Байсыдық индира болатбекқызы мінез сипаты атауларының лингвомәдениеттанымдық негіздері



Pdf көрінісі
бет144/348
Дата09.04.2024
өлшемі5.82 Mb.
#498150
түріДиссертация
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   348
18.08.2023 dis

ҚАҚ-СОҚСЫЗ сын. Қақ-соғы жоқ, қулық-сұмдықты білмейтін. Одан зор 
рақат таппаған, Қақ-соқсыз, аса бай жан міні – Намыста қазына сақтаған Халықтық 
рухтың сандығы (Ж.Жақыпбаев, Ләйлә.). 
342. 
ҚАЛЖЫҢБАС сын. Әзілқой, күлдіргіш. Бала шағынан Шепеге атқосшы болған 
ол мейілінше пысық, қу, қалжыңбас, сықаққой, үлкен демей, кіші демей, мазақтағысы 
келген кісінің қыр соңынан қалмайтын жігіт (С.Мұқанов, Аққан жұлдыз). Тәкежан 
Абайдан екі жас үлкен, қалжыңбас, әзілқой болатын (М.Әуезов, Абай). Күлмеңдеп 
келер көздері, Қалжыңбас келер өздері. Кесектеп секек етем деп, Шошқа туар сөздері 
(Абай, Тол. жин.). // Әзілқой, күлдіргіш адам. Көрмеді әкем баяғы қалжыңбастың 
Немересі жырымды жатқа айтқанын (М.Шаханов, Ғасыр.). 
343. 
ҚАЛЖЫҢҚОЙ сын. Қалжыңбас, әзілқой. Ораз адамға жақындасқыш
сөйлескіш, ойыншы, қалжыңқой жігіт екен (С.Мұқанов, Есею жыл.). Қалтай аса пысық, 
сөзге ұста, қалжыңқой (М.Әуезов, Таңд. шығ.). Бұл кезде толықша тартып, семіре 
бастаған жігіт ағасы боп қалған Тәкежан қалжыңқой, күлегеш болатын (М.Әуезов, 
Абай жолы).  
344. 
ҚАЛЖЫҢШЫЛ сын. Қалжыңбас, әзілқой. Дәулеткелді құр ғана қалжыңшыл, 
күлдіргі емес. Ол Абайдың өзінің де өлеңін жатқа біліп, ел ортасында ағыл-тегіл айтып 


185
жүреді екен (М.Әуезов, Таңд. шығ.). Ашық болам деп әдепсіз, қалжыңшыл болам деп 
дарақы болған түрі бар (Ғ.Мұстафин, Көз көрген). Қиянда өскен киіктей, Қалжыңшыл 
келсе құдаша, Алқынып шыққан биікте Айналмай басың, Шыдаса, Бұл, достым, бақыт 
емес пе?! (Қ.Мырзалиев, Мәңгі.). 
345. 
ҚАМҚОРШЫЛ сын. Біреудің мұң-мұқтажын ойлағыш, қамын жегіш
қамқорлық ететін, мейірімді. Жастарға қамқоршыл мінезімен ол мені өте жылы қарсы 
алды (Б.Соқпақбаев, Өлгендер.). Жансейіт жолдасына дегенде ішкен асын жерге 
қоятын, көпшіл де қамқоршыл жан екен (М.Хасенов, Алғашқы ән). Бүгінгі ғана емес, 
болашақ жыр туралы қамқоршыл да беймаза ой осындай-осындай ащы пікірге жетелеп 
еді («Қаз. әдеб»). 
346. 
ҚАНАҒАТШЫЛ сын. Қанағат еткіш, місе тұтқыш, барға риза болғыш. Мен 
қанағатшыл жанмын. Маған осы тіршілігімнің өзі қанағат (Ә.Нұршайықов, Махабб. 
жыр.) Әкең Үмітбай да сен сияқты барына қанағатшыл, аш-тоқ отырса да, басқаға 
емінбейтін еді (С.Мұқанов, Өсу жол.). Қанағатшыл кісі мейлінше кішіпейіл, қарапайым 
келеді (ҚҰЭ).
347. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   348




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет