Байсыдық индира болатбекқызы мінез сипаты атауларының лингвомәдениеттанымдық негіздері



Pdf көрінісі
бет266/348
Дата09.04.2024
өлшемі5.82 Mb.
#498150
түріДиссертация
1   ...   262   263   264   265   266   267   268   269   ...   348
18.08.2023 dis

КЕРЕНАУЛАУ сын. Жалқаулау, самарқаулау. Мұның әмірін керенаулау болса да құп 
алып жүрген Мұрат барлығын дерлік қиқар істепті (Т.Ахтанов, Қаһарлы күндер). Жұрт 
артынан керенаулау Сағила мен Мергенбай шықты (З.Шашкин).  
468. 
КЕРТАРТПА сын. Ескіні көксейтін; кері кеткен. Бұл ең алдымен, даланың кертартпа 
феодалдарына қарсы, ғасырлар бойындағы әдеттерге қарсы ашық айтылған бұқара тілегі, 
ел тілегі (Ғ.Мүсірепов, Суреткер.). Ол кертартпа адам, өз ісіне кешірімсіз қарайды 
(3.Қабдолов, Өмір ұшқ.). Жаңалық атаулыдан түршігіп тұратын Жылқыбай тәрізді 
кертартпа кесел адамдар бұл тұста да қарап қалмайды (Б.Соқпақбаев, Балалық.). 
Кертартпаның белгісі Кең дүние тар дейді Қолында жоқтар тайлақты Солқылдақ өркеш 
нар дейді (Дулат Бабатайұлы, Замана сазы.). 
469. 
КЕРІСКЕК сын. Салғыласа, ілігісе кететін, ұрысқақ. Кетеген болса, түйең –жау, 
Тебеген болса, биең – жау. Ұрысқақ болса, балаң – жау, Керіскек болса, келінің – жау 
(Алдаспан). 
470. 
КЕСІР-КЕЖІР сын. Қырсық. Шаң жұтқышпын деп өзің Киіп алып жез қалпақ, Кесір-
кежір мінезің Болып алып тап-талпақ (Ө.Тұрманжанов, Менің кітабым). 
471. 
КЕСІР-КЕРДЕҢ сын. Қырсық, қияңқы, кертартпа. Ағайынды алтау еді өздері Кесір-
кердең келуші еді сөздері (Д.Әбілев, Өлеңд.). 
472. 
КЕСІРЛІ сын. 1. Кесапатты, қырсықты, қиқар. Ас үйіне жолатпайтын кесірлі байлар 
ұясы тас-талқан болды (І.Жансүгіров, Әңгім.). Қас кере күліп, қырындай бұрып бетіңді, 
Қиылып тұрсың қылықпен әсем не түрлі. Кеш кердің мені. Өлетін науқас сауығып 
Кеткенде келген кесірлі тәуіп секілді (Ж.Жақыпбаев, Ләйлә). Кесірлі бала туар деп 
Бұрынғы айтқан мақалды. Айнамкөз бен Қаракөз Тұтқынға түсіп маталды. Күмістеп 
соққан кенейді Алтыннан соққан сақаңды Жұртқа ұмытып кетіппіз (К.Әзірбаев, Таңд. 


268
шығ.). Мұндайда телефонисткалардан кесірлі адам бар ма? Апыр-ай, солардың төбеңнен 
тоқпақпен ұрғандай дүңк етпесі-ай (Ш.Мұртазаев, Қара маржан). 2. Менменсіп бұлданғыш, 
тәкаппар, паң. Ноғайбай мырзаның ауыл салтанатын, үлгі-өнегесін көргенде әлгі кесірлі 
манаптардың қыры сына бастайды (К.Әзірбаев, Аңыз.). Кесірлі адам кер болады, Кемеңгер 
адам кең болады (К.Әзірбаев, Таңд. шығ.). Оның мына кесірлі отырғанына жәнесөзін бөліп 
жібергеніне іштей шала бүлініп Айбас отыр (Т.Қойшыманов, Қоңырат.). Кесірлімен 
кеңеске, Керме иықпен егеспе (Қаз. мақал-мәт.). 
473. 
КЕСІРЛІЛЕУ сын. Кесепаттылау, паңдау, тәкаппарлау. Кісіге көз қарасы, қасын 
керіп тастап, кесірлілеу паң отырысы айбын танытып, айдарын асқақтатып тұрады 
(Ш.Мұртазаев, Қара маржан). 
474. 
КЕУДЕСІ КЕПКЕН Мақтаншақ, бөспе. Біздің ел – биікке өрлеп асатын ел, Кеудесін 
кепкендердің басатын ел. Болса да қандай мықты беттей алмас, Екпінді тау суындай 
тасатын ел (Пернедегі терме.). 
475. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   262   263   264   265   266   267   268   269   ...   348




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет