ЖАЙБАР АУЫЗ Ашықауыз, аңқау. Жолдастыққа санама, Жайбар ауыз көнтекті.
Арабы нардың белгісі – Бұйдасын ірікпес, елпек-ті (О.Шораяқов, Шайыр).
346.
ЖАЙБАСАР сын. 1. Жұмысты сылбыр істейтін, ылдым-жылдым емес. «Айттым ғой,
сен жайбасарсың, әйтпесе Надяның ке-реуетін мен емес, сен көтеруге тиіс едің» – деп, тағы
қалжыңдамақ (З.Қабдолов, Өмір ұшқ.). Арбамен қоян алатын жайбасар заман емес бұл,
асығу керек! (О.Бөкеев, Өз отың.). 2. Жүрісі сылбыр, шабан. Әлімқанның қимылдары
салмақты, жүріс-тұрыстары марғау, сылбыр, түйенің жамбозы, шудалы жайбасар қара атан
тәрізді (С.Сейфуллин, Әңгім.). Бұл да бір жайбасар екен, ештеңемесі жоқ, бірқалыпты
жүрісімен тарта берді (М.Мағауин, Қиян). 3. Бейқам, енжар. Қап-қара қою шашымды
сұйылтып, сол-ақ ағартатын болды. Әй, қанша айтсаң да сөз өтпейтін бір жайбасар еді-ау
(Е. Қонарбаев, Түнгі от).
347.
ЖАЙСЫЗ сын. Лайықсыз, ретсіз; тиімсіз, қолайсыз. Тығыздату керек... Елу басылар
жайсыз, қолайсыз кісілер... (Ж.Аймауытов, Шығ.).
348.
ЖАЛАҚОР зат. сөйл. Жала жабушы, жалақор адам. Байқағанға мен қуанам
Онегинмен екі орамды Келекешіл кей оқушы, Не бір жорта жалақоршы (Н.Оңдасынов,
Парсыша-қазақша түсін. сөзд.).
349.
ЖАЛБАҚАЙ сын. экспр. Жалбақ қаққыш, жарамсақ. Әкесіндей ар-намыстан,
адамдық абзал қасиеттен жұрдай, жағымпаз, жалбақай болып өссе ше? (Б. Аманшин, Жар
мұңы). // Жағымсыз, жарамсақ адамдар. Қылмысты да, жай ғана көлеңкесінен қорыққан
да, ит үргенге қосыла шапқан жалбақайлар да қозғалған сеңмен араласып, улап-шулап
теңізге жөңкілді (Ә.Сараев, Тосқауыл). Бұл кезде Матай маңына жиналған жалбақайлар
Шалқасқа атты мақтасып, дуылдасып жатыр еді (Б.Әбдіразақов, Сандалкөк)
350.
ЖАЛҚАУ сын. Жұмысқа мойны жал бермейтін еріншек, бойкүйез, кежір. Өзенде
балықшылар ау қарап жүр, Тоғайда орақ даусы шаң-шұң орған. «Аллалап», ал кітапты
қолдарыңа! – Құлдарын құдай сүймес жалқау болған (А.Байтұрсынов, Шығ.). Сақтанбай
салақ өскен жалқау жұртты, Көндіріп кедейлікке жеткендігін? Ақылын жанашырдың
алмаушы едің, Сөзіне, сірә, құлақ салмаушы едің (М.Дулатов, Шығ.). Шірімес алтын жерде
жатқанменен, оқ өтпес ажалсызға атқанменен. Жалқауға сөз, жаманға таяқ өтпес, Тас
жібімес дарияға батқанменен (Қаз. ақын. шығ.). Батыры көксер бас аман; Бәйбіше – тантық,
бай – сараң; Бозбаласы – бошалаң; Қырсыға туды қыз балаң; Нары – жалқау, кер табан;
Құсы – күйшіл, ат – шабан (Дулат Бабатайұлы, Замана сазы).
351.
Достарыңызбен бөлісу: |