Байниязова жанар төлеубайқызы Қазақ лексикографиясы: біртілді оқу сөздігін түзудің ғылыми негіздері


Біртілді оқу сөздігіне алынатын лексикалық бірліктердің тақырыптық таралымы



бет20/28
Дата01.03.2024
өлшемі208 Kb.
#493923
түріДиссертация
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   28
19 5

Біртілді оқу сөздігіне алынатын лексикалық бірліктердің тақырыптық таралымы. Қазақ тілінің базалық лексикасындағы идеографиялық бөлікті тақырыптық сөздер құрайды. Бұл тізбеге тақырыптық минимумға кіретін басты-басты бірліктер енеді. Тақырыптық сөздер құрамынсыз мұндай сөздіктің толыққанды туынды болып шықпайтындығы белгілі. Ондай жағдайда лексикалық жүйедегі бір-бірімен байланысты сөздер тобы, сөйленім процесі үшін, айтылым мен жазылым үшін аса маңызды болып табылатын сөздер беймәлім болып қалады. Диссертациялық еңбекте базалық лексиканың тілүйренім сөздігінде мағыналық топтардың қамтылу үлгісін келтіру мақсатында тіршілік иесі ретіндегі адамның жай-күйін қарастыратын тақырыптық топтың құрамы келтіріледі.


Қорытынды
Қазіргі таңда лексикография ғылым мен білім, техника, өнеркәсіп салаларының бәріне де қатысты, қолданым аясы өте кең пәндердің бірінен саналатыны белгілі. Сол себепті лексикографиялық туындыларды түзудің ғылыми-теориялық мәселелерін зерттеуде таза лингвистикалық факторлар да, алуан түрлі ғылым салаларының ерекшеліктерінен туындайтын экстралингвистикалық факторлар да ескерілуі тиіс екенін тәжірибе көрсетіп отыр.
Осымен байланысты бірнеше ғылым саласының ара-жігінде пайда болған ғылыми пәндердің бірі – лексикографияның жаңа саласы – оқу лексикографиясы. Сондықтан оқу лексикографиясының ғылыми-теориялық негіздерін зерттеу осы салада түзілетін туындылардың авторлардың тілдік түйсігіне, субъективті жағдайларға тәуелді болмауы үшін, объективті ғылыми негізде жасалуы тиіс екендігі аталмыш зерттеудің тақырыбын белгіледі. Оқу лексикографиясында «көлемі шағын болғанмен, мәні зор» сөздіктер жасалады, солардың бірі – қазақ тілінің лексикалық негізін құрайтын базалық лексиканы қамтитын оқу сөздігі. Бұл тәрізді шағын көлемді біртілді оқу сөздіктерін түзудің ғылыми негіздерін, олардың сөзтізбе құрамы мен құрылымдық ерекшеліктерін зерттеудің таза ғылыми тұрғыдан да, қазақ тілін үйретуге бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру тұрғысынан да маңыздылығы дау тудырмайтынын зерттеу барысы нақты дәлелдеді.
Соның нәтижесінде базалық лексиканың тілүйренім сөздігі тіл құрылысынағы маңыздылығы жағынан іріктеліп алынатын құрылымдық сөздерден, қолданым жиілігі бойынша сұрыпталып алынатын жиілік тізбеден және тілдік жүйені қамтитын негізгі атаулар бойынша жасалатын тақырыптық тізбеден тұратын төрт мың лексикалық бірліктен құралатыны айқындалды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   28




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет