Байсыдық индира болатбекқызы мінез сипаты атауларының лингвомәдениеттанымдық негіздері



Pdf көрінісі
бет147/348
Дата09.04.2024
өлшемі5.82 Mb.
#498150
түріДиссертация
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   348
18.08.2023 dis

ҚАТЕРЖАМ сын. ескі. кіт. Ұқыпты, ешнәрсені ұмытпайтын, сенімді, 
тыңғылықты. Келдібай, Кішкенебаймен һәм қосназар, Білетін азаматтар атын алаш. 
Қатержам Кете, Керейіт қабиласы Төбеден күдіксіз боп, күліп тарас! (Шораяқтың 
Омары).  
358. 
ҚАТТЫ ауыс. Қатыгез, қатыбас. Көмер болса егерде, Қазсын көрді кеңірек. 
Қатты жандар өлерде Қиналады кебірек (Қ.Мырзалиев, Мәңгі.). Өткен бір заманда 
Мекке, Мәдинеге Құжаж деген адам патша болған. Елге мейірімсіз, қатты жүректігінен 
Құжаж залым атанған (Ш.Құдайбердиев. Шығ.). Біз балалар, ата-анаға қаттымыз ба 
дейім, Айжан дәлірек айтқанда эгоистпіз (З.Шашкин, Сенім). 
359. 
ҚАТЫНЫ МІНЕЗДІ Мінезі жақсы жар, жұбай, ақылды әйел. Қазақтың 
әйеліне арналатын кейінгі адамгершілік, әділет, моральдық ойларының басын осы 
өлеңде айта бастайды. ...ері ақылды, қатыны мінезді боп, тату болса райыс үстіндегі үй, 
– деуменен Абай қазақ әйелінің орнын жаңаша, өзгеше бағалайды (М.Әуезов, Шығ.).  
360. 
ҚАУ КӨКІРЕК Даурықпа, өркөкірек. Қауқарсыз, қау көкірек біреулердің 
менменшіл мінезін танытқаннан басқа онда тұрған не бар дейсіз, тәйірі? (С.Сейітов, 
Жылдар.).  
361. 
ҚАУ КӨРІК Даңғой, даурықпа. Қау көрік Сиқымбай, сусаған екенсің 
(Ғ.Мұстафин, Көз көрген). Арыстанбек, Рүстембектердің белдескенде, басым келе 
беретіні – олардың ағайындары қау көрік, ұйымшыл (Ә.Көшімов, Екі бүркіт). Ол 
әнеукүнгі оқиғадан кейін ағайын арасының өнімсіз дауына, қау көрік сөзіне де 
араласпай, арыз айта келгендерді өз зәңгі, елубасыларына жіберіп, үйден шықпай 
құсаланып жатып алған-ды (Қ.Жұмаділов, Тағдыр). 
362. 
ҚАУҒА ТИГЕН ӨРТТЕЙ Тым екпінді, қайсар, алғыр (адам). Қауға тиген 
өрттей жайнап барады ғой мына пәле (Қаз. тілі. фразеол. сөздігі). 
363. 
ҚАУЫМШЫЛ сын. Көпшіл, жұртшыл. Ол бір байыпты сөйлейтін, ерінбей-
жалықпай түсіндіре білетін қауымшыл кісі екен (Ы.Жақаев, Менің бақытым.). 
364. 
ҚИҒЫР ауыс. 1. Тайсалмайтын, сойып түсетін, шатақ. Ал інісі Жапабай 
болса қылыштай қиғыр мінезді, табиғат берген білек күшін оңтайлы жерде жұмсап 
қалудан тайынбайтын табанды еді (Т.Қажыбаев, Айналайын.). 2. Тілі өткір, уытты. 


187
Мәкеңнің қиғыр тілінен қулардың талайы сақтанып, ығып жүретін (М.Әлімбаев, Көңіл 
күнделігінен).  
365. 
ҚОҒАМШЫЛ сын. Қоғам мүддесін көздейтін, қоғамды сүйетін, өз қоғамына 
жаны шындап ашитын. Оның сана-сезімінде, қылығында өзгеге жамандық істеу 
тәрізді жат әдеттер кездеспейтін. Қоғам тәрбиесінде өскен адам қоғамшыл келеді 
(І.Есенберлин, Маңғыстау.). Ол өзінің қоғамшыл, көпшіл ісімен, әділ, адалдығымен әр 
оқырманның көңілінде қалды (Ә.Нұршайықов, Автопортрет). Қырық бесте қынаптағы 
қылыштайсың, «Дұшпаным, – деп тұратын, қайсы жерде-ай!» Есті болсаң, еліңнің 
қорғанысың, Есер болсаң, боларсың жайсыз елге-ай Қырық бес ассаң – елің елеңдейді. 
Елуді есі жарым елемейді. «Елуді – ердің жасы» десе дағы, Қайратың бұрынғыдан 
төмендейді. Елуден елу беске жеткеннен соң, Сыздайды жүйке тамыр, денең дейді. 
Қариялар алдыңдағы қайтқан қаздай, Қоштасып, кезегім жөнер дейді. Ақсақал, ел 
ағасы атанады, Қоғамшыл елдің қамын жеген дейді. Қайратың бойыңдағы кемігенмен, 
Ақыл-ой кемелденіл, тереңдейді (Мәделі Жүсіпқожаұлы // Екі мыңжылдық дала 
жыры). 
366. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   348




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет