Байсыдық индира болатбекқызы мінез сипаты атауларының лингвомәдениеттанымдық негіздері



Pdf көрінісі
бет28/348
Дата09.04.2024
өлшемі5.82 Mb.
#498150
түріДиссертация
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   348
18.08.2023 dis

имандылық, әділдік, адалдық, ақкөңілдік, сыпайылық, момындық, жомарттық, 
үнемшілдік. Бірақ мінез адамның өзі өмір сүріп отырған қоғамның 
ерекшеліктеріне байланысты болады. Қоғамдасып, қауымдасып сүрген өмірден 
көпшілікке ортақ мінездер болады. Сондықтан адамның мінезі дара сипатты 
және типтік, ортақ сипатты келеді. «Типтік мінездер – сол кезеңнің тарихи-
коғамдық жағдайларының нәтижесі. Типтік мінезден әр адамның ұлттық кәсіптік 
және жас ерекшелігіне сәйкес өзгешеліктері де тиісінше орын алып отырады» 
[28, б. 111]. «Егер адамның мінез-құлқын жағдайлар тудыратын болса, онда сол 
жағдайларды адамға тиімді етіп құру керек» деп Маркс пен Энгельс жазғандай, 
жақсы мінезді тудыратын ортаны сауықтыру керек. Яғни қазіргі қазақ қоғамында 
ислам діні анықтаған имандылық, әділдік, адалдық, ақкөңілдік, сыпайылық, 
момындық, жомарттық, үнемшілдік қасиеттерді бағалау, дұрыс қарау, түсіну 
болу керек.
Әл-Фараби «Адамның басына қонған бақыттың тұрақты болуы жақсы 
мінез-құлыққа байланысты» деген екен. «Our character, basically, is a composite of 
our habits. “Sow a thought, reap an action; sow an action, reap a habit; sow a habit, 
reap a character; sow a character, reap a destiny,” the maxim goes» [67, б. 391]. 
Бұл 
афоризм 
тілден-тілге 
өтіп, 
халықтан-халыққа 
ауысып, 
жалпыадамзаттық нақыл сөзге айналғаны – қазіргі қоғамға жетпей жатқаны да, 
қажет болып, тапшы болып отырғаны да адамның жақсы сипаты, адамның мінезі 
дұрыс болу керектігінен басталатыны. Қазақ тілінде де «ісің – әдетке айналады, 
әдет – мінезге айналады, мінез – тағдырың» деген сөздің жиі қайталанатынына 


55
көп болды. Өйткені қазіргі қазақ қоғамында жақсы мінез астарында жаман мінез 
қабаттасып берілетін қаттама пайда болып жатыр. 
Бұл түсіндірме адамның мінез-құлқын, жүріс-тұрысын сипаттау үшін 
қолданылатын «әдет», «дағды» ұғымдарымен өте жақын келеді. Дегенмен, әдет 
– әрекеттің «автоматтандырылған», бейсаналық тұрғыда басқарылатын элементі 
болып табылады. Мәселе мынада, мінез белгілі бір ойлау, түсіну тәсілін 
қамтиды. Қалыптасқан типтік әрекетті орындауда ерікті механизмдер іске 
қосылады, адамның шындыққа қатынасы көрінеді. Әдетке бұл компоненттер 
кірмейді. Сондай-ақ, «қабілет», «әдет», «дағды» ұғымдарына және осылардың 
айырмашылығына ерекше назар аудару керек. Рубинштейн: «Әрбір қабілет – бұл 
бір нәрсеге, қандай да бір әрекетке қабілеттілік. Адамда белгілі бір қабілеттің 
болуы оның сол бір әрекетке жарамдылығын білдіреді» [18, б. 57] – дейді.
Қазақ дүниетанымында толық адам, кемел адам, толық мінезді адам 
ұғымы соның бір көрінісі. Рухани дүниесі бай, қажеттері мен қызығулары, 
талғамы мен ой-өрісі кең адамдарды толық мінезді адам дейді. Академик 
Ә.Қайдардың сөзімен айтқанда: «...Адам мен ұлы табиғат өзара тығыз 
байланысты: Адам да сол Табиғаттың өзінен жаралған, сол Табиғаттың өзінде 
өтіп жатқан саналы өмірдің, ондағы қалыптасқан рухани, заттық мәдениеттің 
ұйтқысы, барша өркениеттің зиялы иегері. Ол бұл дәреже-деңгейге өзін-өзі де, 
өзін қоршаған табиғат құбылыстарын да, өзі қауымдасып жасап отырған 
қоғамдағы қарым-қатынасты да – бәрі-бәрін тегіс біліп, тереңнен түсінуі арқылы 
ғана жетіп отыр. ...Демек, Адамның ең басты, ең қымбат, ең абзал, ең құнды 
қасиеті – оның Адамдық қасиеті. Ал бұл қасиет ақыл-парасаттан бастау алып, 
жер бетіндегі барша саналы өмірдің ұйтқысы болып отыр» [3, 12]. Ендеше қазақ 
жақсы мінез дегенді адамның өз атымен байланыстырады. 
Қазақ халқы адам бойындағы жақсы мінез сипатына ат беріп, айдар тағып 
келген. Атаулардың бір лексемадан тұратыны бар, екі лексемадан жасалып, 
біріккен сөзге айналғаны бар, сөз тіркесінен жасалады да, фразеологизм, мақал-
мәтел арқылы да мінезге атау болады. «Когда определенный фрагмент 
действительности является актуальным для конкретной лингвокультуры, он 
получает соответствующее обозначение, номинацию» [46, б. 74]. 
Ол атауларды «Қазақ әдеби тілінің сөздігінің» онбестомдығының 
сөзтізбесінен көруге болады. Және біз де ғылыми зерттеудің мақсатына жету 
үшін барлық мінез атауларын жинап, жалпы картинасын көруге тырыстық. 
Алдымен байқалғаны – жақсы мінез атаулары жаман мінез атауларына қарағанда 
аз болуы.
Абай қарасөздерінде де жақсы мінезден гөрі жаман мінез атаулары көп 
екені белгілі. Өз сөзімен алғанда: қаскүнем, бірінің тілеуін бірі тілеспейтін, рас 
сөзі аз, залым, тілемсек, антұрған, жалқау, қызметке таласқыш, қорқақ, 
қайратсыз, мақтаншақ, ақылсыз, надан, арсыз, сұрамсақ, тойымсыз, қас, арам, 
қу, сұм, бұзық, құзметқұмар, даугер, бос жүргіш, тіленші, кеселді, қылжақбас, 
еріншек, ез, ұры-залым, сұм-сұрқия, алдамшы, салғырт. Адамның қоры, өзіне де, 
айналасына да опа таптырмайтын адамдардың сипаты толып тұр. Мұндағы бір 
мінездің өзі бір адамның басына жетерлік. Басқа қандай жақсы мінезі болса да, 


56
жамандығы жауып кететін сипаттар. Бірақ Абай көрсеткен бұл мінездердің 
астарында қарама-қарсы, жақсы мінезге үндеу бар. Жаман мінез арқылы 
жақсыны айту бар [68, б. 53-56].
Біз жиналған материалдар негізінде адамның өзіне жақсылық әкелетін 
мінездер, қоғамға, өзгеге жақсылық әкелетін мінездер деп бөлдік. Ал адамның 
өзіне жақсылық әкелетін мінездер одан ары барып, қоғамға, айналасына, 
жақынына, ұлтына, еліне жақсылық әкелетін мінездерге айналатыны белгілі. 
«Қазақ әдеби тілінің сөзідігінің» [2] онбестомдығын және ішінара 
Г.Н.Смағұлованың «Мағыналас фразеологизмдер сөздігін» [69] пайдалана 
отырып, қазақ тіліндегі барлық мінез сипаты атауларын жинап, оларды 
жағымды, жағымсыз түрге бөліп, атау бірлігі көбінен атау бірлігі азына қарай 
орналастырғанда адам баласына тек жақсылық ойлап, оған адамгершілікпен 
жақсылық 
жасауға 
бейім, 
ақжарқын 
ұлттық 
мінездің 
алғашқысы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   348




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет