Байсыдық индира болатбекқызы мінез сипаты атауларының лингвомәдениеттанымдық негіздері


КӨПШІЛІКШІЛ сын. Көпқұмар, бұқарашыл. Д.Бедный өлеңдерінде  көпшілікшіл қасиеттерінің алғашқы сәтті адымдары бар еді (Ф.Оразаев, Басты.)



Pdf көрінісі
бет140/348
Дата09.04.2024
өлшемі5.82 Mb.
#498150
түріДиссертация
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   348
18.08.2023 dis

КӨПШІЛІКШІЛ сын. Көпқұмар, бұқарашыл. Д.Бедный өлеңдерінде 
көпшілікшіл қасиеттерінің алғашқы сәтті адымдары бар еді (Ф.Оразаев, Басты.). 
314. 
КӨТЕРІМДІ сын. сөйл. Көтере беретін. Шайбай әзіл-қалжыңға шебер, әрі 
көтерімді жігіт екен (Д.Әбілев, Арман.). 
315. 
КҮЛЕГЕН сын. сөйл. Күлегеш. Болмайды иттің жаман үрегені, Әйелдің мәз 
болмайды күлегені. Сөзінде он тиындық құн болмаса, Кесірдің неге керек үдегені 
(Айтыс.). 
316. 
КҮЛЕГЕШ сын. Көп күлетін, күлкішіл. Бұл кезде толықша тартып, семіре 
бастаған жігіт ағасы Тәкежан қалжыңқой, күлегеш болатын (М.Әуезов, Таңд. шығ.). 
Қойшы бала Жапал тапқыр, ақылды, әзілқой, елгезек. Алайда, ол осы спектакльде 
ессіздеу, алаңғасар, күлегеш болып көрінеді («Қаз. әдеб.»). 
317. 
КҮЛЕГЕШТЕУ сын. Көп күлетін, күлкішілдеу. – Жақыпбек нағашымның 
қасында сақал-мұртын қырған, алтын жақтаулы көзілдірік киген, жыпылдап сөйлейтін, 
күлегештеу біреуі болды (С.Мұқанов, Мөлдір махабб.). Фамилиясы Ненайшвили, орта 
денелі, жалтыр басты, күлегештеу адам, сонысына қарағанда, «жігерсіздеу болмаса не 
қылсын» деп қалдым (С.Мұқанов, Есею жыл.). 
318. 
КҮЛЕКЕШ сын. сөйл. Күлегеш. Жас балалық албырт мінез билеген Мақсұт пен 
Нұрлан, шот маңдай Сәт пен Болат күлекештерге қосыла бірін-бірі итермелей, қағыса, 
жұлқыса алысып кетті (Р.Райымқұлов, Қыз – айна). Гүлсім оқуға ықылассыздау
күнделікті сабақты әрең үлгіретін, ұшып-қонған күлекеш қыз еді (С.Алдабергенов, 
Асу.). 
319. 
КҮЛЕШЕК сын. Күлегеш, күлкішіл. Ақынға біткен жүрекке Айтады достым бір 
өкпе: Со жүрек от өртенген Сәнді жетпей ертеңге... О! жо-жоқ досым, Бұл - өсек. 
Болмашы, білмей күлешек (Т.Нұрмұхамедов, Күн.).
320. 
КҮЛКІШЕК сын. Әзілқой, қылжақбас. Маған несый бересің?.. Оң көзіңдей 
көресің. Осыны айтып түлкішек, Жайдары жан, күлкішек (Ө.Тұрманжанов, Менің 
кітаб.). 
321. 
КҮЛКІШІ сын. Күлдіргіш, ойын-сауықшыл. Қызықты, қызуды, қыздырманы 
ғана айтатын күлкіші, сауықшыл Дулат емес. Кешкі кездерде, ол бір үлкен өсиетші, 
кейде шерлі де қарт сияқтанады (М.Әуезов, Абай.) 
322. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   348




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет