлкі Алиса:Міне саған сыйлық! (қар лақтырады,шам сөнеді)
Мысық Базилио және түлкі Алиса кетеді
Жүргізуші сөзі: Балалар, не істейміз?
Светлячок: Шахмат ханшайымы біз саған көмектесеміз!
«Светлячок» биі, биден киін шам жағады
Жүргізуші сөзі: Рахмет сендерге! Мен сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр, шешіп беріңдерші.
Аппақ тонға оранып,
Базарлықты мол алып,
Жаңа жылда біздерге
Кім келеді сағынып?
Балалар: Аяз Ата! Аяз Ата! Аяз Ата!
Жүргізуші сөзі: Дұрыс, ендеше бәріміз бірге бүгінгі шырша тойына Аяз Атаны шақырайық. Жаңа жылды бізбен бірге қарсы алсын.
Балалар қосылып Аяз Атаны шақырады.
Музыка ойналады, залға Аяз Ата мен Ақшақар кіреді.
Аяз Ата. Ау, амансың ба, ұлдарым?
Достарыңызбен бөлісу: |