Байсыдық индира болатбекқызы мінез сипаты атауларының лингвомәдениеттанымдық негіздері



Pdf көрінісі
бет232/348
Дата09.04.2024
өлшемі5.82 Mb.
#498150
түріДиссертация
1   ...   228   229   230   231   232   233   234   235   ...   348
18.08.2023 dis

ДАҢҒАЗАШЫЛ сын. У-шуға, байбаламға құмар. Дарыныңның отымен, Түс бәйгіге, 
іркілме, Күлкім келер, көкіген, даңғазашыл шіркінге (Қ.Бекхожин, Әппақ-наме). 
254. 
ДАҢҒОЙ сын. экспр. Елірме, есер, бөспе, даурықпа. Батырдан барымташы туар 
даңғой, Қызшыл да, қызықшыл да әуре жан ғой (Абай, Тол. жин.). Ырғызбайдың 
әншейінде жуансыған, қолшыл болып мықтысыған ұргеппе, даңғойлары бұл тұста 
күпілдектен асқан жоқ (М.Әуезов, Шығ.). Баланы тым есіртіп, тым мәпелеу де пайда емес. 
Ол өскенде не даңғой, не әйеншек болып шығады (Ғ.Мұстафин, Шығанақ.). Даңғой есірсе, 
қызбен күреседі (Мақал-мәтел). 
255. 
ДАҢҒОЙЛАУ сын. Есерлеу. Әсіресе даңғойлау, есерсоқ аңғалдау адамдар 
Есентайдың қолына түссін (М.Әуезов, Абай). Көшербай көз алдына елестеп кеткендей еді. 
Інісі айнытпай бейнелеген сияқты. Даңғойлау, жалаң кеуделеу, даңғаза айқайы молдау кісі-
тін (Т.Иманбеков, Үлкен үй). Бұл елде «Үкілі Айша» деген келте мұрын, кербез 
домбырашы, әнші, даңғойлау, мақтаншақ, көңілшек қыз бар еді (Ж.Аймауытов, Шығ.). 
256. 
ДАҢҒЫРЛАҚ ауыс. Даңғой, ойындағысын ойланбай сөйлейтін. Соңынан қосылған 
даңғырлақ келіншек: – Бүгін біздің үйдегі нарқоспаққа, бюллетенить етіп кеңсесіне бармай 
қалып еді, ет асып, қамырын илеп, картобын аршып, жуасын турап қоясың деп бұйырып 
кеттім (Ө.Қанахин, Бақыт.). Бағанағы әзірде даңғырлақ Жақанның: «Сенің балаң ғой» деп 
өзіме тарпа бас салуының байыбына енді ғана барғандаймын (Е.Мырзахметов, Туған күн). 
257. 
ДАҢҚҚОЙ сын. Даңққұмар, даңқшыл. Даңққой, баққұмар, дүниеқоңыз, күншілдік 
сияқты жағымсыз қылықтармен күресу тәрбие жұмысының басты міндеті (Семья 
тәрбиесі). Повесте Досанның даңққой нағашысы Кәмпескенің бейнесі де өтесәтті шыққан 
(З.Серікқалиев, Ақыл таразы.). 
258. 
ДАҢҚҚҰМАР сын. Атақ, даңқты сүйетін, даңқ қуатын. Даңқсыздар, болыңдар 
даңққұмар, Тұлпарларын тебініп даңқтылар, Тұғырларды сендер де тежемеңдер, Алып 
шығар немесе қалып тынар (М.Мақатаев, Шығ.). Жер бетіндегі алдап-арбаудан, қара 
ниеттілік пен дүниеқор ашкөзділіктен, даңққұмар өзімшілдіктен, бір сөзбен айтқанда
оспаншылдықтан – бәрінен, бәрінен мүлдем құтылу! (О.Бөкеев, Өз отың.).  
259. 
ДАҢҚОЙ сын. сөйл. Даңғой. Қодардың тасыр, даңқой екенін ұғындырады (М.Әуезов, 
Әр жыл.). Барып тұрған даңқой соғысқұмар емес пе, соңғы солдатым қалғанша соғысамын 
дегенін қайтерсің (Ж.Тілеков, Хинган асуы.). 
260. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   228   229   230   231   232   233   234   235   ...   348




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет