Байсыдық индира болатбекқызы мінез сипаты атауларының лингвомәдениеттанымдық негіздері


әндемді жауынгер (С.Омаров, Қызыларай) [72]. Дүмді



Pdf көрінісі
бет31/348
Дата09.04.2024
өлшемі5.82 Mb.
#498150
түріДиссертация
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   348
18.08.2023 dis

әндемді жауынгер (С.Омаров, Қызыларай) [72]. Дүмді болсаң, кел бері! (Мақал). 
Батырды айтсаң, Құлекені айт. Хан болып заманында қала жеген, Құлеке он 
бесінде салқам еді. Отызында – би, қырқында – дархан еді (Шал ақын, Өлеңд.). 
Молдағали – шер жігіт (Қазақ тілі. аймақ. сөздігі). 
Маслова орыс мәдениетінде әйел адам ер кісіге сыншыл болатынын 
айтады. Әйелдер үшін ер адамға күш, батылдық, батырлық, сенімділік, 
қорықпаушылық, тектілік қана тән емес, сонымен бірге қатыгездік, соғыс, өтірік 
айту сипаты да тән екенін айтады. Ал ер адамдардың өздеріне баға беруінде 
мұндай жағымсыз сипаттағы бірде-бір сөз жоқ екенін, тек күш, абырой, 
төзімділік, жігер, сенімділік сияқты жағымды реңктер басым екенін айтады. [44, 
б. 98]. Ал қазақ қоғамында керісінше алтын басты әйелден бақа басты еркекті 
артық көретін қоғамдағы әйелдердің бағасы тек жағымды мінез сипаттары 
болады.
Бұл сипаттар қазіргі қазақ қоғамына байланысты нақты адамдардың мінез 
сипатынан сирек көрінуі мүмкін. Бірақ әр қазақ азаматының мінез түбінде 
жатқан, ел басына күн туғанда көрінетін мінез болады. Бірақ бұл мінездердің 
мағынасы да көпшілікке түсініксіз, көне емес, яғни жалпы қазақ санасында бар 
ұғымдар. Сондықтан бұлардың қазақ мінез сипат атауларына жатқыза отырып, 
батырлық деген концептінің аясына топтауға болады деп ойлаймыз.
Ә.Қайдар қазақтың өз жері мен өз елін ғасырлар бойы сыртқы жауынан 
қайсарлық көрсетіп қорғап қалуын, қаншама қиын-қыстау, қанды соғыстарда 
қырылып, жермен-жексен болса да, қайта тіріліп, елдігін сақтап қалуын осы 
мінездің арқасында екенін айтады [1]. 
Батырлық ұғымын да концепті ретінде тану себебін профессор Н.Уәлидің 
мына тұжырымы арқылы дәлелдеуге болады: «концепт болатын лексикалық 
бірліктердің саны шектеулі, кез келген атау сөз, мысалы, одағай, модаль сөздер, 
еліктеуіштер концепт бола бермейді. Белгілі бір мәдениет үшін ақиқат дүниедегі 
ерекше мәні бар құбылыс қана концепт болуы мүмкін. Ондай құбылыс, уақиға, 
нәрсе, заттың тілде әр алуан атауы болады. Ол атаулар мақал-мәтелдердің, 


60
поэтикалық, прозалық мәтіннің тақырыбы болады. Мұндай атаулар өздерін 
тудырған мәтін, ситуация, білімнің символы, эмблемасы іспетті болып тұрады. 
Бұлар халықтың жадындағы мәдени дүниеліктер болып табылады» [54, б. 43].
Ғалым концептіні денотат туралы бастапқы түсінік, осы түсінік 
жалпыланған инвариант-образ түрінде болып, сөздің тууына түрткі, ұйтқы 
болатынын айтады. Сонда батырлық – заттық-бейнелік концептісі 
лингвокреативті ойлаудың негізінде әрі қарай өңдеуден өтіп, ұлттық-мәдени 
концептіге айналған деп ойлаймыз. 
Ғалым тағы да сөздің туу, жасалу процесінде уақиғаны (события) 
жинақтау, саралау және тарихи-мәдени формацияның шеңберіне сәйкес заттық-
бейнелік тәжірибені заттың қарапайым картинасын схема, фрейм түріндегі 
когнитивтік кодқа салу жүзеге асатынын айтады. Екінші реттегі таңбаның 
белгіленушісінің ішкі семасиологиялық динамикасы мен қалыптасуын бастапқы 
номинацияның ономасиологиялық құрылымындағы қайта жасалған өзгерістер 
арқылы танылатынын көрсетеді. Сөз мағынасындағы этимологиялық, 
диахрондық элементтерді – сөз мағынасының ішкі формасын, қазіргі мағынаның 
мән-мазмұнын ашу, сөз мағынасының контекстік семантикасын, яғни 
ситуативтік, коммуникативтік, прагматикалық семантикасын (мағыналарын) 
ашу арқылы таңбаның лингвомәдени табиғаты айқындалады дейді [54, б. 46]. 
Концепті пайда болу үшін оның фреймдер мен сценарий, прецедентті 
мәтіндер арқылы бірнеше жолдардан өтуі шарт. Біз жинаған материалдардан осы 
жолдар үнемі байқап отырады. «Фреймдік құрылым – а) стереотиптік 
ситуацияны сақтаудың, құрылымға салудың құралы; ә) адам санасындағы тілдік 
және тілдік емес білімдерді біріктірудің, олардың бір-біріне иек арта өмір 
сүруінің құралы» [54, б. 46]. Мысалы, жүрегінің түгі бар, жүрек жұтқан, 
жылан жұтқан, көзсіз батыр, көкжал бөрі, қасқыр жүректі, табаны жаудан 
таймаған деген тіркестердің әрқайсысына қасқыр, жау, көкжал, жүректің үстіне 
жүрек жұту деген стереотиптік ситуациялардың компоненттері негіз болғаны 
сөзсіз. Фреймнің міндетті түрде пропозициялық құрылымы болады. Сондықтан 
қазіргі түсінікке сай келмесе де жүрек жұту, жүректің түгі бар болу деген 
пропозициялар халық өмірінде бар болған көріністер.
Ақылдылық – қазақ ұлтының мінез сипатына жататын ерекшелік болып 
табылады. Қазақ халқының өз бағалауындағы стереотип-бейнесі – ақылдылық. 
Академик Ә.Қайдар – қазақ халқы қалыптасқан пікірлер бойынша дана халық, 
шешен халық, дүниенің, болмыстың, өмірдің қыр-сырын терең түсінген 
философ, даналықты сүйетін халық екенін, дүниетанымы мен зерделілігі басым 
екенін, қашан да ақыл-парасатқа жүгініп, аталы сөзге тоқтайтынын, сөз 
құдіретіне бас иетінін, ханды да, батырды да өзі бағалайтын халық екенін, барақ 
жүнді батырды екі долы қатынның бірі табады, ел билеген дана биді мыңның бірі 
ғана табады” деп даналықты мадақтайтынын, ғибратты сөзді рухани мирас етіп 
тапсыру салты даналықты сүюдің бір айғағы болатынын айқындап айтып кеткен 
дана ғалым [1].
Маслова стереотипті әр ғылым саласы өздері тұрғысынан әлеуметтік 
стереотип, қарым-қатынас стереотипі, психикалық стереотип, мәдени стереотип, 


61
этномәдени стереотип деп бөлетінін, мысалы, әлеуметтік стереотип жеке 
адамның мінез-құлқының стереотипі ретінде көрінетінін айтады [44, б. 166]. Ал 
немістердің дәлдігі, орыстардың «болса болатыны», қытайлықтардың 
ғұрыптары, 
африкалықтардың 
темпераменті, 
итальяндықтардың 
ашуланшақтығы, финдердің қыңырлығы, эстондықтардың баяулығы, поляк 
галанттылығы әр ұлттың тұлғасына тән екенін айтады. Осы қатарға қазақ 
халқының ақылдылығын жатқызуға болады деп ойлаймыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   348




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет