Байсыдық индира болатбекқызы мінез сипаты атауларының лингвомәдениеттанымдық негіздері



Pdf көрінісі
бет137/348
Дата09.04.2024
өлшемі5.82 Mb.
#498150
түріДиссертация
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   348
18.08.2023 dis

КӨН ТУЛАҚ [БОЛДЫ] 1. Көнбіс, төзімді [болды]. Қандыбалақ хан, алаш, ақ 
Қанды банда Анненков. Ел бір жатқан көн тулақ, Эйдей түсті сабауға (І.Жансүгіров, 
Шығ.). 2. Қор болды. Кім көрінгеннің аяқ астында тапталып көн тулақ бoп келгеніміз 
жетер енді (Ө.Қанахин, Жас дәурен.). 
296. 
КӨНБІС сын. 1 .Айтқанға көнетін, көнгіш. Кешегі күнге дейін көп көнбістің 
бірі атанып келген Нағима ананың жүзінде бүгін жаңа бір нұр, жаңа бір күш жалыны 
бар (Ғ.Мүсірепов, Өмір.). Көппен бірге дауыс қосқан ағымға, Жалтак көнбіс 
телпектердің өнер ашқан шағында, Сол қулардан зиян келіп жатқан кезде қоғамға, Ойға 
тартып талайды олар Өз көзімен қарайды олар ғаламға (М.Шаханов, Ғасырлар.). 
297. 
КӨНБІСТІ сын. сөйл. 1. Көнбіс (айтқанға көнгіш). Оның үстінесен Әділжандай 
көнбісті емессің, жұқасың (Х.Есенжанов, Көп жыл.). 2. Шыдамды, төзімді. Қоспан 
келіп айылын қыса тартқанда көнбісті жануар міз бақпады, тек құйрығымен шабын бір 
сипады (Т.Ахтанов, Боран). Жазда да жердің бетінде Болмайды содан гүл нәзік. Күн 
менен желдің өтінде Көнбісті болған бұл жазық (С.Жиенбаев, Алтын қалам). 
298. 
КӨНГІШ сын. 1. Айтқанды орындағыш, тіл алғыш. Қазақтың «жүректісі» 
мақтауға сыймайды. Айтқанға көнгіш, уағдада тұрғыш, бойын жаманшылықтан тез 
жиып алғыш (Абай, Тол. жин.). Шошына қарасаң, қайсар, көзіне қарасаң, көнгіш бір 
адам пайда болуы мүмкін ғой (І.Есенберлин, Ғашықтар). 2. Көнбіс, төзгіш. Барга да, 
жоққа да көнгіш асыл мінезді, артық кісі (Ө.Тұрманжанов, Адам.). Келгенде өзді-өзіңе 
мықты-аксыңдар, Қайтейін, өзге десе көнгіш і ң д і. Сықылды сынық бұтақ төмендесең, 
Кім жұлмас оңайдағы жемісіңді?! (А.Байтұрсынов, Шығ.). 
299. 
КӨНДІККІШ сын. 1. Төзгіш, көнбіс. «Адамнан көндіккіш, адамнан төзгіш 
мақлұқ жоқ болар бүл ғаламда» - деп, өзіне-өзі қуат беріп қалды (Д.Әбілев, Ақын.). 2. 
Бейімделгіш, икемделгіш. Кекіре – аквариумда өсіруге тез көндігетін, дене тұрқы 9 см, 
Орталық Европа, Каспий, Қара теңіз, Амур өзені алқаптарында тіршілік ететін өте 
көндіккіш балық (Қ.Қайымов, Суасты.). Ауа райы жағдайына көндіккіш, қатты 
суықтарға төзіп, қыста жайылымда бола алады (Қ.Серікбаев, Қастек.). 
300. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   348




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет