Байсыдық индира болатбекқызы мінез сипаты атауларының лингвомәдениеттанымдық негіздері



Pdf көрінісі
бет148/348
Дата09.04.2024
өлшемі5.82 Mb.
#498150
түріДиссертация
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   348
18.08.2023 dis

ҚОЙ АУЗЫНАН ШӨП АЛМАС [АЛМАЙТЫН] Момын, жуас, үндемейтін. 
Қой аузынан шөп алмайтын момын адам деп жүрсек, Тоқсанбай барып тұрған іш мерез 
екен, – дейді Сәлкен (С.Омаров, Қайырлы.). Бұрышбай, жарғақ тонның ішінде 
жүргенде қой аузынан шөп алмас жуастың бірі едің... (Ш.Хұсайынов, Танысадам.). Қой 
аузынан шөп алмайтын Көжектің еркек жүзді, ер мінезді Балқияға шын көңілі кеткенін 
құрбыларының ешқайсысы сезбеді де (Т.Ахтанов, Қаһарлы күн.). Биылғы жылдың бас 
кезінде біздің мекемеге қой аузынан шөп алмайтын бір момын бастық тап болды 
(С.Адамбеков, Қожанасыр). Күсеміс, мінезі жағынан да әкесіндей қой аузынан шөп 
алмайтын жуас еді (С.Мұқанов, Аққан жұлдыз). Мұса қой аузынан шөп алмайтын ұяң, 
ешкіммен жұғыса қоймайтын үндемес, бұйығы болатын (Ә.Әлімжанов, Махамбет.). Ол 
өзі қой аузынан шөп алмайтын момын екен, еш уақытта да бір адамға: “Сені ме!” деген 
қатты сөз айтпапты (Қаз. ертегі.). 
367. 
ҚОЙ МІНЕЗДІ Қойдай жуас, моп-момақан. Қойшының бірі – қазақ; қошқар 
тұмсық, қой мінезді (І.Жансүгіров, Шығ.).  
368. 
ҚОЙДАЙ ЖУАС [МОМЫН] Қой аузынан шөп алмайтын, аса момақан. Бізге 
қойдай жуас көрінетін болыстарыңыз көрген сәттен бастап, құтырған ұқсап кетті 
(Ә.Әбішев, Терең тамыр). Қойдай момын бишара! Сылтауы жоқ болса да, ағызыпты 
сорасын (М.Әуезов, Таңд. шығ.). 
369. 
ҚОЙДАН ҚОҢЫР [ЖЫЛҚЫДАН ТОРЫ]. Өте момын, жуас. Жазаң сенің – 
қойдан қоңыр мінезің, Әлдекімге артық болдың бір өзің (С.Бегалин, Шығ.). Қойдан 
қоңыр қазағым Қапыда алданып, тартылып, Айрылып қалдың құныңнан (Кердері 
Әбубәкір, Шығ.). Қойдан қоңыр, жылқыдан торы Бәкең, Адалдыққа бар елдің зоры 
Бәкең (Абай, Тол. жин.). Айтамын деп, оқталса да, айта алмады. Қойдан қоңыр, 
жылқыдан торы біреу (Ж.Жұмақанов, Жазылм.).  
370. 
ҚОЙМҮРЕТ сын. жерг. Момын, қой аузынан шөп алмас. Қарағым, мені қойшы, 
мен өзім бір қоймүретпін ғой (Қазақ тілі. аймақ. сөздігі).  
371. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   348




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет