Байсыдық индира болатбекқызы мінез сипаты атауларының лингвомәдениеттанымдық негіздері



Pdf көрінісі
бет199/348
Дата09.04.2024
өлшемі5.82 Mb.
#498150
түріДиссертация
1   ...   195   196   197   198   199   200   201   202   ...   348
18.08.2023 dis

ШАДЫМАНДЫ сын. Қуанышты, көңілді. Қыздар мен жігіттер жүзі бал-бұл 
жайнап, шадыманды әрі мұңды күйге көшкен (Бәйшешек). Жүз жасаған домбыра: 
Шадыман д ы күй ашты, Ұрпағына соңғыға (Ж.Сыздықов, Асулар). Өн бойын 
шадыманды сезім билеген Әбуәлиев Жалбыр ақсақалмен сөйлесті (Самғау). 
726. 
ШАЙҚЫ зат. 1. Жұртты күлкіге қарық қылып жүретін қалжыңбас, қуақы, 
диуана. Арада осындай күлкіге батырып жүретін шайқы болмаса ажарлы топтың ойын-
күлкісі де өрбімес еді (Ө.Күмісбаев, Ауыл.). 2. Сөйл. Шайхы. Басшыларының бірі халпе 
мен шайқы ақылдасып келіп, тастап кетуді дұрыс деп тапты (А.Тоқмағамбетов, Әке.). 
Алдымда тұрған бір шайқының ашасы маңдайыма сарт ете қалды (А.Тоқмағамбетов, 
Ақмоншақ). 
727. 
ШАЙЛЫ сын. Әлді, ауқатты, дәулетті. Қалайда айтарымды айтып өлем, Айта 
алмасам жасайды қайтып өлең? Тәңірім мені қоңсы қондырмағай, Тіл білмес 
диуанамен, шайлыменен (М.Мақатев, Шығ.).  
728. 
ШАЛА-ДҮМБІЛ сын. Шала-шарпы, шалағай. Шала-дүмбіл нәрсемен қанағат 
етіп, айғай-шумен өнімді іс бітірмей жүргендер де жоқ емес («Қаз. әдеб.»). Сол 
қабылданған нәрселердің көбісі-ақ шала-дүмбіл дүниелер ((«Қаз. әдеб.»).  
729. 
ШАЛҒЫР сын. Байқағыш, алғыр, тілі орамды. Оқушы шынайы лирик ақынды 
ойы терең, сезімі нәзік, интуициясы шалғыр философ деп таниды. Сондықтан одан 
жаңа ойлар қабылдағысы келеді («Қаз. әдеб.»). Қызғанша айғай шығып, едім салғыр, 
Сөйлесең әр немені тілің шалғыр (Айтыс).  
730. 
ШАЛҒЫРТ зат. Шалғыр, алғыр. Жолың болсын кел бері! Аю мінез аңғыртым! 
Алып мінез салғыртым! Әңгүдігім, шалғыртым! (Ж.Аймауытов, Шығ.).  
731. 
ШАЛУШЫ зат. Байқағыш, болжағыш адам. Алушының баласы шалушы 
келеді деген ғой, сізге жарарлық нәрсе табылса, қалаңыз (Ж.Аймауытов, Шығ.). 
732. 
ШАЛЫМДЫ сын. 1. Орап тартқыш; іліп қалғыш, ұстағыш. Айдынды ол 
мұхиттың арнасындай, Айбынды ол жұмысшы балғасындай, Шалымды ол шаруаның 
орағындай (С.Мәуленов, Рауан). Қашқындар қол ұстасып ойыстай бергенде, шалымды 
Мүсірәлі шап етіп екеуін ұстап алады (Т.Әлімқұлов, Ақбоз ат). Аты да, өзі де ш алымды 


220
жігіттер онысын олай бұнысын бұлай қуып, қолы тиген жерінен еңсеріп, доптай түсіріп 
жатыр... (Ж.Аймауытов, Шығ.). 2. ауыс. Алыстан байқағыш, көргіш. Әйел көзі 
шалымды да сыншыл (Н.Сералиев, Қаңтар). Сырт көзден ш алымды не бар 
(С.Бердіқұлов, Аспан.). 3. ауыс. Әр нәрсені сезгіш, аңғарғыш. Абайдың қиялы 
шалымды, ойы терең, ақыл-білімнің әр тарауынан көкірегінде асыл қазына көп 
(Ж.Аймауытов, Шығ.). Бағынатын бастығының алдында шалымды болғанын кім жек 
көрсін (Б.Қыдырбекұлы, Шойынқұлақ). Кей адам кейбіреуді көтермелер Деп айтар, 
білімділер, шалымдылар. Ол мақтауы ойласаң оған зиян, Сорлыны құр мақтауға 
салындырар (Қабан жырау // Алтын қазық). 4. ауыс. Жүйрік, ұшқыр. Айтбайдың ырғай 
дөнені тегінде шалымды мал екен (Ә.Көшімов, Екі бүркіт). Қыр жігіті шалымды атпен 
әне-міне дегенше-ақ көл жерді еңсеріп ала береді (X.Есенжанов, Ақ Жайық). 
733. 
ШАНЫМДЫ сын. жерг. Сенімді, нанымды. Махамбет Исатайдың шанымды 
серігі болды (Қазақ тілі. аймақ. сөздігі). Тоқ басына шанымды адам қойдым, олар 
жақсылап қарауылдайды (Қазақ тілі. аймақ. сөздігі). 
734. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   195   196   197   198   199   200   201   202   ...   348




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет