Байсыдық индира болатбекқызы мінез сипаты атауларының лингвомәдениеттанымдық негіздері


КӨКЕЗУ сын. Сөзге жар бермейтін, қолынан іс келмейтін мылжың. Көкезу  пысықтарды қың демей-ақ қылғи салады (Ә.Әлімжанов, Махамбет.)



Pdf көрінісі
бет269/348
Дата09.04.2024
өлшемі5.82 Mb.
#498150
түріДиссертация
1   ...   265   266   267   268   269   270   271   272   ...   348
18.08.2023 dis

КӨКЕЗУ сын. Сөзге жар бермейтін, қолынан іс келмейтін мылжың. Көкезу 
пысықтарды қың демей-ақ қылғи салады (Ә.Әлімжанов, Махамбет.).  
489. 
КӨКМЫЛЖЫҢ сын. Көп сөйлейтін, сөзге құмар, сөзуар. Ал, мына бір сап-сау көк 
мылжыңның дәптершесіне жазып алған медициналық терминдері таусылар емес 
(Е.Оразақов, Қайта соқ.). Көк мылжың істей бергін білгеніңді, Бәрі бір қызармадың
ұялмадың (Е.Қандеков, Өлеңд.). Тілеубайға көк мылжың деп ат қойды (3.Шашкин, Ұядан 
ұш.).  
490. 
КӨКСОҚҚАН сын. зат. Құдайұрған, бұзақы, тентек. Кесім әділ! Бас бұрмасын, ана 
көк соққан Майсорға осыны жеткіз! (Д.Әбілев, Арман.). Өй, көк соққан! Жеңгеңді сабатып 
қойып неге тұрсың деді Қайыр (С.Адамбеков, Шығ.) 
491. 
КӨКІГІШ сын. Әр нәрсені бір шатып-бұтып бөскіш, масаттанып лепіргіш. ≈ Көкігіш 
әйел. // Бөскіш, лепіргіш адам. Дәл осындай көкігішті Тыңдау қандай өкінішті 
(Ш.Смаханұлы, Көріп жүр.). 
492. 
КӨКІМЕсын. Бөсіп сөйлей беретін, мылжың. Түу, көкіме екенсің ғой. Ұйқы бер 
адамға (Т.Тобағабылов, Тағдыр.). Ат жақты, албырт ауыз, көкіме қыз, Өңіңнің жаңа көрдім 
сары екенін («Қаз. әдеб.»). Сәулешім, Желкілдегім-ай, сенің Ұйықтай алмай жатқаның 
көршідегі көкіме қатындардың тілі-ау (Б.Қыдырбекұлы, Ұры.). 
493. 
КӨКІРЕГІ [КЕУДЕСІ] ТАР Өрісі тар, мешеу. Мұқаң көкірегі тар адамның емес, нар 
адамның жүгін арқалап жүр екен (Д.Әбілев, Арман.).  
494. 
КӨКІРЕГІ [КӨҢІЛІ] ҚАРАУ Жан-дүниесі арам, қараниет.– Бірақ көңіліңе келмесін,
көкірегі қарау, көңілі арам екен (Т. Дәуренбеков, Кездес.). Өмір түз, түзудің жолы тарау-
тарау, Тосады тоғысардан көңілі қарау. Жүрегін жалау етіп өтеді ақын, Жанады 
қызғалдақша жалғыз жалау (Т. Әлімқұлов, Боз жорға).  
495. 
КӨКІРЕКТЕУ сын. Менмендеу, тәкаппарлау. Қайдан білейін, Ереке... мақтаншақ 
адам өзімшіл келеді ғой. Менмен, көкіректеу болады (Ғ.Сыланов, Домбыра.).  
496. 
КӨКІРЕКШІЛ сын. Өзімшіл, менмен, тәкаппар. Теректей тентек кеуде көкірекшіл, 
Мінезі кейбіреудің кісі кейір Әр кезде сөзі жылы, өзі көпшіл, Білімді адам келеді кішіпейіл 
(А.Тоқмағамбетов, Өмір.). 
497. 
КӨЛГІР сын. Мүләйім. Енді ол көңілденіп, көлгір сыпайылыққа ауысты (С.Омаров, 
Қиыр жол). Көлгір жігітті көздеріңе ілмеңдер («Мәдениет және тұрмыс»). // Мүләйім адам. 
Көлгірдің көзі жасты (Мақалнама).  
498. 
КӨЛЕҢ сын. Ерке, шолжың. Мінгені жолдасымның жирен дөнен, Өнерді жаман екен 
үйренбеген. Көлең қыз келмей жатып сөзін айтып, Бала екен бір дәріпсіз сүйреңдеген 
(Айтыс).  


270
499. 
КӨЛПАЛ сын. сөйл. Бос, көпірме, лепірме мінез. Көзі кафе жаққа түсті. ашық екен. 
Демек Әсемкүл де келіп қойған. Отбасында көлпал Әсемкүл сауда үстінде мүлдем басқа 
(Е.Әлімжанов, Тарғыл.).  
500. 
КӨН КӨҢІЛДІ Тас бауыр, қатыгез. Абай «сорлы бауырым, жазықсыз бауырым» деп, 
зар шегер болса да, мынадай іші дұшпандықтан қатып қалған көн көңілді жандардың 
алдында оны істесе, адасқаны (М.Әуезов, Абай жолы). 
501. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   265   266   267   268   269   270   271   272   ...   348




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет