Байсыдық индира болатбекқызы мінез сипаты атауларының лингвомәдениеттанымдық негіздері



Pdf көрінісі
бет116/348
Дата09.04.2024
өлшемі5.82 Mb.
#498150
түріДиссертация
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   348
18.08.2023 dis

ЕР КӨКІРЕК Намысшыл, өр мінезді, айбатты. Масығұтқа келді әлгі шал көзін 
тіктеп, Көрсе, бастан ағып тұр қан дірдектеп. Мұның қарызын мен де өтеп кетейінші, 
Жігіт қой еркөкірек, жау жүрек деп (Абай, Тол. жин.). Ол – тауы шағылмаған, беті 
қайтып көрмеген бет алған жаққа сермеген еркөкірек жан (Ә.Тәжібаев, Өмір.).  
183. 
ЕРКӨҢІЛДІ Батыр мінезді, көңілшек. Осы жұрт Ескендірді біле ме екен? 
Македония шаһары оған мекен. Филипп патша баласы, еркөңілді, Мақтан сүйгіш, 
қызғаншақ адам екен (Абай, Тол. жин.). Бұдан кейін екеуі көп отырып, еркөңілді, батыр 
тұлғалы жігіттің мінезін, өткен күнін, бір кезде Мәдинаға өлерде ғашық болып
ақырында көп күткен үміттің ақталмай қалғанын айтты (С.Бақбергенов, Қайран 
шешем). Қалибекті шешесі Күнфия еркөңілді, ашық мінезді, ағайын ішінде өтесүйкімді 
адал болыпты («Қаз. әдеб»).  
184. 
ЕРЕН ЕР Асқан ер жүрек, батыр. Үш жыл болды келгелі, Ақбөрте бесті 
жығады. Ерен ер мен тұлпарды Кім жасырып тығады (Дулат Бабатайұлы, Замана.). 
Ерен ерлердің, ақылды бабалардың арқасында елімізді, жерімізді сақтап қалдық («Қаз 
әдеб.»).  


168
185. 
ЕРКЕ сын. 1. Бұла болып өскен, шолжаң, ерке-тотай. Қара жерден қар кетіп, 
Жерді басқан – бір мұрат. Ер Төстік батыр сенбісің, Елеместің еркесі, Отыз ұлдың 
кенжесі Өзіңдей болып туады «Тәңірдің» сүйген пендесі (К. Әзірбаев, Таңд. шығ.). 
Ерке бала ер болмас (Мақал). 2. Беткеұстар, қадірлі, сыйлы, құрметті. Мекен қып 
құздың қиясын, Бұлтқа салған ұясын. Айнадай көрген аймағын, Түйінін шешкен 
айланың, Жерге қонбай ұша алмас Көк еркесі қыран да (Дулат Бабатайұлы, Замана.). 
Сол Аманкелдіні қозғамай-ақ қойыңдар, – деді Ералы. – «Қойдың еркесі – серке, ел 
еркесі – Ер», – деген елде мақал бар (М.Жұмағұлов, Қыран.). 3. ауыс. Асау, буырқанған, 
тасыған. Тұранның таулары бар аспанға асқан, Мәңгіге басын аппақ шаштар басқан. 
Бауырында ерке бұлақ салады ойнақ, Жаралып таудан аққан салқын жастан 
(М.Жұмабаев, Шығ.). Қандай күнде жатыр екен көрейін, Ер қазақтың еркін өскен 
баласын. Баяғыдай еркіншілік бар ма екен? Өз көзімен ерке көңілің қарасын 
(М.Дулатов, Шығ.).
186. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   348




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет