КЕУДЕСІМЕН ЖЕР СОҚҚАНДАЙ Адуынды, ожар, даңғой. Омырауы ашылған,
етек жайылып кеткен, кеудесімен жер соққандай, қатын алатын сырбаз атқа мініп,
алдымнан қарсы шықты («Айқап»)
476.
КЕШІККІШ сын. Кеш қалғыш, кешіге беретін, кешігімпаз. Арасындағы жалқаулар
мен кешіккіштерге әкімшілік тарапынан шара қолдану барлықуақытта бірдей дұрыс
нәтиже бере бермейді («Лен. жас»).
477.
КЕШІРІМСІЗ сын. Қатал, мейірімсіз, кекшіл. Қылғаның тұз арамдық бұл емес пе?
Сырттан аңдып, ішінен шалып жүрсің. Біреуді біреуге айтып шағыстырып, Күнәге
кешірімсіз қалып жүрсің (Айтыс). Жау қатал, жау кешірімсіз (Қ.Қайсенов, Жау тылында).
Ондайда әркім өз айтқанын істемейді де, өзгенің сөзіне кешірімсіз келеді (Ж.Нәжімеденов,
Ақ шағыл).
478.
КИІКТЕУ сын. Кісіге үйір емес, оқшау. Денесі арық, түрі қан-сөлсіз, қара сұр, еріндері
үнемі кезеріп жүретін, көз қарасы өткір, шашын иығына түсіре жалбыратып қоятын,
шешілесөйлеспейтін киіктеу бұл ақын тегі психикалық сырқаттан азап шегетін адам болуға
тиісті (С.Мұқанов, Есею жыл.).
479.
КӨБІК АУЫЗ Жел сөзді, сөзшең, бөспе. Мақтаншақ, көбік ауыз көкіме қыз, Түсіңнің
жаңа білдім сары екенін (Айтыс). Есі дұрыс адам Әйкен тәрізді көкдолы, көбік ауыз,
өсекшіл қатынмен сырлас болар ма? (С.Бақбергенов, Кентау). Көбі – көбік ауыз, көз құрты
тойғанша, аспандағы айды да алып берем дейді (Б.Нұржекеев, Күй толғақ). // Көп
сөйлейтін мылжың, көкіме адам Қарада оңбаған қарда оңа ма? – деп, «Қызылқия»
мектебін сырттан келеке етіп жүрген көбік ауыздарды да көрдік (С.Омаров, Өмір асулары).
Шолпан оған білдірмей басын шайқады да: – Жоқ. Мен сөйлескенім жоқ. Сөйлесуге реті
келмеді, үйінде ағайынды қос көбік ауыз отыр (X.Есенжанов, Ақ Жайық).
480.
КӨБІК ЕЗУ Көп сөйлейтін мылжың, көкіме. Айнытпастан таныған ақ-қараны, Осы
бір жан өзіміздей боп барады. Неден секем алды екен, сақтанады?! Көңіліне көлеңке
түсірді ме, Көбік езу біреудің даттағаны?! (М.Мақатаев, Шығ.). Көз алдымда тұр менің,
Көріп тұрмын... бесігінен баланың, есігінен түрменің, Көріп тұрмын қара свастика. Иегінен
көбік езу шешеннің, жиегінен мінбенің (М.Мақатаев, Шығ.).
481.
Достарыңызбен бөлісу: |