Байниязова жанар төлеубайқызы Қазақ лексикографиясы: біртілді оқу сөздігін түзудің ғылыми негіздері


Лексикография теориясы мәселелері



бет7/28
Дата01.03.2024
өлшемі208 Kb.
#493923
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   28
19 5

1.1 Лексикография теориясы мәселелері. Бұл тақырыпшада лексикография теориясында қаралатын «лексикография» ұғымының мәні мен мазмұны, біртілді оқу сөздігін түзудегі лексикологиялық заңдылықтар («сөздік лексикологиясы»), сөздіктердің жанрлары мен типтері туралы ілім, сөздіктің элементтері мен параметрлері туралы ілім, біртілді оқу сөздігіндегі лексикографиялық құрастырма негіздері туралы ілім, бастапқы материалдар туралы ілім, сөздік түзу ісін жоспарлау мен ұйымдастыру туралы ілім жөнінде сөз болады.
«Лексикография» ұғымының мәні мен мазмұны. Лексикографияның теориясында қарастырылатын алғашқы мәселе, бірінші аспект – «лексикография» ұғымына анықтама беру болып табылады. Ғалымдардың лексикография терминіне берген анықтамалары әртүрлі. Испан лексикографы Х.Касарес оны «сөздік жасау өнеріне» балаған болатын. Лексикографияға үлкен лингвистикалық сөздікте: «сөздік түзудің теориясы және практикасымен айналысатын ғылым саласы» түрінде түсінік беріледі. Қазақ тіл білімінде аталмыш терминге берілген негізгі анықтамалардың бірінде (Ғ.Қалиев) ол екі мағынада: 1) сөздік жасаудың теориясы мен практикасын зерттейтін тіл білімінің саласы; 2) белгілі бір тілдегі я ғылым саласындағы сөздіктердің жиынтығы – ретінде көрінеді [3]. О.С.Ахманованың лингвистикалық терминдер сөздігінде: 1) сөздік түзу туралы ғылым; 2) тілдегі лексикаға сипаттама жасау ретінде сөздік түзу ісі; 3) тілдегі немесе білім саласындағы сөздіктер жиынтығы - деген анықтама беріледі. Кеңестік дәуірдегі екі тілді (аударма) лексикография теориясының негізін қалаған ғалым В.П.Берковтың пікірі бойынша, лексикография: 1) сөздік түзу ұстанымдарын зерттеумен айналысатын ғылым саласы, сөздік жасаудың теориясы; 2) сөздік түзу ісі; 3) тілдегі сөздіктердің жиынтығы; 4) елдегі сөздіктердің жиынтығы [4, 4]. Келтірілген анықтамалар бойынша дау айту қиын. Алайда, бұл жерде бір мәселені естен шығармаған жөн. Ол сөздің бастапқы этимологиясына қатысты мәселе. Ол туралы бұдан арғы зерттеу барысында, «оқу лексикографиясы» терминінің мәнін ашу кезінде кеңірек сөз болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   28




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет