Байсыдық индира болатбекқызы мінез сипаты атауларының лингвомәдениеттанымдық негіздері


КӨНІМСІЗ сын. Көнбейтін, көнбес, төзбес. Өз дегені болмаса, айтқанға көнімсіз  біреу болатын (Ауызекі)



Pdf көрінісі
бет270/348
Дата09.04.2024
өлшемі5.82 Mb.
#498150
түріДиссертация
1   ...   266   267   268   269   270   271   272   273   ...   348
18.08.2023 dis

КӨНІМСІЗ сын. Көнбейтін, көнбес, төзбес. Өз дегені болмаса, айтқанға көнімсіз 
біреу болатын (Ауызекі). 
502. 
КӨҢІЛІ [КӨКТЕН] БИІК Ешкімді менсінбейтін, тәкаппар, көкірек. Көңілі биік, 
сылқым маңғаз, Секек емес, ұраншақ. Сұмдық баққан, бояу жаққан, Емес жанды қуыршақ 
(С. Сейфуллин, Шығ. жин.). Көңілі такаппардың көктен биік, Болғанда ойы тайыз сөзі 
суық, Кішіпейіл келеді білімді адам, Дәні толық тарыдай басын иіп (К.Әзірбаев, Шығ.). 
503. 
КӨҢІЛІ БОРПЫЛДАҚ Көңілшек, көңілі бос. Әлгінде Жандостың көзінше ақ батасын 
бағыштамағаны – көңілі борпылдақ жас баланы босатып алам ба дегені (О.Бөкеев, Үркер).  
504. 
КӨҢІЛІ КӨКТЕ Паң кеуде, менмен, өркөкірек. Көңілдерді көкте, көздері аспанда, 
адалдық, арамдық, ақыл, ғылым, білім – ешнәрсе малдан қымбат демейді (Абай, Тол. жин.).  
505. 
КӨҢІЛІ КӨКТЕ, БАСЫ ЖЕРДЕ Менменсігін, өр көкірек. Жаманның көңілі 
көкте,жерде басы, Алыс қой аңғарғанда екі арасы, Жақсының өзі кішік, ойы биік, Бірдей 
ме екеуінің мәртебесі (Жамбыл, Шығ.). 
506. 
КӨППЕсын. Мақтаншақ, бөспе, күпсіме. Көппе тентек болсаң да, көпке тентек болма 
(Мақалнама). // Мақтаншақ, бөспе адам. Осындай өр кеуде көппелер бір халықты 
екіншісімен өшіктіріп келеді (А.Сатаев, Дала.). Меніменен айтысқан, Сендей талай 
көппенің көкірегі басылған (Жамбыл, Тол. жин.).  
507. 
КӨПІРМЕ АУЫЗ Сөзге дес бермейтін ұрысқақ. Кассир қатын да қысыр сөзге дес 
бермейтін көпірме ауыз әйел болса керек («Мәдениет және тұрмыс»). 
508. 
КӨРЕ АЛМАЙТЫН 1. Қызғаншақ, күндейтін, іштар. Ел бүлігі тобықты, Көп 
пысыққа молықты. Малдының малын көре алмай, Борышын түгел бере алмай, Көрінгенге 
обықты (Абай, Тол. жин.). Ақбала өзіне құдай берген ажар-көрікті көре алмай, күндеп 
жүрген қатындардың алдынан әрқашан тәкаппар басып, тік ұстап өтетін (Ә.Нұрпейісов, 
Қан ментер). Жазатайым іс болса Көре алмай жүрген көп дұшпан Қанбай ма оның табасы 
(Базар жырау, Шығ.). 2. Байқамады, бағаламады. Айсарадай асыл сүйекті спортшы шет 
елде тұрса, байлыққа батып отыратын еді. Ал бізде бәрі керісінше. Барымызды көре 
алмаймыз, жоғымызды бере алмаймыз («Жас Алаш»). 
509. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   266   267   268   269   270   271   272   273   ...   348




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет