Байсыдық индира болатбекқызы мінез сипаты атауларының лингвомәдениеттанымдық негіздері



Pdf көрінісі
бет125/348
Дата09.04.2024
өлшемі5.82 Mb.
#498150
түріДиссертация
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   348
18.08.2023 dis

ЖАУЖАНДЫ сын. Жанжалқұмар, жауласқыш, соғысқұмар. Осының бәрі 
болыста әлі де болсын жаужанды адамдардың барын айта ма, қалай? (Қ.Исабаев, Соңғы 
ерлік). Қатын алма төреден, Қатын алсаң төреден, Еркегі болар жаужанды. Ұрғашысы 
ер жанды (XVIII-XIX ғ. қаз. ақын.).  
228. 
ЖАУЖҮРЕК сын. Өжет, батыл, жүректі. Масғұтқа келді әлгі шал көзін тігіп, 
Көрсе бастан ағып тұр қан дірдектеп. Мұның қарызын мен де өтеп кетейінші, Жігіт қой 
ер көкірек, жаужүрек деп (Абай). Жаужүрек, қыран көзді арыстаным, Жан қиып халық 
үшін қарысқаның. Қатардан қазақ сорлы қалдырмасқа Бәйгеге ұлы дүбір жарысқаның 
(М.Дулатов, Шығ.). Сөйтіп, ұсақтап келіп, жаужүрек батырларымыздың батырлығы 
ауыл-үйдің малын ұрлауда қалды. Бұрынғы билердің жұрнағы кішкене дөңгелек жер 
болып қалды (Ж.Аймауытов, Шығ.). Тамаша батыр, ғажап жаужүрек, ұсынғаны қате 
кетпейтін жалғыз Кейкінің өзі қайда қазір? (М.Жұмағұлов, Қыран.). Ағыбайдың сондай 
жаужүрек батырлығын ол мақтаныш ететін (I.Есенберлин, Қаһар).  
229. 
ЖАУТҮСІРГІШ сын. Батыл, ержүрек, мықты. Сол ұлдардың екі-үшеуі 
Ақтайдың жылқысын бағады, басқалары да жалшылықта. Бірақ олар шетінен көкжал, 
жаутүсіргіш жігіттер (Ә.Көшімов, Екі бүркіт).  
230. 
ЖӘБІРСІЗ сын. Ешбір зәбірі жоқ, зәбірсіз, зілсіз. Тұп-тура Байбол болыс өз 
ісінде, Асқан әділ, жәбірсіз еш кісіге (С.Торайғыров, Таңд. шығ.). Бекет алақтап тұрған 
Нәркеске қарап, жәбірсіз күлкімен мырс етті (Р.Тоқтаров, Ертіс.). Манат үндеген жоқ, 
қысық көздеріне жәбірсіз күлкі жинаған қалпы кіре бере дауыстады (С.Шаймерденов, 
Болашақ.).  
231. 
ЖЕДЕЛСІЗ сын. Ұқыпты, тыңғылықты. Істеген ісіне жеделсіз адам (Қаз. тілі. 
аймақ. сөздігі). Ғашық көңіл асығыс, Досым іздеп кел дейді. Жеделсіз шіркін болмасаң, 
Қолыңның ұшын бер дейді (Батырлар жыры) 
232. 
ЖЕЛҒАБАЗ сын. Ақкөңіл, ашық. Төртбақ, алаң-көз, аузы тыным таппайтын, 
желғабаз жігіт екен (Б.Аманшин, Көкжар). Өзі – бір көрмеге желғабаз, елпілдеп-
желпілдеп қалған адам (М.Сүндетов, Ескексіз.) 
233. 
ЖЕТЕЛІ сын. 1. Жетесінде бір нәрсе бар, ақылды, саналы (адам). «Жетесіз» 
Мақан «жетелі» Сүлейдің қалыңдығын тартып, әкеткен соң, Сүлей одан жаман күлкі 
болды (Ж.Аймауытов, Шығ.). Жетесіздер керісіп жатқанда, жетелілер бөлісіп жатады 
(Мақал). Жетелі жігіт болсаң ұмтыл алға, Өзің ұқ, бәрін айтып тізбейін деп 
(М.Әшірбаев, Кербез.). Бұл өңірдің жетелі қазағы алдын кеспейтін мына Созақ 
үстіндегі Мәлік батырға кісі шаптыру керектігін, қайбір күні, Өтеп те айтып отырған 
(А.Сүлейменов, Бесін). Осы қағиданы жете түсінген жетелі ақындарымыз заманды 
жаңғыртып, жасартып жатқан жаңа адамдардың ой санасына үңіле бастаған 
(С.Мәуленов, Үркер.). 2. ауыс. Ойлы, мағыналы, салиқалы (сөз, әңгіме). – Сақау немесе 
қырсыққан, Сөзің жоқ па жетелі! – деп енді жұрт тұмсықтан, Шертіп-шертіп кетеді 
(Қ.Баянбаев, Ақ шағала). Творчество қайраткерлері жыл құсындай бас қосып қалатын 
осындай кеңестер тұсында мәдениетімізге басшылық етіп отырған адамдардан жетелі 
сөз күтеміз («Қаз. әдеб.»). 
234. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   348




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет