Байсыдық индира болатбекқызы мінез сипаты атауларының лингвомәдениеттанымдық негіздері



Pdf көрінісі
бет163/348
Дата09.04.2024
өлшемі5.82 Mb.
#498150
түріДиссертация
1   ...   159   160   161   162   163   164   165   166   ...   348
18.08.2023 dis

ОЙНАРҒЫ сын. көне. Ойнақы, ойыншыл. Мен сізді бүгінгідей білемін. О, онда 
сіз Ойнарғы бала едіңіз – өткен марқұм Герцог айтар еді (Ж.Аймауытов, Шығ.).  
473. 
ОЙШАҢ сын. Ойлы, зерделі. Ондай кітаптар Шоқан, Григорий сияқты ойшаң 
балаларды қызықтырмайды (С.Бегалин, Бала Шоқан). Ақжан ойшаң көзімен 
Жиенбайға біраз қарап тұрды да, артынан тұнжырап міңгірлей берді (М.Дәулетбаев, 
Қызылжар). Бүгінгі біздің балалар – бойшаң ғана емес, ойшаң да балалар (Уақыт және 
қаламгер).  
474. 
ОЙШЫЛ сын. Көп ойлайтын, данышпан, дана, кемеңгер. Өзіңесенбе, жас 
ойшыл, Тіл өнері дертпен тең (Абай, Шығ.). Философ, ойшыл, данышпан, Терең ойлап 
алыстан, «Құдай бар ма, жан бар ма?» – деп ақылмен жарысқан (Ш.Құдайбердиев 
Шығ). Ол – сол кезінде де жазушы, сол кезінде де ақын, сол кезінде де ойшыл 
(Ғ.Мүсірепов, Суреткер.). Кіріспесөзде көрнекі құралдар арқылы ұлы ойшыл 
жерлесіміз әл-Фарабидің өмірі туралы оқушыларға мағлұмат берілді («Қазақст. мект».). 
475. 
ОРАҚ АУЫЗ [АУЫЗДЫ, ТІСТІ], ОТ АУЫЗ [АУЫЗДЫ, ТІСТІ, ТІЛДІ] 1. 
Өткір, өктем тілді, шешен, ділмар кісі. Қарапайым ауыл әйелдері ішіндегі талай-талай 
от тілді, орақ ауызды, әзіл қалжыңды шебер айтатын әйелдерді көп көргенбіз 
(С.Бақбергенов, Қайран шешем). Жасында орақ ауыз, от тілді басшыларды да көрді 
(Ә.Қалмырзаев, Ар). Қыпшақтың от ауызды, орақ тісті, қарға бойлы Қазтуған жырауы 
мен Арғынның ақсаңылақ жүйрігі Қотан жырау айтыспақшы (І.Есенберлин, Алмас.). 2. 
Адуын мінезді, турашыл, өткір тілді кісі. Орақ ауыз, от тілді адам, ешкімнің бет-жүзіне 
қарамайды (Ә.Нұрғалиев, Күретамыр). Әйкен от ауыз, орақ тілді, қадалған жерінен қан 
алатын қатал екен, – деді (С.Бақбергенов). Ауылда еркек орнына жүретін кейбір от 
ауыз, орақ тісті әйелдер болады (Ғ.Мұстафин, Көз көрген). Бес ұлдың буына піскен 
адуын, орақ ауыз әйел шалына соқтыға кірді (Ғ.Мұстафин, Шығ.). 
476. 
ОРТАҚШЫЛ сын. Барын ортаға салғыш, көпшіл. Біз ортақшылдармыз: бізде 
бауыр жоқ, бізде тура жол бар (Ж.Аймауытов, Шығ.). Студент шағында көпшіл, 
ортақшыл сияқты еді (О.Сәрсенбаев, Сағым).  


197
477. 
ОРТАШЫЛ сын. Көпшілік қауымға бейім, көпшіл. Жақынырақ жүретұғын 
пайдаға, Менің ол бір танысым-тын жәй ғана Әңгімешіл болатын-ды, Орташыл ол 
жүрген жер думан еді қайда да (И.Исаев, Таң алдында).  
478. 
ОТ ЖҮРЕК Еш нәрседен қорықпайтын, батыл. Әттең, от жүрек, алғыр ойлы, 
көреген әке, ел басын толық, қоса алмай кетті (I.Есенберлин, Алмас.). Төндіріп тас 
төбеден түнегіңді, Көп болса бозартарсың гүл өңімді, Ал бірақ Алматымды сүйетұғын 
Суыта алмайсың от жүрегімді (Т.Айбергенов, Мен саған ғашық едім.). 
479. 
ОТ КӨЗДІ Жанары өткір, айбатты. Екі иығына екі кісі мінгендей, денелі, 
үлкен от көзді, гүрілдеген зор дауысты, мейлінше айбатты жігіт (Г.Мұстафин, Көз 
көрген).  
480. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   159   160   161   162   163   164   165   166   ...   348




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет