Байниязова жанар төлеубайқызы Қазақ лексикографиясы: біртілді оқу сөздігін түзудің ғылыми негіздері


Бастапқы материалдар (картотека қоры) туралы ілім



бет12/28
Дата01.03.2024
өлшемі208 Kb.
#493923
түріДиссертация
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   28
19 5

Бастапқы материалдар (картотека қоры) туралы ілім. Сөздіктердің дереккөздері жөніндегі, сөздікке негіз болатын бастапқы материалдарды жинақтау мен сақтаудың формалары мен әдіс-тәсілдері жөніндегі мәселе – сөздік түзу жұмысындағы келелі мәселелердің бірі. Қандай лексикографиялық шығарма болса да, оның түзілуі картотека мәселесінің оңды шешілуімен тікелей байланысты екендігі анық. Жобаланып отырған сөздікке алынатын дереккөздер корпусын анықтау, басқа сөздіктерді дереккөз ретінде пайдаланудың сипаты мен ерекшеліктерін белгілеу, жалпы ғылыми, жалпы әдеби, жалпы тілдік шығармалардан, сонымен бірге, арнаулы салалық бағдарлы шығармалардан материал жинақтаудың әдіс-тәсілдерін сипаттау, ауызекі сөйлеу тілі негізінде даярланған жазбаларды пайдаланудың әдіс-тәсілдері мен қолданым шектерін анықтау, тиісті тілдік бірлікті ұсынатын мәтін бөлшегінің сипаты мен ұзындығын белгілеу, тілдік бірліктің қолданымын дәйектейтін мәтін бөліктерінің жалпы санын айқындау – материалды дайындауға қатысты іс-шаралардың қысқаша тізбесі осындай. Оның үстіне сөздік материалдарды жинақтайтын картотекалардың түрлері, оларды толтырудың әдістемесі, сонымен бірге, материалды сұрыптап алудың инструкциясы, картотека жасау ісін механикаландырудың, автоматттандырудың жолдары, т.б. – лексикография теориясында қарастырылуы тиісті мәселелер.
Сөздік түзу ісін жоспарлау мен ұйымдастыру туралы ілім. Әрбір лексикографиялық туындының өзіндік ерекшеліктеріне байланысты оны жоспарлаудың, инструкциясы мен проспектісін жасаудың, сөздікті түзу ісін ұйымдастырудың өзгешеліктері болатыны белгілі.
В.В. Морковкиннің жазуы бойынша, сөздік проспектісі мынадай негізгі бөліктерден тұрады: 1) сөздіктің мақсаттары мен міндеттерін баяндау; 2) нақты адресатты көрсету; 3) сөздіктің композициясын сипаттау; 4) сөздіктің сөзтізбесін сипаттау (сандық және сапалық); 5) сөздік мақаланың құрылымын сипаттау; 6) сөздік мақаланың жекелеген элементтерін жүйелі түрде, бірте-бірте, ретімен және детально сипаттау; 7) белгілерді, қабылданған қысқартпаларды, шартты таңбаларды сипаттау; 8) дереккөздерді (соның ішінде лексикографиялық та) көрсету; 9) қосымшаларды сипаттау [9, 55-56].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   28




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет