Байсыдық индира болатбекқызы мінез сипаты атауларының лингвомәдениеттанымдық негіздері



Pdf көрінісі
бет161/348
Дата09.04.2024
өлшемі5.82 Mb.
#498150
түріДиссертация
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   348
18.08.2023 dis

МІНЕЗІ ТЕКТІ Әдепті, ізетті, көргенді, биязы деген мағынада. Мінезі 
шалдың-дағы текті дейді, Сөзіне әбден көзі жетті дейді (Қозы Көрпеш). 
456. 
НАМАЗҚОЙ сын. жерг. Намазшыл. Жаман неменің намазқойын қара (Қаз. тілі 
аймақ. сөзд.). 
457. 
НАМАЗШЫЛ сын. Намазын қаза етпейтін діндар. Кейбіреулердің бірәдір 
атын көтеріп, оразашыл, намазшыл болып жүргені көңілге қалың бермей тұрып
жыртысын салғанға ұқсайды (Абай, Тол. жин.). Атеистік пікірге келген шағында: – 
«бала кезімде оразашыл, намазшыл болдым», – дейтін Баймағамбет (Б.Ізтелин, Шығ.). 
458. 
НАМЫСКЕР сын. Намысқой, намысшыл, ар-ожданын бәрін артық санаушы. 
Тарзансыз қасқыр қуып, көңіл жарыта алмайтынын ойлағанда, намыскер аңшы 
шарасыздан булығып қатты аласұрды (С.Елубаев, Ойсыл қара). Жас жігіт кереметтей 
намыскер болып өсті (Қ.Жұмаділов, Көкейкесті). Жер бетінде туып жатыр ұлы істер, 
мысал да бар ұшар қанат дұрыс дер. Алға шықса озық елдер әлемде, Бүкіл халқы 
намыскер Һәм жұмыскер (К.Салықов, Жезкиік). 
459. 
НАМЫСҚОЙ сын. Намысшыл, ар-абыройын жоғары ұстайтын. Шамасы 
Шидүрге шыдамсыз, намысқой, күйгелек адам тәрізді (Ә.Кекілбаев, Дала.). Құрақпай 
туғаннан-ақ жарлы еді, О-дағы қолы қысқа зарлы еді. Өзі әнші, өзі батыр, өзі сері, 
намысқой, ер көңілді, арлы еді (К.Әзірбаев, Таңд. шығ.). Жердің аман тұрғандығы Сол 
намысқой еркектердің арқасы. Әр кез нұрлы үміт сеуіп алдымызда таң жатсын, Қайғы 
келсе жеңілмейтін, Бақыт келсесемірмейтін, Ер мінезін қадірлейтін, Еркектердің даңқы 
артсын! (М.Шаханов, Ғасыр).  
460. 
НАМЫСҚОР сын. Намысқой, намыскер. Құнияз ер мінезді, намысқор, балуан 
жігіт еді (Ғ.Мүсірепов, Ұлпан). Мария тұр переводтап жігіт сөзін, Намысқор, ержүрек 
деп ұнатты өзін. Бұрынғыдай жалдама жалшы демей, Көрген сайын қызықты әр мінезін 
(Ш.Құдайбердиев, Шығ.). Қыз кет деп беттен алып тұрған соң, намысқор ер жігіт қайтіп 
шыдасын (М.Мағауин, Бір ата.). 
461. 
НАМЫСТЫ сын. Намысқор, намысшыл. О, Елім! Неткен намысты ең! 
Өртенсін жауың, өртенсін. ...Келіп ең, жауым, маршпен Өлімнің сазын шертерсің 
(М.Мақатаев, Шығ.). Намыстыны өлімім ойландырсын, Босқа төккен қалың жұрт 
қайран күшін. Мені жерлеу арқылы өз ұлтының Бір үмітін көмерін қайдан білсін 
(М.Шаханов, Ғасыр). Намыстылар қайда? – деп, Атой сап қол бұлғады. Алты жүз батыр 
жігітті Жалғыз күнде жинады (О.Шипин, Дастан). Сұлтандар қасында намысты, арлы 
жетпіс я сексен кісі қалды (Әбілғазы, Шежіре). 
462. 
НАМЫСШЫЛ сын. Намысқой, аршыл. Үстімде сұр шинелім, Қолда автомат, 
беренім, Жеңілем, өлем демедім, Намысшыл, кекшіл өр едім (Д.Әбілев, Уақыт.). Тым 
аса қуысшыл ма, шамшыл ма, секемшіл ме, не әлде намысшыл ма, қалай болғанда да, 
ондай кісілер жұрт білетін мінін шалғайымен жапқандай қымтап болады («Лен. жас»). 
Ол – ел-жұртын, туған халқын, киелі топырағын жан-жүрегімен берілесүйген 
намысшыл ер, көзсіз патриот! Орақ тілді («жас Алаш»). 
463. 
НАН ТЕПТІ Арамтамақ, жатыпішер. Халық ықыласын қайтарсам, «Болам ба, 
– деймін, – нан тепті?» Сөз тауарын білетін, Ерлер басы келіпті, Тербеліп жорғаң тер 
төкті! (О.Шораяқов, Шайыр.). 
464. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   348




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет