Бақылау-өлшеу құралдары және қорытынды бақылау ерекшелігі "Жалпы медицина мамандығы үшін " фармакология "пәні бойынша 2022-2023 оқу жылының көктемгі семестріне



бет4/6
Дата08.12.2022
өлшемі1.71 Mb.
#466795
1   2   3   4   5   6
КИС 3 ОМ Фармакология 22-23 kz

«Сәулелік диагностика»
Дұрыс диагноз қою үшін сәулелік және визуалды диагностиканың қандай әдістерін қолдану керек. Сонограмманы сипаттаңыз

«Фармакология»
Қандай дәрумендік препарат ағзада кобамид кофакторына айналады және осы ауруда эритроциттердің жетілу процесін тездетеді? Жауапты негіздеу
Жауап:
Жауап: Цианокоболамин. (В12 дәрумені). Парентеральды енгізіледі
Цианокоболамин тапшылығын да эритропоэз мегалобласты түрі жүреді:эритробласт-гиперхромды меналобласт- мегалоцит. Қан суретін қалыпқа келтіреді, сонымен бірге неврологиялық бұзылыстарды және тілдің сілемелі қабығының бұзылысын қалыпқа келтіреді. Асқазан сөлінің ахлоргидриясы сақталады.
«Аурулар механизмі. Жүрек-қантамыр жүйесі»
Науқас А., 52 жаста, кеуде қуысының сол жағындағы басып-жаншып ауырсынуға, оның сол жақ иыққа, сол жақ қолға таралатындығына, ұзақтығының 3-тен 5 минутқа созылатындығына, инспираторлы ентігумен қосарлануына шағымданады. Ауырсыну тегіс беткеймен жүргенде және екінші қабатқа көтерілгенде пайда болады, тыныштықта және 1-2 нитроглицерин дәрісін қабылдағанда ауырсыну басылады.
Аурудың анамзнеінен: Жоғарыда аталған ауырсыну 1 жылдан бері мазалайды, алғаш рет қатты психоэмоциональды күйзелістен кейін дамыған.
Өмір аназнезі: Бастауыш сыныптарда мұғалім болып жұмыс істейді.
Тұқымқуалаушылығы: әкесінде Артериальды гипертензия бар.
Объективті тексеру: Жалпы жағдайы салыстырмалы қанағаттанарлық. Дене бітімі қалыпты, Толықтау. ДСИ - 33,2 кг/см2. Тері қабаты таза, акроцианоз. Теріасты-шел май қабаты артығымен дамыған. Шеткері лимфа түйіндері ұлғаймаған. Аяқтары ісіңкіреген. Жүрек аймағы өзгермеген. Тамыр шоғыры - 7 см. Жүрек ұшы түрткісі ортаңғыбұғана сызығымен (ОБС) бесінші қабырғааралығынан ішке 2 см-де анықталады. Жүректің салыстырмалы тұйықтық шекарасы оң жақта – төстің оң шетімен, жоғарғы шекарасы - 3-ші қабырғааралығында, сол жақ шекарасы – ОБС-нан сыртқа қарай 1,0см анықталады. Жүректің тоны әлсіреген, ырғағы қалыпты. ЖЖЖ - 82 рет минутына, АҚ – 110 және 70 мм.с.б.
Тексеру кезінде: ЖҚА: Нв- 132 г/л, эритроциттер- 4,0*1012/л, лейкоциттер -6,9* 109/л, тромбоциттер -280, ЭТЖ - 9 мм/сағ.
Б/Х: жалпы холестерин - 7,3 ммоль/л (N: 3,1-5,2 ммоль/л),
ТТЛП- 5,1 ммоль/л (N: 3,9 ммоль/л аз)
ТЖЛП-0,86 ммоль/л (N: 1,42 ммоль/л көп)
ЭКГ: Ырғағы синусты, ЖЖЖ- 78 рет минутына, ЖЭО-нің солға ығысуы, V4-6 тіркемесінде төменге қисайған ST сегментінің депрессиясы бар.
Қойылған сұрақтарға жауап беріңіз:
«Ішкі аурулар»
Науқаста анықталған клиникалық синдромдарды анықтау және негіздеу қажет; Жетекші синдромды анықтау
Осы клиникалық жағдайда қандай ауру туралы болжам жасауға болады, негіздеңіз№
«Биохимия»
Гипоксиямен миокардты энергиямен қамтамасыз ету ерекшеліктерін көрсетіңіз? Миокардиоциттер цитолизінің спецификалық зертханалық маркерлері.
«Патологияы»
Жүрек-қантамыр жүйесінің патологиясы бар науқастағы кеуде қуысының сол жақ бөлігіндегі ауырсынулардың даму механизімін түсіндіріңіз.
Өкпеде анықталған патологиялық процесстің морфологиялық бейнесіне сайкес суретті тандаңыз, берілген өзгерістерді сипаттаңыз, қорытынды беріңіз




а)

б)

в)















Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет