Байсыдық индира болатбекқызы мінез сипаты атауларының лингвомәдениеттанымдық негіздері



Pdf көрінісі
бет110/348
Дата09.04.2024
өлшемі5.82 Mb.
#498150
түріДиссертация
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   348
18.08.2023 dis

БІЛІМҚҰМАР сын. Білімге құштар. Қазіргі ауыл азаматы көпшілігінде 
іздемпаз, білімқұмар, өмірдің жан-жақты терең сырларына талпынған адам («Мәдениет 
және тұрмыс»). 
146. 
БІЛІМПАЗ зат. 1. Көп оқыған, ойшыл, оқымысты ғалым. Қаламы өткір білімпаз 
Шашты алысқа дабысын. «Алаш!» деп ұран шақырды, Жұртының жоқтап намысын 
(М.Дулатов, Шығ.). Алдымызда шілденің онында болатын білімпаздар тобының 
қарсаңында мүддемізді айтып қалайық (Ж.Аймауытов, Шығ.). Жауһарлық Ғаббас пен 
Исмаил, сығанақтық Хисамеддин, испиджабтық Ахмед, қорасандық Нысан Абыз
шабғарлық Әнет баба, бәрі осы ошақтан сабақ алған білімпаздар еді (Д.Досжанов, 
Жібек жолы). 2. Ғылымның бір саласындағы ғалым, зерттеушілердің жиынтық 
атауы. Осы тұрғыдан алып қарағанда, халық шаруашылығының жеке салаларында 
әдеби тілді байыта түсетін кәсіби сөздерді жиып-терумен қатар оны ғылыми негізде 
талдау тіл білімпаздар ы ның төл ісінің бірі болмақ (Қ.Айтазин, Кәсіби лексика). Сүйек 
шіриді. Мұрын бұзады, ауру адам жүре алмайтын, сөйлей алмайтын болып, көбі 
ақылдан да айырылады. Мерез денедегі жарадан, ауру адамның сілекейінен, қаннан 
жұғатындығын, білімпаздар, доктырлар анықтаған (М.Дулатов, Шығ.). XIX ғасырдың 
басында қазақ-қырғыз жайын зерттеген Г.Ю.Клапрот, К.Риттер секілді білімпаздар д ы 
ң да мағлұматтары өте ұшқары, орасан қате болғандығы көрінеді (М.Дулатов, Шығ.). 
3. көне. Бал ашушы, түс жорушы, көріпкел. Бал ашатын білімпаздарды бойыңа үйір 
қыласың да, менің жақындарымнан безесің (Ш.Хұсайынов, Таныс адам.). Қуаныш 


163
түстен оянып, Азамат басын құратты. Халқына түсін сынатты, Білімпаздың баршасын, 
Басын қосып сұрапты (Батырлар жыры). 
147. 
БІЛІСКЕР сын. Тапбасар, алыстан шалар, қиядағыны көрер. Тағдыр ерен 
жаратқан біліскер ғып, Көрсетіпті табиғат тым іскерлік («Қаз. әдеб.»). 
148. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   348




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет