Байниязова жанар төлеубайқызы Қазақ лексикографиясы: біртілді оқу сөздігін түзудің ғылыми негіздері



бет5/28
Дата01.03.2024
өлшемі208 Kb.
#493923
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28
19 5

Зерттеудің әдіс-тәсілдері. Зерттеу барысында сипаттамалы әдіс, салыстырмалы-тарихи әдіс, құрылымдық және лингвостатистикалық әдістер, салыстыру, салғастыру, анализ, синтез жасаудың әдіс-тәсілдері қолданылды.
Зерттеу нәтижелерінің талқылануы мен жарияланымы. Зерттеу жұмысының тұжырымдары мен негізгі нәтижелері республикалық және халықаралық деңгейдегі ғылыми-теориялық, ғылыми-практикалық конференцияларда, атап айтқанда: “Қазіргі таңдағы ғылым мен білім” атты халықаралық ғылыми-теориялық конференцияда (Шымкент, 2005), “Мемлекеттік тіл: бүгіні мен ертеңі” атты Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің 15 жылдығына арналған ғылыми-әдістемелік конференцияда (Шымкент, 2007), “Мемлекеттік тілдің дамуындағы жаңа үрдістер” атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияда (Шымкент, 2007), “Педагогикалық кадрларды дайындаудың қазіргі заманғы өзекті мәселелері және жаратылыстану ғылымдарының даму перспективалары” атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда, “Қазақ халқының рухани мәдениеті: зерттеу мен оқытудың өзекті мәселелері” атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда (Шымкент, 2008) және Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің 80-жылдығына арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда (Алматы, 2008) баяндалып
Талқыланды, сондай-ақ, Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті Шымкент институты мен А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты жанындағы лингвистикалық семинарларда баяндалып, түрлі ғылыми басылымдарда 12 мақала жарыққа шықты.
Зерттеудің құрылымы. Диссертациялық еңбек кіріспеден, негізгі екі бөлімнен және қорытындыдан тұрады. Еңбектің соңында зерттеуде қолданылған әдебиеттер тізбесі берілген.


НЕГІЗГІ БӨЛІМ

Диссертациялық жұмыстың кіріспе бөлігінде зерттеудің өзектілігі негізделіп, жұмыстың мақсаты мен міндеттері айқындалады. Зерттеудің нысаны, пәні, материалдары мен дереккөздері, ғылыми жаңалығы, зерттеу әдістері, теориялық маңызы мен практикалық мәні, қорғауға ұсынылатын тұжырымдары, жұмыстың талқылануы мен жариялануы туралы баяндалады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет