Байсыдық индира болатбекқызы мінез сипаты атауларының лингвомәдениеттанымдық негіздері



Pdf көрінісі
бет249/348
Дата09.04.2024
өлшемі5.82 Mb.
#498150
түріДиссертация
1   ...   245   246   247   248   249   250   251   252   ...   348
18.08.2023 dis

ЖАНБАҚТЫ сын. Жалқау, жатыпішер. Жанбақты жалқаулықты жақтырмаған қазақ 
халқы бұрынғы заманда «Еңбегі аздың – өнбегі аз» деген (М.Әлімбаев, Өрнекті сөз.). 
363. 
ЖАНЖАЛҚОЙ сын. Жанжалға әуес, жанжалқұмар. Сағит Айсұлуды тағы да бөгеп: 
Сөз-зім бар, тыңдайсың сен.., – деп енді анық мастық жеңген жанжал қой, сотқар 
зорлыққа ауыса бастап еді (М.Әуезов, Өскен өркен). Әбдінің соққысы тигенде жанжал қой 
Қорабайдың да оң иығы сынып кеткендей сытыр етті (М.Әуезов, Шығ.). Хантемір қызба. 
Жанжал қой, денелі, күшті. Әр мезгілде курстарда оқып сауаттанған: оқиды, жазады. 
Қабілеті де жаман емес (Т.Нұртазин, Үлкен жолда). Қадырбайда теріс азу, жанжал қой 
адамның характері айқын да, әлеуметтік типтің бояулары жетпей жатыр (Ғ.Мүсірепов, 
Суреттер парызы). Осы қалада ел қарғысын алған Степан ішіп алса, ешкімге тыныштық 
бермейтін соқтыққыш, жанжал қой (Х.Рахимов).  
364. 
ЖАНЖАЛШЫЛ сын. Жанжалға әуес, жанжалқой, ұрысқұмар. Кеше бір биші қызға 
арнапсың жыр, Толқын шашты, көзінен төгілген нұр. Сөз бізге махаббат лирикасы Керек-
ақ болмайықшы жанжалшыл құр (Ә.Сәрсенбаев, Өлеңд.). Шыңғыс нағашы жұртына 
тартқан ақсары, шегір көз. Төре тұқымының жанжалшыл, ұрда-жық мінезінің бәрі де 
бойына біткен (І.Есенберлин, Қаһар). 


257
365. 
ЖАНЫ ҚАРА Қараниетті, арам. Қуанба әлі, жаны қара жауыздар, – Ішкі, сыртқы 
арамқанды ауыздар, Еңбекші әлем сүйікті ұлын ұмытпас, Кегін кектер пролетариат 
бауырлар! (С.Сейфуллин, Өлеңд.).  
366. 
ЖАНЫ ТӘТТІ 1. жағымсыз. Жеке басын, өз жанын ойлап қалған, жанынан ары 
садаға (адам). Тартынсаң жаны тәтті неме екенсің, Ұйпап, күзеп алайын сор бағыңды 
(М.Әуезов, Шығ.). 2. мысқыл. Кім өмір сүргісі келмейді, өмір қымбат, күн көру керек деген 
мағынадағы сөзқолданыс. Мінекей жасым келді екі жүзге, Жалғанда жаны тәтті жалғыз біз 
бе? Өлімнен мен де ықтадым, құтыла алмай, Ұстайды әлде үйде, әлде түзде (Ғ.Малдыбаев, 
Желдірме).  
367. 
ЖАҢҒАЛАҚ сын. 1. Ұшқалақ, шыдамсыз. Жиналыстарда оған қарсы жаңғыз-ақ бір 
жаңғалақ шал сөйлейтін (Ә.Кекілбаев, Шығ.). Оның бас бухгалтерлікке қолын жеткізіп 
жүрген осы зеректігі, әйтпесе мінезі тым жаңғалақ (Ә.Сараев, Тосқауыл). Мен жүгіріп 
барған кезде әлгі қара дәу Керболды қойып-ақ жібергені. Өзі жаңғалақ, жеңіл Кербол 
мұрттай ұшты (Ә.Бүркітбаев, Жетімек.). 2. Ұмытшақ. Бала тәрбиесіне байланысты мақал-
мәтелдердің өзін алсақ та сондай көпке ортақ, ертеде қалыптасқан. Мысалы «Жаңғалақ 
жарым – еспен тең», «Талаптыға нұр жауар», «Бала теңіне қарап өседі» т.б. дегендер 
(«Мәдениет және тұрмыс»). 
368. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   245   246   247   248   249   250   251   252   ...   348




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет