162
мәдениетті,
парасатты, іскер және ұлттық рухы мен адами қасиеті жоғары
азаматтардың тартылғаны жөн («Егемен Қазақстан»). Елімізде экономика мен
әлеуметтік сананы реформалаудың сындары жылдарында әрі жас, әрі білімді де білікті,
жаңаша ойлайтын кадрларды іріктеп, жауапты қызметтердің тізгінін ұстатқанын қалың
оқырман жетік біледі («Егемен Қазақстан»). Қапас ақсақал бастауыш көлемінде ғана
білімі болса да сол техниканы білімді мамандардан кем білмейді (М.Тамыров, Балқаш).
3.
Ақылды, көрегенді, қылықты, әдепті. Әйелдің
білімдісін ер сыйлайды, Еріңді аяқ
асты етпе, жаным (Айтыс). Ағайының көп болса, Ұлы шерек қолмен тең, Білімді туған
жақсылар Аз да болса көппен тең (Ақтамберді // Алдаспан). Бұл туралы Потанин
жазды: «Мен корпустан шыққан соң бес жылдай Алматы жағында шетте қызмет етіп
қайттым, Шоқан Омскіде әлгідей білімді ақжүрек адамдармен жолдас болып ысылған
(М.Дулатов, Шығ.). 4.
Сауатты, көзі ашық. Ұрқия да асып кеткен білімді емес,
жетіншіні ғана бітіріпті (Е.Қалиев, Рудный.). Бір әннен бір уақытта жағымды әсерлену,
екінші уақытта жағымсыз әсерлену алуға мүмкін, яки білімді, оқыған адам бір нәрседен
жағымсыз
әсерлену алғанда, ол нәрседен оқымаған надан адамның алған әсерленуі
жағымды болуға мүмкін (М.Жұмабаев, Шығ.). Білімді болуға – оқу, бай болуға кәсіп,
күшті болуға – бірлік керек! («Егемен Қазақстан»). 6. Мәселенің мән-жайынан
хабардар, жете түсінетін, жан-жақты. Бір-бірін қорықса сыйлайды бүгінгі адам, Түсінер
бұ сөзіме білімді адам (Кердері Әбубәкір, Қазағым). Ел болсаң, елге керек білімді әкім,
Табады білім жетсе жолыңды әкім (Кердері Әбубәкір, Қазағым). Беделді, білімді,
абыройлы саясаткерлерді қолтығының астына жинаудың орнына, оларды өзіне басты
қарсылас санап, кеуделерінен кері итерді («Жас Алаш»). // контекст. жағымсыз. Үстірт
білімдер иесі, көзге түсу үшін бір істен хабардарлық танытатындар.
Кей адам
кейбіреулерді көтермелер деп айтар, білімділер, шалымдылар. Ол мақтауы ойласаң
оған зиян, Сорлының құр мақтауға салындырар (Қабан жырау // Алтын қазық). 5.
контекст.
Иманы кәміл, дін жөнінде танымы терең, арнайы діни білім алған. Білімдіге
білімсіз бағынбай ма? Іздесе, пендеге жол табылмай ма?
Ақты қойып, арамды әдет
етсек, Денеміз дозаққа өзі жағылмай ма? (Ш.Құдайбердиев, Шығ.). Білімді имамның
ғана ісі оң, аузынан шыққан әрбір сөзі мәнді де пәтуалы (“Түркістан”). Дүнияуи білім
жүйесін меңгерген діни білімнен бейхабар адам деген мағынада. “Інжіл” “Құран” –
бәрін айтып тұрса-дағы, Адасып ардан күсіп қара басар. Сөйтіп бұзып бүлдіріп, есіл
дінді, Дін десе білімділер тұра қашар (Ш.Құдайбердиев, Шығ.).
145.
Достарыңызбен бөлісу: