Байсыдық индира болатбекқызы мінез сипаты атауларының лингвомәдениеттанымдық негіздері


ЖІГЕРІМЕН ТАСТЫ ҮГІТКЕН [ДАЛАНЫ ДҮР СІЛКІНТКЕН]



Pdf көрінісі
бет129/348
Дата09.04.2024
өлшемі5.82 Mb.
#498150
түріДиссертация
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   348
18.08.2023 dis

ЖІГЕРІМЕН ТАСТЫ ҮГІТКЕН [ДАЛАНЫ ДҮР СІЛКІНТКЕН] Ерекше 
қайратты, еркі күшті, ержүрек, батыл, батыр, өркеуде (жан). Жігерімен жіберердей 
тасты үгіп, Өнер, ойы тармақты, Адал, жайсаң жас жігіт Ел ырысын шашып өткен 
Тосын келген қасіреттен Жанын салып туған жерін қорғапты (М.Шаханов, Ғасырлар.). 


176
Иә, қарттар бар арғымағы арманнан, Жігерімен дүр сілкінткен даланы. Сұлулықты 
сезінуден қалған жан Бәрінен де қалады (М.Шаханов, Ғасырлар.). 
252. 
ЗӘБІРСІЗ сын. Кісіге жамандығы жоқ, қиянатсыз; жәбірсіз. Сырт көзге 
сондай момақан, жан адамға зәбірсіз көрінгенмен, жүрегінезәр жиып, жұмыла түскен 
қабақтың астынан үй ішін бағып отыр (Ә.Нұрпейісов, Қан мен тер). Мен де сені 
келешекте ақылы алдында, ашуы соңында жүретін зәбірсіз жан бола ма деуші едім 
(Ә.Нұрпейісов, Сергелдең). 
253. 
ЗЕЙІНДІ сын. Зейін тоқтатқыш, алғыр, зерделі, ықыласты. Баласы зейінді. 
Жүз мың түгілі бір айтқанда қағып алып, қайта айтып береді (Ғ.Мұстафин, Көз көрген). 
Зейінді, ықыласты шәкірттің бірі боп, ауылдың барлық үлкенінесүйікті көрінетін
қырлы мұрын Мағаш та бүгін осында (М.Әуезов, Абай). Бұрынғы оқымаған 
балалардың ішінде ең зейінді с і Жамал болып шықты. Жамал осы майда тоғыз толып, 
онға қарап еді (М.Дулатов, Шығ.). Апасының бұл сөзін Көкірегіне тоқыды, Ауылдағы 
мектептің Шәкірті боп зейінді Бірнеше жыл оқыды (Қ.Жапсарбаев, Сөйле.). 
254. 
ЗЕРДЕЛІ ЖАН Аңғарымпаз, түйсігі мол, көзі ашық адам. Еуропаға жазудың 
иісі де бармаған заманда ақпаратты мәңгі сақтаудың ілкі технологиясы мен идеясы 
кімнен шыққанын зерделі жанға ажыратудың еш қиындығы жоқ («Жас Алаш»). 
255. 
ЗЕРДЕЛІ сын. Ақылды, есті, саналы; зейінді. “Жұлын жеген бала суға кетеді” 
дегенді білетін зерделі әйел қайнысының аяқ астынан неге бұлан-талан болғанын түсіне 
қойды (Қ.Салғарин, Қасапшылық). Зерделі жанға бұл аз нәсіп емес (“Қаз. әдеб.”). Бұл 
еңбекте, бір жағынан, сол дәуірде хатқа түсіп немесе кейін көшіріліп қолжазба ретінде 
сақталған еңбектер талданып, халқымыздың зерделі ойлау ерекшеліктері мен 
дүниетаным бастаулары жөнінде ғылыми тұжырым жасалды (Қазақ дала. ойшыл.). 
Қазақтың зерделі ұлдары мен қыздарының көбейе беруіне тілектеспін 
(С.Мыңжасарова, Замандас.). 
256. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   348




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет