Байсыдық индира болатбекқызы мінез сипаты атауларының лингвомәдениеттанымдық негіздері



Pdf көрінісі
бет146/348
Дата09.04.2024
өлшемі5.82 Mb.
#498150
түріДиссертация
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   348
18.08.2023 dis

ҚАРЕКЕТШІЛ сын. Тыныш отырмайтын, шаруақор, тынымсыз. Әсіресе, 
Көкен, тоғай бойындағы еңбекші, қарекетшіл елдерді қатты жиреніп жек көреді (М. 
Әуезов, Таңд. шығ.).  
354. 
ҚАСАЛЫҚТЫ сын. Көрген-білгені мол, байсалды, парасатты. Байұзақ одан 
соңғы адамы еді, Бәрі кісі-ақ еді қасалықты, Лекер, Бітімбай мен Аталықты
Жанқожадан кім көрген қапалықты (Абай, Тол. жин.). 


186
355. 
ҚАСҚЫР ЖҮРЕК Батыл қаймықпайтын жаужүрек. Баланың түсі сары, қара 
көзі, Рас болса бұрынғының айтқан сөзі: Қайтпайтын қара тастан қасқыр жүрек болады 
Баһадүрдің нағыз өзі! (Т.Ізтілеуов, Рүстем.).  
356. 
ҚАТАЛ сын. 1. Талап қойғыш, талабының орындалуын қатты қадағалағыш, 
ешбір ағаттық, шалыс басушылыққа жол бермейтін талапшыл. Енді қайттік? Амал-
айла азайып, Құтылуға өткел іздеп тарықтық. Досым менің ұяң еді ғажайып, Әжем өте 
қатал еді, жарықтық (М.Шаханов, Ғасыр.). Уақыт деген кері ақпайтын бұл өзі Бұрқ-
сарқ етіп таудан құйған тас бұлақ. Қызық-ақ тым, қатал-ақ тым мінезі, Асықпасаң бара 
жатыр басқылап (Т.Айбергенов, Мен. ғашық.). Қайырған соғыс қанатын Ұстаз да қатал 
болатын. Сөйлесең сабақ үстінде сызғышпен салып қалатын (Қ.Мырзалиев, Мәңгі.). 
Ата-ана қатал болса, бала да қатал; ата-ана жұмсақ болса, бала да жұмсақ (М.Жұмабаев, 
Шығ.). 2. Өрмінез, бірбеткей, алған бетінен қайтпайтын. Сол үйде жата берді, жата 
берді, «Оқы» деп орыс шалы бата берді. Арттағы ағайындар бұза алмады, Оқуға денін 
қойған қатал ерді (О.Шипин, Дастан.). Ойласа дүйім ауыл, осы жұрттан Алысқа дәл 
осындай кім бар шыққан? Жүрегі Балжекеңнің қандай қатал Жалынған бәйбішенің 
көңілін жыққан (О.Шипин, Дастан.). «Момын елге бек болдың» деп Бұқарым Дәлдеп 
айтты. Ол емес сөз жұтарың. Абылай ханды ауыздықтар жырменен, О, данышпан! 
Тапты сөздің ұтарын. Болса дағы байтақ елге тым қатал, Абылайда үн жоқ сонда тіл 
қатар (К.Салықов, Жезкиік.). 3. Қатыгез, рақымсыз. Басында тәж, алтын қамқа кигені, 
Қаны қара қатал еді не деген! – Азияны Ақсақ Темір биледі, Тірісінде ешкім ақсақ 
демеген (Ж.Жақыпбаев, Ләйлә.). Қиямет еді ол заманның жолдары, Қатал бастық қатал 
тәртіп қорғады (К.Салықов, Жезкиік.). 
357. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   348




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет