Байсыдық индира болатбекқызы мінез сипаты атауларының лингвомәдениеттанымдық негіздері



Pdf көрінісі
бет131/348
Дата09.04.2024
өлшемі5.82 Mb.
#498150
түріДиссертация
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   348
18.08.2023 dis

ИМАНДЫ ЖАН Аллаға сенетін, діни парызын орындайтын адам. Адал 
жүректі, иманды жан қажылық парызын да өтеп, жақында ғана өмірден озды... 
(«Егемен Қазақстан»). 
262. 
ИМАНДЫ сын. 1. діни. Дінге сенімі мықты, иманы бар, діншіл. Мумин болсаң, 
әуелі иманды бол, Бендеге иман өзі ашады жол (Абай, Таңд. жин.). Сіздің батиныңыз 
таза болмағы ол иман болып, бұл заһир ғибатыңыз иманды болған соң ғана (Абай, Тол. 
жин.) 2. діни. Алла күнәсін кешірген, рақымын берген (марқұм туралы). Менің әке-
шешем өлген еді, мен оның жалғыз баласы едім. Менің сол әке-шешем иманды ма, жоқ 
имансыз ба, соны сен біліп келесің, – деді патша жігітке (Қаз. ертег.). 3. ауыс. Ар-ұяты 
күшті, әділ, дұрыс. Әйткенмен «дұшпанды, досыңдай сына» деген сөз өте тура, өте 
иманды сөз (Ғ.Мүсірепов, Суреткер.). Сондықтан осы жылы Парламент «Қазақстан 
Республикасының Жоғарғы сот кеңесі туралы» және «Қазақстан Республикасының 
Әділет біліктілік алқасы туралы» заңдарды қабылдады, олар сот жүйесі үшін 
кадрларды іріктеу тәртібін реттеп, судьялардың жоғарғы кәсіби, иманды және 
әдептілігі мінсіз адамдар болуына қол жеткізуге мүмкіндік берді («Егемен Қазақстан»). 
// Аллаға сенім келтіріп, оның жалғыз жаратушы екенін мойындаған, Құдайдан 
қорқатын адам, мұсылман кісі. Өзі беріп, өзі алған арманы жоқ, Мағшардан имандыма 
кез келерсің (Қозы Көрпеш.). Ауызбірлік жоқ жерде Қиянатты қият бар. Ұяттың иман 
қабы дер, Имандыда ұят бар (Қабан жырау // Алтын қазық). Кетпей месоларды айтсам 
көңіл кірі, Арзан ғой имандыға ұжмақ төрі. Набуат мүһрі сонда көзге түсіп, Мешіттің 
ішін жарық қылған нұры (Мәшһүр-Жүсіп, Шығ.). Имандылар Мұхаммед уағыздарына 
сөзсіз нанып, оны бұлжытпай орындап отыратын болады (X.Ақназаров, Ғылыми 
атеизм.). Жаққан от, жылдар бойы жиған білім, Қосар-ау қатарына имандының. 
Сенімнін тұлпарына міндім ерте, Арқанда сенің ғана, туған тілім (Т.Молдағалиев, 
Шақырады.). 
263. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   348




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет