221
743.
ШӨГЕЛ сын.
Пысық, тындырымды. Бірақ газет жұмысына шөгел, қай жерде
жүріп
жазып тастайтынын білмейсің, күн сайын әзіл-оспағы аралас фельетоны
бұрқырап шығып та жатады («Жұлдыз»).
744.
ШЫДАМДЫ сын. 1.
Неге болса да шыдайтын, төзімді, көнбіс, сабырлы. Ол
маңғұл өздері татардай ассыздық, сусыздыққа, ыстық-суыққа шыдамды болмаса керек
(Абай, Тол. жин.).
Ойлап тұрсам, адамның ең артығы – Ерінбейтін,
еңбекшіл
шыдамдысы (Ш.Құдайбердиев, Шығ.). Түзден ұстаған құсты үйрететін адам құстың
сырына қанық,
ерекше шыдамды, ерінбейтін ерік күштің иесі болу керек
(А.Сейдімбеков, Тауға біткен жалбыз.). 2.
Мықты, берік (зат).
Өйткені шөл
аудандарда көбінесе күннің ыстығына шыдамды жәнесуды аз керек ететін өсімдіктер
өседі (С.Әбдірайымов, Шөл жайылым.). Бір гектар жерден 350-480 центнерге дейін
өнім береді, сақтауға шыдамды(А.Алманиязов,
Қазақстанның қауын, қарбызы.). Ат
иесі қайтыс болған соң аяқ лауға шыдамды мал болар деп торыны бұл өз қолына алған
болатын (К.Сегізбаев, Ашылмаған сыр.). Ал шынында бұлар өте шыдамды, ірі
балапандарды ұзақ жерге көшіру онша қиынға түспейді (Ж.Төреходжаев,
Қанатты
достар.).
745.
ШЫРЫН-БАЛДАЙ сын.
Көркем, ұнамды, жағымды. Көркемдік сипатыңнан
табылғаңдай, Даусың да болса керек шырын-балдай. Көптен-ақ дабысыңды естісем де,
Болған соң келе алмадым жерім шалғай (А.Байтұрсынов, Шығ.).
746.
ШІРКЕУЛІ сын.
Ұятты, қысылған, ыңғайсызданған. Ол
енді шешесінің
шіркеулі жүзін танығандай мазалай бастады (Ж.Сатаев, Құйын).
747.
Достарыңызбен бөлісу: