190
395.
ҚЫЗ МІНЕЗДІ Мінезі жайдары, қыздай сызылып тұратын биязы, жұмсақ.
Табиғатында ақылды, сабырлы жаралған ол, таныс адамдардың ұғымында қыз мінезді
жігіттердің бірінен саналатын (С.Мұқанов, Есею жыл.).
Оны қашан көрсең, сол қыз
мінезділігінен танбайды («Қаз. әдеб.»).
396.
ҚЫЗБА БАС Желөкпе, албырт. Бір нәрсені ұнатса, Қайта ойланып қарамас.
Мақтанып жұртты шулатса, Құмары сол қызба бас (Абай, Шығ. жин.).
397.
ҚЫЗУ сын. 1. Қ
айрат-жігері тасыған, жалынды, албырт. Дұрыс, өзің басы-
қасында болып, өндіріске тікелей араласып отырғаның өте орынды. Біз де баяғыда
сондай қызу едік (М.Әбдіхалықов, Қара.). Екеуінің де өңі өрі сөндіргендей, күреңітіп,
ісініп кеткен, үйге сөйлесе кірді.
Теміржан тіпті шапшаң, қызу жігіт көрінеді
(Ғ.Мұстафин, Дауыл.). 2.
Тез көтерілетін, қызба. Ол өзі сәл нәрсеге едіреңдеп шыға
келетін қызу адам еді (Ауызекі).
398.
ҚЫЗУҚАНДЫ сын.
Тез көтерілетін, қызба, лап етпе, намысқор. Жақыпбек
ойлағанын беті-жүзің бар демей тіке айтып тастайтын қызуқанды жігіт еді
(М.Иманжанов, Көк белес). Юзик қызуқанды, өте албырт жігіт еді (Қ.Қайсенов, Жау
тылы.). – Ә, сен екенсің ғой, қызуқанды батырым! Асықпа, жүгіресің. Бірақ, артқа емес,
өзің айтып тұрғандай алға, жауға қарсы жүгіресің (Т.Тобағабылов, Жазира).
399.
ҚЫЗЫҚҚЫШ сын.
Әуестенгіш, құмартқыш. Бибігүлдің
мектепте оқып
жүргендегі қызыққыш, елгезек әдеті әлі қалмаған (А.Байтанаев, Жаңғыр.). Бөгденің
қасірет-наласына қабырғасы қайыса қоймайтын осы жеңілтек,
қызыққыш мінезі
намысыңа тиеді екен (О.Сәрсенбаев, Таңбалы тас). Мүмкін сол тәрбиенің әсері болар,
Маржанкүл осы күні жылтыраған заттарға қызыққыш (Н.Ғабдуллин, Сарғ. жапырақ).
400.
ҚЫЗЫМПАЗ сын.
Тез еліге кететін, қызба. Күрес пен бәйгеге қызымпаз
қазақтар бұндай жиынды жанжалмен аяқтайтынын білетін Гутковский даяшылық
қызметті
әскерге тапсырып, басқаруға Шоқанды тағайындады (С.Мұқанов, Аққан
жұлдыз).
401.
ҚЫЛЫҚТЫ сын.
Мінез-құлқы сүйкімді, қимыл-қозғалысы тартымды. Үш
жыл ішінде қыз бетіндегі жібек пердені сыпырып, «беті ашылған», тілді де қылықты
келіншекке айналған (З.Шашкин, Сенім). Биіктегі боз көйлекті бойжеткен Гүлжаһан
есімді осы бір қылықты қыз көптен бері көрші тұратын (Б.Әбдіразақов, Серпіліс).
402.
Достарыңызбен бөлісу: