Байсыдық индира болатбекқызы мінез сипаты атауларының лингвомәдениеттанымдық негіздері


НИЕТІ ҚАЗАТ Ниеті түзу, адал. ≈ Ниет і қ а зат адам.  465.  НЫСАПТЫ



Pdf көрінісі
бет162/348
Дата09.04.2024
өлшемі5.82 Mb.
#498150
түріДиссертация
1   ...   158   159   160   161   162   163   164   165   ...   348
18.08.2023 dis

НИЕТІ ҚАЗАТ Ниеті түзу, адал. ≈ Ниет і қ а зат адам. 
465. 
НЫСАПТЫ сын. Көзі тойғыш, қанағатшыл. Ақбота нысапты, сыпайы 
жануарды. Өз үлесін алғаннан кейін, қайтып қолыңдағыға ұмтылмайтын (З.Шашкин, 
Өмір.). Бұл қартың оның бірін де кәсіп қылып көрген жан емес. Нысапты көңіл әу баста 
мұны мал соңына салған («Лен. жас»). 
466. 
ОЗЫҚ ПІКІРЛІ Алдыңғы қатарлы көзқарастағы адам. Ыбырай Алтынсарин 
озық пікірлі педагог болды, ол өзі ашқан мектептерде діни сабақтарды енгізбеді


196
балаларға орыс тілін оқытты, ел арасына орыс мәдениетін таратты, шәкірттерді еңбекке 
үйретті (Қ.Көпішов.). 
467. 
ОЙЛАҒЫШ сын. Көп ойлайтын, ой үстінде жүретін, ойлампаз. Әрбір уақыт 
- қайғы ойлағыш кісі не дүние шаруасына, не ахирет шаруасына өзгеден жинақырық 
болса керек (Абай, Тол. жин.). – Густав Христианович, сіздің жаңалық ойлағыш, 
ізденгіштігіңіз – басқа шен иесі ұлықтардан өзгешелігіңіз (С.Бегалин, Шоқан асу.). 
Көрініп кейде көпке тым сыпайы, Ойлағыш халық қамын жан санаған (Д.Еркінбаев, 
Шығ.).  
468. 
ОЙЛАМПАЗ сын. Көп ойлайтын, ойланғыш. Жазушылықпен әуестенуші жас 
қаламдар қандай ойлампаз (Қ.Жұмалиев, Жайсаң жан.). Бұл Мұса баяғыдан ойлампаз 
жан, Сондықтан солғын тартып, өңі де азған (Д.Еркінбеков, Шығ.). 
469. 
ОЙЛАНҒЫШ сын. Ойлампаз, көп ойлайтын. Қос қыртысын кетірмес 
ойларының, Лап бергіш, к… айналғыш, қайта ойланғыш (Абай, Тол. жин.). 
470. 
ОЙЛЫ сын. 1. Сана-сезімі мол, есті, саналы. Көкірегінде оты бар Құлағын 
ойлы ер салсын (Абай, Тол. жин.). Әлдеқайда, Қырда, Сырда алаш бар... Мұнарлы тау, 
балдай бұлақ, ағаш бар... Есіл елді, есіл жерді жат алды... Ойлы ұлына бұл кең дүние 
болды тар (М.Жұмабаев, Шығ.). Шындықты сүйетін ойлы бала көрінесің, осы бетіңнен 
тайма!– дегенді сабырлы кейіппен, салмақтай сөйлеп (3.Шашкин, Сенім). 2. Сыры бар, 
мәні терең, ой алғандай. Ақылдының сөзіндей ойлы күйді Тыңдағанда көңілдің өсері 
бар (Абай, Тол. жин.).  
471. 
ОЙНАМПАЗ сын. Ойыншыл, әзілқой. – Бұл шопыр ма, бұл шопыр, Тілеуі 
болғыр, жақсы адам. Бұл сөйлесе күл де отыр, Ойнампаз-ақ жарқын жан 
(Ғ.Қайырбеков, Құрдас).  
472. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   158   159   160   161   162   163   164   165   ...   348




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет