Байсыдық индира болатбекқызы мінез сипаты атауларының лингвомәдениеттанымдық негіздері



Pdf көрінісі
бет128/348
Дата09.04.2024
өлшемі5.82 Mb.
#498150
түріДиссертация
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   348
18.08.2023 dis

ЖЫП-ЖИНАҚЫ сын. Етек-жеңі жиылған, әдемі, ықшам. Екеуінің үй-жайы 
да, қора-қопсысы да аяққа құйған астай жып-жинақы (С.Омаров, Дала қызы). Бес қанат 
қоңыр үйдің сырты жұпыны көрінгенімен іші жып-жинақы сәнді екен («Қаз. әдеб.»). 
Қияқ мұрт, ақ сары ғана, жараған аттай жып-жинақы, өз (Б.Нұржекеев, Жау жағадан.). 
Бұған дейін талай шайқас, талай айтыстар да, талай жаудың беті, желдің өті тар 
жерлерде көріп жүргенде әрдайым сырын шашпай, өте бір ұсынықты шебердің 
қолынан шыққан мінсіз бұйымдай жып-жинақы, жып-жылмағай жүретін осы бір 
ұстамды, ақылды кісіге өте бір риза болатын (Ә.Кекілбаев, Үркер.). 
247. 
ЖЫТҚЫР сын. Алғыр, тапқыр, өжет. Жазушы қанша сегіз қырлы, бір сырлы 
болғанымен оның бір қыры ерекше өткір, ерекше жытқыр болуға тиіс («Соц. Қаз.»). – 
Бұл жытқырды мұнда кім ұтушы еді деп, Балқия Тоқанның бүйіріне түртіп қалды 
(Қ.Қамбаров, Алтай).
248. 
ЖІБЕК МІНЕЗДІ Сыпайы, әдепті. Сағила әуел баста сонша назды да жібек 
мінезді жан еді. Мен дегенде үзіліп тұратын (З. Шашкин, Доктор.). 
249. 
ЖІБІ ТҮЗУ ауыс. Дұрыс жолдағы, жөнімен жүретін (адам). Қадірлі дос! 
Қайтесің, ренжіме, Айтпай-ақ қой, Халіңді білем, білем!.. Таппай жүрсің сырласар 
сыңарыңды, Жібі түзу жан іздеп жылы өңдіден. Айтпасаң да халіңді білем, білем… 
(М.Мақатаев, Шығ.). Жібі түзу адамға бұл сұрқиялар күн көрсетуші ме еді (Қ.Нажми). 
Бондаренко мен Добрушкин екі түрлі адам. Бондаренко қылтың-сылтыңды білмейтін, 
жібі түзу, өмір жолы айқын, ұстамды адам, ал Добрушкин болса, ала аяқтың өзі
онысынан әскерде де арыла алмай келеді (Т.Ахтанов, Таңд. шығ.). Ұрқия түскелі он 
жылға айналып барады, жасы 27-ге келді. Бар айыбы: пұшпағы қанаған жоқ, әйтпесе 
жібі түзу әйел (Ж.Аймауытов, Шығ.).
250. 
ЖІГЕРЛІ сын. 1. Жігер берерліктей, рух оятатындай. Қазақта жігерлі
талапты, өткір жігіттерді кейде бойында оты бар, жүрегінде жалыны бар, бойында бір 
шақпақ қуы бар от жігіт, жалынды жігіт деп те атайды. Мұғалімнің шеберлігі өзі білген 
біліміңнің бәрін балаға тез білдіруде емес, еппен, жинақты, жігерлі, қызықты болуға 
тиісті (М.Жұмабаев, Шығ.). 2. Қажырлы, қайратты. “Мін түзелмей түзелмес ел 
жұмысы”.– Деген жоқ па бұрынғы білімдісі. Ханы тура болмаса халқы оңбайды, Мұны 
айтқан өткен ердің жігерлісі (Ш.Құдайбердиев, Шығ.). Адам бол, жігерлі бол қырық 
бұраудай, Мінезің жұмсақ болсын май сылаудай. Желдетпей, дауылдатпай, 
жаңбырлатпай, Қал майда мінезіңнен бір күн аумай (К.Әзірбаев, Таңд. шығ.). 3. Өз 
бетімен дербес шешім қабылдаудан тайсақтамайтынбұғып қалмайтын, ойын ашық 
білдіретін, кедергіден қорықпайтын. Адамның жігерлі болуы оның көзқарасы мен 
сеніміне, арман-мұратына байланысты (ҚҰЭ). Жігерлі кісі болып қалыптасудың 
жолдары сан алуан (ҚҰЭ). Оның күнге тотыққан кесек әлпеті, бурыл шашы бейне бір 
жігерлі алып адамды аңғартады (Б.Қожабекұлы).
251. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   348




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет