Атауы
|
Өзара қарым-қатынастықты талдау
|
Бағыт 1. Жоғары инновациялық технологияларды ендіру негізінде өңір экономикасының жеделдетілген дамуы
|
Мақсат 4.1.2.: Жамбыл облысының өнеркәсіптік әлеуетін арттыру
|
Кен өндіру өнеркәсібі және ашық кеніштерді игерудің нақты көлем индексі
|
Индикатор көмір өндіру 58,6%-ға, табиғи газ – 2,6%-ға, шикі мұнай - 1,4%-ға қысқаруы есебінен орындалмады.
|
Міндет 4.1.2.1. Өнеркәсіптің басымды секторларын дамыту
|
Өңдеу өнеркәсібі өнімін экспорттаудың өсімі
|
Негізгі себебі - кедендік басқарманың мәліметіне сәйкес химия және металлургия өнімі экспортының төмендеуі. Химия өнімі («Казфосфат» ЖШС) компанияның басты офисінің орналасу жері Алматы қаласы арқылы экспортталады. "Тараз металлургиялық зауыты" ЖШС өнімі кедендік одақ елдеріне жіберілуіне байланысты, кедендік статистикада есептелмейді.
|
Міндет 4.1.2.1. Өнеркәсіптің басымды секторларын дамыту
|
Нәтиже көрсеткіші
|
Химия өнеркәсібінің нақты көлем индексі
|
Көрсеткіштің орындалмауы күкірт қышқылының жетіспеушілігінен натрий үш полифосфатын өндіру 33,3%-ға, ортофосфор қышқылын - 28,0%-ға қысқаруына байланысты. Бұл мәселе «Казфосфат» ЖШС-мен күкірт қышқылы цехын салу - жаңа инвестициялық жобаны іске қосқанда шешіледі.
«Казфосфат» ЖШС-нің фосфор өнімнің 85% алыс және жақын шет елдерге экспортталады. Европа елдеріндегі дағдарысқа байланысты фосфор өніміне сұраныс азайып, оның салдарынан фосфор өндірісі төмендеген.
|
Химия өнеркәсібі өнімін экспорттаудың өсімі
|
Химия өнімі экспортының төмендеуіне оны шығарудың азаюы және химия өнімінің «Казфосфат» ЖШС компанияның басты офисінің орналасу жері Алматы қаласы арқылы экспортталуы себеп болды.
|
Химия өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігінің өсімі
|
Фосфор өнімге сұраныстың төмендеуіне байланысты «Казфосфат» ЖШС өндіріс көлемі төмендеп, тиісінше 2012 жылы еңбек өнімділігі жоспарланған көрсеткішке жетпеді.
|
Жеңіл өнеркәсібінің нақты көлем индексі
|
Көрсеткіш тоқыма өнеркәсібінде өндіріс көлемінің 58,1%-ға төмендеуіне байланысты орындалмады. Бұған «Фабрика ПОШ Тараз» ЖШС-де жуылған жүн өндіру үшін қажетті шикізаттың (МММ жүні) тапшылығы себеп болды.
|
Машина жасау өнеркәсібінің нақты көлем индексі
|
Көрсеткіштің орындалмауы "Камкор-Локомотив" Шу локомотив жөндеу зауытында 2012 жылы өнім көлемінің төмендеуінде және комбайндер жинайтын цехтың жабылуында байланысты. Кәсіпорында 2012 жылдың желтоқсанында ҚХР бірігіп маневрлы тепловоздарды жинау бойынша жаңа өндіріс іске қосылды.
|
Машина жасау өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігінің өсімі
|
Көрсеткіш аталған салада өндіріс көлемінің төмендеуіне байланысты орындалмаған (Шу локомотив жөндеу зауытында тапсырыс азаюына байланысты).
|
Түсті металл кенін өндіру саласының нақты көлем индексі
|
Көрсеткіштің орындалмауына «Алтыналмас» АК» АҚ «Карьерное» кен орнында алтынқұрамдас кенінің өндірісінің төмендеуі себеп болды. Жыл бойы аталған кен орнында кен құрамында алтынның аз болуына байланысты өндіріс жиі тоқтап тұрды. Қалған кен орындары жоспарлы режимде жұмыс істеп тұр, алайда жалпы алтынқұрамдас кенінің өндірісінде «Карьерное» кен орнының үлесі едәуір. ҚР статистика агенттігінің мәліметі бойынша көрсеткіш 2011 жылмен салыстырғанда 7,1%-ға өсті.
|
Орындаушы орган
|
Жамбыл облыс әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы, энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы, аудандар мен Тараз қаласының әкімдері, «Казфосфат» ЖШС,«ТаразКожОбувь» ЖШС,«Фабрика ПОШ-Тараз» ЖШС, шағын кәсіпорын, машина жасау кәсіпорын,«Алтыналмас» АҚ
|
Мақсат: 4.1.3. Бәсекеге қабілетті агроөнеркәсіп кешенін құру
|
Ауыл шаруашылығының өнімін өндірудің НКИ
|
Индикатор ауа-райының қолайсыздығына байланысты дәнді және дәнді бұршақ дақылдарының жалпы өнімі 2011 жылмен салыстырғанда 41,7%-ға, майлы дақылдар – 20,3%-ға, ашық жерлердегі көкөністер – 1,5%-ға, қант қызылшасы – 64,0%-ға төмендеуіне байланысты орындалмаған.
|
Міндет: 4.1.3.1. Прогрессивті технологияларды енгізу негізінде агроөнеркәсіп кешені салаларының көрсеткіштерін тұрақты өсіру
|
Нәтиже көрсеткіші
|
Өсімдік шаруашылығының өнімін шығарудың (қызметінің) нақты көлем индексі
|
Ауа райының қолайсыздығына байланысты көрсеткіш орындалмады, нәтижесінде өсімдік шаруашылығы өнімдерінің көлемі 2011 жылмен салыстырғанда 41,1 млрд. теңгені құрап, 9,0 пайызға қысқарды.
|
Орындаушы орган
|
Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы, жер қатынастары, табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармалары, аудандар және Тараз қаласының әкімдері, Шу-Талас бассейндік инспекциясы, мемлекеттік су шаруашылық коммуналдық кәсіпорындары.
|
Мақсат 4.1.4.: ШОБ және сауданы дамыту
|
ШОБ субъектілерінің өнім шығаруының нақты көлем индексі
|
Көрсеткіш техникалық себептерге байланысты орындалмады. Салықтық есептілік жинау жүйесі электрондық форматқа ауысуына байланысты СОНО және ИНИС ақпараттық құрылғылары арасында байланыс уақытша жоқ, осының салдарынан патент бойынша жұмыс істейтін және есептілікті ИНИС жүйесі бойынша қағазда тапсырған жеке кәсіпкерлер СОНО есептілігіне енгізілмеген.
|
Міндет 4.1.4.2. Сауданы дамыту
|
Нәтиже көрсеткіші
|
Бөлшек сауда айналымының көлемі
|
Археологиялық қазба жұмыстарына байланысты облыс орталығындағы негізгі сауда базарларының 4 тоқсанның басында жаңа орындарға көшуіне орай сатудың барлық каналдары бойынша бөлшек тауар айналымының көлемі 2012 жылғы қаңтар-желтоқсанда жоспарлы көрсеткіштің деңгейіне 5941,7 млн.теңгеге жетпеді. Бүгінгі күні жаңа базарлар жартылай жұмыс істейді, нәтижесінде бөлшек тауар айналымының көлемі азаюда. ҚР Статистика агенттігінің мәліметтері бойынша бөлшек тауар айналымының көлемі 2011 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 16,1%-ға артқан.
|
Орындаушы орган
|
Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы, аудан және Тараз қаласы әкімдері
|
Бағыт 2. Әлеуметтік саланы дамыту және халықтың өмір сүру сапасы деңгейін арттыру, тұрақтылықты және қауіпсіздікті қамтамасыз ету
|
Мақсат: 4.2.1. Білім берудің қолжетімділігін және сапасын қамтамасыз ету
|
Жастарды техникалық және кәсіптік біліммен қамту үлесі (14-24 жас)
|
2012-2013 оқу жылында техникалық және кәсіптік ұйымдарда оқитындардың саны 35472 адамды құрады, оның ішінде 14 жастан 24 жасқа дейінгі – 31877 адам, жастарды техникалық және кәсіптік біліммен қамту үлесі жалпы 14-тен 24 жасқа дейінгі жастар санынан (214333 адам) 14,9% құрады.
Көрсеткіш 2 колледждің жабылуына, тағы 2 колледж қызметін тоқтатуына және 3 колледжде 1 курсқа білімгерлер қабылдамағанға байланысты орындалмаған.
|
Орындаушы орган
|
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы, мемлекеттік және жеке меншіктегі кәсіптік- техникалық мекемелер
|
Мақсат 4.2.2.: Облыстың тұрақты әлеуметтік-демографиялық дамуын қамтамасыз ету үшін облыс халқының денсаулығын нығайту
|
Міндет 4.2.2.1. Бірегей ұлттық денсаулық сақтау жүйесіндегі медициналық көмектің қол жетімділігі мен сапасын арттыру
|
Нәтиже көрсеткіші
|
Дәрігер кадрларына тапшылықты төмендету, адам
|
2012 жылы қалалық жерде дәрігерлік кадрлар үшін әлеуметтік пакеттер қарастырылмаған, осы себептен дәрігерлік кадрлар қызығушылық танытпай жұмыс істегенге келмеген.
|
Орындаушы орган
|
Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы
|
Мақсат 4.2.7.: Қоғамдық қауіпсіздікті және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету
|
Төтенше жағдайлардан адамдардың және материалдық шығындардың азайюы
|
Төтенше жағдайлардан адамдардың және материалдық шығындардың өсуі ірі көліктік авариялар санының 2 есеге, техногендік сипаттағы өндірістік және тұрмыстық өрт және жарылыс санының 12,7%-ға ұлғаюына байланысты.
|
Міндет 4.2.7.1. Қоғамдық тәртіпті және жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуді күшейту
|
Нәтиже көрсеткіші
|
Жол транспортық уақиғаның санының (деңгейі) төмендеуі (10 мың бірлік автотранспортына)
|
Жол транспортық уақиға (ЖТУ) санының 10 мың бірлікке өсуі ЖТУ-ны есепке алу әдістемесінің өзгеруіне байланысты. Қазіргі уақытта ұйымдар мен үйлердің есік алдында орын алған, бұрын есепке алынбайтын, ЖТУ есепке алынады.
|
Орындаушы орган
|
Жамбыл облысының ішкі істер басқармасы
|
Бағыт 3. Инфрақұрылымдық кешенді жетілдіру және сапалы тұрғын үй-коммуналдық және тасмалдау (транспорттық) қызметімен қамтамасыз ету
|
Мақсат 4.3.2: Құрылысты дамыту
|
Міндет 4.3.2.1: Қалың бұқара топтарына тұрғын үйге қол жетімділігін қамтамасыз ету үшін тұрғын үй құрылысы проблемаларын кешенді шешу
|
Нәтиже көрсеткіші
|
Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымның құрылысы және (немесе) сатып алу
|
«Боди билд» ЖШС мердігердің кінәсінан Тараз қаласында жылу трассасын жаңғыртуға бөлінген 14,6 млн. теңге игерілмеген.
|
Орындаушы орган
|
Жамбыл облысы әкімдігінің құрылыс, жолаушылыр көлігі және автомобиль жолдары басқармасы, аудан және Тараз қаласы әкімдері
|
Бағыт 4.4. Ауылдық елді мекендердің (агроқалашықтардың) дамуына жағдай жасау
|
Мақсат: 4.4.2. Қоршаған ортаны тұрақтандыру және сапасын жақсарту
|
Міндет: 4.4.2.1. Атмосфералық ауаның, жерүсті және жерасты суларының ластану деңгейін төмендету, тұрмыстық қалдықтардың жиналуын азайту
|
Нәтиже көрсеткіші
|
Стационарлық көздерден шығатын атмосфераға ластаушы заттар шығарындылары
|
Стационарлық көздерден шығатын атмосфераға ластаушы заттар шығарындыларының өсуі жұмыс істеп жатқан кәсіпорындар өндірісінің ұлғаюы және жаңа кәсіпорындар ашылуына байланысты.
|
Қайта өңдеуге бағытталған коммуналдық қалдықтардың көлемі
|
Облыста өңдеу зауыты болмағандықтан көрсеткіш орындалмаған.
|
Орындаушы орган
|
Жамбыл облысы әкімдігінің білім, денсаулық сақтау, кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармалары.
|