Байсыдық индира болатбекқызы мінез сипаты атауларының лингвомәдениеттанымдық негіздері


ХОШУАҚ сын. Көңілді, жарқын. Қой көңілім, қапаланба, хошуақ боп жүре бер  (Хафиз)



Pdf көрінісі
бет198/348
Дата09.04.2024
өлшемі5.82 Mb.
#498150
түріДиссертация
1   ...   194   195   196   197   198   199   200   201   ...   348
18.08.2023 dis

ХОШУАҚ сын. Көңілді, жарқын. Қой көңілім, қапаланба, хошуақ боп жүре бер 
(Хафиз). 
717. 
ХҰРСАНТ сын. көне. Шат көңілді, шадман. Құр сөзіне хұрсант боп, Желденген 
екем бекерге (Хафиз). 


219
718. 
ШАБЫТТЫ сын. Шабыты жоғары, жігерлі, серпінді, қарқынды. Бүгін бір 
шабытты көңілмен отырған Абай талай қызық сөздер айтты (М.Әуезов, Шығ.). 
Бүркітім батыр, шабытты бүркіт еді (А.Хангелдин, Өткен күн.). 
719. 
ШАҒЫМПАЗ сын. Шағым айтқыш, арызшыл. Арамызда әлі де кездесетін 
арызқой, пәлеқор, шағымпаздарды ақын уытты күлкімен буады («Қаз. әдеб.»). Бұл сөз 
оны шағымпаз еткен (С.Шаймерденов, Болат. жол). 
720. 
ШАҒЫМШЫ зат. Шағым айтушы, арызшы. Ескі үкімет мүрдем кетті, 
шағымшы бауырларымыздың да көзі жоғалды (М.Дулатов, Шығ.). Ол комбатқа бір
жанындағы шағымшыға бір көзін алартып, жүріп кетті (Ә.Бектемісов, Майдангер.). 
Оның келгенін естіген шағымшылар әр жерден аңдыздап жүргендері мынау 
(С.Жүнісов, Ақан сері). 
721. 
ШАҒЫМШЫЛ сын. Шағым айтқыш, шағымпаз. Сол шошқа мінезді 
адамдардың бірі шағымшылдар десек, онша теріс бола қоймас («Қазақ» газеті). – Тойт, 
бар әрман! Шағымшылын жаман неменің! (Ж.Өмірбеков, Замандасым.). Шағымшыл 
шаян жорғалар, Іздегені жанжал-дау. Түк сайын өсек сорғалар, оған жұрттың бәрі жау, 
Жалғыз ғана өзі сау (А.Тоқмағамбетов, Көгілдір). 
722. 
ШАҒЫРЛАУ. ауыс. Мінезі шайпаулау, шәлкестеу. Рас, шешесінің мінезі 
шағырлау екен (С.Сарғасқаев, Көңілді.). 
723. 
ШАДЫМАН ЖҰРТ Көңілді қуанышты ел. Шат көңіл, шадыман жұрт, 
ақынысың, Жүйріктің жұрт қуантқан жақынысың (І.Жансүгііров, Шығ.). 
724. 
ШАДЫМАН сын. Шат, шаттық; көңілді. Баяғыдай сыңғырлай шалқитын 
шадыман күлкілердің ізі де қалмаған (Ә.Әлішев, Батыр.). Бұл шадыманға жер-жерден, 
шет-шеттен шақырылғандар да жетіп, жайғасып үлгеріпті (А.Сатаев, Дала.). Бұл 
гүлденген түбектегі бүгінгі шадыман өмірдің бір мысқылы ғана (Достық нұры).  
725. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   194   195   196   197   198   199   200   201   ...   348




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет