256
354.
ЖАЛТАҚШЫЛ сын.
Жалтаң, именшек. Жалтақшыл байлар, ә дегенде, үркіп қалса
да, Оқпанбай тез ширап, кеудесіндегі патша медальдарын бір сипап қойды (Ж.Арыстанов,
Таң.). Соңғы кездесуінде жалтақшыл жау самолетін прожектор сәулесінің найзадай ұшына
қадап алды да, қайтып айрылмады (Ә.Сәрсенбаев, Офицер.). //
Жалтаң, именшек адам.
Композитор
сөзбен емес, іспен, еңбекпен көрінуді ұнатады. Жалтақшылды жақтырмай,
жақсыны жанымен сүйеді (“Қаз. әдеб”.).
355.
ЖАЛТАҢКӨЗ зат. 1.
Жалтақ, тайсақ. Абрахмандікіне Әбіл деген бір жалтаңкөз, қыр
мұрын қара жігіт келді (С.Сейфуллин, Тар жол.). 2.
Тәуелді, жалынышты. Жақсылық
бұрын нашар кедей күнінде
маңындағы малды, жуан ауылдарға
жалтаңкөз болушы еді
(М.Әуезов, Таңд. шығ.). Қарағымның мойнына қарыз ғып, өзі жинаған азын-аулағын өзінің
сауабынан аяйын деп отырғаным жоқ. Жалғыз-ақ дүниесі құрғырдың тарлығы жалтаңкөз
қылып өлтіріп барады, – дейді кемпір (М.Әуезов, Таңд. шығ.).
356.
Достарыңызбен бөлісу: