Байсыдық индира болатбекқызы мінез сипаты атауларының лингвомәдениеттанымдық негіздері


ДОЛАП сын. жерг. Намысшыл, дөң мінез. Болат, Болат, Сен бір жүрген долап, Сен  жұлқынып кеткенде, Қораға қойың толат (Алтыбашпай өлең.)



Pdf көрінісі
бет235/348
Дата09.04.2024
өлшемі5.82 Mb.
#498150
түріДиссертация
1   ...   231   232   233   234   235   236   237   238   ...   348
18.08.2023 dis

ДОЛАП сын. жерг. Намысшыл, дөң мінез. Болат, Болат, Сен бір жүрген долап, Сен 
жұлқынып кеткенде, Қораға қойың толат (Алтыбашпай өлең.). 
275. 
ДОЛАУ сын. жерг. Долы, ызақор, ашушаң. Ол жігітің бір долау қатынға кез болыпты 
ғой (Қаз. тілі. аймақ. сөздігі). 
276. 
ДОЛДАЙ сын. жерг. Толқыма, тайсалақ, тұрақсыз. Сөзге тұрмайтын долдай кісі 
екенсіз (Қаз. тілі. аймақ. сөздігі). 
277. 
ДОЛУЫР сын. сөйл. Ашушаң, ызақор. Ей, долуыр, сап-сап! Нажағай жалт бер қыныңа! 
Жайна күн, нөсерді жасқап, Тұнып тұр гүлдер қырымда (Қ.Бекхожин, Дала комисс.). 


248
278. 
ДОЛЫ сын. 1. Алай-түлей, күшті. Кейде айтады ақындар Жайдары желдің соғысын. 
Қатайып кейде баяулар, Түрлендіріп долысын (Ш.Құдайбердиев, Шығ.). Долы құйын тұра 
ма күтіп, құйғыта келді де, ортадағы бір үйді сатыр-күтір еткізіп жықты да кетті 
(Ы.Жақаев, Өмір.). Күшті жуан қара ағаш, Жапырақсыз жалаңаш, Өмірде беті қайтпаған, 
Ешкімге сырын айтпаған, Тура келіп тағдыры, Долы дауыл кез келіп, О да бір күн құлайды 
(М.Жұмабаев, Шығ.). Күн шыға теңізге шомылыс, Жүйріктер, жүзгіштер көп мендей, 
Жағада жатамын долы күш. Әдейі құлатып кеткендей (Т.Молдағалиев, Таудан.). 2. ауыс. 
Ашушаң, булықпа, ызақор. Жанай аузын ашар болса ызалы долы айқай мен боқтық сөздер 
ғана шығатын сияқты (С.Мұратбеков, Көкорай). Ызалы жүрек, долы қол, Улы сия, ащы, 
тіл Не жазып кетсе, жайы сол, Жек көрсеңдер өзің біл (Абай. Тол. жин.). Жүгірем деп құлап 
қап, Жылайтұғын долы қыз, Болатынбыз жұбатпақ, Жылы сөзбен оны біз (С.Мәуленов, 
Тартыс.). Жақсы әйел дәулетіңе жөн келтірер, Әйелің долы болса күнде өлтірер. Жақсыдан 
жаман туған бала болса, Атаға үйде жатқан сөз келтірер (Шал ақын, Өлеңд.). 
279. 
ДӨКІР ауыс. Тоңмойын, дөрекі, ұрда-жық. Күн Торпақ шоқжұлдызына барған кезде 
туған адам мықты, бірақ ашуланшақ және дөкір болады (М.Ысқақов, Халық календары). 
Өзім қайбір жетісіп тұрған адам, оның үстіне мынаның кісіні ұрып жыққандай дөкір 
сөздері көңіліме тас кесектей тиді (Е.Мырзахметов, Өмір.). 
280. 
ДӨҢ ауыс. Мінезсіз, дөрекі, оғаш мінезді. Мақтама – Нұрекедей дөң жігітті, Мақтайсың 
қайдағы бір кем жігітті (Айтыс). Күйеуінің кейбір оқыс дөң мінездерін кешіріп, ретсіз кетіп 
бара жатса, тежеп тастайды (М.Иманжанов, Алғашқы.). Әсте шыдамаса: – Мейлі. Көре 
жатамыз да, – деген Тұрарбек тосыннан дөң сөйлеп (Қ.Найманбаев, Беймезгіл қонақ). 
281. 
ДӨРЕКІ сын. 1. Тұрпайы, анайы, тым қарабайыр (сөз, қылық). Қыстан қалған қоқым-
соқымды, әлдекімдердің дөрекі күлкісін, сұғанақ көзін, бояуы қашқан мүсіндерді, ескірген 
газет витриналарын көрмеді, естімеді (Х.Әбдібаев, Таңбалы адам). Қыбы қанып Түрік 
сұлтанның атына айтылған сөздер неғұрлым дөрекі, былапыт болған сайын, әлгілердің 
соғұрлым қыбы қанып, жандарына жаға түседі (М.Шоқай, Таңд. шығ.). Қаншама сыйымды 
ғып айтам дегенмен Ерғалидың осы сөзі – есіткен құлаққа бір түрлі жат, дөрекі секілденіп 
тұрды (Б.Майлин, Таңд.). 2. Бейахлақ, адамның намысын қорлайтын (іс-әрекет). Әбден 
үрейлері ұшқан саяхатшылар автобустың есігін ішінен жауып алып, полицейлер келіп, 
оларды қайыршылардың торынан босатқанша тапжылмастан отырған көрінеді. Бұл әбден 
шектен шыққан дөрекі әдіс (Ә.Шәріпов, Қапастағы жұлдыздар). 3. Дөкір, оспадар, ұрда-
жық (мінез, қимыл, т.б.). Әкесінің өркеуде озбыр дөрекі мінездері ұнамайды оған 
(С.Байжанов, Замандас туралы толғау). Осы бір шаш ал десе бас алатын, ұрда-жық дөрекі 
адамды Машановтың неге ұстап жүргенін Дәнеш басында түсіне алмай дал болған 
(Қ.Жұмаділов, Саржайлау). 4. Оғаш, қиқы-жиқы, келіссіз. Ең қорлық нәрсе, сағанақтар 
дұрыс айқаспайды. Шаңырақ көздері дөрекі, уықтар дұрыс қаламдалмаған («Мәдениет 
және тұрмыс»). Дінмұқан да ішінен елжіреп, дөрекі тұрпатты мына жігітке сүйінгендей 
болды (Д.Досанов, Тұлпар.). 5. Жуан, нәзік емес. Сүйек заттары сүйектің қабаттарын 
түзгенде, бірде пластинкалы, бірде дөрекі талшықты сүйекке тән көпіршелер түрінде пайда 
болады (Қ.Нұғматжанов, Гистология). 
282. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   231   232   233   234   235   236   237   238   ...   348




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет