Байсыдық индира болатбекқызы мінез сипаты атауларының лингвомәдениеттанымдық негіздері



Pdf көрінісі
бет244/348
Дата09.04.2024
өлшемі5.82 Mb.
#498150
түріДиссертация
1   ...   240   241   242   243   244   245   246   247   ...   348
18.08.2023 dis

ЕССІЗ-ОЙСЫЗ сын. Ақылсыз, жарымес. Біреу! Біреу – мыңның бірі. Ноль емес! 
«Бірді» ноль деу – ессіз-ойсыз ерегес. Тоғыз жүз де тоқсан тоғыз – бірсіз мың. «Мың» мен 
«бірді» бөле қарау жөн емес (М.Әлімбаев, Жүрек.). 
334. 
ЕСІРІК сын. 1. Есерсоқ, есуас, ақымақ. Маңдайынан сипағанмен, ес ірік есіркегенді 
білмейді. Аз да болса ащының дәмін татқызу керек (Қ.Толыбаев, Қайдасың.). Қызымның 
естиярлығы кейбір есірік еркектен артып түскеніне қуанбасам ренжімеймін (Ә.Әлімжанов, 
Махамбет.). Бір есірік бай бопты, Байлығында есеп жоқ. Өзінен басқа адамды Ойлайды 
екен есек деп (Е.Елубаев, Көкпар). Есіріктің мағынасыз мылжыңынан әбден зеріксе керек, 
Михаил Иванович зекіп тастады (Ә.Сәрсенбаев, Толқында.). 2. Дандайсыған, асып-тасқан, 
асқақтаған. Байсалбайдың манадан бері ес ірік көңілі аяқ астында құлазып қалды. Бес 
бөлмелі үйде өзіне серік болар жан жоқ (Ә.Қалмырзаев, Қарлығаш). Үлде мен бүлдеге 
оранған, бар-жоқты білмейтін талай есірікті басып озар түрің бар (X. Ерғалиев, Шындық.). 
// Ақылға көнбейтін, қызба, өз білермендігімен жүретін адам. Келеге келмес кесір мен 
кеселін, айтқанға емес есірігі мен есерін. Есіріктерді Қарғайсың мынау отырған есіріктерді. 
Мынау жүгенсіздер, анау қасын көрген жеңгесі Шәкетті бұзбай қояр ма? (Ж.Аймауытов, 
Шығ.). Туа араз болып туғандар, Кектерін қанмен жуғандар. Әрқайсысы «үстеммін!» деп 
айғайлап, Есіріктен екі көзі тұнғандар (Ж.Қыдыров, Шынарым). 3. Құтырынған, 
жынданған, лепірген. Өлтірейін мен ол жетпегірді. Адамды алдау қалай болатынын 
көрсетейін мен оған! – деген есірік айқай бәрібір басылмады (Ә.Тарази, Асу-асу). 
Елеуреген есірік елдің бәрі, Өңкей батыр пәлеқор жас пен кәрі. Сені адам деп ескеріп кім 
елейді, Құлап қалған қу молаң кімге дәрі (Ш.Құдайбердиев, Шығ.). Әбу Насыр әңгүдік 
ғалымдардың таусылмас дау-дамайынан, есірік сауық-сайраннан безердей боп кеткен 
(«Білім және еңбек»). Есіріктің қылығын есі кеткен ғана жасайды (Мақал-мәтел). Сырттай 
осының бірін қалт жібермей отырған Қалқаман қызғаныштың ес ірік отын шарпып жіберді 


254
(К.Ахметбеков, Сый орамал). Ақылдысы тиме деп, Есірігі кимелеп, Ұрып жүр басқа 
шолтаңдап (Ү.Кәрібаев, Шығ.). Әлде Титанның алғашқы сақшысы, Әлде бір есірік 
қобызшы, Әлде өзіндей желек жамылып, Қолтығына қылыш асынған, Қалпақты, арсыз 
бозбала (Ж.Аймауытов, Шығ.). 4. Есінен адасқан, шалықтаған, есеңгіреген, мәңгіреген. 
Есін алып есірік еткен қатыгез аурудың қыспағында қалған бала үй ішіндегі жандардың 
толғаныс, күйзелісін де сезер емес (Саржайлау). Ақбала есін дұрыс білмейтін есірік халде. 
Алдынан жүгіріп шыққан екі бала оның түсінен шошынып, шегініп кетті (Ә.Нұрпейісов, 
Сергелдең). // мед. Есіріктік. Ақыры ескі көңнің тұсынан ұстап, ауылға жетелеп алып 
келгенде, кемпір бірімізді танымай, аппақ қудай шашы жалбырап, беті қисайып, ықылық 
атып, есірік буып тұр екен (Т.Әбдіков, Күзгі жапырақ). 5. ауыс. Алай-дүлей, есіресоққан. 
Бұл екеуі бүгін де есірік желге қарамай, көк теңізбен алысып жүріп, ұшанға салған ауларын 
қарап шықты (Ә.Нұрпейісов, Сергелдең). Шөлдің есірік дауылы талай-талай керуендерді 
құм астына көміп те кеткен (Ә.Кекілбаев, Бір уыс.). Оның үстіне биылғы жел біртүрлі 
есірік, жағалау қаймақшып, кілегейлене бастаса-ақ Арқадан шыққан қатты жел әлсіз мұзды 
бет ашыққа айдап қуып кетіп тұрады (Ә.Нұрпейісов, Қан мен тер).  
335. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   240   241   242   243   244   245   246   247   ...   348




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет