Байсыдық индира болатбекқызы мінез сипаты атауларының лингвомәдениеттанымдық негіздері


ҚОЙНЫНАН БӨЗІ, АУЗЫНАН СӨЗІ ТҮСКЕН



Pdf көрінісі
бет149/348
Дата09.04.2024
өлшемі5.82 Mb.
#498150
түріДиссертация
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   348
18.08.2023 dis

ҚОЙНЫНАН БӨЗІ, АУЗЫНАН СӨЗІ ТҮСКЕН Болбыр, бос, жуас. Момын, 
Қойнынан бөзі, аузынан сөзі түскен божыр болса керек (С.Бердіқұлов, Нар тәуекел). 
Денесінің қауқиғаны болмаса Қалаудың арғы жағында түгі жоқ момынның момыны. 
Қойнынан бөзі, аузынан сөзі т ү с і п тұрған көп қарабайырдың бірі («Лен. жас»).  
372. 
ҚОЙПАЛАҚ сын. жерг. Бос, болбыр. Ол баланы қой, бір қойпалақ бала (Қазақ 
тілі. аймақ. сөздігі).  
373. 
ҚОЙТОРЫ сын. Жуас, момын, бейуаз. Астындағы атын алты ай іздепті деген 
осы екен ғой, – деп қарт қосыла күлді де, қойторыға қарай бүкшеңдей бастады («Лен. 
жас»).  
374. 
ҚОЛАМТА МІНЕЗ Ашық-жарқындығы жоқ тұйық мінез. Ыстық-суығы жоқ 
қоламта мінез жалықтыратын да болар (Т.Ахтанов).  


188
375. 
ҚОЛЫ АШЫҚ [ЖАЗЫҚ] Мырза, жомарт, береген. Бойдақ кезінде қолы 
ашық қалтасы тесік жігіттердің көбі-ақ үйленген бойда сараң тарта береді 
(С.Бақбергенов, Өз. жігіт.). Көкесі жалған сөйлеуді білмеген. Айтса – орындаған. Қолы 
ашық жомарт болған («Лен. жас»). Көрші-қолаң, асшы, малшылардың... маңына 
үйірілуіне қарағанда, қолы жазық екені, би тоқал бола бастағаны байқалады 
(Ғ.Мұстафин). 
376. 
ҚОЛЫ САҚИ көне. Қолы ашық, жомарт, мырза. Қолы сақи бендеге, Өлгенде 
тиер қайыры. Менің айтқан сөзімді, Есіткен жандар қайырды (XVIII–XIX ғ.ғ. қаз. 
ақын.).  
377. 
ҚОНАҚЖАЙ сын. Қонақуар, меймандос. Қысы салқын қоштасу азабындай, 
Жазы дархан кездесу базарындай. Күзі мырза қонақжай қазағымдай, Ал көктемі... 
махаббат назарындай (К. Салықов, Жезкиік.). Қонақжай сыйыменен, Бір шерткен көңіл 
күйін. Әпкемнің үйіменен Көрші еді-ау сенің үйің (М.Шаханов, Ғасыр.). Шарлап 
жүрген аспанның кемесіне, Шарам да жоқ мен солай демесіме. Жерден ұшқан ақиық 
қырандарым, Аман-есен жетсе екен енесіне, Қонса екен қонақжай жер төбесіне (М. 
Мақатаев, Шығ.). 
378. 
ҚОНАҚЖАЙЛЬІ сын. Ашық-жарқын, қонақуар. Қарсы алғанда «төрге шық 
деп, – жан балам», Қонақжайлы қарттарына таңданам. Бар сыйлықтан бағасы артық 
осынау Жарқын жүздер – арайлаған таң маған (Н.Оразалиев, Көңіл.). – Айта көрмеңіз… 
Ол жолы шынында да, көңілімді аса бір жылылығымен баураған қонақжайлы сапарым 
болды (С.Ғаббасов, Серпер).  
379. 
ҚОНАҚҚҰМАР сын. Қонақ келгенді жақсы көретін, қонақжай; қонаққа 
барғыш. Жақсы ісі таусылмас жыр айтуға әлі, Жарқырап аспанынан ай туғалы. 
Сауыққой, қонаққұмар қойлы ауылдың, Әсте бір тарқамаған той-думаны (Ө.Жайлауов, 
Шопан.). 
380. 
ҚОНАҚУАР сын. Қонақжай, меймандос. Алдарынан дәл кешегідей сыпайы, 
қонақуар жылпос жігіттер қылаң ұрып қарсы алды (М.Әуезов, Абай жолы). Бекіштің 
әйелі де қалбалақтаған қонақуар бір жан екен («Лен. жас»). Әзелден қонақуар асыл 
халқым, Әз тұтам көнермейтін осы салтын. Опалы қазақ – жүрек қашаннан да, Біледі 
сыр мінезді досы парқын (М.Әлімбаев, Менің Қазақст.). 
381. 
ҚОНАҚШЫЛ сын. 1. Қонақуар, қонақжай. Қазақтың қонақшыл әдетімен, үй 
иесі жылы шыраймен қарсы алды. Әңгімені осы ауылдың қоныстану жайынан 
бастадық (Ә.Нұрпейісов, Бесқара). Қонақшыл, көпшіл көңілді ауылды – жылы ұяны 
қимағандай да болатын (М.Әуезов, Қараш.). Сонымен келіп жеттік барар жерге, 
Қонақшыл күтіп алды сүйген ел де, Қойылды қонақасы алуан түрлі, Ұқсайды сірге 
жияр аққан селге (Қ.Қуанышбаев, Шаншарлар). 2. сөйл. Қонаққа барғыш. Солар-ақ 
қонақшыл екен, ылғи үйлерінде болмайды (Ауызекі). 
382. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   348




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет